ТАҚЫРЫП 11. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Дәріс жоспары (2 сағат)
Дәріс 1
Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері
Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі
Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіштері
Әдебиеттер: нег. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11,13-15, 20-22, қос.4,5, 15-17
Дәрістің мақсаты болып өндірістің экономикалық тиімділігінің мағызы мен оның түрлеріне сипаттама беру және өндірістің жалпылама тиімділік көрсеткіштерін қарастыру.
Кілттік сөздер: сату рентабельділігі, активтер рентабельділігі, капитал сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы, қоғамдық еңбектің өнімділігі, қор сыйымдылығы.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері
Тиімділік – жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді.
Жалпы тиімділік – шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша есептеуге болады.
Салыстырмалы тиімділік белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуді, екі немесе бірнеше шешім варианттарының ішінен беруін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен салыстырғандағы экономикалық қолайлығын көрсетеді.
Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:
өндірістік іс – әрекетінің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалылығын және оның активтерді қолдану мүмкіншіліктерін өлшейді;
өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншікліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;
қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуекелшілдік денгейін анықтайтын көрсеткіштер.
Өндірістік іс – әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ көрсеткіштері ағымдағы негізгі өндірістік іс – әркеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның қызметтік іс – әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер: өнімдер сату нарығының кеңдігі, экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі; кәспіорын репутациясы және т.б.Сандық бағалау екі бағытта жүргізіледі:
Шаруашылық іс – тиімділігін көптеген абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі маңыздырағы – пайда көрсеткіші болып есептелінеді. Пайда әрбір кәспіорынның іс – әрекетінің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.
Сату рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі пайда / өнім өткізуден алынған ақша түсімі х 100).
Бұл көрсеткіш өнімді шығаруға кеткен шығындар мен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым – қатынастың тиімділігін сипаттайды.
Активтер рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру кезеңінің соңындағы активтер х 100).
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық мүлігінің (айналым және негізгі капиталының) қолдану тиімділігін көрсетеді.
Негізгі капиталдың рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру кезенінің соңындағы негізгі капитал минус амортизация х 100), кәсіпорынның неггізгі қорларының қолданылу тиімділігін көрсетеді.
Меншік капиталының рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру уақытының соңындағы меншік капиталы х 100).
Кәсіпорынның өзінің қаржыландыру көздерінен инвестициялынған капиталдың қолданылу тиімділігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |