418
Сүлеймен қарақшы
шетiндегi орамалға сүртiп тұрып. — Өдiмәттiң өлгенiне өкiнбе.
Өзiң жөйiттерге таланып, о дүниелiк болғаныңда қайтер едiң.
Өздерiне зияндық iстеген опасыздарды әр уақытта қатал
жазалайтын қос қаһарман далаға шыққан кезде алдарынан
мылтықтарын кезенiп бес-алты мiлиса шықты. Жандарында
мана қашып құтылып кеткен кiсi бар.
— Мiне, осы баскесерлер қылышымен қорқытып, бәрiмiздiң
үрейiмiздi ұшырды.
Мына бiр дәуi шетiмiзден ұрып, қан-
даламызды шығарды. Ұстаңыздар екеуiн де, — деп аналарға
жалпаңдап өлiп барады.
— Таста, қылышыңды! — деп бұйырды мiлисалардың бiрi. —
Қару асынып жүретiн баяғы заман өткен. Қазiр — кеңес заманы.
— Бұған қылыш асынып жүруге кiм рұқсат берген? — дедi
екiншiсi.
— Өткен жолы саған “бұдан былай қылышыңды көрмейтiн
болайын” деп ескертiп едiм ғой. Мынаусы анада осында
төбелес шығарып жүрген дәу болса керек. Қолыма түспей жүр
едi, тәуiр болды. Түрмеге қамап, көресiнi көрсетейiн ендi, — деп
үшiншiсi Сүлейменге шүйiле қарады.
Осы кезде мана iшке кiрiп кеткен мiлиса шықты. Өңi құп-қу.
— Анда, анда, —
деп қолымен iшкi жақты нұсқап, сөйлей
алмай бiраз тұрды да: — Өдiмәттiң басын кесiп тастапты.
Қалғандары да жайрап жатыр.
— Не дейдi? — деп таңырқаған екi мiлиса шайханаға қойып-
қойып кеттi. Артынша, жүгiрiп қайта шықты: — Масқара,
масқара… Шынымен бiреуiнiң басын шауып тастапты. Ей, сен,
бөлiмшеге жүгiр! Командирге хабарла. Оған дейiн бiз хаттама
жасап, мыналардан жауап ала берейiк.
Дүрлiккен мiлисалардың бiрi бөлiмшеге жүгiрдi. Қалғандары
мылтықтарын оқтап, Сүлеймендердi ертiп, шайханаға кiрдi.
Бiреуi болған жайдың мән-жайын сұрап, қағазға жаза бастады.
Бiр-екеуi Өдiмәттiң өлiгiн көрпешемен жапты. Сүлеймен
ұрғандардың бәрi тiрi екен. Мiлисалардың сүйеуiмен әзер тұрып,
бергi бөлмеге барып отырды.
419
Сүлеймен қарақшы
Шайханадағы жұрт та дүрлiгiп, бiр-бiрiмен күбiрлесiп, қос
қарақшыға қарап-қарап қояды. Бiраздан соң жағасында екi
жұлдызы бар бiр мiлиса келдi. Қасында бағанағы шабарман.
— Не болып жатыр?
Қағаз жазып отырғаны қолын шекесiне апарып,
оған бар
жағдайды түсiндiрдi.
Келген мiлисалардың бастығы болса керек. Өлiп жатқан мен
оңбай таяқ жеген кiсiлерге қарады.
— Мынау кiсi өлтiргендердiң қолдарын байлап, арбаға
салыңдар!
Үш мiлиса кеп, қолдарын байлап жатқанда:
— Сен бе, осылардың дөкейi? — дедi Сүлеймен.
— Әзiрше — мен. Анда менен де зор дөкейлер бар. Не айтпақ
едiң?
— Айтатынымды сенен зор дөкейлерге айтам. Апар соларыңа.
Мiлисалар қос ат жегiлген үлкен арбасына Сүлеймендердi
отырғызды. Ат айдайтын бiр мiлиса ғана арбаға мiндi де,
қалғандары оны қоршай жүрдi.
Мiлисаханаға
келгенде, екеуiн камераға қамады. Бұл
мiлисаханада Сүлеймен өткен жолы болған. Онда Мамажан
құтқарып әкеткен едi. Сол есiне түстi.
— Ендi Мамажанға қалай хабар беремiз?
— Бiр мәнiсi болар. Сыртқа кiрiп, шығатын “құлақтар” бар.
Солардан хабар айтармыз.
— Мұнда бұрын қанша рет түстiң?
— Есебiн өзiм де бiлмеймiн. Оншақты рет түсiп қойдым-ау.
Жататын жерi, отыратын орындығы жоқ мұздай камерада
бiр күн отырды. Ертеңiне Сүлеймендi тергеушiге апарды. Бұрын
сотталған емес пе, Сүлейменге мұндағы жағдайлардың бәрi
белгiлi.
Тергеушi қартаң келген өзбек екен. Бiрден сұрақтың астына
алды. “Тәшкенде неғып жүрген жансың?” “Өдiмәттi не үшiн
сойдың?”
Сүлеймен оған бұрын сотталғанын айтпады. “Қыдырып
келген қыр қазағымын” дедi. Одан соң Өдiмәттiң не iстегенiн,
жөйiттердiң қылықтарын айтып бердi.
420
Сүлеймен қарақшы
— Адам жегендерi үшiн
оларды қырып салсам, несi бар?
Сендер, менi ұстағанша, солардың көздерiн неге құртпайсыңдар?
— Кеңес одағының заңымен өмiр сүрiп жатқан бiздiң қоғамда
“адам жейтiндер бар” деп айтуға қалай аузың барады? Тәшкенде
жөйiттер патша заманында болған. Қазiр жоқ. Түсiндiң бе?
Жалпы, сен маған сұрақ беруге тиiстi емессiң.
— Мен сұрақ берiп жатқаным жоқ. “Жөйiттердi неге
құртпайсыңдар?” деп отырмын.
— Ондай жоқ дедiм ғой, Тәшкенде. Қылмысыңды ақтауға
басқа себеп таба алмадың ба? Одан да iстеген iсiңе жауап бер.
…Не керек, бұлар он бiр күн тергеуде жатты. Сүлеймен мен
Парманқұл өздерiн ақтап ала алмады. Ақтап ала алмады емес,
тергеушiлер дегенiне жеттi. Ертең сот деген күнi:
— Осы мiлисалардың Тәшкендегi жөйiттердi бiлмейтiнiне
таңым бар, — дедi Сүлеймен.
— Бiледi. Бәрiн бiледi. Тiптi
олармен сыбайластықтары да
бар. Керек десең, жөйiттерден өздерi қорқады.
Достарыңызбен бөлісу: