Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жӨніндегі нұсқаулықты бекіту туралы


-тарау. Объектілерді арнайы техникалық құралдармен жабдықтауға қойылатын техникалық талаптар



бет2/2
Дата12.07.2016
өлшемі353.84 Kb.
#195469
1   2

7-тарау. Объектілерді арнайы техникалық құралдармен жабдықтауға қойылатын техникалық талаптар

      36. Объектілердің үй-жайларын арнайы техникалық күзет құралдарымен жабдықтау кезінде мынадай талаптарды басшылыққа алған дұрыс:


      1) оларда құндылықтардың бар-жоғына қарамастан, үй-жайлардың сыртқы қабырғаларына жанасатын күзетілетін үй-жайлардың бірінші қабатындағы барлық үй-жайлар міндетті түрде қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады. Екінші және келесі қабаттардағы қызметтік үй-жайлар оларда материалдық құндылықтардың болуын және оларға кіру мүмкіндіктерін негізге ала отырып, периметрі бойымен қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады. Көрсетілген үй-жайлардағы терезе ойындыларын нығайтуды және оларды қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтауды Объектінің техникалық нығайтылуын тексеру барысында құрамында мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшесінің, Күзет субъектісінің, күзетілетін Объектінің өкілдері бар комиссия айқындайды;
      2) қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі жүйелері бөлек схемалар бойынша құрастырылады: күзет, өрт және дабыл;
      3) дабыл сигнализациясының педальдары, кнопкалары және басқа да құрылғылары міндетті түрде мына үй-жайларда:
      қоймада;
      кешкі кассаның қоймасында;
      қойма алдындағы бөлмеде;
      депозиттік құндылықтар қоймасында (депозитарийлерде);
      операциялық кассалар кассирлерінің, қайта санау кассаларының, шығыс, кіріс, айырбастау кассалары кассирлерінің жұмыс орындарында;
      басшының кабинетінде;
      бас бухгалтердің кабинетінде;
      кезекші инкассатордың жұмыс орнында;
      қару сақтайтын бөлмеде;
      кіру (шығу) есіктерінің алдында;
      солар арқылы қолма-қол ақша және құндылықтар тасымалданатын дәліздерде;
      әрбір күзет постында орнатылады;
      4) дабыл сигнализацияларының педальдары, кнопкалары және басқа да құрылғылары келушілерден жасырын орындарда орналастырылуы тиіс және сонымен бірге дабыл сигналын беретін адамның дабыл сигнализациясы құралын тез әрі қауіпсіз басуына жағдай жасауы тиіс. Жұмыс орындарында дабыл сигнализациялары орналастырылатын адамдарға міндетті түрде дабыл сигнализациясы құралдарын (педальдарды, кнопкаларды және басқа да құрылғыларды) пайдалану тәртібі және қандай жағдайларда пайдаланатыны туралы мұқият нұсқау берілуі тиіс;
      5) сигнал беру тәсіліне қарамастан дабыл сигналы орталықтандырылған бақылау пунктіне міндетті түрде шығарылады, ал техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда - ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне шығарылады;
      6) қойманың, қойма алдындағы бөлменің, қару-жарақ бөлмесінің барлық шептері орталықтандырылған бақылау пунктіне міндетті түрде тәулік бойына қосылуға тиіс;
      7) ақша қоймалары, депозитарий кемінде үш тәуелсіз қорғау (күзет) шебімен жабдықталады;
      қойманың көлемі және ауданы (ультрадыбыстық және радиотолқындық датчиктер);
      сөрелер, сейфтер (ыдыс датчиктері), қабырғалар (діріл датчиктер);
      кіру ойындысы, сөрелерге және сейфтерге баратын жол (электрондық-сәуле датчиктері).
      Көрсетілген үй-жайлардың архитектуралық ерекшеліктеріне және оларда құндылықтардың болуына байланысты олар үштен артық тәуелсіз қорғау (күзет) шебімен жабдықталады.
      Әрбір күзет шебінде хабарлаушы ретінде қолданылу принципі бойынша әр түрлі күзет сигнализациясының датчиктері пайдаланылады.
      8) қойма алдындағы бөлме бір күзет шебімен жабдықталған болуға тиіс:
      бірінші шеп - үй-жайдың көлемі;
      Қойма алдындағы бөлмені екінші күзет шебімен жабдықтау ұсынылады - қойма алдындағы бөлме "ашуға" және "бұзуға" жабдықталады.
      9) кешкі кассаның қоймасы, қару-жарақ сақтау бөлмелері, басшылардың кабинеттері, құпия құжаттар бар бөлме кемінде екі күзет шебімен жабдықталуға тиіс:
      бірінші шеп - үй-жайдың алаңы, көлемі (ультрадыбыстық немесе радиотолқынды);
      екінші шеп - сейфтер және есіктер (сыйымдылық немесе электрондық-сәулелік);
      10) басқа үй-жайлардағы күзет шептерінің саны комиссиялық зерттеу барысында айқындалады;
      11) операциялық кассалар дабыл сигнализациясы құралдарымен: фиксациясы бар кнопкамен немесе педальмен жабдықталады. Дабыл сигналын беру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында операциялық кассаларда сонымен бір мезгілде кнопка және педаль орнату ұсынылады;
      12) нығыздау аппаратурасын және қабылдау-бақылау аспаптарын қоса алғанда, күзет сигнализациясы датчиктері күзетілетін үй-жайларда орнатылады. Техникалық күзет құралдарын орталықтандырылған бақылау пунктіне өткізу үшін қабылдау-бақылау аспаптарының желілік ажыратқыштары күзетке тапсырылатын үй-жайларға ғана орнатылады;
      13) қабылдау-бақылау аспаптарының (бақылау панельдерінің, пульттерінің) жарықтық және дыбыстық хабарлаушылары күзетілетін үй-жайдың сыртына, Күзет субъектісінің шолуына қол жететіндей орындарға шығарылуға тиіс;
      14) күзет шептерінің датчиктері шығарылған қабылдау-бақылау аспаптарының пульті клеммаларын қасақана "қысқартуды" болдырмау үшін
қабылдау-бақылау аспаптарын күзетілетін үй-жайлардан тыс жерлерге
орналастыруға үзілді-кесілді тыйым салынады. Қауіпсіздік жүйелеріне қызмет көрсететін арнайы ұйымның өкілдері барлық қабылдау-бақылау аспаптарын және арнайы техникалық күзет құралдарының тарату қораптарын пломбалайды немесе мөрлеп бекітеді;
      15) қауіпсіздік жүйелері міндетті түрде резервтік (автономды) электр қуаты көздерімен қамтамасыз етілуге тиіс;
      16) касса торабының үй-жайларын авариялық жарақтандыру резервтік қуат көздерінен немесе автономды қуат көздерінен (аккумуляторлар, дизель-генераторлар және басқалары) жүзеге асырылуға тиіс;
      17) ең жоғары қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету үшін Объектіде бейнебақылау жүйелері орнатылады;
      18) қажет болған жағдайларда күзет сигнализациялары және бейне бақылау жүйелері кіруді бақылау жүйелерімен біріктірілуі мүмкін;
      19) Объектіде Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін ІІМ рұқсат еткен арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға рұқсат етілді. Күзет сигнализациясының қандай да болмасын басқа аппаратурасын қолдануға ІІМ мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшенің келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі;
      20) ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөлімдері, орталықтандырылған бақылау пункттері бар елді мекендерде және күзетілетін үйде олардың әрқайсысында нығыздау аппаратураларын пайдалана отырып кемінде бес дербес телефон желісі болған жағдайда орталықтандырылған бақылау пунктіне касса торабы үй-жайының барлық күзет шептері, бақылау панелінің пультік шығысы, дабыл сингализациясы құралдары, кіру есігінің сигнализациясы осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес схема бойынша қосылады;
      21) телефон желілерінің саны аз болған кезде орталықтандырылған бақылау пунктіне немесе ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне бірінші кезекте қойманы, қойма алдындағы бөлмені, барлық кіру есіктерін, содан кейін қалған үй-жайларды күзету шептері қосылады.
      Орталықтандырылған бақылау пункті болмаған жағдайда ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес схема бойынша арнайы техникалық күзет құралдары шығарылады;
      22) орталықтандырылған бақылау пунктіне немесе ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне күзет және дабыл сигнализациясының кенет іске қосылғаны туралы сигналдарды беру үшін радио хабарлау құрылғыларын пайдалануға рұқсат етіледі;
      23) елді мекендерде ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөлімшелері болмаған жағдайда күзетілетін үй-жайлардан күзет, дабыл және өрт сигнализацияларының шлейфтері Объектінің күзет постына орнатылған қабылдау-бақылау аспаптарына, бақылау панеліне (пультке) шығарылады. Объектіден тәулік бойы кезекшілік жасайтын ұйымдарға (өрт бөлімшелері, әскери бөлімшелер, байланыс кәсіпорындары, Объект басшысының, учаскелік инспектордың пәтеріне) дабыл сигналдарын бұдан әрі беру мүмкіндігін көздеу ұсынылады. Бұл ретте Күзет субъектісінің, Объекті басшысының және лауазымды тұлғаларының "Дабыл" сигналы бойынша тәулік бойы кезекшілік жүргізілетін ұйымдардың өзара іс-қимылдары айқын
анықталған болуы тиіс.

      37. Қолма-қол ақша қалдығын арнайы жабдықталған сейф бөлмесіндегі сейфтерде сақтауға рұқсат етіледі. Сейф бөлмесі құндылықтар қоймасы сияқты қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады. Сейф бөлмелерінің алаңы онда орналастырылатын сейфтердің санын және жүргізілетін кассалық операциялардың қолайлылығын негізге ала отырып таңдалады. Сейф бөлмесінде басқа ұйымдармен ортақ қабырға болмауға тиіс. Үйдің немесе үй-жайдың сыртқы қабырғаларын сейф бөлмесінің қабырғасы ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді. Сейф бөлмесінің қабырғалары өте мықты, беріктігі жағынан қалыңдығы 380 мм. кірпіш немесе қалыңдығы 200 мм. кем болмайтын темірбетон қабырғалармен бара-бар болуға тиіс. Сейф бөлмесінің қабырғалары, төбесі және едені ішінен периметрін бойлай диаметрі 16 мм. кем емес болат шыбықтардан жасалған, 150x150 мм. ұяшықтар жасай отырып, әрбір қиылыста дәнекерленетін металл торлармен нығайтылады. Сейф бөлмесіне кіретін есік екі құлпы бар және металдан жасалған болуы және беріктігі жағынан сейф бөлмесінің қабырғаларына бара-бар болуға тиіс.

      38. Клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау үшін банктің касса торабының үй-жайынан тыс депозиттік құндылықтар қоймасы - депозитарий орнатылады. Депозитарийдің үй-жайы қоймаға арналған талаптарға сәйкес жабдықталады. Депозитарий сейфтермен, металл шкафтармен, сөрелермен және сейф ұяшықтарының арнайы блоктарымен жабдықталуға тиіс. Депозитарийдің үй-жайында немесе оған тікелей жанасатын үй-жайда клиенттер үшін құжаттармен және құндылықтармен жұмыс істеуге арналып оқшауланған кабиналар (кабина) жабдықталуға тиіс.

8-тарау. Объектілерді жабдықтауға және айырбастау
пункттерін жайластыруға қойылатын техникалық талаптар

      39. Банктің үй-жайында орналастырылған валюта айырбастау пунктінде қарулы күзет постысын орнату қажеттілігін Объектінің басшысы айқындайды.

      40. Күзет постындағы және кассирлердің жұмыс орындарындағы дабыл сигнализациясы құралдары орталықтандырылған бақылау пунктіне немесе ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне қосылуы тиіс.

      41. Айырбастау пунктінің үй-жайы күзет және өрт сигнализациясы құралдарымен жабдықталады. Кассирдің жұмыс орны дабыл сигнализациясы құралдарымен жабдықталады. Дабыл сигнализациясы құралдарын орталықтандырылған бақылау пункттеріне қосу мүмкіндігі болмаған жағдайда үй-жайды Күзет субъектілерінің қарулы посты күзетуі мүмкін.

      42. Банктің, Ұлттық почта операторының бөлімшесінде, сауда ұйымында, қонақ үйлерде, әуежайда және өзге де үй-жайларда орналастырылған айырбастау пункттерінің үй-жайлары клиенттерден оқшауланған болуға тиіс. Үй-жай операциялық кассаларға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталады.

      43. Бөлек орналасқан ғимаратта, әкімшілік үйлерде немесе тұрғын үйге жеке кіру есігі бар үй-жайда орналасқан айырбастау пунктін жайластыру осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.


      Айырбастау пунктінің үй-жайын техникалық нығайту осы Нұсқаулықтың 23-тармағының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      Айырбастау пунктінің касса кабинасы осы Нұсқаулықтың 31-тармағының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      Айырбастау пунктінің үй-жайына кіретін есік металдан жасалуы тиіс. Терезе ойындылары болған жағдайда олар металл торлармен қорғалған болуға тиіс. Брондалған әйнек немесе қорғаныш пленкаларды қолдануға жол беріледі. Торлар диаметрі 16 мм. кем емес, 150x150 мм. ұяшықтар жасай отырып, болат шыбықтардан дайындалады. Шыбықтар қиылысқан жерлерінде дәнекерленуге тиіс. Торлар металл конструкцияларға дәнекерлеп бекітілуге немесе 75x75x6 мм. металл бұрыштықтармен қоршалып, 80 мм. тереңдікте қабырғаға орнатылып, периметрін бойлай диаметрі 12 мм. кем емес және ұзындығы 120 мм. болат анкерлерге немесе 100x50x6 мм. болат жолақтардан жасалған қосарлана салатын тетіктерге дәнекерленеді. Анкерлердің ең аз саны әрбір жағында екеуден аз болмауға тиіс.
      Мықтылығы жағынан және оларды тесіп өтуі мүмкіндігі бойынша жоғарыда көрсетілген торлардан кем болмауға тиісті декоративтік торлар, қорғаныш жалюзилер қолдануға жол беріледі.

                                  Екінші деңгейдегі банктердің, банк


                                 операцияларының жекелеген түрлерін
                              жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын
                                күзету мен жайластыруды ұйымдастыру
                                         жөніндегі нұсқаулыққа
                                               1-қосымша

Бекітемін                                 Бекітемін


Мемлекеттік күзет қызметінің              Объектінің басшысы
аумақтық бөлімшесінің                     __________________________
бастығы
____________________________
_____ жылғы "__" _________                _____ жылғы "__" _________
Мөр орны                                  Мөр орны

Бекітемін


Күзет субъектісінің басшысы
______ жылғы "__" _______
Мөр орны

Күзетке қабылданған ____________________________


                      (Объектінің атауы)

                               Тексеру актісі


______ жылғы "__" ______     ____________________
                            (елді мекеннің атауы)
Мынадай құрамдағы Комиссия: ________________________________________
___________________________________________________________________
                      (толық мекен-жайы)
________________ мекен-жайында орналасқан Объектіні тексерді
      Тексерумен мыналар анықталды:
      1. Үй-жайдың жалпы сипаттамасы және техникалық жай-күйі.
      1.1.Объект ___________________________________________________
                           (үй-жайды сипаттау)
орналасқан.
      1.2. Касса торабының, қоймалардың, қару сақталатын бөлмелердің
қабат бойынша орналасуы, олардың саны _____________________________.
      1.3. Объект үйіне жапсарлас немесе жақын орналасқан басқа
ғимараттардың немесе тұрғын үй қорының болуы ______________________.
      1.4. Нығайтылған есіктердің, терезе ойындыларының, люктердің,
желдеткіш шахталардың және басқа осал жерлердің болуы және саны
__________________________________________________________________.
      1.5. Үй-жайлардың техникалық нығайту талаптарына сәйкес келуі
__________________________________________________________________.
      1.6. Объектіде қарулы күзеттің болуы _______________________.
      1.7. Қызмет атқаруға арналған қызмет үй-жайының (қауіпсіздік
қызметінің, күзеттің бөлмелері) болуы _____________________________.
      1.8. Күзет үй-жайының сипаттамасы ___________________________.

      2. Байланыс құралдары (телефон, радио, факс және т.с).


      2.1. Ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерімен тікелей
телефон желілерінің (радиоарналардың) болуы және саны _____________.
      2.2. Қалалық және жергілікті телефон нөмірлерінің саны
__________________________________________________________________.

      3. Арнайы техникалық күзет құралдары.


      3.1. Арнайы техникалық күзет құралдардың болуы және олардың
жұмысқа жарамдылығы _______________________________________________.
      3.2. Арнайы техникалық күзет құралдарының резервтік
(авариялық) қуаты көзінің болуы ___________________________________.
      4. Үйдің электротехникалық сипаттамасы.
      4.1. Жылыту түрі ____________________________________________.
                             (орталық, автономды)
      4.2. Электр қуат көзін ажыратуға арналған жалпы ажыратқыш және
оны орналастырған жер ____________________________________________.
      4.3. Электр сымының жай-күйі ________________________________.
                            (ҚНжЕ және ПУЭ талаптарына сәйкес келуі)
      4.4. Үйде резервтік (авариялық) қуаты көзінің болуы және оны
қосу жүйесі ________________________________________________________
                     (автоматты, қолмен қосылатын)
      5. Үйдің өрт-техникалық сипаттамасы.
      5.1. Автоматты түрде өрт сөндіру жүйесінің, сигнализациясының
болуы және оның жұмысқа жарамдылығы _______________________________.
                                     (газбен, көбікпен және т.с.)
      5.2. Өрт сөндіру құралдарының болуы _________________________.
      5.3. Жақын маңайдағы өрт сөндіруге арналған су қоймасының
болуы және ол орналастырылған жер _________________________________.
      6. Объектіден ішкі істер органдарының кезекші бөліміне
дейінгі қашықтығы ____ километр, жақын жердегі өрт сөндіру
бөлімшесінен ____ километр.
      7. Күзет постыларының саны __________________________________.
      8. Күзет постыларын белгілеу шешілгенге дейін мынадай
іс-шараларды жүргізу қажет:
      1) Техникалық нығайту бойынша _______________________________;
      2) Арнайы техникалық күзет және өрт қауіпсіздігі құралдарымен
жабдықтау бойынша _________________________________________________;
      3) Орындау мерзімдері _______________________________________;
      4) Жауапты орындаушы _____________.
      Комиссия мүшелерінің қолдары: __________________
                                    __________________
      Ескерту:
      1. Актіге міндетті түрде күзет, өрт және дабыл
сигнализациясының қабат бойынша схемасы, электрмен қуаттандыру және
орнатылған иженерлік-техникалық күзет құралдарын жерге жалғастыру
схемасы қоса берілу керек.
      2. Акт 3 дана жасалады:
      мемлекеттік Күзет қызметінің аумақтық бөлімшесінің басшысына;
      күзет субъектісінің басшысына;
      Объектінің басшысына.

                                  Екінші деңгейдегі банктердің, банк


                                 операцияларының жекелеген түрлерін
                              жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын
                                күзету мен жайластыруды ұйымдастыру
                                         жөніндегі нұсқаулыққа
                                               2-қосымша

Бекітемін                                 Бекітемін


Мемлекеттік күзет қызметінің              Объектінің басшысы
аумақтық бөлімшесінің                     __________________________
бастығы
____________________________
_____ жылғы "__" _________                _____ жылғы "__" _________
Мөр орны                                  Мөр орны

Арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға қабылдау


АКТІСІ

____ жылғы "__" _____           _________________________


                                      (елді мекен)

      Мынадай құрамдағы Комиссия:


      1. Төрағасы ___________________________________
      2. Күзет субъектісінің өкілі ____________________
      3. Мамандандырылған ұйымның өкілі _______________
      4. Құрастыру ұйымның өкілі ______________________
      5. Объектінің өкілі _____________________________
      комиссияның басқа мүшелері ______________________
      орнатылған арнайы техникалық күзет құралдарын техникалық
қабылдауды жүргізді.
      Күзет және дабыл сигнализациясы құралдарының барлық режимдегі
жұмысын тексеру және сынау кезінде мыналар белгіленді:
      1. Барлық құрастыру жұмыстары Тапсырыс берушінің жобасына
(___ жылғы "__" _____ N ___ тексеру актісіне) сәйкес орындалды.
      2. Объектіде мынадай арнайы техникалық күзет құралдар
орнатылған: _________________________________________.
      Сигнализация құралдарын сынау кезінде орнатылған сигнализация
барлық берілген режимде қалыпты жұмыс істейтіні белгіленді
(сигнализацияның жұмысы, құрастыру және ретке келтіру сапасы, сынау
нәтижесі және т.с. бойынша ескертулерді осы актіде көрсету қажет).
      Комиссия қаулы етеді:
      Орнатылған арнайы техникалық күзет құралдары пайдалануға толық
даяр деп саналсын және ___ жылғы "__" ___ бастап пайдалануға берілсін.
      Осы акт ___ дана етіп жасалды.
      Комиссия мүшелерінің қолдары: __________
      Арнайы техникалық күзет құралдарын
     _________________________ жылғы "__" ____ пайдалануға тапсырды
  (құрастыру ұйымының өкілі, қолы, мөрі)
 
      Арнайы техникалық күзет құралдарын
      ________________________ жылғы "__" ___ пайдалануға қабылдады
   (мамандандырылған ұйымның өкілі)

                                Екінші деңгейдегі банктердің, банк


                                 операцияларының жекелеген түрлерін
                              жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын
                                күзету мен жайластыруды ұйымдастыру
                                         жөніндегі нұсқаулыққа
                                               3-қосымша

Елді мекенде ОБП болмаған кезде банктерді
жабдықтаудың құрылымдық схемасы

(Қағаз мәтініне қараңыз)

                                Екінші деңгейдегі банктердің, банк


                                 операцияларының жекелеген түрлерін
                              жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын
                                күзету мен жайластыруды ұйымдастыру
                                         жөніндегі нұсқаулыққа
                                               4-қосымша

Күзетілетін үйде кемінде 5 телефон желісі болған кезде
банктерді өрттен күзету және дабыл сигнализациясы
құралдарымен жабдықтаудың құрылымдық схемасы

(Қағаз мәтініне қараңыз)

                                Екінші деңгейдегі банктердің, банк


                                 операцияларының жекелеген түрлерін
                              жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын
                                күзету мен жайластыруды ұйымдастыру
                                         жөніндегі нұсқаулыққа
                                               5-қосымша

Валюта айырбастау пунктінің үлгі схемасы

(Қағаз мәтініне қараңыз)      

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет