Әдістемелік нұсқау


Ә) Оқулық авторлары тарапынан берілген ұзақмерзімді жоспар



бет9/159
Дата19.09.2023
өлшемі479.67 Kb.
#477989
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   159
3 сынып МЖ жа а. (1) (1)

Ә) Оқулық авторлары тарапынан берілген ұзақмерзімді жоспар





Ұзақмерзімді жоспардың бөлімдері
(ортақ тақырыптар) *





Пән тақырыптары

Сағат саны







1-тоқсан

8

1-бөлім. Программалау(ортақ тақырыптары: «Жандытабиғат»,
«Жақсы» деген немене?
«Жаман» деген немене?)

1

§1.Өміріміздегіқайталаулар

1

2

§2.Циклдер

1

3

§3.Кейіпкердің қозғалысы

1

4

§4.Қозғалыскомандаларын жоба құруда қолдану

1

5

§5. Практикалық тапсырмалар

1

6

§6. Желіде тілдесу

1

7

§7. Әлеуметтікжелілер мен мессенджерлер

1

8

§8. Өзіңдітексер! Шығармашылық тапсырмалар №1.БЖБ

1







2-тоқсан

8

2-бөлім.
Ойын құру
(ортақ тақырыптары:
«Уақыт», «Сәулет»)

9

§9.Ойынның сценарийі

1

10

§10. Көріністер

1

11

§11. Кейіпкерлер

1

12

§12.Практикалық жұмыс

1

13

§13.Костюм ауыстыру

1

14

§14.Менің ойыным

1

15

§15. Шағын ойындар

1

16

§16.Өзіңдітексер! Шығармашылық тапсырмалар

1







3-тоқсан

10

3-бөлім. Роботтехника.
Жоба
(ортақ тақырыптары: «Өнер», «Көрнекті тұлғалар»)

17

§17.Word мәтіндік редакторы

1

18

§18. Жобаға идея

1

19

§19. Құжатты рәсімдейміз

1

20

§20.Мәтіндегі иллюстрация

1

21

§21. Компьютерде және құжатта ақпарат іздеу.

1

22

§22. Робот қолының қозғалысы(1-сабақ)

1

23

§23. Робот қолыныңқозғалысы(2-сабақ)

1

24

§24. Цикл блогы

1

25

§25 «Робот-тазартқыш» құрастыру

1

26

§26. Практикалық жұмыс.№3.БЖБ

1







4-тоқсан

8

4-бөлім. –
Презентациялар
(ортақ тақырыбы: «Су – өмірдің қайнар көзі»)

27

§27.Презентация жасау

1

28

§28. Презентация дизайны

1

29

§29. Анимация менауысу

1

30

§30.Жоба жұмысына презентация жасау.№4.БЖБ

1







5-

тоқсан




5-бөлім.Мәтін, графика және презентация (ортақ тақырыбы:
«Демалыс мәдениеті.
Мерекелер»).

31

§31. Фотосуреттер

1

32

§32. Фотосуреттер топтамасы

1

33

§33. Жобамен таныстыру. №5.БЖБ

1

34

§34.Өзіңдітексер! Шығармашылық тапсырмалар

1







Жалпы сағат саны

34







«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту



«Цифрлық сауаттылық» пәні оқушыларды нақты объектілер мен үдерістердің ақпараттық модельдерін түрлендіру, құру мен қолдануды мақсат етеді.
Сонымен қатар басқа да оқу пәндерін оқыту үшін оқушыларды ақпараттық-коммуникациялық құралдарымен жұмыс істеу дағдыларымен, біліктеріменжәне базалық біліммен қамтамасыз етеді.
Пәннің оқу бағдарламасы оқушылардың қоғамдағы ақпараттық үдерістердің рөлі, техникалық мүмкіндіктері мен адамзаттың түрлі қызмет саласыңда Цифрлық технологияқұралдарын пайдаланудың келешегі туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.
Цифрлық технологияларды пайдаланудағы құзыреттілік оларды үйде, мектепте, жұмыста, бос уақытта және коммуникацияда сенімді түрде және сыни тұрғыдан пайдалануды көздейді. Оқушылар Цифрлық технологиябойынша дағдыларын курс бойы ақпаратты жинау, құру және басқару, ресурстармен жұмыс істеу, құрылғылар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмыстарын бағалау, түзетулер негіздерінде дамытады.
«Цифрлық сауаттылық» пәні оқушыларды компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін, ақпараттық іс-әрекеттің құқықтық және этикалық нормаларын сақтауға, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді және жобамен жұмыс істеу барысында ұжымдық жұмысқа жұмылдыруға бағытталады.
Оқушылардан күтілетін нәтижелер:

  • айналадағы қоршаған ортадағы ақпарат көздерін, түрлерін анықтайды;

  • компьютер құрылғыларын біледі және олармен жұмыс жасайды;

  • ғаламтор желісінен қажетті ақпаратты өздігінен іздеп табады, оны өңдейді және ақпарат алмасуды біледі;

  • цифрлық технологиялардың ерекшеліктерін анықтап, олармен жұмыс жасайды; - мәтіндік редакторда мәтін жаза алады;

  • программалау ортасында жобалар құрады;

  • робот жобаларын құрастырады;

  • мәтінді редакциялаудың түрлі тәсілдерін қолданады;

  • өзі қызығатын тақырыпта зерттеу жүргізіп, презентация жасайды;

  • компьютерде жоба дайындап, оны көпшілікке ұсынуды, қорғау тәсілдерін меңгереді.

Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері




  • Оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;

  • жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;

  • проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру;

  • оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау;

  • оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру;

  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру;

  • түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогқа қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер;

  • тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

  • мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту;

  • оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру, жеке және топтық жұмыс;бірін-бірі оқыту;

  • оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).


Оқушылардың жетістіктерін бағалау


«Цифрлық сауаттылық» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау оқыту, оқу мен бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Қалыптастырушыбағалау оқыту мен оқу үдерісінің өн бойында жүргізіледі. Әдістемеліктеберілген жеке, жұпта, топта орындауға арналған тапсырмаларды орындау нәтижесінен оқушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейін анықтауға болады. Сонымен қатар, жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар білімді бекіту мен қалыптастыруда мұғалім үшін де,оқушы үшіндежеке жетістікті бағалауға мүмкіндік береді. Ал жиынтық бағалауды жүргізу үшін,әрбір оқу тоқсанының оқу мақсаттары, бағалау критерийлері, тапсырмалар үлгісі мен дескрипторлары жұмыс дәптерінде ұсынылды. Жиынтық бағалау тапсырмаларын оқу мақсатына сәйкес бірнеше нұсқада түрлендіріп қолдануға болады.

Сабақ құрылымын тиімді жоспарлау


Сабақ – оқытудың белсенді әдістері арқылы білім, білік, дағдыны дамыту мен қалыптастыруда интенсивті оқу үдерісі. Сабақ құрылымы



Басталуы

  • Сергіту жаттығуы

  • Жаңа топ құрамын анықтау

  • Жұмыс ережесібойыншакелісу

  • Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау (жеке, жұпта, топта, ұжымда)

  • Оқу мақсатын таныстыру

  • Күтілетін нәтижені анықтау (Оқушыларжаңа тақырып жөнінде не біледі? Не білгісі келеді?).


Негізгі бөлім
∙Ширату тапсырмасы

  • ∙Белсенді оқу тапсырмалары (саралау тәсілдері)

  • Оқулықпен жұмыс істеу (жеке, жұпта, ұжымда)

  • Жұмыс дәптерінде жазылым тапсырмаларын орындау (жеке, жұпта, топта)Аяқталуы

  • Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

  • Сабақта қол жеткізген нәтижені талдау

  • Рефлексия (жеке, топтық, ұжымдық)

  • Үйгетапсырма

Мұғалім қысқамерзімді сабақты жоспарлауда ұсынылған құрылымды үлгі ретінде қолдана алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет