Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері



бет8/14
Дата03.10.2023
өлшемі268 Kb.
#479681
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Лекция

Негізгі әдебиеттер:

  1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ.-Алматы:ЖТИ,2003,-408 б.

  2. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Жоғары оқу орындардың студенттеріне арналған оқу құралы. –Астана: Еуразия ұлттық университеті, 2004, -224 б.

  3. Ибрагимов У.М. Новые информационные технологии: Пользователь-ский курс. -Шымкент, ЮКГУ, -2004, 150с.
Қосымша әдебиеттер:

  1. Камардинов О. Информатика.Оқу құралы.-Алматы:«Ғылым»,2004,-360б.

  2. Исаев С.Ә., Мұхамади А.Н., Ахметова О.С. Компьютерлік техно-логия негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы. Аламаты Мем. Универ, -2000, 235 б.



Лекция 9. MS PowerPoint презентация программасы: версиялары, мүмкіндіктері, жұмыс режимдері. Презентация және слайдтар. Слайдқа сурет және графикалық объекттерді енгізу. Компьютерлік графика: жалпы мәліметтер, мүмкіндіктері. Растрлық және векторлық графика.

Microsoft PowerPoint – Microsoft Office – тің құрамындағы, презен-тациялық материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35мм-лік мөлдір қабыршақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентациялар дайындау мүмкіндігін береді. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты т.с.с. әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.


PowerPoint программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. PowerPoint программасының бір ерекшілігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.
PowerPoint программасында презентацияны безентіру үшін көптеген фондық өрнектер, слайдтарды эффектті түрде ауыстыру әрекеттерін орындау мүмкіндігі бар. Презентация слайдтарын шаблон арқылы және өз қалауымызша безендіре аламыз. Презентацияны шаблон арқылы безендіру кезінде, барлық слайдтағы элементтер арнайы бір түрлі түстер схемасына сәйкес болады. Ал, өз қалауымызша слайдтың безендіру элементтерінің түстерін, құю тәсілін таңдай аламыз. Сол сияқты, слайдқа енгізілген объектілер, диаграммалар безендірілуін де өз қалауымызша орындай аламыз.
PowerPoint программасының графикалық объектілерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Осы себепті слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:

  • слайдтар режимі;

  • структуралы режим;

  • слайдтарды сұрыптау режимі;

  • бетке ескертпе жазу режимі;

  • слайдтарды көрсету режимі.

Бұл режимнің әрқайсысы слайдты әртүрлі етіп көрсетеді және бір режимде жасаған өзгерту барлық режимде де іске асады.
PowerPoint программасында әртүрлі анимациялық эффектілержәне мультимедиялық мүмкіндіктердіқолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диаграммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.
Компьютерлік графика - кескіндерді құру, бейнелеу, түрлендіру және шығару құралдары мен жүйелері жайындағы ғылым. Компьютерлік графикада төмендегі есептер қаралады:

  • объкттерді бейнелеу;

  • бейнені визуалды ұсыну;

  • бейнені құру;

  • бейнені анимациямен безендіру.

Бейнемен байланысты информацияны өңдеуде негізгі үш бағыт бар:

  • образды тану;

  • бейнені өңдеу;

  • компьютерлік графика.

Компьютерлік графика 3 түрге бөлінеді:

  • растрлық графика;

  • векторлық графика;

  • когнитивтік графика.

Векторлық графика –кескіндерді түзу векторлар жиыны түрінде бейнелеу графикасы.
Растрлық графика – кескін нүктелерді екі өлшемді жиын түрінде бейнелеу графикасы.
Когнитивтік графика – ғылымның жаңа дамып келе жатқан абстракт саласы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет