«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК



Pdf көрінісі
бет36/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52
Арал теңізі- Қазақстаннаң інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық 
апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км2, тереңдігі – 30-60 жағасы қоға мен 
қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз 
жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. 
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы 
игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, 
Түркменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария 
бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. 
Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-
1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі 
себептері- антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет 
ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқынды дамыды. ( Шардара ).
Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа салалары барынша дамыды. 
Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, 
Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге 
қысқарды. Нәтижесінде Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су 
айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін 
артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен 
химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке 
жетті.Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге дейін өскен. Осындай 
антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап 
қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. Тонна 
тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп 
болған факторларға: 

Жергілікті жердің табиғи-тарихи ерекшеліктерін ескермеу; 


49 

Ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; 

Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды 
үнемді пайдаланбау; 

Табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны 
меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуіболып табылады. 
Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының 
экологиялық дағдарысқа әкеледі. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан 
істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды. 
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық шарттар нышаны 
жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып 
бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық 
өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда қайта қолға алынды. Ондағы 
тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген 
тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды 
шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, 
ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі 
шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте – бірте күрделі әрі қайтымсыз 
антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. 
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-
дәстүрлеріне, экономикалық –әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. 
Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа 
аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. 
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл 
өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, 
өкпе тныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа 
өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. 
Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. 
Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес 
көптеген тыныс-тіршілігіне көптеген өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар 
антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 
10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір 
таластар туғызады.Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар 
ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен 
Орта Азия республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония және т.б мемлекеттер. 
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар 
бар. Олар: 

Сібір өзендерін Қазақстанға бұру; 

Амудария мен Сырдарияның өзендерінің суын реттеу арқылы суды 
молайту; 

Арал теңізін жартылай сақтап қалу; 

Каспмй теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу; 

Жер асты суларын пайдалану; 

Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. 


50 
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны 
күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат 
қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. 
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде 
ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. « Арал тағдыры – адам тағдыры» 
болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болащшақ алдындағы борышы. 
Балқаш көлі- Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш- 
Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі-501мың км2, ұзындығы-605км, ені- 9-74 
км аралығында. Ал ең терең жері – 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы 
сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, 
Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды. 
Балқаш көлі шөл және шөлейт табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, 
оның климаты шұғыл континеттті болып келеді. Су айдының булануы өте 
жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады. 
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты 
жағдай өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау 
себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей 
суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, 
Сарқанд және Басқан өзендері құйып, оның табиғи су деңгейін сақатп отырған. 
Аталған 
антропогендік 
жағдайлар 
Балқаш 
көлінің 
жағдайын 
шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан ары нашарлауына Іле өзені 
бойына салынған Қапшағай су қоймасы да әсер етті. 1970 жылы Қапшағай су 
қоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған 
қосымшы Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Барторғай бөгетімен 
бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы 
Каналы ( БАК ) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге 
құйуын тоқтатты. 
Іле – Балқаш алабының ауылшаруашылығында барынша пайдаланумен 
1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25-ға азаяды. 
Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, 
Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының 
табиғи жүйесіндегі қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды. 
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл 
жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. 
Іле- Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық 
аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу ( Қапшағай су қоймасы 
) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс 
алқаптарында пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды 
тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда. 
Іле- Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, 
аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 
млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық 
жойылған. 


51 
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де 
азайып кеткен. « Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар 
қазір өте сирек кездеседі. 
Іле- Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи- табиғи ескерткіштерге бай 
өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы 
тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты 
табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорық 
қорлары бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам адам тұралы. Ең ірі 
қалалары- Алматы, Талдықорған, Жаркент. 
Бұл өңірдегі ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс 
комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен орныдарын байыту кешендері, Сарышаған 
полигоны және текелі қорғасын-мырыш комбинатттары осы аймақта тұратын 
тұрғындарғаөз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның 
бүгінгісі мен болашағы» аттты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. 
Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешеімдер 
қабылданды. Оның негізгілері: 

Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды 
реттеу; 

Қапшағай су қоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін 
тұрақтандыру; 

Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту; 

Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру; 

Суармалы жерлердің көлемін шектеу. 
Балқаш көлін құтқару - бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты 
су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды 
болмаған экологиялық анатттың ошағына айналдыру мүмкін. Сондықтан әрбір 
экожүйенікөздің қарашығындай сақтау мен қорғау - адамзат баласының 
парызы. 
Каспий теңізі- жер шарындағы бірден бір тұйық су айдыны. Оның көлемі-
380мың км 2. Каспий теңізі солтустіктен оңтүстікке дейін 1030км, батыстан 
шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің 
климаты континенталды, ал оңтүстік-батысты субтропикалық климатты 
құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. 
Каспий теңізі Еуропа мен Азия континенттерінің түйіскен жерінде 
орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен 
жануарларддың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен 
жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы 
организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі- 
бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре 
тұқымдастарының дүниежүзілік қорының 70 пайызы осы теңіздің үлесіне 
тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат 
ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлігімен ерекшеленеді. 
Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, 
зоопланктондардың 100-ден астамы түрі тіршілік етеді. 


52 
Каспий теңізі - кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі 
кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз 
жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 
млн-ға жетеді. 
Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа 
бөлеміз: 

Физикалық ластану – радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, 
жылу, шулар және тербелістер; 

Химиялық ластану- көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды 
сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, 
аэрозольдар; 

Биологиялық ластану- ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, 
құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер. 
Эстетикалық зиян- табиғаттың қайталанбас сұлу ландшавтарының 
бүлінуі, орман тоғайлардың жойылуы, т.б. 
Осындай апаттарды болдырмас үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ-
ның Рио-де Жанейродағы болған айналаны қоршаған орта жөніндегі 
конференциясы климаттың өзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 
150 ден астам ел қол қойды. 1999 жылдың наурызында БҰҰ-ның штаб 
квартирасында Қазақстаннның өкілеттті өкілі Ақамарал Арыстанбекова да 
рамкалық Конвенцияға қол қойды. 
1997 жылы 24 шілде де АҚШ президенті Клинтон атақты ғалымдарды 
жинап ( оның ішінде Нобель сыйлығының лауреаты бар ) « паркниктік 
эффекті» тудыратын газдарды азайтуға бағыттталған заңды қабылдап, 
глобальдық жылынуға қарсы күресетін ұлттық компанияны құрып, бұл 
мәселені радикалды түрде шешуге жұмылдырылд ы. 1997 жылы 29 шілдеде « 
Вашингтон папкасы» қабылданды. 
«Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік 
көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жан-күйіне 
барынша ықтимал қатер төндіреді. 
Қазақстан 1995жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгідік 
конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттмасына қол 
қойды. 
Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан 
қызған 
газдардың 
шығарындыларын 
қысқарту 
жөніндегі 
сандық 
міндетттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тараны болады. 
Қазақстанның Киото хаттамасының бекітудің мақсатқа лайықтығын 
айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын 
қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің Қ-ның экономикасына әсері 
туралы зерттеулер жүргізу қажет. 
Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту 
біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің 
экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі 
бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, 


53 
өндірістік энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, 
сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүддделерін қорғау үшін 
көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына 
квоталар жөніндегі перспективалары ашады. 
Киото хаттамасын біткенннен кейін нақты жобалар мен іс-шараларды 
іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың 
шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін 
болды. 
Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау 
мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғаттты 
қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық 
шаралар тиісті нәтиже бере алады. 
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір 
шара – табиғат байлықтарын тұтұнуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне- өзі шек 
қою. Халықтың экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық 
этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы 
қалыптастыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет