24
қауымдастықтары әзірлейді және бекітеді. Қызметтің барлық салалары үшін
еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен
нормативтерді қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша бекітеді. Оны
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы белгілеген тәртіппен бекітеді.Мемлекеттік
органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін
қамтамасыз
ететін
қызметкерлер
санының
бірыңғай
салааралық
нормативтерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және
бекітеді. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір
жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде белгіленеді. Ал
олар болмаған жағдайда бірыңғай тарифтік-квалификациялық жұмыс
анықтамасы және жұмысшылар мамандығы негізінде белгіленеді. Оларды
әзірлеу, қайта қарау және бекіту тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган белгілейді.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мамандардың жекелеген
лауазымдарының біліктілік сипаттамалары мемлекеттік мекемелер мен
қазыналық кәсіпорындардың, қызмет
салаларының барлығына ортақ
әзірлейді және бекітеді.Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының
тізбесін әзірлейді және бекітеді.
Қазақстан Республикасында ұлттық біліктілік жүйесі бар. Ол ұлттық
біліктілік шеңберін, салалық біліктілік шеңберін, кәсіби стандарттарды
қамтиды.
Ұлттық біліктілік шеңбері әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіптік
қызметтің жалпы сипаттамаларының сипаттамасынан тұрады. Ұлттық
біліктілік шеңберін әзірлеу мен қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган білім беру саласындағы
уәкілетті органмен бірлесіп
жүргізеді. Сәйкесінше оны әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек
қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық комиссия бекітеді.
Салалық біліктілік шеңбері орындалатын жұмыстардың күрделілігіне
және пайдаланылатын білімнің, іскерліктің және құзыреттіліктің сипатына
байланысты тексереді.Осыған орай деңгейлер бойынша маманның
біліктілігіне қойылатын талаптарды салада жіктейді. Салалық біліктілік
шеңберін әзірлеу мен қайта қарауды уәкілетті мемлекеттік органдар және
тиісті қызмет салаларының жұмыс берушілер бірлестіктері жүргізеді. Осыдан
кейін әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу
жөніндегі салалық комиссиялар бекітеді.
Кәсіби стандарт - кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және
құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына
қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.
Кәсіптік стандарттарды
әзірлеуді, енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс берушілер
бірлестігі салалық біліктілік шеңбері негізінде жүргізеді. Оны еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен Қазақстан
Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы бекітеді.
25
Еңбек нормативтері мен нормалары қолданылады:
- өндіру;
- қызмет көрсету;
- уақыт;
- қызмет көрсету уақыты;
- қызметкерлер саны.
Өзіндік өлшемі еңбекақы ретінде сақталған.
Уақыт нормасы - бұл бір жұмысты орындауға бір немесе бірнеше
жұмысшылардың шығындайтын уақыты.
Өнімділік нормасы - бұл бір жұмыс санының , орындалуы тиіс уақыт
бірлігі (сағат, ауысым, ай және т. б.). Өнімділік нормасы уақыт нормасына
кері пропорционал.
Қызмет көрсету нормасы-бұл бір немесе бірнеше қызметкердің уақыт
бірлігінде қызмет көрсетуі тиіс объектілер саны.
Қызмет көрсетудің уақыт нормасы- бұл бір адамға (сатып алушыға,
клиентке, келушіге немесе жабдықтаушыға) қызмет
көрсетуге кеткен уақыт
нормасы.
Жұмыскерлер санының нормасы – бұл жоспарланған жұмыстың
көлемін орындауға қажетті жұмысшылар саны, уақыт бірлігіне
шаққандағынормасы.
Еңбек нормалары экономикада маңызды рөл атқарады. Өйткені олар
еңбек шығындарын және өндіріс пен айналыс шығындарын жоспарлау,
есепке алу және талдау құралы болып табылады. Еңбек нормалары негізгі
және қосалқы өндірісті, қол және машиналық еңбекті белгілейді. Оның
ішінде конвейердегі жұмысты қамтиды, жабдықтарға,
оның ішінде көп
станциялық қызмет көрсетуге еңбек шығындарының шараларын белгілейді.
Еңбек нормасы мыналарды ескере отырып құрылады:
Еңбек қарқынын еңбек нормасымен салыстыра отырып жақсы деп
қабылданғанда, демалыс уақыты, жеке қажеттілік уақыты және
технологиялық үзілістер.
Еңбек жөніндегі Голландиялық маман доктор Керховен өзінің ашық
Еңбекті нормалау Заңын ұсынды:
Н = В (В/П)у,
(1)
Мұнда:
- Н-жұмыс күні ішінде сақталуы мүмкін белгілі бір жұмысты орындауға
арналған уақыт нормасы;
- В - осы жұмысты барынша мүмкін қарқынмен орындауға арналған ең
аз уақыт;
- П - сағаттағы жұмыс ұзақтығы;
- У - "шаршау дәрежесі" көрсеткіші (жұмыс сипатына және
қызметкердің жынысына байланысты).
Нормалаудың қазіргі заманғы әдіснамалық негіздері:
26
- еңбекті нормалау саласын кеңейту;
- еңбек нормаларының жоғары сапасын қамтамасыз ету және оларды
қоғамдық қажетті еңбек шығындарына барынша жақындату;
-
ұйымдастыру-техникалық,
әлеуметтік-экономикалық
және
психофизиологиялық
факторларды ескере отырып, нормалардың
ғылыми негіздемесі;
- еңбек нормаларын ізгілендіру.
Әлемдік тәжірибе - материалдық өндірісте де, өндірістік емес салада да
еңбекті нормалауды қолдануды тұрақты түрде кеңейтуді куәландырады.
Әдетте, жұмыс істейтіндердің саны 50 адамға дейінгі шағын кәсіпорындар
еңбекті ұйымдастыру жөніндегі қарапайым шараларды сақтай отырып, еңбек
нормаларын қолданбайды. Дегенмен, қазіргі заманғы нормалауда
жұмыстарды ұсақ регламенттеуден бас тарту байқалады.