Араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар туралы ҚР Неке(ерлі-зайыптылық) және Отбасы туралы Кодексі 11 бабында қарастырылған. Біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың арасында неке қиюға рұқсат етілмейді. Басқа неке деп тоқтатылмаған және бұзылмаған тіркелген некені айтамыз. Сондықтан некеде тұрған тұлғалар тек бұрынғы некені бұзғанын куәландыратын құжаттарды көрсеткенен кейін ғана жаңа некені тіркей алады. ҚР некесін тіркеуге тілек білдірген шетел азаматының құжатында оның бұрынғы некесі туралы мағлұматтары болмаса, онда ол өз елінің өкілетті органдарынан оның некеде тұрмайтындығы туралы анықтама әкелуі керек. Бұл шарт бір некеде ғана тұру қағидасына негізделген. Некені тіркеуге жол берілмейді: - ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немес анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің арасындағы некені; - асырап алушылар мен асырап алынғандардың арасындағы некені. Бұл тиім салу жақын туыстардың арасындағы некелерден ақыл-есі кем балалардың көп туатындығына байланысты қойылған. Некенің(ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығы ҚР Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексінің 25 бабына сәйкес некеге тұру шарты бұзылған некелер, сонымен қатар отбасын құру мақсатынсыз тіркелген некелер жарамсыз деп танылады. Некенің жарамсыздығы туралы сұрақ пайда болады: - егер неке неке жасына жетпеген тұлғамен қиылса және неке жасы заңға сәйкес төмендетілмесе; - психикалық ауруының салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғалармен; - асырап алынғандар мен асырап алушылар арасында неке қиылса. Егер тұлға әрекетке қабілетсіз деп танылмаса да, бірақ некеге отыру кезінде өзінің әрекетін түсінбесе, онда неке жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру кезінде тұлғаның өзінің әрекетін түсінбегенін дәлелдеу үшін көпшілік жағдайларда соттық-психикалық сараптама жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |