322
Сүлеймен қарақшы
ендiгi естiп те қойған болар. Мысалы, мен ол оқиғаны сен
мұнда жетпей тұрып естiп отырдым емес пе? Ендеше маған да,
оларға да бар нәрсенi жеткiзiп тұратын “құлақ” көп жол-жолда.
Қожайындардың құлағына сенiң күштiлiгiң туралы жетiп қалса,
олар өзiңдi мiндеттi түрде сұраққа алады. Егер оларға мықтылық
көрсетем
деп ойласаң, онда өлдiм дей бер. Өлмей қалсаң,
үшеуiнiң шұлғауын жуып, аяқтарын сүртiп жүресiң... Жалпы,
қалай ойлайсың? Оларға басымдық қыла аласың ба?
—
Өзi тиiспесе, мен өзiмше ешкiмге тиiспейтiн жанмын.
— Ох, Сүлеймен! Әлi көп нәрсенi түсiнбейдi екенсiң-ау.
Жарайды, ертең iшке кiрген соң түсiнерсiң. Алайда менiң не
айтпақ болғанымды ұғып ал. Егер ол үшеуiн жеңе алсаң, сенi
елiңе қайтарамын. Бұл — түрме бастығының сөзi.
Сүлеймен аңтарылып қалды. Түкке түсiнбей,
Микайға бiр,
бастыққа бiр қарады. Бастық басқа сөз айтпай, есiктiң арғы
жағында тұрғандарға: “Алып кетiңдер мыналарды!” — деп
айқайлады.
Өзi үшiн жаңағы сөздiң
тосын әрi таңқаларлық болып
естiлгенi сондай, Сүлеймен қамау бөлмеге жеткенше асықты.
Жоқ, асықпады. Ойының әңкi-тәңкiсi шығып, басына әртүрлi
қиял келiп, коридор бойымен ентелей жүрiп, қамау бөлмедегi
кереуетiне келiп, бiр-ақ құлады.
— Ох, ох, Сүлеймен, — деп Микай қолымен басын қыса қасына
отыра кеттi. — Түрме бастығы бекер айтпайды. Бiрақ…
бiрақ
ол қиын жұмыс. Күллi Сiбiрдi шулатқан қара Иванды жеңу... О,
боже мой, оны жеңбек түгiлi, адам бетiне қарай алмайтын айбат
қой. Ойбай, сен онымен дос болуың керек едi.
Әлгi сөзден еш болмаса ойша нәтиже шығаруға мұршасы
болмаған Сүлеймен оның мына зарына күйiнiп кеттi.
— Кетшi әрi-әй, зарламай! Османды да Құдай етiп көрсетiп
едiң ғой. Одан да бастық маған ол сөзiн неге айтты? Соны
түсiндiршi.
— Ей богу, не ойы барын бiлмедiм бастықтың. Тұра тұршы,
жаман ақылыммен бiр нәрселердi шамалап көрейiн, — деп Микай
қолдарын басынан жiбермеген күйi төмен қарап, ойланып қалды.