69
Сүлеймен қарақшы
болып қолы тиетiн Сыдық теңдесi жоқ көкпаршы бұл күнде.
Қайбiр жылы Шымқаладағы сейiлде оның мынау отырған ағасы
Тәжiбай өзi мен сол Сыдық бастаған шетiнен көкжал атанған
сегiз iнiсiне сендi ме, бiр жарым мың ат қатысқан көкпардың
шешушi салымында: “Уа, жарандар!
Ендi Есенқұлдың тоғызы
— бiр жақ, күллi қара қазақ бiр жақ болып шабысайық”, — деп
астамсыған. Оның сөзiне елiрген Сүгiрәлi болыс сонда: “Тәжiбай
дұрыс айтады. Есенқұлдың тоғызы — бiр жақ, күллi қара қазақ
— бiр жақ болып додаға түсiңдершi. Қызық болсын”, — дейдi.
Мұны естiген Естемес би: “Уа, болыс, Тәжiбай айтса, бұл сөзiн
ол желiккенiнен айтып тұрған шығар. Ал болмайтын уәждi
дақпырттап, саған не жоқ. Сен де Тәжiбай тоқтат, күллi қара
қазаққа тоғызымыз қарсы шабамыз деген пиғылыңды. Тоғызың
шетiнен қайыспас қара нар, шөкпес атан болсаңдар да, нардың
тұмсығын қайырар көп дойыр қамшы, атанның тiзесiн бүктiрер
қалың қол бар мұнда. Есiрiп, ентiге бермей, тарт жүгенiңдi, бас
екпiнiңдi!” — деп екеуiн де басып тастапты. Осы сөзден кейiн
Тәжiбай райынан қайтыпты. Бiрақ манағы айтқан сөзi шын
асылық болды ма, кiм бiлген, сол сейiлдегi көкпарда Тәжiбай
аттан құлап, тобығы шығыпты. Iнiсi Жорабектiң аяғы сыныпты.
Мұның бәрiн Сүлеймен Көбектен есiткен. Бұл оқиға осында
отырғандардың бәрiне де белгiлi. Нұралының есiне сол түсiп,
жаңағы сөзiн Естемеске қарай әдейi айтты.
— Әй,
Нұралы-ай, — дедi Естемес оның қытымырлана
сөйлегенiне лезде жауап қатып. — Есенқұлдың тоғызының
атын Қазығұрт маңы мен Арыс, Шаян бойында отырып ауызға
алсаң жарасар едi. Ендi Қаратау асып,
елден жырақ, кiсi елiне
келiп отырғанымызда баяғы бiр iстi көңiлiне оралтқаның тым
сөлекет болып кеткен жоқ па? Арамызда Есенқұлдың тоғызы
түгел болмаса да анау қасыңдағы Тәжiбай бастаған төртеуiн ерте
келдiк. Оған қоса атқа қонса, әруақтары тасып кететiн Құлажан
мен Нұржан, Дүйсен мен Сәт деген перiлерiмiз тағы бар…
— Жә, Естемес, қоя тұр қызбаланбай, — деп Ордабек болыс
оның
сөзiн бөлiп, бар денесiмен Нұралыға бұрылды: — Бiзге
көкпардан бұрын жаңа өзiң айтқан балуан күрес қызық болып
тұр. Неге десең, көкпарға, оған қоса бәйгеге түсудiң әдiс-тәсiлдерi