Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет210/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Сүлеймен қолындағы адамды тартып тұрғызды да, перiп қалды. 
Соққысы сәл қиыстау кетiп, дәл тимедi. Осыны пайдаланған анау 
пышағын бұған қарата сiлтеп кеп жiбердi. Абырой болғанда, ол 
да мүлт кеттi. Сүлеймен тағы ұрды. Бұл жолы соққы дiттеген 
жерге тидi. Тура басына күрзiдей жұдырық тиген қаскөй дыбыс 
шығаруға мұршасы келмей, жер қапты.
Осының бәрi жарты минуттың iшiнде болды.
— Ей, қайсыңда кеуiрт бар? Жағыңдаршы. Мыналардың 
кiмдер екенiн көрейiк, — дедi Парманқұл дауыстап.
— Маған “ұйықтай бер” деп, өзiң ұйықтап қалғаның қалай? 
Сәл болмағанда сен де, мен де сойыла жаздадық.
— Ойпырмай, Сүлеймен. Бiр Құдай сақтап қалыпты-ау. 
Япыр-ау, қалай көзiм iлiнiп кеттi? Әй, өзi, маубаспын ғой мен, 
маубаспын, — деп Парманқұл өзiн-өзi кiнәләп сөйледi.
Қазақтардың бiрi кеуiрт жағып, құлап жатқандарға жарық 
түсiрдi. Екеуi де таулық. Бұларды көрген Сүлеймен:
— Әйдә, жiгiттер, ерiңдер соңымнан. Түн жамылып келiп, бас 
кеспек болған бұлардың қалған серiктерiн талқандап шығайық 
— деп таулықтар жатқан жерге қарай жүрдi.
Таулықтардың бәрi ояу ма, әйтеуiр шетiнен тұра сап, есiкке 
қашты.
— Тоқтаңдар, хайуандар, тоқтаңдар! — деп айқай салды 
Сүлеймен.
Қайдан. Олардың қараңғы барак iшiн дүрсiлдетiп қашқан 
дыбыстарынан ұйықтап жатқандар тегiс оянды.
— Ой, кiмдер-ей, жүгiрiп жүрген?
— Не болып қалды, өзi?
— Тағы төбелес басталды ма?
— Ойбай, мына бiреу аяғымды мыжып кеттi.
— Аяғың ешнәрсе емес қой. Бiреу менiң тура iшiмнен басып 
өттi, — деп сотталғандар бiрiнен соң бiрi дабырласты.
— Бұл баракта шырақ бар ма? — дедi Сүлеймен дауыстап.
— Шырақты солдаттар әкетiп қалған, — деп жауап бердi 
көпшiлiк iшiнен бiреу.
— Әй, Парманқұл, Адамбай, Кәрiмбек… тағы қайсың бар, 
бәрiң жиналыңдар жатқан жерiмiзге. Тастай қараңғылықта 


443
Сүлеймен қарақшы
қашқандардың қайсыбiрiн ұстаймыз. Таң атсын. Содан соң дау 
салармыз оларға.
III
Сол түнi қазақтар таңға дейiн ұйықтамай шықты. Таңға 
дейiн қашқан таулықтар да келмедi. Тек солдаттар келiп, 
сотталушыларды тұрғыза бастағанда, олар баракқа кiрдi. 
Солдаттардың көзiнше өздерiне ешкiм тиiсе алмайтындарын 
бiледi.
Бiр сағаттан кейiн солдаттар бәрiн сапқа тұрғызып, асханаға 
әкелдi. Асханаға бiрден кiргiзбей, топырлатып тұрғызып қойды. 
Әлден соң басқа барактардағы сотталушылар да тiзiлiп кеп, асхана 
алдына тұрды. Сүлеймен жан-жағына қарап, “тұрғандардың 
саны мыңнан асады-ау” деп ойлады. Олардың бiреуiнiң бойлары 
бұған жетпейдi екен. Тек кешегi өзiнен таяқ жеген таулық қана 
серейiп, мұнымен тұрғылас болып тұр.
— Бүкiл түрмеде ең ұзын адам мен болғаным ба.
— Ұзының не? Ең дәуi де сен. Өзiн дәумiн деп жүргендер 
сенiң жаныңда мысықтай екен, — дедi Адамбай.
— “Мысықтай” деп тiптi кiшiрейтiп жiбердiң-ау.
— Мысықтай болмаса да, өзiн дәумiн дегендер сенен бес 
қарыс кем.
— Иә, Парманқұл. Мына сөзiң қатып кеттi.
Тамақтан соң солдаттардың қоршауымен баракқа қайта келдi. 
Сосын топ-топ етiп, бұларды жұмысқа бөлдi. Кешегi келген 
қазақтарға тағы екi-үш адамды қосып, түрме шетiндегi зауыт 
секiлдi бiр үлкен үйге кiргiздi. Үйдiң iшiнде неше түрлi темiр 
кесетiн станоктар бар екен. Сүлеймен мен Парманқұлды бiр 
станоктың басына қойды. Станоктың тiлiн бiлетiн бiр адам бар. 
Бұл екеуi оған көмекшi.
Станок темiр жонып, әртүрлi құрал-сайман iстейдi. 
Сүлеймендер станок басындағы адамға темiр тасып, дайын 
болған құралдарды бiр шетке жиыстырады. Бар мiндеттерi — 
осы.
Бұл жердегi жұмыс кестесi Сiбiр түрмесiндегiдей екен. Түскi 
тамақ кезiнде бiр сағат демалыс. Бiрақ бiр сағат тамаққа барып, 


444


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет