Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі320.5 Kb.
#23976
  1   2   3   4

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биотехнология кафедрасы

«Азық-түлік өнімдер салаларының кәсіпорындарын жобалау» пәні бойынша


050727- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығының студенттеріне арналған

пәнді меңгеру бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41










БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_______Н.Э. Пфейфер

2010 ж. «___»________




Қ ұрастырушы: _________________ доцент, техн. ғыл. канд. Ахметова Н. К.


Биотехнология кафедрасы
«Азық-түлік өнімдер салаларының кәсіпорындарын жобалау пәні бойынша

050727- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығының студенттеріне арналған


пәнді меңгеру бойынша

әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
Кафедраның отырысында ұсынылды

2010 ж. «17» тамыз , № 1 хаттама.


Кафедра меңгерушісі _____________ М.С. Омаров 2010 ж. «17» 08.2010
Агротехнологиялық факультет оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2010 ж. «25» тамыз № 1 хаттама

ОӘК төрағасы _______________ М. Е. Жагипарова 2010 ж. «_25_» 08.2010 ж.
МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А. А. Варакута 2010 ж. «_____»_______

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2010 ж. «25»_ тамыз № 8_ хаттама

Пәнді меңгеруің ұйымдастыру бойынша әдістемлік ұсыныстар

Пәнді үлгерімді игеру жоспарлы, күнделікті жұмыс негізінде студенттің белсенді және шығармашылық қатысуын талап етеді.

Пәнді меңгеруді жұмыс бағдарламаны қарастырудан бастау керек. Курстың мақсаты мен міндеттеріне, құрылыма және мазмұны ерекше назар аудару қажет.

Дәріс конспектілерімен жұмыс істеу.

Дәріс конспектін сабақтан кейін қарап шығыныз, түсінбеушілік тұғызатын материалды белгілеп алу керек. Ұсынылған әдебиетті қолдана отырып қиын сұрақтарға жауап табуға тырысыныз. Егер де материалды өздерініз түсіне алмасаныз, сұрақтарды дайындап, оқытушыдан дәрісте немесе кеңесте сұраныз.

Өз білімдер, машықтар мен дағдыларынды тексере отырып, өткен материалдарды қайталауға уақыт бөлініз.

Тәжірибелік сабақтарды орындау

Жұмыстарды орындау кестесімен, жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықпен танысыныз. Тәжірибелік сабақ алдында меңгеруге ұсынылған сұрақтың теориясын зерделеп, тәжірибелік тапсырманы орынданыз, жұмыс бойынша есеп және бақылау сұрақтарға жауап дайындау керк.

Тәжірибелік жұмысты қорғауға дайындалу кезінде алынған нәтижелерді талдап оларды теориялық ережлермен немесе анықтамалық деректермен салыстыру керек, жұмыс нәтижелерін қорытынды ретінде әзірлеу және тәжірибелік жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқауда берілген сұрақтарға жауап дайындау керек.

Пән тақырыптарының мазмұны


Тақырып 1. Жобаны техникалық-экономикалық негіздеу

Объект туралы ақпаратты жинау. Шикізат зонасының сипаттамасы. Су-, бу- және энергоқамтамасыз ету көздері. Еңбек қорларының сипаттамасы.

Жаңа кәсіпорынды салу кезінде техникалық-экономикалық негіздеуді орындау. Кәсіпорын типін таңдау.
Тақырып 2. Азық-түлік өнімдерінің салаларының кәсіпорындарын жобалаудың әдістемелік негіздері.

Жобалау үрдісін ұйымдастыру. Жобалау кезеңдері. Жоба. Жұмыс құжаттары. Жұмыс жобасы, оның мақсаттары мен міндеттері. Типтік жобалау, жобалардың сапасын жақсарту мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды салу мерзімдерін қысқартуда оның рөлі.


Тақырып 3. Кәсіпорынның бас жоспары

Кәсіпорынның бас жоспары. Кәсіпорындардың бас жоспарларын рәсімдеу масштабтары. Бас жоспарларды шешуде қойылатын негізгі талаптар.


Тақырып 4. Азық-түлік өнімдерінің салаларының кәсіпорындарының типтері мен құрамы.

Жобалау объектері - жабдықтар, технологиялық линиялар, технологиялық үрдістер, цехтер.


Тақырып 5. Технологиялық үрдістерді жобалау.

Кәсіпорынның қуаты және шығарылатын өнімнің ассортиментін таңдау. Өндірістің технологиялық сызбаларын таңдау.

Шикізат пен дайын өнімді материалды есептеу. Қосымша материалдарды есептеу.

Технологиялық жабдықтарды таңдау және есептеу. Жабдықтарды таңдаудың негізгі принциптері. Жабдықтарды есептеу. Технологиялық жабдықтардың жұмыс графигі. Технологиялық жабдықтарды орналастыру. Технологиялық жабдықтарды орналастыру принциптері.

Жұмыс күшін есептеу. Энергошығындарды есептеу.
Тақырып 6. Аудандарды есептеу және бас өндірістік корпусты құрастыру

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың аудандарын есептеу әдістері. Өндірістің технологиялық ағынының талаптары. Санитарлы-гигиеналық жағдайлар мен жобалаудың санитарлы қалыптары. Құрылыс қалыптары мен ережелері. Бас өндірістік корпусты құрастыру.


Практикалық (семинар, зертханалық, студиялық, жеке) сабақтардың мазмұны және тізімі

Тақырып 1. Жобаны техникалық-экономикалық негіздеу

Тәжірибелік жұмыс № 1. жаңа кәсіпорынды салудың техникалық-экономикалық негіздеуі.

Тәжірибелік жұмыс № 2. Әрекеттегі кәсіпорынды қайта салудың техникалық-экономикалық негіздеуі.
Тақырып 2. Азық-түлік өнімдерінің салаларының кәсіпорындарын жобалаудың әдістемелік негіздері.

Тәжірибелік жұмыс № 3. Жобалау үрдісін ұйымдастыру. Жобалау кезеңдері.

Тәжірибелік жұмыс № 4. Типтік жобалау, жобалардың сапасын жақсарту мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды салу мерзімдерін қысқартуда оның рөлі.
Тақырып 3. Кәсіпорынның бас жоспары

Тәжірибелік жұмыс № 5. Кәсіпорынның бас жоспары. Кәсіпорындардың бас жоспарын рәсімдеу масштабтары. Бас жоспарларды шешуге қойылатын негізгі талаптар.

Тәжірибелік жұмыс № 6. Жел раушан гүлін салу.

Тақырып 5. Технологиялық үрдістерді жобалау.

Тәжірибелік жұмыс № 7. Кәсіпорынның қуаты және шығарылатын өнімнің ассортиментін таңдау. Өндірістің технологиялық сызбаларын таңдау.

Тәжірибелік жұмыс № 8. Шикізат пен дайын өнімді материалды есептеу. Қосымша материалдарды есептеу.

Тәжірибелік жұмыс № 9. Технологиялық жабдықтарды таңдау және есептеу. Жабдықтарды есептеу. Технологиялық жабдықтардың жұмыс графигі. Технологиялық жабдықтарды орналастыру. Технологиялық жабдықтарды орналастыру принциптері.

Тәжірибелік жұмыс № 10. Жұмыс күшін есептеу. Энергошығындарды есептеу.
Тақырып 6. Аудандарды есептеу және бас өндірістік корпусты құрастыру

Тәжірибелік жұмыс № 11. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың аудандарын есептеу.

Тәжірибелік жұмыс № 12. Бас өндірістік корпусты құрастыру.

Тақырыбы. Малды сою және алғашқы өңдеуден өткізу жүйесін есептеу
Сабақтың мақсаты: Малды сою және тұтас етті мүшелеу, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісті ұйымдастыру мен таныстыру.

Тапсырма: Ірі қара мен ұсақ малдарды, шошқаны ет комбинатының қуатына сай өңдеу жүйесін есептеу.

Негізгі мәліметтер


  1. Ет өнімділігі т/кезегіне

  2. Кезегіне өңделетін мал басының саны (түріне қарай)

  3. Малдың түріне қарай (тірідей орта салмағы)

1 кесте



Еттің түрі

Жалпы ет өндіру

Кезегіне өндірілетін өнім, т

Тірі салмақтан шығатын %

кг есебінде 1 мал басының тірі салмағы

Өңдеуден өткен малдың саны

Сиыр еті







45,7

350




Шошқа еті







58,6

120




Қой еті







40,2

40



Малды алғашқы өңдеуден өткізу жүйесінің ұзындығы оның бөлімдерінен құралады, бұларда белгілі бір кезекпен технологиялық операциялар жасалынады. Сондықтан да жүйе есебі төмендегідей болады. Есептеу нәтижесін 2 кестеге түсіру қажет.

2 кесте

Технологиялық операциялар

Операциялардың ұзақтығы

Жұмысшылар санының есебі, (адам)

Қабылданған жұмысшылар саны

Жүйе бөлімінің ұзындығы, м

















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет