Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет2/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
40hadis

Ізгі тілекпен автор!


БІРІНші бөлім
Әйелдер тұрғысында 40 хадис


6
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
�������������
Әйел кісілердің ең қайырлысы
Мағынасы:
Айша анамыздан (p.a.) риуаят етілген хадисте Пайғамбары-
мыз (с.а.у.) былай дейді: «Үмбетімнің әйелдерінің ішіндегі ең 
жақсысы – бет әлпеті әдемі әрі мәһрлері аз болғандары»
(Фәйзул-
Қадыр, хадис 4091).
Хадиске түсініктеме:
«Мәһір»: Шариғат қағидасы бойынша ер кісінің болашақ жа-
рына неке қияр сәтте беретін, әлде «беремін» деп уәделейтін әрі 
неке қиюдың дұрыс болу шарттарының бірі болып саналатын 
ақы. Мәһір тұрмысқа шыққалы отырған әйелдің өзіне ғана тиісті. 
Басқаша айтқанда, бұл ер кісінің әйелге берер сый-сияпаты десе 
де болады. Мәһірдің көптігіне шек қойылмайды. Бірақ ең азы ер 
кісінің шамасы жететін қандай да бір нәрсе болуы керек. Хазіреті 
Пайғамбар: (с.а.у.) «Мәһірдің абзалы аз болғандығы», деген.
Бұл хадистен тұрмысқа шыққалы отырған бойжеткеннің 
«мәһір маған берілетін сый-сияпат не сұрасам да өз еркім-
де» деп, болашақ күйеуін қиын жағдайға салып қоюы ынсапқа 
жатпайтынын аңғарамыз. Сондай-ақ, некелескеннен кейін де 
«сіз маған сыйлық алып берем деп уәде бергенсіз, ендеше алып 
беріңіз» деп, ер кісінің мазасын ала бермей, есіктен кіргенде 
жылы жүзбен қарсы алып, оның қас-қабағына қарап, отбасын-
да ынтымақ-бірлік құруға шақырады. Міне, осындай ынтымақ-
бірліктің ұйытқысы болып отырған әйел мұсылман үмбетінің ең 
қайырлы әйелі деуге болады.


7
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Хазіреті Пайғамбарымыздың осы тақырыпқа қатысты басқа 
бір хадис шәріпінде: «Бойжеткен қыздың мәһірі мен құрсағының 
жеңіл болуы оның берекелі әйел екендігіне ишарат етеді» - деген. 
Яғни, мәһірі аз және үйленгеннен кейін тез құрсақ көтеріп, көп 
бала табатын әйел берекелі әйел екендігін дәлелдейді. Бұл ха-
дисті Пайғамбарымыздан Айша анамыз риуаят еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет