18
сөздердің алғы сөздері мыналардан құралуы мүмкін: мадақтау,
әшкерелеу, сендіру, айныту, тыңдармандарға қаратпа сөз. Бұл
«прелюдия» сөз мазмұнымен байланысты немесе оған байланыссыз
болуы керек. Соттағы сөздің алғы сөзіне қатысты олардың драмалық
шығарманың прологы және эпикалық шығармалардың алғы сөзі
қандай маңызды болса, дәл солай екендігін атап өткен жөн».
«Барлығы (сөйлеу өнері), қажет болса, ойды игеруге бейімділікке
және өзіңді сенімге тұрарлық етіп ұсынуға байланысты, өйткені
ондайларды жақсы тыңдайды. Адамдар ұлы немесе оларға қатысы бар
немесе қызықты, жағымды заттарға мұқият болады, сондықтан сөз
осы жөнінде болып жатқандығына сендіру керек».
Платонның шәкірті Аристотель сөздің тұтастығы мен негізділігі
туралы сократтық ойды қолдана отырып, композицияның логикасына
негізделген бөлімдерінің мөлшерлестік
қағидаларына ерекше назар
аударады. Аристотельдің Платонмен пікірі сәйкес келмеген негізгі
мәселесі сөйлеу өнерінің білімге қатысына байланысты болған.
Платон өнердің бастауы иррационалды деп тұжырымдаған және
өнерді әлемді тәжірибелік тұрғыдан танудан ажыратқан. Аристотель
оған қарамастан сөйлеу өнері табиғаты жағынан таныммен
байланысты екендігін дәледеуге тырысқан.
Осылайша, Аристотель бойынша шешендік өнер арқылы
ұсынылатын дәлелдеу құралы үш түрге бөлінеді:
а) логикалық, яғни дәлелдің көмегімен;
б) адамгершіліктік, сөйлеуші тыңдарманды сенімге тұрарлық
екендігіне сендіреді;
в) эмоционалды, тыңдармандардың эмоцияларына ықпал етеді.
Соңғысын ол «Риториканың»
екінші кітабында қарастырады,
онда сендірудің бұл құралдарын табу әдісіне қатысты нұсқаулар
беріледі. Платонның шәкірті ұстазы талап еткендей құмарлық, әдет-
ғұрып және дәлелдеудің жалпы тәсілдері туралы талқылайды.
Осылайша платондық Сократ үйреткен: «Сөз құдыреті адам жанына
әсер етуінде, шешен болам деген адам жанның қанша түрі бар екенін
білуге тиіс... Кейбір тыңдармандарды белгілі себептермен сендіру
оңай, ал кейбір тыңдармандарды сендіру өте қиын... ол сөйлеуге
тиімді уақытты ескеруі керек, ал кейде бас тарта білу керек: ол өзі
үйренген сөйлеудің барлық түрін қысқа, мұңды немесе жалынды – дер
кезінде және орынды қолдануға тиіс».
Аристотель адам болмысының жауапты шешімдер қабылдайтын
азаматтар жиналысында көрініс табатын
ең жалпылама аффектісіне
назар аударады. Ол ашу мен мейірімділік, өшпенділік пен қорқыныш,
ұят және рақымдылық, наразылық пен қызғаныштың туындауын
түсіндіреді,
содан
соң
шешен
қандай
жағдайда
өз
тыңдадармандарында аталған сезімдерді туындата алатындығын
көрсетеді. Мысалы, өзіміздің басымыздан өтпесін деп қорқатын
жағдайларға басқалар тап болғанда біз аяушылық танытамыз немесе
19
адам қорқынышты сезінуі үшін оның өзін мазалаған нәрседен
құтыламын деген сенімі болу керек; оған дәлел қорқыныш
адамдардың ойландырады, сол шақта ешкім бұл үмітсіздік деп
ойламайды. Сондықтан шешен өз
тыңдаушыларының қорқынышты
бастан кешіргені тиімді болған кезде, оларды дәл осындай жағдайға
түсіруі керек. Одан соң шешеннің белгілі бір аффект туындата
отырып ықпал етуге тырысатын тыңдармандарының жасын,
қасиеттерін, мінездерін жіктейді.
Аристотельде сөздің көркемдік кемелділігі және оның
мазмұнының толықтығы ажырамас біртұтастықта қарастырылады:
«Білімді тез жеткізетін стиль және энтимемалар бізге көркем болып
көрінеді». Мұндай энтимемаларға мысал қысқа мерзімде және
тыңдарман (оқырмандар) тарапынан аз күш салуымен бізге көптеген
жаңаша ойлар мен түсінік беретін метафоралар болады. «... Жеңіл оқу
– табиғатта барлығына да ұнайды, ал сөздің мәні болады, сондықтан
сөздердің ішінде бізді бір нәрсеге үйрететіндері
неғұрлым жағымды
болмақ. Бірақ сирек қолданылатын сөздер түсініксіз, ал
жалпыхалықтық сөздерді біз білеміз, сондықтан да метафора көп
жағдайда қалағанымызға қол жеткізуге ықпал етеді». Шешендік
өнерде қабылданған поэтикалық тәсілдердің ішінен Аристотель
шешен мен тыңдарман ақылының оралымдылығын талап ететін
метафораны жоғары бағалайды, өйткені метафора жұмбақ түрінде
келеді. Ол айқындаған метафораның төрт түрінің ішіндегі сәйкестікке
негізделген метафора ерекше құрметке ие. Аристотель мұндай
метафораға мысал ретінде Гомердің әйгілі тармағын келтіреді:
Достарыңызбен бөлісу: