Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер


 Халықаралық сауданың негізгі теориялары. Мемлекеттің сыртқы



Pdf көрінісі
бет33/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Экон негіздері. Дәрістер

 
2. Халықаралық сауданың негізгі теориялары. Мемлекеттің сыртқы 
экономикалық қызметін реттеудің негізгі әдістері 
Халықаралық сауда (ХС) теориясын бірінші болып меркантелисттер 
тұжырымдады. Олар елдердің байлығы иелігіндегі алтын мен күміс 
көлемінен байланысты болады деп есептеген, соған қоса мемлекет 
тауарларды сыртқа шығарғаннан ғөрі көбірек енгізу керек; сыртқы 
сауданы экспортты азайтып, импортты көбейту үшін реттеуі керек; 
шикізаттың шығаруына тыйым салу немесе қатаң шектеуі және баж 
салығынсыз шикізат импортына рұқсат беру керек деген. 
Экономиканың классикалық мектебі сыртқы сауда мен елдердің ішкі 
экономикалық дамуы арасындағы тура байланысты көрсетті. ХС 
классикалық теориясының негізі XVIII ғ. аяғы XIXғ. басында әйгілі 


49 
ағылшын экономистері Адам Смит және Давид Рикардомен салынды. 
А.Смит өз «Елдер байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» 
еңбегінде (1776ж.) абсолютті артықшылық теориясын қалыптастырады, 
меркантелисттер еңбегін дамытып, елдердің халықаралық сауданың еркін 
дамуында мүдделі екендігін көрсетеді. 
Осы теорияға сәйкес ХС келесі жағдайда тиімді болады: егер елдер 
бір-біріне әріптес елге қарағанда аз шығынмен шығаратын тауарды 
сататын болса. 
Елдер 
өндірісінде 
абсолютті 
артықшылыққа 
ие 
тауарларды 
экспорттайды және өндірісіндегі артықшылық сауда әріптестерінде 
болатын тауарларды импорттайды. 
Д.Рикардо өз «Саяси экономика және салық салудың бастамасы» 
еңбегінде (1817ж.) абсолютті артықшылық принципі жалпы ереженің жеке 
жағдайы екендігін дәлелдеді де, салыстырмалы артықшылық 
теориясына негіз берді. 
Сыртқы сауданың даму бағыттарын талдау кезінде екі жағдайды ескеру 
қажет:
- біріншіден, экономикалық ресурстар - табиғи, еңбектік және т.б. елдер 
арасында тең бөлінбесе; 
- екіншіден, әртүрлі тауарлардың тиімді өндірісі технологиямен 
ресурстардың әр түрлі комбинациясын қажет етеді. 
Осы жағдайларға қоса, елдердің тауарлардың өндірісіндегі тиімділігі
уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, елдердің абсолютті 
және салыстырмалы артықшылығы мәңгілік сипатта болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет