Әдістемелік нұсқаулардың Нысан титулдық парағы пму ұс н



бет1/25
Дата17.12.2022
өлшемі1.74 Mb.
#467401
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Әдістемелік нұсқаулардың Нысан
титулдық парағы ПМУ ҰС Н. 7.18.3/40

Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


«Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылыс» кафедрасы


Инженерлік механика II пәні бойынша

5В072900 – Құрылыс мамандықтарының студенттеріне арналған


практикалық сабақтарға (есептік – графикалық жұмысқа,


бақылау жұмысына)


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар

Ә дістемелік нұсқауларды Нысан
бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
БЕКІТЕМІН
ОЖ бойынша проректор
___________ Пфейфер Н.Э.
20__ ж. «____» __________
Құрастырушы: аға оқытушы ____________ Д.К. Оразова
Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылыс кафедрасы


Инженерлік механика II пәні бойынша

5В072900 - «Құрылыс» мамандығының
күндізгі және сырттай оқитын
студенттеріне арналған

практикалық сабақтарға (есептік – графикалық жұмысқа, бақылау жұмысына)




әдістемелік нұсқаулар
Кафедраның отырысында ұсынылды
20 __ ж. «___»____________, №__ хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ Саканов К.Т. 20 __ ж. «___»____________


Сәулет – құрылыс факультетінің ОӘК мақұлданды
20__ж. «____» _______________ , №_____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________Жукенова Г.А.




МАҚҰЛДАНДЫ:
ОБ бастығы ___________Жуманкулова Е.Н. 20__ж. «____» ___________

Университеттің оқу әдістемелік кеңесімен мақұлданды


20__ж. «____» _______________ , №_____ Хаттама


Алғы сөз




Инженерлік механика қазіргі уақытта теориялық механика, материалдар кедергісі және құрылыстық механика пәндерін қосатын кешенді пән болып табылады.
«Инженерлік механика II» пәнін оқыту мақсаты - студенттерге күштер және күштер әсерінде тұрған материалдық денелердің тепе-теңдік шарттары туралы теориялық білім беру, сыртқы күштер әсерінде тұрған серпімді денелердің деформациясын зерттеу және конструкция элементтерін беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеу.
Инженерлік механика II пәні екі бөлімнен тұратын кешенді пән болып табылады: теориялық механика және материалдар кедергісі.
Теориялық механика заңдары мен принциптері бойынша көптеген инженерлік есептер шешіледі, жаңа машиналар, құрылымдар мен құрлыстар жобаланып, іске асады.
Теориялық механика пәнін жеткілікті дәрежеде меңгеру үшін теориялық материалдармен қатар, студент өз бетінше есептер шығаруы керек. Осыған орай оқу құралында оқу бағдарламасына сай тәжірибелік сабақтарды өткізуге, семестірлік және есептеу-графикалық жұмыстарын орындауға есептер келтірілген. Оқу құралындағы есептерді шығару үшін теориялық механика курсынан қысқаша теориялық материалдар енгізілген. Сондай-ақ есептерді шығаруға қажетті жоғары және элементар математикадан формулалар мен анықтамалар, механикалық шамалардың өлшем бірліктерінің арасындағы байланыстар, керекті кестелер келтірілген.
Теориялық механиканың негізгі тақырыптарына арналған семестрлік және есептеу графикалық жұмыстары варианттарға бөлініп, олардың орындалу үлгілері көрсетілген.
Әдістемелік нұсқаулық жоғарғы техникалық кәсіптік мектептердің студенттері мен ұстаздарына арналған. Оны материалдар кедергісінің әдістерін оқитын және іс жүзінде пайдаланатын инженерлер мен жобалаушылар да қолданбалы құрал ретінде пайдалана алады.
1КИНЕМАТИКА. Кинематикаға кіріспе

Теориялық механиканың кинематика бөлімінде денеге әсер ететін күштер есепке алынбаған жағдайдағы механикалық қоз-ғалыс қарастырылады. Кинематика «Кинема» – қозғалыс деген грек сөзінен алынған. Теориялық механиканың бұл бөлімінде денелер қозғалыс-тары, күштерге тәуелсіз, таза геометриялық тұрғыдан қарасты-рылады. Мұнда қаралатын негізгі мәселелер: а) дененің берілген қозғалысын математикалық формулаларды және графиктер мен кестелерді қолдана отырып сипаттау;
б) осы қозғалысты сипаттайтын кинематикалық шамаларды табу. Кинематикаға арнайы енгізілген ұғымдар мен шамалар бар. Олар: нүкте, абсолют қатты дене, санақ жүйесі, траектория мен жол, орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, айналу бұрышы, бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу шамалары. Осы ұғым-дарды және кинематикалық шамаларды пайдалана отырып, механикалық қозғалыстарын уақыт t-ға тәуелділіктерін өрнек-тейтін теңдеулерді құру – кинематиканың негізгі мақсатына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет