Дипломдық зерттеудің өзектілігі



бет2/20
Дата23.09.2023
өлшемі294.84 Kb.
#478404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Дипломдық жұмыс Заутбекова Д.С ( ГОСТ) (1)

Дипломдық зерттеу нысаны: мектепке дейінгі білім беру үдерісі.
Дипломдық зерттеу мақсаты: балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бейімделу жағдайларын анықтау, теориялық негіздеу. Сонымен қатар, эксперименттік жұмыстар арқылы талдау жасау.
Дипломдық зерттеу міндеттері:
- психологиялық-педагогикалық әдебиеттегі балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бейімделу мәселесін талдау.
- мектеп жасындағы балалардың мектепке дейінгі мекемеге бейімделу диагностикасын жүргізу.
- мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бейімделу мәселелерін шешуге бағытталған педагогикалық іс-әрекеттің мазмұнын әзірлеу.
Дипломдық зерттеу пәні: балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бейімделу мәселелері.
Дипломдық зерттеу әдістері: бақылау, сипаттау, зерттеу, талдау-жинақтау, компонентті-салыстырмалы және аударма.
Дипломдық зерттеудің болжамы:
Егер, мектеп жасына дейінгі балалардың бейімделуін жеңілдету жолы нақтыланса, онда балалардың бейімделу деңгейі жасалынады, өйткені баланың бейімделуін жеңілдету қарым-қатынас деңгейі мен білім сапасының артуына ықпалын тигізеді.
Дипломдық зерттеу базасы: Шымкент қаласы, №20 «Қазына» бақша-бөбекжайының екінші кіші «Ақ көжек» тобы.
Дипломлық зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарау «Қазіргі психопедагогикалық әдебиеттегі мектеп жасына дейінгі балалардың бейімделу мәселесі» деп аталып, мектеп жасына дейінгі баланың мектепке дейінгі ұйымға бейімделу дағдыларын теориялық тұрғыдан және педагогикалық-психологиялық жақтары қарастырылған.
Екінші тарау, «Мектеп жасына дейінгі балалардың МДҰ-ға бейімделу мәселелерін диагностикалау және шешу бойынша тәжірибелік-іздестіру жұмыстары» деп аталып, мектеп жасына дейінгі баланың мектепке дейінгі ұйымға бейімделу дағдыларын эксперименттік және зерттеу жолдары анықталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет