«Дінтану» Оқытушы үшін пәнінің оқу- әдістемелік кешені



бет1/8
Дата22.02.2016
өлшемі0.55 Mb.
#2082
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті




Құжат СМЖ 3 дәрежелі

ПОӘК

ПОӘК


042-16-02.1.09/03-2013


«Дінтану»

Оқу- әдістемелік кешені

5В020300 -«тарих»

мамандығына арналған



Редакция №1




«Дінтану»

Оқытушы үшін пәнінің оқу- әдістемелік кешені

5В010400 – Алғашқы әскери дайындық, 5В010800 – Дене шынықтыру және спорт, 5В011300 Биология, 5В011200 Химия, 5В011600 – География, 5В010900 – Математика, 5В011000- Физика, 5В011100- Информатика мамандықтарына арналған


СЕМЕЙ -2014

Алғы сөз





  1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған __________ «________» ______________2014ж.

Каримов Мұхтарбек Қарпықұлы, т.ғ.к., профессор.

«Қазақстан тарихы» кафедрасы
2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 «Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №__1_ «_04__» ____09_______2014 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________Н.А. Мухаметжанова

2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеттінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «__09_» _____09______2014__ ж.
Төраға __________ С.Х. Тойкин

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді.

Хаттама №_1__ «__11_» _____09______2014 ж.


Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор ____________ Г.Қ.Искакова
4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № «___» ____ 200_ ж. баспа ОРНЫНА)

Мазмұны :
1.Глоссарий.................................................................................................
2.Қысқаша дәрістер мәтіні...................................................................
3. Практикалық (семинар) сабақтары ...............................................
4. Студенттердің өздік жұмыстары......................................................

6.3.1 ГЛОСАРИЙ
1. Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ.

2. Гоминид- адамның арға ата-бабалары.

3. Плиоцен- өтпелі кезең.

4. Палеолит- ерте тас дәуірі

5. Мезолит- орта тас дәуірі.

6. Неолит- жаңа тас дәуірі.

7. Матриархат- аналық рулық қауым.

8. Патриархат – аталық рулық қауым.

9. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.

10. Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) .

11. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)

12. миф-аңыз,ертегі.

13. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы.

14. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.

15. Руналық- ежелгі түркі жазуы.

16. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.

17. Он оқ будун- 10 тайпа одағы.

18. Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек».

19. Этногенез- халықтың шығу тегі.

20. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек.

21. Эфталиттер- ақ ғұндар.

22. Половецтер- қыпшақ тайпалары.

23. Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар.

24. «Шад» - түмен (10 000 адам) басы.

25. Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді.

26. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет.

27. Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым.

28. Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі.

29. Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші.

30. «Яссы» (Жасақ)-заңдар жинағы.

31. Тамға-ерекшелік белгісі, таңба.

32. Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам.

33. Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар.

34. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы.

35. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік.

36. Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына айтылатын билік сөзі.

37. «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік құқықтың негізін реформалау үлгісі.

38. «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары.

39. «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар.
6.3.2 Қысқаша дәрістер мәтіні

1 тақырып «Дінтану пәні, құрылымы және анықтамасы.

Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлық христиан философтарының, мүсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз. Теология қүдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық түрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстанудеректерімен Құдайды тану идеяларынжаңартуда. Сондықтан Қүдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз байланысты. Дінтанудың негізгі пэні дін болғандыктан, діни көзкарас тікелей философиялық көзқараспен тығыз байланысты болғандықтан, дінді «діни философиялық» пәнге де айналдырып қарастырады. Соның салдарынан «діни философия» мен «философиялық дін» дінтанудың ең негізгі теологиялық түрғысы болып есептеледі. Дінтанулық көзқарас бойынша, қандай да бір дін болмасын тарихтан тыс қүбылыс ретінде емес, керісінше оны тарихи, коғамдық ақылмен түсіндіруге болатын қүбылыс ретінде қарастырады. Екінші жағынан, дінтану XIX гасырдың екінші жартысында ғалымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, эсіресе қандай да бір гылыми жаңалықтың дүниетанымдық әдістемесіне сүйене отырып дамыды. Осының арқасында «дінтану» ғылымның бір саласы ретінде калыптасты. Ондай бастаудың шыңында түрган адамдар Э.Тайлор (1832-1917), Дж.Фрезер (1854-1941) болды. Э.Тайлор болса өзінің «Алгашқы мәдениет» атты фундаментальды монографиясында жэне Дж.Фрезердің көп томдық «Алтын бүта» атты еңбектерінде дінді гылыми, теориялық жэне эмпирикалық түрғыдан зерттей бастады. Бүлардың еңбектері ескі сенімдер мен мифтерді, алғашқы ойлау жүйесін зерттеуге ғылыми эдістемесін қолдануы еді. Бұндай бетбүрыстағы ғылыми еңбектерді М.Мюллердің 1856 жылы шыққан «Салыстырмалы мифология» атты еңбегінен де көреміз. Қазіргі дінтанудың ішіне бірнеше жекелеген бөлімдер кіреді: тарихи дінтану, дін философиясы, дін социологиясы, дін психологиясы және т.б.

Сонымен, дінтану - қазіргі кезде адамзаттың кешендік білімінің бір саласы.

Дінге деген анықтамаға келетін болсақ, олкүрделі іс жэне осы кезге дейін беделді де, бір ауыздан беретін анықтама жоқ деуге болады. Әрбір діни және ғылыми өкілдер өздерінің білімдік саласына субъективті баға беріп дінді анықтайды.

Осылайша әр түрлі көзқарастарды жинақтап, екі топқа бөліп карастыруға болады: дін адам санасының жемісі ме, жоқ, санадан тыс, адам ақылынан биік нәрсе ме? Философия лық тілмен айтқанда, дінге иррационалды (санаға сыйымсыз, логиканың заңына бағынбайтын) және рационалды (зерделі, санаға сыйымды) түрғыдан анықтама берүге болады. Соңғы жылдары дінге деген әралуан көзқарастардың ішінен төрт бағыттағы топтар айқындала бастады: теологиялық, философиялық, ғылыми жэне мәдениеттің салалары.



Теологиялық анықтама. Теология (грек theos - қүдай және log - ілім, сөз, акыл,) Құдай туралы дін ілімі, белгілі діннің ілімдерін жүйелеу деген түсінік береді. Қандай бір теологиялық көзқарастың түрлері болмасын олардың бастарын біріктіретін бір тәсіл, иррационалдық көзқарас арқылы жүріп жатады.

Теологиялық анықтама бойынша, Қүдай - реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Дін дегеніміз - Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.се: religiaze) - «байланыстыру» сөзі арқылы анықталады дейді. Олардың айтуы бойынша, «дін» деген үғым - Қүдайдан келетін түсінік. Дін арқылы адам Қүдаймен байналыс жасайды. Теологиялық көзқарас бойынша діннің не екенін былайша анықтайды: теология Қүдай тураль білім болғанымен, теология Қүдайдың болмысын зерттемейді, олҚұдайдың «өсиетін» зерттейді. Ол өсиетті күмәнсіз сенуге, қабылдауғ: шақырады. Сондыктан, теология дегеніміз Қүдай туралы ілім емес, ол -Қүдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім. Басқаша, теология. «Құдайдың сөзі емес», ол «Қүдайдың сөзі туралы сөз» болғандықтан, теология адамның ақылын, ой-парасатын Қүдайдың өсиеттерін түсіндіру үшін қолдану керек екенін көрсетеді. Осыдан, теологияның өзі догма емес, дамитын ғылым есебінде қарастырылады. Теология арқылы адамның ақыл жолдары, логикалық көзқарастары сол бір биік сенімге, қүдіреті күшті сенімдерге қарай бой ұрғандықтан, ол адамның сенімін, ой-өрісін жогары дәрежеге көтерді. Басқаша айтқанда, «Сенетін сенімді, сенім арқылы сендіру» - деп түсіндіреді.



Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау методологиясы субстанциалық және универисализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады.

Антикалық философияда дінге берген анықтамада, дінді бір «абсолютке» элемнің рухына немесе бір жоғары идеяға теңеп анықтады. Мүндай «абсолют» немесе «жоғарғы идеялар» элемнің негізі ретінде қарастырылады, олар қүдіретті күш емес, оларға бас ию, қүрбан шалу қажет емес. Мысалы: Аристотельдің Құдайлық түсінігі, «ең жоғарғы болмыс», денесіз әлемді «қозғаушы күш», «мэңгілік себеп» жэне дүниенің даму үрдісінің максаты.

Философтардың идеалистік топтары (олар да «рбір салаларға бөлініп кетеді), дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігін дәлелдейді. Осы идеалистік философтардың көрнекті философы И.Кантқа (1724-1804) тоқталып өтейік. Ол Қүдайдың барлығын дәлелдейтін теологиялық көзқарастарды сынай отырып, Қүдайдың болмысын моральдық принциптерге теңейді.

Қүдай туралы Кант былай дейді: ... Қүдай күбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Қүдай туралы мәселе - діннің ісі. Біз Қүдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдық принциптер, өнегелілік сезімдер, Қүдайдың барлығын дәлелдеуге даяр түрады. .Гегель (1770-1831): Қүдайді абсолюттік идеямен, абсолюттік рухпен теңеп: «барлық нәрсе соларді-шығып, соларға қайта оралады», - деді. Діни көзқарас төменгі сана, ал философия болса, биік сана деп түсіндіреді.

Материалистік философияда дін жеке адамның және қоғамның өмірінің күрделі рухани қүбылысы есебінде қарастырылады. Qларды топтап көрсетсек, мынадай негізгі аспектілерін көреміз:

- дін дегеніміз - жеке адамның, үжымның, қоғамның рухани өмірінің аймағы;

- дін дегеніміз - әлемді рухани-тэжірибелік түрғыда меңгеру;

- дін - рухани өндіріс аймағы;

- дін - қоғам санасының бір формасы, идеялық жемісі мен формасы.

Ғылыми көзқарас бойынша, дін философияның бөлігі ретінде қарастыруға болатындығы.ін және философия, әмбебаптық, дүниетанымдық мәселермен айналысуында. Дінді мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырамыз. Дін мәдениетке ұксап, адам мәселесін, адамды тәрбиелеу мәселесін өзінің негізгі мәселесі деп есептейді.

Негізгі әдебиеттер: 4,10,13,

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 8.
2 тақырып «Ежелгі тарихи діндер».

Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Осы күнге дейін діннің шығуы мен дамуы туралы көптеген ілімдік және ғылымдық көп көзқарастар бар. Олардың барлығын діни-теологиялық және ғылыми-дінтанулық деп екіге бөліп қарастырамыз. Діни ілімдік көзқарас, діннің шығуын діни шығармалармен дәлелдейді. Мысалы, Христиан дінінде, діннің адам санасында пайда болуы Қүдайдың болмысынан шыққандығы. Ол туралы Қадірлі кітаптарда жазылған (Інжілде).

Қазіргі кезге дейін өмір сүріп келе жаткан «Прамонотейзм» деген теологиялық теория бойынша діннің шығуы туралы бы лай дейді: көне діндердің шығуы алдында алғашқы дәуірдегі адамдарда бір Қүдайлық немесе бір Жаратушы Қүдайға сенген. Кейіннен бүндай сенімге жалған көзқарастар қосылып көп діндік (политеизм) тарады. Дегенмен «жалғыз-Қүдайлық» үғымы олардың арасынан аман өтіп біздің дәуірімізге жетті. Бүл бір Қүдайлыққа сену (монотеизм). Мәселен, монотейстік дін -Христиан діні. Ол ең бір «ақиқат» дін деп есептейді.

Келесі бір - ғылыми дінтанушылық көзқарас бойынша «дінсіз дәуір» деген теория бар. Мүндай көзқарастың мазмүны бойынша, адамзатта көптеген дінсіз уақыттың болғандығын дәлелдейді. Ғылыми деректерге сүйене отырып, адамзаттың неандерталецке дейін 2 млн. жыл өмір сүргендігін, оның ішінде неандерталецтердің 100-40 мыңыншы жылда ғана пайда болуы. Дін болса тек неандерталдық (орта тас дәуірде) кезінде пайда болуы туралы дәлелденді.

Сол кездегі ең бір қарапайым жэне жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм, магия жэне анимизм деп аталады.

Фетишизм - (португ.сөзі -сиқырлы зат) әр түрлі заттарды, кейде өсімдіктерді киелі ету. әр алуан заттардан бірнеше немесе бір затты бөліп алып, оған киелі, қүдіретті мән беріп, сол зат арқылы өзіне қолайлы, керек оқиғаға әсерін тигізеді деп ойлау. Ондай фетиштік заттарды тек табиғаттан емес, қолдан да жасап алуға болады. Фетиштің заттары - табиғи: тас, ағаштың бөлігі, аңның тісі, ...келе-келе қолдан жасалған заттар: талисман, крест, икон, жарты ай т.е.с. Осындай заттардың арқасында әр түрлі аурудан сақтану, көз тиюден сақтау, жаулардан сақтау, аң аулауда сол заттардың жәрдем беруі және т.с.с

Тотемизм - өсімдіктер жэне жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оның өмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарларды тамақ, киім, көлік ретінде пайдаланды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнеше түрлерін киелі етіп қарастырды. Қазіргі кезде әрбір діннен тотемнің ізін табуға болады. Міне, осы күнге дейін Африка континентін тотемдік жер деуге болады. Үнді мемлекетінде тотемдік көрініс - сиыр. Сиырды күрметтеп, киелі деп есептеп, оның етін жемейді.

Магия (грек. тіл. си-қыршылық, тәуіпшілік) - бір обьектіге иррационалды түрмен әсер ету, немесе әр түрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту.

Магияның қолдану әдісі бойынша: тікелей объектімен жанасу; инициалды объектімен жанасуға мүмкіншілік жоқ; парциалды - бір зат арқылы әсерін тигізу, шаш алу, тырнағын any...; имитативтік- объектіге үқсас объектімен әсер тигізу.

Магияның мақсаты бойынша: олардың ішінде ең үлкен тараған түрі өндірістік магия.Магияның басқа түрлері: соғыс магиясы, денсаулық сақтау магиясы, сүйіспеншілік магиясы, т.е.с Магияның өзара бөлінуіне байланысты, магияның өзін кәсіп ретінде пайдаланатын адамдар шығады, олардың атын әр түрлі атайды: шамандар, тәуіптер, көзбояушылар, сиқыршылар.

Анимизм (лат.-тіл.жан) - деген жан бар дегенге сену. Анимизмнің алғашқы түрі аниматизм деп аталады. Аниматизмдік түсінік жан мен тән (дене) бірге өмір сүреді. Тән өлсе немесе қираса, жан да өледі. Ал анимизмде «жан» тәннен дербес өмір сүре алады. Мүндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген құбылыстарды білмеуі, түсінбеуінің нәти-жесі.

Политеистік культер мен мемлекеттік діндер.

Мемлекеттің пайда болуына байланысты жердегі бір патшалық түсінік аспандағы бір Қүдайдың шығуына алып келеді.

Көне дәуірде алғашқы мемлекет күрастырған халық Египет деп са-налады. Египет мемлекетшің билеушшерді, перғауындарды күдай деп санады. Ал, Ра құдайын қүдайлардың күдайы деп немесе перғауындар (фараондар) оның ұлы деп санады. Көп қүдайлықтың басын коспақ болған Перғауым Аменхотеп (б.з.б. 1419-1400жж.), діни реформа жүргізді. Ол көп қүдайлық түсінікті жойып бір құдайға сену керек деді. Ол қүдайдың атын Атон деп қойды.

Б.д.д. IV мың жылдарында кос өзен бойында Шумер, Аккат, Вавилон, Ассирия, Ирансиякты түрлі мемлекеттер пайда болды. Олардьщ сол кездегі мәдениеттері Египет мәдениетімен қатар болды.

Қос өзеннің ең көне дәуірд Шумер-Аккат мем­лекеті орасан зор өркениетке жетті. Адамзат тарихында алғашқы «Ал­тын ғасыр» поэмасын берді. Дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді, медицинада, дәрі-дәрмек жасауда және т.б. табыстарға жетті. Шумерлердің діни наным-сенімдері де жан-жақты дамыған болды. Өз қүдайларын «дінгір-тәңір» деп атады. Шумерлер әлемді жаратушы - «Ан-ки» қүдайы, аспан қүдайы - Ан, жер қүдайы -Ки деп санады және тағы сондай 50-ден астам көп қүдайлық - политеизмдік дін болды. Шумерлердің политеистік діни көзқарастары, әсіресе топан су мифі, бірінші адамды қүдай балшықтан жарату және оның қабырғасынан әйелді жасау аңыздары, кейіннен Вавилондар мен Ассириялықтарға, олар арқылы гректермен еврейлерге жетті. Мұндай аңыздар Иуда және Христиан дініне бастау болды десек те артық болмайды.

Вавилон мәдениеті болса, тікелей Шумер-Аккад мәдениетінің мүрагерлері десек те болады. Б.з.д. II мыңжалдықтың ортасында, әсіресе, Хаммурапин (б.з.д. 1792-1750 жж.) патшасының түсында вавилоңдықтардың өркениеттері ең биік шыңына жетеді. Вавилондықтар да көп қүдайларға табынды, олардың ішінде ең бастылары: Шамаш - Күн қүдайы, Син - Ай қүдайы, Адад - жауын-шашын кұдайы, Нергал - Өлім қүдайы, Ирра - соғыс қүдайы. Осы қүдайлар адамдарға үксап өмір сүреді: үрпақ жалғастыру, байлық пен мансаптан бас тарту, өз мүддесін орындау және т.е.с . Адам тағдыры осы қүдайлар қолында, ал олардың еркін тек абыздар ғана болжай біледі. Ең басты құдай – Ан, ең жоғары құдай – Мардук,

Ертегі Иран діні. Ертедегі Иран діні зороастризм (Парсизм) діні болды. Бүл дін б.д.д.УП ғ. ертедегі Иран мемлекетінде шықты. Зороас­тризм Египет және Вавилон діндеріне қарағанда «пайғамбарлығы» жетілген немесе бір жүйеге келтірілген дін деп айтуға болады. Зороастризмдінінің негізін қалаушы Заратуштра аңыздық пайғамбар. Аңыз бойынша, Заратуштра (гректе «Зороастр» деген сөз), ежелгі Иран сөзінен шыққан «түйелі адам», түйе жетектеген адам деген мағына береді. Зороастризмнің діни және мәдени жәдігері «Авеста» кітабы болды. Зороастризм бойын­ша, әлемде бір-біріне карама-қарсы екі негіздің - жақсылық пен ізгіліктің қүдайы, нүрдың, өмірдің ақиқаттың, рәміз Ахура-Мазда мен зүлымдықтың белгісі, қараңғылық пен өлім таңбасы Анхра-Маньюдің арасын­да толастамайтын күрес жүріп жатады. Өз қарсыласына қарсы күресте Ахура-Мазда адамды жаратады. Демек, әлемде екі қүдай бар, оның біреуі - мейірімді қүдай Агура - Мазда да, екіншісі - мейірімсіз күдай Ан-гра-Майнью.Киелі «Авеста» кітабының өлеңдерінде және гимнінде зороас­тризм еңбекті, жақсы жұмысты, ойды, бейбітшілікті, достықты, адалдықты, сенімділікті мақтайды. Ал, ұрлықты, жаман сөздерді айытпайды

Ертедегі грек діндері. Діни мифологиялық көзқарас бойынша: алғашқы кезде Хаос (түпсіз түң-ғиық) өмір сүрді, одан жер күдайы Гея және жерасты қүдайы Тартар шықты. Гея аспан қүдайы, әрі баласы, әрі әйелі Уранды туды.

Екінші қатар күдайлары, Гея мен Уранның балалары - Титандар туды. Уран қауіптеніп, орнымды тартып алады деп, өз балаларынан қорқып, оларды жер астына Тартар күдайына беріп қамап қояды. Бірақ Ти­тандар жер астынан күтылып шығып, әкесінің тағын тартып алады. Олардың ішінен Кронос, уақыт күдайы, өз балаларын жеңіп, барлық әлемге тыныштық орнатады.

Үшінші қатарлық қүдайлар басталады. Кроностың ең кіші баласы Зевс - найзағай және жауын қүдайы, өзінің әкесін жеңіп бас күдайға айналады. Оның әйелі Гера - аспан қүдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары Посейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын береді. Сүлулық пен сүйіспеншілік күдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған. Үшінші қабатты қүдайлар Олимп тауында орналасады.

Ертедегі Рим діндері. Ежелгі Рим діндерінде Грек дініндей айқындық миф жоқ. Олардың діні қарапайым, сөзге сараң болды. Керек болса ертедегі Рим діндерінде күдайлардың суреттері мен образдары болмады.

Рим қүдайлары үзақ уақыт антропоморфтық түрде, Юпитер болса, шақпақ тас түрде, Map күдайы найза түрде, Веста қүдайы от-жалын түрде бейленді. Римдіктер жай ғана Юпитерге сенсе жеткілікті деп түсінді. Пуникалық соғыстан кейін Рим мен Греция елдері тығыз байланыс жүргізді. Рим Эллада мәдениетін қабылдап, оның дінін өздеріне таратты. Гректердің қүдайлық түсінігінен, Римдік қүдайлар шықты.



Ертедегі славян діндері

Ертедегі славяндарда 9 табиғаттың күшіне табыну үлкен орын алып отырды. Ең жоғарғы қүдай Перун - күн күркірейтін және найзағай қүдайы. Перун қүдайына екі жақты көзқарас бол­ды. Біріншіден, ол өзінің жауын және найзағайымен жерді көгертеді. Екіншіден, қиратушы және жазалаушы қүдай болып көрінеді. Одан кейінгі қүдайлар, Сварог - жарық пен аспан қүдайы, Әке Дажбога - Күн мен от қүдайы, Хоре - жел, Стрибог - мал қүдайы жэне т.е.с Көптеген мейрамдар табиғаттық қүбылыстарға байланысты болды. Қыстың уақы-тында күннің үзаруына, масленица, Купала, егін тойы өткізілді. Олар-дың барлығы магиялық түрғыда өтіп жатты.Русьтің Византиядан Христиан дінін (988ж.) қабылдауы орыс өміріне, тарихына бетбүрыс алып келді.



Ежелгі Қазақстандағы діни сенімдер.

Кең байтақ Қазақстанның ұлы даласында ерте заманнан бастап көптеген діндер шығып, көптеген діндер таралып, өмір сүріп жатты. Олардың түрлеріне келетін болсақ, осы кездегі археологиялық, этнографиялық ғылымдарға сүйене отырып мынандай діндердің шығып таралғанын айта аламыз: Көк тәңірі (Теңрізм), Жер-Су, ¥май, Шаманизм, Митрайзм, Буддизм, Манихейшілік, Христиандық (несториандық) және Зороастризм. Ежелгі қазақ хандығының тікелей ата-тегі түріктерден таралды дейтін болсақ, ежелгі түріктердің басты Қүдайы Көк Тәңіріне сенгендіктен, қазақ халқының да алғагпқы сенімділігін «Тәңірлік» деп айта аламыз. Олай деп айту себебіміз, көшпенді түрік халқы үшін табиғат, оның ішінде Аспан, олардың өмір сүруіне тікелей байланысты болды. Көгілдір Аспан - ең жоғарғы әлемнің тірегі, тіршіліктің тірегі. Тіршіліктің тірегі Жер мен Су. Сонымен әлемді үстап, басқарушы – Тэңір.

Сонымен, табиғи күштерді пір түтудан, тәңірлік көп түсініктіктен бас Қүдайына айналуы.

Түрік халықтарының мифологиясының өзіндік ерекшелігі - Жер мен Аспанның тығыз байланыстығы. Ондай байланыстырушының дәнекері - алып Бәйтерек. Осы биік Бәйтерекпен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Аспан денелері сакралды киелі ретінде қарастырып қадірленген. Мысалы, «Оғызнама» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз деп койған екен. Қазіргі қазақ халықтары балаларында Күнсұлу, Айсүлу, Жүлдыз, Шолпан деген аттар кеңінен колданылуда. Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш.Уэлихановтың жазғанына тоқталсақ: «Аспанда өмір сүретін адамдар бар. Олар тамақтарының астына белбеу буынады. Біз ортада, жер үстінде өмір сүреміз, белбеуді денеміздің ортасынан буамыз, ал күні, айы және жұлдыздары бар жер асты адамдарды белбеуді аяғына буалы».

Алғашқы дүниетанымдықта, адам өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, өздерін ғарыштық күшпен жасағандығын мойындады. Кеңістік пен Уақытты жакындастырып, мифологиялық көзқараспен дамыды.

Айқастыра тіркеп байлаған қой, ешкілер тобын айтады. Қазақстан еліне Христиан сонан соң Ислам дінінің тарауынан бастап қазақ халықтарында мәдени үлкен өзгерістер басталды.



Негізгі әдебиеттер: 2, 4, 6, 13, 18.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 8.
3 тақырып « Ұлттық діндер».

Үлттық халықтың діндері әр түрлі ру-тайпаның діндерінің араласуы мен дамуы арқасында, таптық қоғамның шығуына байланысты үлттык мемлекет діндері шығады. Ол діндер сол үлттың шекарасынан шығып кетпейді, немесе баска улттарға тарамайды. Қазіргі кезде бар және сол бір белгілі үлттардың арасында тараған улттық діндерге жататындар: индуизм, конфуцианство, синто, иудаизм және т.с.с.



Үнді халықтарының діндері: брахманизм, индуизм,сикхизм.

Үнді халкында қандай да бір діни ағымдар болмасын олардың барлығының ортақ көзқарасы: кайта туу және әрбір жеке адам өз жолдарымен күнәларын жеңілдетуді іздейді. «Әрбір адамның тағдыры өз қолында» деген пікір бар. Ерте дәуірден бастап әр түрлі діни көзқарастар, ритуалдар, салтанатты өлеңдер мен жалбарыну өлеңдері, ритуалды қүрбан шалу түрлерінің «Веда» деген киелі жинақта топтасқан.Ведалар дегеніміз- діни сарындағы дүғалардың, қүрандардың, қүрбандық шалу негізінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлендердің жиынтығы. Веда б.з.д. II мың жылдықтарда және б.д.д.1 мың жылдарында күрастырылған төрт бөлімнен түратын жинактар. Ең маныздысы Ригведа «симхат»,




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет