E-технологии. Электронный бизнес. Электронное обучение. Электронное правительство



бет1/4
Дата12.02.2024
өлшемі1.03 Mb.
#491698
  1   2   3   4
3-дәріс

КАЗАХСКАЯ АКАДЕМИЯ СПОРТА И ТУРИЗМА


Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Пәннің атауы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Автор аты-жөні: Дауренбекова Айгуль
Турсунхановна
магистр, аға оқытушы
ДӘРІС №3
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

ЖОСПАР:

    • БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТҮРЛЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ
    • ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ДАМУЫ
    • ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ, ОНЫҢ ІШІНДЕ МОБИЛЬДЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ҮШІН
    • ҮСТЕЛДІК ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

МАҚСАТЫ


Бағдарламалық жасақтамалармен операциялық жүйелер түрлерімен таныстыру

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТҮРЛЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ


Бағдарлама - магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадында жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жұмыс істейтін бағдарламалар кешендерінің көмегімен шешіледі.
ЭЕМ бағдарламалары екі топқа бөлінеді, олар:
    • жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру;
    • қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру.

Жүйелік бағдарламалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы бағдарламалармен байланыстырады.
Жүйелік бағдарламаларды келесі топқа жіктеуге болады:
    • операциялық жүйелер;
    • утилиттер;
    • драйверлер;
    • сервистік бағдарламалар.

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру - пайдалану міндет- терін шешуді қамтамасыз етеді. Мұндағы шешуші ұғым қолданбалы бағдарламалардың пакеті болып табылады.
Қолданбалы бағдарламалардың пакеті (ҚБП) - белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарлама- лар жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет