Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер



Pdf көрінісі
бет37/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Экон негіздері. Дәрістер

Еуропалық валюта жүйесі – ұлттық валюталардың экономикалық 
интеграция шеңберінде қызмет етуімен байланысты экономикалық 
қатынастар жиынтығын көрсететін халықаралық (аймақтық) валюта 
жүйесі.
ЕВЖ алдына келесідей міндеттер қояды: 
- Евро одақ елдері ішінде сенімді валюталық тұрақтылықты орнату; 
- Тұрақты түрде даму стратегиясының негізгі элементі болу
- Халықаралық экономикалық және валюталық қатынастарға 
тұрақтандырушы фактор ретінде әсер ету. 
Валюталық нарық - ерекше нарық, онда валюталық мәмілелер 
жүргізіледі, демек, бір елдің валютасы басқа елдің валютасына белгілі бір 
номиналды валюталық курс бойынша айырбасталады.
Номиналды валюталық курс - екі валюталардың салыстырмалы 
бағасы, немесе басқа елдің валютасы мен берілген бір ел валютасы. 
«Валюта курсы» терминін пайдаланғанда, номиналды айырбас курсы 
туралы айтылады. Дүйсенбіден жұмаға дейін үздіксіз қызмет ететін 
әлемдік валюта нарығы коммуникация құралдары (телефон, компьютерлік 
жүйе және т.б.) арқылы ұлттық валюта нарықтарын біріктіреді.
Валюталық нарықтардың түрлері: 
- Спот - валютаны қолма-қол жабдықтау нарығы (2 жұмыс күні 
ішінде); 
- жедел (форвардты) валюталық нарық, оған: 
- форвардты келісімдер - егер валютаны белгілі бір уақыттан кейін 
сатып алу керек болса орын алады, биржадан тыс жерде жүзеге 
асырылады; 
-фьючерсті келісімдер – тек валюта биржасында жүзеге асады; 


53 
валюталық опциондар жатады - мәмілеге қатысушы жақтың біріне 
валютаның белгілі бір көлемін бекітілген баға бойынша белгілі бір 
уақыттан кейін сатуды немесе сатып алуды білдіреді. 
2. Елдің төлем балансы және оны реттеу проблемалары 
Төлем балансы – мемлекеттің әлемдік нарықтағы экономикалық іс-
әрекеттерінің көрінісі, айнасы. Төлем балансына елдің барлық қарым-
қатынасының экономикалық сандық мәні кіреді. Халықаралық валюта 
қорының анықтамасы бойынша төлем балансы құрамына мыналар кіреді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет