Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И


Қайнатпа – әртүрлі жеміс-жидектердің езбесі қосылып, қайнатылған  қант массасы.  Құс етінен дайындалған жартылай дайын өнімдер



Pdf көрінісі
бет73/75
Дата04.12.2023
өлшемі1.31 Mb.
#485430
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

Қайнатпа – әртүрлі жеміс-жидектердің езбесі қосылып, қайнатылған 
қант массасы. 
Құс етінен дайындалған жартылай дайын өнімдер – құстың ұшасы, 
сүбесі (жон еті), саны, котлеттер, сорпалық жиынтықтар және басқалары. 


132 
Ұннан дайындалған жартылай дайын өнімдер − әртүрлі қамыр және 
ұннан жасалатын тағамдарға арналған жартылай дайын өнімдер (құймақ, 
құймақшалар, оладьи, дүнген кеспесі). 
Еттен дайындалған жартылай дайын өнімдер – табиғи, ұнға немесе 
нанның ұнтағына аунатылған, шабылған ет болып бөлінеді. 
Табиғи жартылай дайын өнімдер – ірі кесектеп немесе ұсақтап 
туралған ет бөлшектері (кесек ет, сан немесе қол еті, бефстрогонов, рагу, 
гуляш). 
Көкөністен жасалған жартылай дайын өнімдеркартоп және 
тазартылған шикі көкөністер, котлеттер, шницельдер. 
Балықтан дайындалған жартылай дайын өнімдер – тазартылып, 
кесектерге бөлінген балық ұшасы, пісіруге, қуыруға арналып, үлестерге 
бөлшектелген балық кесектері, котлетке және кнельге арналған масса, одан 
дайындалатын өнімдер.
Азық-түліктік шикізат – тағамдық өнімдер дайындауға арналған 
өсімдіктен, жануардан алынған, микробиологиялық, минералдық, жасанды 
жолмен дайындалған шикізат және су. 
Қақталған балық – семіз тұқымды балықтарды тұздап, содан кейін 
арнайы қондырғыларда +20°... +25°с температурада немесе табиғи 
жағдайларда баяу кептіріп жасалатын өнім. 
Шала қақталған балық – қақталған балыққа жақын өнім, ол көбінесе 
мұхитта тіршілік ететін балық тұқымдарынан жасалады. Қақталған балыққа 
қарағанда ылғалдылығы жоғары (55-60%) және тұзы аз болады (4-7%). 
Сондықтан оның сақтау төзімділігі төмен болады 
Кептірілген балық – балықтың ұсақ майсыз түрлерін тұздап, содан 
кейін ыстыққа кептіріп жасалатын өнім. Кептірілген балық жартылай 
өңделген өнім ретінде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет