«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


Тақырып 3. Популяциялар экологиясы (демэкология)



Pdf көрінісі
бет9/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52
Тақырып 3. Популяциялар экологиясы (демэкология). 
3.1. Популяция туралы түсінік 
Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Демэкология, 
яғни популяциялық экологияның зерттеу объектісі популяция болып табылады. 


12 
Экологияда популяция дегеніміз бір-бірімен өзара қарым қатынаста болатын 
және үлкен аймақта бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. 
Популяция – бұл тарихи қалыптасқан және ареал жағдайына бейімделген 
бір түрдің даралар жиынтығы. С.С. Щварцтың берген анықтамсы бойынша: 
популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын 
тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түр 
ағзаларының элементарлық тобы. 
«Популяция» ұғымы латынша populus – халық деген мағынаны білдіреді. 
Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін 
сақтауға қабілеттілік тән. Яғни популяциялардың белгілі генетикалық және 
экологиялық сипаттамасы болады. 
Бір популяцияға жататын ағзалар бір-біріне, қоршаған ортаның 
факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. 
Популяцияда түраралык, қарым-қатынастың барлық формалары кездеседі. 
Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік (бір-біріне пайдалы) 
байланыстар қатты байқалады. 
Популяция – тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас
генофондары ортақ даралар жиынтығы. Популяция терминнің алғашқы рет 
1913 жылы В. Иогансен қолданған. Популяцияның негізгі қасиеті ұздіксіз 
өзгеруі, қозғалуы және динамикасы. 
Популяцияның динамикасы дегеніміз оның негізгі биологиялық 
көрсеткіштерінің уақытта өзгеруі.
Популяиялар георафиялық және экологиялық деп бөлінеді. 
Географиялық популяция – біртекті тіршілік жағдайы бар аймақты мекен 
ететін бір түр особьтарының жиынтығы. 
Популяцияның географиялық таралу аймағын ареал деп атайды. Ареал 
тұрақты болмайды: ол ығысуы, кеңейу немесе тарылуы мүмкін. 
Экологиялық популяция – екі особь бір-бірімен еркін шағылыса алатың 
жағдайы бар ареалды мекендейтін бір түр особьтарының жиынтығы.
Популяциялар арасындағы байланыстар оларды бүтін бір түр ретінде 
ұстап тұруға көмектеседі.
Әр популяцияның өз құрылымы болады: жастық, жыныстық, кеңістік 
және генетикалық. Сонымен қатар әр популяцияның өз саны және саннын 
өзгеру амплитудасы болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет