Өзіңмен бірге өзгелерді де өсір. Әлемдегі нөмірі бірін-
ші нетворкер Кейт Феррацци «Никогда не ешьте в одиноч-
ку и другие правила нетворкинга» (Never Eat Alone: And
Other Secrets to success, One Relationship at a Time) кіта-
бында былай дейді: «Мен адамдарға өзін дамыту бойынша
кеңес бергенді жақсы көрем. Бұл менің хоббиім. Жүзде-
____________
68
Хю Хадсон – британдық кинорежиссер.
204
ген қыз-жігітке білгенімді айттым, бір ғана қоңыраумен
оның жұмысқа тұруына, не стажировкаға қабылдануына
ықпал ете аламын. Маған ешқандай рақмет те, ақша да ке-
рек емес, кейін олардың жеңіске жеткенін есту маған зор
қуаныш сыйлайды». Және ол жеңістің негізгі өзегі деп
мәрттікті айтады. «Бөлісуге дайын адамдар ғана ұлы жеңі-
стерге жетеді», - дейді. Мен осымен келісемін. Неғұрлым
көп адамға көмектескен сайын, өзің де соғұрлым көп адам-
ның көмегін сезнесің.
Мысалы, мен «Rumi»-дің қызметкерлеріне отбасым си-
яқты қараймын. Компания өсуі үшін менің жеке басым
емес,бүкіл қызметкерлер өсіп отыруы маңызды.Сондықтан, өзім
ғана қыдырмаймын, өзгелерге де саяхаттауға мүмкіндік жа-
саймын. Мәселен, осыған дейін «Rumi Group» командасы
Әзербайжан, Грузия, Түркияға барып, жаңа идеялармен
сусындады. Өзім көргенді олар көрсе, өзім оқығанды олар
оқыса, сонда ғана алға қойған мақсатты түсінеді. «Уикенд
с Rumi Group» деген жобамен бірнеше қызметкерлерімізді
шетелге жіберіп жатырмыз. Олардың арасында басқарушы
қызметкерлер ғана емес, аспаздар, ет мамандары, даяшылар
да бар. Сондай мүмкіндіктерді ылғи іздестіріп жүремін. Өй-
ткені «мен» дегеннен гөрі «біз» деп ойлайтын байлық мен-
талитеті табысқа тезірек жеткізеді.
Репутация. Бауыржан Момышұлын
69
алып қара. Көз
алдыңа шыншыл, әділ, кесіп айтатын, кесек сөйлейтін
нағыз батырдың образы келеді. Бұл – оның соғыста көр-
сеткен ерлігі ғана емес, соғысқа дейін де, соғыстан кей-
ін де, күнделікті өмірде жинаған абыройының көрінісі.
«Қасықтап жинаған абыройды шелектеп төгу оңай» де-
ген тұрақты тіркес бар. Абыройды жинау қиын, жоғалту
оңай, ұстап тұру маңызды.
Авраам Линкольннің екінші аты – «Шыншыл Эйб».
Өйткені өмір бойы шындықтың сойылын соғып өткен.
«Шыншыл» деген атқа кір келтірмеген. Жастау кезінде,
дүкенде сатушы болғанда, «сдачасын» ұмытып кеткен
____________
69
Бауыржан Момышұлы – әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, Кеңес Одағының
Батыры (1990, жазушы. Қазақстанның халық қаһарманы (1995).
әйелдің артынан екі квартал жүгіріп барып, ақшасын
қайтарыпты. Содан бастап ылғи да өзінің шыншыл адам
екенін дәлелдеп келген. Ешкім оған күмән келтірмейтін
болған. Нәтижесінде оны еркінен тыс болмаса да, сыр-
тынан президенттікке ұсынды.
Егер адамдар саған сенбесе, олар сенімен бірге жұмыс
істеуден бас тартады. Жобаңа ақша бөлмейді. Серіктес бол-
майды. Сондықтан қай салада да өзіңе деген адамдардың
сенімінсіз, жеңіске жетем деп ойлама. Репутация – сенің ба
-
рың. Әсіресе бизнесте. Кәсіпкерлік деген – ойы мен қыры
көпсала. Бір сәтте бүкіл әлем уысыңда сияқты сезінуің
мүмкін, келесі сәтте оның бәрінен айырылып қалуың мүм-
кін. Сондай басына күн түскен жағдайда ер-азаматты құтқа-
ратын – оның репутациясы.
Егер сен жеңіске жетем деп шешсең, тура сол сәтте
жақсы адам болам деп шешім қабылда.
Мен бұл жерде мораль окығалы отырған жоқпын, тек
жақсы адам болудың жеңіс үшін қаншалықты маңыз-
дылығын ескерткім келеді.
«Жақсы адам» дегеннің өзі тұманды категория. Әркім
оны әр түрлі критерийлермен анықтайды. Және әркім
оны әр түрлі ракурстан бағалайды. Бір ситуациядағы әре-
кетiң біреулер үшін «жақсы», біреулер үшін «жаман» бо-
лады. Келісіп алайық, сенің бәріне ұнауың мүмкін емес.
Бәріне ұнауың мақсатта емес. Сенің мақсатың – алдымен
өзіңе ұнау. Өзіңнің ұстанымдарыңа адал болу. Содан
кейін өзгелердің үдесінен шығу. Стивен Кови: «Адам-
ды арман жетелеу керек, бірақ ол принциптерге сүйенуі
керек», – дейді. Принциптері бар адам қандай? Кедейлік
оның абыройын таптамайды, ал байлық тәкәппарлығын
оятпайды.
Принцип – адамның өзін бағалауының шкаласы.
Принциптерден аттаған кезде өзіңе ұнамайсың, принцип-
терге сәйкес кезінде өзіңмен келісімдесің.
Иә, біреудің жолын кесіп, аттап, таптап, алаяқтық жа-
сап байып кетуге болады. Бірақ байлық жеңіс пе? А.Ба-
206
лабановтың
70
культке айналған «Бауыр» деген фильмінде
(«Брат», 1996) Данила сұрайтын еді: «Күш неде? Мысалы,
менің ағам айтады, ақшада дейді. Ал, ақшам бар дейік. Ал не
болды? Мен ойлаймын: күш – шындықта. Шындық кімнің
жағында – сол күшті. Сен біреуді алдадың, ақша жасадың,
содан күшті болып кеттің бе? Жоқ, болған жоқсың. Өйткені
әділет сен жақта емес. Әділет алданған адам жағында. Де-
мек, ол күштірек. Солай емес пе?».
Гай Кавасаки «Стартап по Кавасаки. Проверенные ме-
тоды начала любого дела» атты кітабында былай дейді:
«Өнегелі адам болу деген – өте құнды қасиет. Оның арқа-
сында адамдар сізді әдепті, шыншыл деп санайтын бо-
лады және сізбен тілдескісі келеді. Оған қоса бұл – құр-
меттің ең жоғарғы формасы мен мансаптың шыңы. Мен
сіздің көп ақша тауып, үлкен мекеме құрудан әрірек барға-
ныңызды қалар едім». Және өнегелі адамның ең бірінші
қасиеті деп жақсылықты қайтара алмайтын адамдарға
жасауды айтады. Одан әрі марапат күтпей жақсылық
жасауды айтады. Шынында да жақсылық үшін марапат
кейде өзіңнің көтеріңкі көңіл күй мен жақсылық жасадым
деген сенімің ғана болуы мүмкін. Соның өзі жеткіліктіден
де көп. Адам әлеуметтік жаратылыс және көбінесе оның
тамақ ішуге, ұйықтауға деген қажеттілігі сияқты, жақ-
сылық жасауға да қажеттілігі болады. Өзіңді кем бағалама.
Жақсылықты риясыз жаса.
Достарыңызбен бөлісу: |