Электр желілер қағидалары


-параграф. Пайдаланушылардың энергия жүйесіне жалғануына арналған техникалық шарттарды беру тәртібі



бет4/9
Дата09.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
#124734
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1-параграф. Пайдаланушылардың энергия жүйесіне жалғануына арналған техникалық шарттарды беру тәртібі
100. Электр желісін пайдаланушылар электр желілеріне кіру мәселелері бойынша осы тарауда баяндалған рәсімдерді басшылыққа алады.

Электр желісіне пайдаланушылардың жалғануына арналған техникалық шарттарды электр желілік компания немесе энергия өндіруші ұйым (ЭӨҰ) мынадай жағдайларда береді:



  1. электр желісіне жаңа пайдаланушылардың жалғануы;

  2. желі пайдаланушылары қуатының өзгеруі|;

  3. сыртқы электрмен жабдықтау көздерінің өзгеруі/желі пайдаланушыларының қуатын беру;

  4. электрмен жабдықтаудың сенімділігі бойынша пайдаланушылардың санатын өзгерту;

  5. объекті иесінің өзгеруі.

Желіні пайдаланушы ТШ-ны алу үшін электр желілік компанияға немесе ЭӨҰ-ға жазбаша өтінімді (өтінімнің нысаны осы Ереженің 6-қосымшасында келтірілген) беруі тиіс. Қажет болған жағдайда электр желілік компания немесе ЭӨҰ ТШ-ны беру мәселесін қарау үшін қосымша ақпаратты сұратуы мүмкін.

5 МВт  және одан жоғары субъектілерді электр желісіне жалғауға арналған ТШ қызметтің осы түріне лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымдары әзірлеген «Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасының», «Электр станциялардың қуатын беру схемасының» (міндетті көлемі мен мазмұны осы Ереженің 4-қосымшасында келтірілді)» негізінде беріледі.

Электр станцияларды салуға арналған техникалық-экономикалық негіздеме «Электр қуатын беру схемасы» бөліміне кіруі тиіс. Бұл бөлім электр энергиясын жеткізудің алуан нұсқаларын беруді қарастыруы және электр желілсіне жалғана алатын электр станциясының электр жеткізу желісінің саны мен кернеу деңгейін анықтауы тиіс.

«Электр станцияларының қуатын беру схемасы» міндетті тәртіппен ЖО-мен келісіледі және оны уәкілетті орган бекітеді:

101. ТШ-да мыналар көрсетіледі:

1) Жалғанатын объектінің атауы мен орналасқан орны;

2) Объектінің жария етілген қуаты;

3) Объектінің электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша санаты;

4) Объектіні жалғау нүктесі;

5) Электр желісіне пайдаланушының кіруіне арналған қажетті талаптары, соның ішінде пайдаланушының жалғануына байланысты қолданыстағы желіні күшейту жөніндегі негізделген талаптар (электр жеткізу сымының қималарын ұлғайту, қосалқы станциялардың трансформаторлық қуатын ұлғайту, қосымша ұяшықтарды орната отырып, қосалқы станцияларды қайта құру және т.б.).

6) Ұйымның талаптары:

- релелік қорғау және автоматика,

- аварияға қарсы автоматика,

- диспетчерлік және технологиялық басқару,

- электр энергиясын есепке алу,

- реактивті қуатты қарымталау.

7) ТШ қолданыс мерзімі.

102. ТШ-ның қолданыс мерзімі тараптардың келісімі бойынша, бірақ қолданыстағы жобалау мен салу нормаларын есепке ала отырып, пайдаланушының сыртқы электрмен жабдықтау объектілерін жобалау мен салуға арналған қажетті мерзім бойынша белгіленеді.

103. Пайдаланушы ТШ-ны алған кезде онымен танысуы және ТШ-ны орындауға қабылдағаны туралы бір ай мерзімде электр желілік компанияны немесе ЭӨҰ-ға жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Ол өзінің қалауы бойынша ТШ-ға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына немесе «Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасын»/«Электр станциялардың қуатын беру схемасын» әзірлеуге лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымына өтініш жасай алады.

104. ТШ-ның талаптарын орындау пайдаланушылар мен сыртқы электрмен жабдықтау жөніндегі жобалау құжаттамасын кейіннен әзірлеу тапсырылатын жобалау ұйымдары үшін міндетті. Барлық жобалау жұмыстары өтініш берушінің қаражаты есебінен орындалады. Жобалау құжаттамасы әзірленгеннен кейін пайдаланушы ТШ-ның барлық шараларын толық көлемінде және өзінің есебінен орындауы тиіс.

105. Егер пайдаланушы жүктемесімен немесе 1-10 МВт беруімен бірге өңірлік электр желісіне немесе ЭӨҰ-ға жалғанатын болса, электр желілік компания немесе ЭӨҰ бір айдың ішінде ЖО-ға мәлімет үшін ТШ-ның талаптарын жіберуге міндетті. Пайдаланушының 10 МВт-дан аспайтын қуатын жалғаған кезде электр желілік компания немесе ЭӨҰ ТШ-ны ЖО-мен келісуі тиіс.

106. Электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың қосарлас (шунттаушы) желілерін жобалау мен салу уәкілетті органмен, табиғи монополия саласында бақылау мен қызметті реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және ЖО-мен алдын ала хабарлау және келісу арқылы жүзеге асырылады. Қосарлас электр жеткізу желілерін салу кезінде ТШ-ны беру және келісу ерекше тәртіпке (осы Ереженің 5-қосымшасында келтірілген) сәйкес жүзеге асырылады.


2-параграф. Электр желісіне кiру шарты
107. Орындалуы кезiнде электр желiсiне жалғануға кепiлдік беретін талаптар пайдаланушы мен электр желiлiк компания арасындағы электр желiсiне жалғанатын әрбiр бөлек нүктесi бойынша шартта баяндалады.

108. Желiге кiру шартын жасасқан электр желiлiк компания нақты пайдаланушыға ол тиiстi пайдаланушыға беруге келiскен осы ережеде баяндалған өлшемдерге сәйкес егер электр желісі жоспарланса, жобаланса және пайдаланылса, өзi беретiн көлемнен кем болмайтын қызмет көрсетулердiң мөлшерi мен сапасын алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуі тиіс,

109. Желіге кіру шартында пайдаланушыға жалғанымның әрбір нүктесінде берілетін стандартты қызметтер көрсетілуі қажет.

Бір элементтің барынша түпкілікті істен шыққан уақытында энергия жеткізушінің қабілеті мынадай болуы тиіс:



  1. нөлге тең;

  2. қалыпты режимде энергия жеткізу қабілетінің бір бөлігін білдіреді;

  3. қалыпты.

110. Желіге кіру шартында желінің ерекшелігін, электр желісінің техникалық сипаттамасына ықпал етуі мүмкін орналасқан орны мен уақыт мезгілдерінің әсерін, сондай-ақ элементтер аварияларының кездейсоқ сипаттамасын ескере отырып, энергия жеткізу қабілетінің қалыпты деңгейіне қол жеткізе алмайтын болжанылып отырған уақыт кезеңі көрсетілуі мүмкін.

111. Егер өтініш беруші ТШ-ны орындауға қабылдаса, ол мынадай іс-әрекеттерді орындауы тиіс:

1) электр желілік компаниямен Желіге кіру шартына бір айдың ішінде қол қою;

2) Желіге кіру шартына қол қойғаннан кейін бір айдың ішінде пайдаланушы осы Ереженің энергия жүйесін дамыту жөніндегі бөлімінде көрсетілген толық жоспарлы деректерді беруі тиіс. Электр желілік компания осы сәттен бастап электр желісін дамытуды жоспарлау кезінде осы деректерді пайдалана алады.

112. Кейбір жағдайларда қажеттілігіне қарай жоғарыда көрсетілген мерзімдер тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

113. Өтініш беруші жалғану жобасына сәйкес салған объектілерді белгіленген тәртіппен құрылған комиссия қабылдап алуы тиіс.

114. Комиссия Желіге кіру шартында көрсетілген барлық іс-шаралардың толықтығы мен дұрыстығын растаған кезде энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган пайдаланушыға «Жалғануға арналған рұқсатты» береді.
3-параграф.  Жалғану тетiктерi мен рәсімдері

 

115. Пайдаланушы жабдығының электр желiсiне табиғи жалғануы электр желiлiк компания дәлелді негізде келiсетiн кез келген өзгерiстердi ескере отырып, осы бөлімде баяндалған пайдаланушылардың электр желiсiне жалғану рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.



      116. Жалғану тәртiбі және оларды орындаудың бағдарлы мерзiмдерi

Iс-қимылдар

Мерзiмi 

Орындаушы

1. Ресми өтiнiм беру 

0

Пайдаланушы

2. Жиынтық қуаты 1 МВт-қа дейiнгi объектiлер үшiн пайдаланушы толық ақпарат берген жағдайда толық ұсыныс (техникалық шарт) беру

1 ай

Электр желiлiк компаниясы

3. Жиынтық қуаты 1 МВт-тан асатын (егер желiнi күшейту талап етілмесе) объектiлер үшiн пайдаланушы толық ақпарат берген жағдайда толық ұсыныс (техникалық шарт) беру

1,5 ай

Электр желiлiк компаниясы

4. Жиынтық қуаты 1 МВт-тан асатын (егер желiнi күшейту талап етілмесе) объектiлер үшiн пайдаланушы толық ақпарат берген жағдайда толық ұсыныс (техникалық шарт) беру

2 ай

Электр желiлiк компаниясы

5. Ұсынысты қабылдау

1 ай

Пайдаланушы

6. Келiсiмге қол қою

1 ай

Электр желiлiк компаниясы және ЭӨҰ, пайдаланушы

7. Қосылған объектiнi қабылдау




Комиссия құрамы: Электр желiлiк компаниясы және ЭӨҰ, Мемэнерго-қадағалау комитетiнiң өкiлдерi, Бас мердiгер, тұтынушы

8. Қосуға рұқсат беру




Мемэнергоқадағалау
Комитетi

117. Комиссия жалғануға арналған техникалық шарттарда көрсетілген барлық іс-шаралардың толықтығы мен дұрыстығын растаған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті пайдаланушыға «Жалғануға арналған рұқсатты» береді.


8-параграф. Меншiк құқығы - Коммерциялық шекаралар

118. Электр желiлiк компания иесiнiң активтерiне меншiк құқығы арасындағы шекара, аспаптар мен жабдық, сондай-ақ солармен байланысты жабдық төмендегi тармақтарда көрсетiлгендей коммерциялық шекарада болуы тиiс. Барлық жағдайларда коммерциялық шекара қосылым нүктесi болады. Пайдаланушыны электр желiсiне қосу үшiн талап етiлген жабдық желiаралық жалғаным жөнiндегi жабдық (ЖЖЖ) ретiнде белгiленген.

119. Электр желiлiк компания меншiк құқығының келiсiлген шекарасын көрсететiн электр жалғанымдардың кестелiк схемаларымен бiрге "Теңгерімдік керек-жарақты шектеу және пайдалану жауапкершiлiгін шектеу туралы актiнi" дайындауы тиіс. Электр желiлiк компания мен желiнi пайдаланушы осы құжаттардың көшiрмелерiн сақтауы тиіс. Шекараларға қатысты келiсiмдер жөнiнде қайсыбiр тараптардың бiрi ұсынған өзгерiстер алдын ала келiсiлуi және электр жалғанымдардың тиiстi кестелiк схемаларында көрсетiлуi тиiс.

120. Пайдаланушы мен электр желiлiк компания арасындағы коммерциялық шекара 161-171-тармақтарға сәйкес айқындалуы тиiс.

121. Қолданыстағы ЭӨҰ үшiн коммерциялық шекара ЭӨҰ-дағы таратушы құрылғының жоғарғы кернеу жағында, электр жеткiзу желiлерiнiң оларды электр желiлiк компаниялармен жалғайтын қосылым нүктелерiнде болады.

122. Жаңадан жобаланатын ЭӨҰ үшiн коммерциялық шекара генераторлардың жоғарылатқыш трансформаторларындағы жоғары кернеу жағында болуы тиiс.

123. Электр энергиясын жеткізу жекелеген электр желiлiк компаниялар немесе бiр компанияның филиалдары арасындағы коммерциялық шекара электр желiлiк компаниялармен бiрлесе келiсiледi.

124. ҰЭТ пен өңірлік электр желілері арасында электр энергиясын жеткiзу кезінде коммерциялық шекара электр желiлiк компаниялардың келісімі бойынша төмендетушi трансформатордың жоғары вольтты (төменгi вольтты) жағында болады.

125. Өңірлік электр желілер арасындағы қосылым нүктесi бойынша коммерциялық шекара өңірлік электр желiлердiң иелерiмен бірлесе отырып келiсіледі.

126. ҰЭТ-ке немесе өңілік электр желiсiне тiкелей қосылған пайдаланушылар үшiн коммерциялық шекара Желiге кiрiгу шартына сәйкес жерде болуы тиіс.

127. Арнаулы талаптар.

Жоғарыда көрсетiлген жалпы ережелерді сақтау кезінде әрбiр жекелеген жағдайда жергiлiктi жерлердегi ерешелік талаптарға, таратушы құрылғылардың жоспарына, пайдаланушылар қондырғыларының түріне және т.б. тәуелдiлік туындауы мүмкін. Сол кезде қосудың әрбiр жеке жағдайында қосылым нүктелерi мен коммерциялық шекара Желiге кiрiгу шартында көрсетiлуі тиіс және электр жалғанымдарының тиiстi кестелiк схемаларымен көрсетіледі (бұл қажет жерде).

128. Меншiк құқығы мен пайдалану.

Пайдаланушы пайдаланушының қосылым нүктесi жағындағы барлық электр жабдыққа, аспаптар мен жабдыққа ие болады және Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережеге және Желiге кiру шартына сәйкес осы активтердiң қауiпсiз жұмысы мен оған техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етедi.

129. Қосылым нүктесiндегi пайдаланушының активтерi, желiаралық жалғаным жабдығы, сондай-ақ байланыс пен өлшем алу құралдары және солармен байланысты аспаптар мен жабдықтар Желiге кiрiгу шартында егжей-тегжейлi көрсетіледі.

130. Электр желiлiк компания қосылым нүктесiнен бастап өз жағындағы барлық электр жабдыққа, аспаптар мен жабдыққа ие болады. Электр желiлiк компания, егер бұл қолданылатын болса, қосылым учаскесінде жоғары кернеулi қосалқы станцияны, сондай-ақ ЖО-мен, егер бұл қолданылатын болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережеге және Желiге кiрiгу шартына сәйкес электр желiсiне қосу үшiн талап етiлуi мүмкiн басқа қосылым активтерiн иеленеді, пайдаланады және ұстайды.

131. Жаңа қосылымға байланысты барлық шығындарды пайдаланушы төлейдi.

9-параграф. Қосылым талаптары
132. 106-109-тармақтарда тiзбесi келтiрiлген деректер мен мәлiметтер негiзiнде қосылымға ұсыныстарды дайындаған кезде электр желiге қосылатын пайдаланушы атқаруға тиiс, сондай-ақ электр желiлiк компанияның электр желiсінің бір бөлігіне қатысты пайдаланушылармен қосылымның әрбiр нүктесiнде сақтауға тиiс өлшемдер бойынша қосылым объектiлерiн жобалау және пайдалану жөнiндегi ең төменгi техникалық талаптар, өлшемдер әзірленуі тиіс.

133. Әрбiр электр желiлiк компания қосылым нүктесiнде электр энергиясын тұтынушыларға жеткiзудің пара-пар сенiмдiлiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Электр жеткiзу жүйесiн пайдалану сенiмдiлiгi осы Ережеде сипатталған iс-әрекеттердiң орындалуымен қамтамасыз етіледi.

134. Осы Электр желiсiне кiру тәртiбi жоғарыда еске салынған мiндеттің мынадай iс-қимылдармен қамтамасыз етiлуiн талап етедi:
1) әдеттегi және авариялық жағдайларда, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын орындау кезінде жоғары операциялық сенiмдiлiктi қамтамасыз ететiн қосалқы станцияға негiзгi электрлік жалғанымдарының схемаларын таңдау мен жобалау;

2) реле қорғанышы мен аварияға қарсы автоматиканың ұдайы іске қосылуға дайын тұруы.

135. Меншiк құқығы шекарасындағы барлық жабдық осы Ережеде және Қазақстан Республикасының өзге де құжаттарында қамтылған жобалау өлшемдерiне сәйкес келуі тиiс.

136. Электр желiсiнiң жалғанымдарына электр желiлiк компанияның пайдаланушы қондырғыларын ажырату үшiн тиiстi коммутациялық аппаратура кiредi.

137. Әрбiр жеке алынған жағдайдағы нақтылы талаптар тиiстi қосылымға арналған техникалық талаптар бойынша егжей-тегжейлі талдау арқылы айқындалады.
10-параграф. Электр желiлiк компанияларға қойылатын талаптар
және пайдаланушыларға қойылатын ортақ талаптар

 

138. Электр желiлiк компаниялар өзінің электр желiлерiн ЖО-дан алған нұсқауларға сәйкес иеленеді, ұстайды және пайдаланады. Бұл жұмыстар осы кездегі қолданыстағы электр желiлерiн жоспарлау, пайдалану және олардың қауiпсiздігі жөнiндегi "Қазақстан Республикасы энергия жүйесiнiң сапа мен қауiпсiздiк стандарттарына", нормативтiк және заңнамалық актiлерге, электр желiлiк компаниялардың барлық iшкi ережелерiне сәйкес орындалады. Электр желiлiк компаниялар мен ЖО пайдаланушылармен қосылым нүктелерiнде осы ЭЖЕ-нің талаптарына және электр энергия сапасының қолданыстағы стандарттарына (кернеу мен жиiлiк, үйлесiмдi бұрмалаулар, кернеу тербелiстерi, фазааралық кернеу ассиметриясы және т.б. бойынша) сәйкес электр энергияның сапасын қамтамасыз етуге мiндеттi.



139. Әрбiр пайдаланушы өзінің учаскесінде аспаптар мен жабдықты пайдаланады және оған қызмет көрсетеді және жаңадан қосылған жабдықты немесе Қазақстан Республикасындағы нормативтiк құжаттармен белгiленген талаптарға, осы Ережеде баяндалған қосылым учаскелерінің техникалық параметрлеріне, сiлтеме жасалған стандарттар мен рәсімдерге сәйкес ұсынылатын өзгерістерді жобалайды.

140. Пайдаланушы өзінің учаскесінде және желiаралық жалғаным бойынша жабдықтардың сенiмдi жұмысы, жоспарлау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөнiндегі осы Ереженің және басымды стандарттардың барлық талаптарын, рәсімдер мен техникалық талаптарды сақтайды. Пайдаланушылар ҰЭТ пен өңірлік электр желісіндегі қосылымда iске қосылған желiаралық жалғаным жөнiндегi жабдықты, сондай-ақ осы тарауға сәйкес желiлерге тiкелей қосылған резервтiк және қосалқы қондырғыларды иеленеді, пайдаланады және оған қызмет көрсетеді.


11-параграф. Электр желiнің пайдаланушыларына қойылатын талаптар
141. Пайдаланушыларды электр желiлiк компанияға қосуға арналған техникалық талаптар қолданыстағы стандарттар мен нормативтiк құжаттарға сәйкес жасалуы, оған мынадай талаптардың енгізілуі, бірақ онымен шектелмеуi тиiс:

      1) активтi қуатты тұтынуға мыналар бойынша шектеу талаптарын анықтау:


      активтi қуатты тұтыну өзгерiсiнiң жылдамдығы;

      пайдаланушы желiсiндегi жүктеме тербелiстерiнiң шектерi;

2) реактивтi қуатты тұтынуға:

қуат коэффициентiн анықтау, онымен қосылатын пайдаланушы электр энергиясын тұтынады (береді);

3) жоғары үйлесiмдермен бұрмалауларға және кернеу асимметриясына - тұтынатын токтағы жоғары үйлесiмдердiң құрамы мен рұқсат етілетін шамасын, сондай-ақ кернеу асимметриясының рұқсат етілетін шамасын анықтау;

      4) қорғаныш пен басқару және аварияға қарсы автоматика құрал-жабдығына:


      пайдаланушыға тиесiлi жоғарылатқыш трансформатордың, шиналар мен қоректендiрушi желiлердiң, энергия қондырғылардың реле қорғанышындағы құрал-жабдық құрылғысының, соның iшiнде Қазақстандағы қолданыстағы тиiстi стандарттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс ажыратқыштар мен автоматты қайта қосуды ажырататын резервiлеу құрылғысының көлемiн анықтау;

      б) қорғаныш құрал-жабдығын баптау параметрлері:

      ҚТ токтарының деңгейлерi мен оларды жүйеден қоректендiрудi анықтау;
      қорғаныш жабдығының түрін, ҚТ-ды жою уақытын, реленi баптауды анықтау;

      өндiрушi қондырғылар/жоғарылатқыш трансформаторлар үшiн саралап қорғауды баптауды анықтау;

      өндiрушi қондырғылар үшiн қорғауды баптауды анықтау;

      шиналық жалғанымдар аймағының қорғанышын анықтау;

жиiлiк пен кернеу бойынша сезгiш өндiрушi қондырғыны қорғауды баптауды анықтау;

      қондырғы орнының сызбасын анықтау.

      Реле қорғанышы мен коммутациялық аппараттарды алыстан ажырату құрылғыларынан келiп түсетiн сигналдарды жылдамдату үшiн қорғаныш құрылғыларының байланыс құралдары.

      Номиналды кернеуi 110 кВ және одан жоғары таратушы жабдыққа барлық электр жалғанымдарының бақылау синхронды құрылғылары болуы тиiс. Барлық синхронды өндiргiш қондырғылардың жоғары сыныпты дәлдiктегi синхронды автоматты құрылғылары болуы тиiс.

Жиiлiктiк қорғаныш. Қондырғыларды желiден айыру жүйесi Қазақстандағы қолданыстағы тиiстi нормативтiк-техникалық актiлерге сәйкес болуы тиiс.

Қорғаныштың iске қосылу жылдамдығы. ҚТ кезiнде жүйенің iске қосылу пайызы 99%-дан кем болмауы тиiс. Ол зақымдалған жабдықта ажыратқыштарды өшiру жөнiндегi қорғаныш жүйесiнiң қабiлет көрсеткiшi болып табылады.

ҚТ-ды тiркеу құрылғысы Қазақстандағы қолданыстағы ҚТ-ны талдауды жүргiзудiң тиiстi стандарттық талаптарына сәйкес болуы тиiс.

      Жерге ұштау. Жерге ҚТ сыйымдылықты токтарын доға өшiргiш құрылғыларды қолдана отырып қарымталау жөнiндегі деректер табыс етiлуi тиiс.


      ҚТ деңгейi. Пайдаланушы жабдығының қосылым нүктесiндегi ҚТ-ның номиналды сипаттамалары.

142. Пайдаланушы қажеттi жүйелiк бақылауды жүзеге асыру үшiн электр желiлiк компанияға кернеудiң, жиiлiктiң, активтi және реактивтi қуаттың кiру және шығу серпiндерiн және өз жүйесiнен сигналдарды бөлiп алу нүктелерiн қамтамасыз етуi тиiс.

143. Электр желiсiнің жұмысын басқару мен қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында пайдаланушылар мен электр желiлiк компания арасындағы байланысты орнату қажет.

     Байланыс құралдары электр желiсiн қолданушылар, барлық электр станциялар арасында, сондай-ақ пайдаланушылар мен ЖО арасында орнатылуы тиiс. Бұл байланыс құралдарына кейбiр немесе барлық төменде келтiрiлген мүмкiндiктер кіреді:

1) бастапқы дауыстық байланыс құралдары;

2) резервтiк немесе авариялық дауыстық байланыс құралдары;

3) факсимильдiк аппарат;

4) жүйенi бақылау үшiн телеметриялық құрылғылар;

5) деректердi жеткiзудiң электрондық арналары;

6) коммерциялық есепке алу үшiн байланыс арналары;

7) әрбiр жекелей алған жағдайда нақтылы талаптар Желiге кiру шартында жан-жақты айқындалады.

144. Электр желiлiк компания мен пайдаланушы әрбiр қосылым нүктесi бойынша өзінің мiндеттерiне мыналарды қоса алғанда, Желiге кiру шартына қосылуы тиiс: \

1) қосылым нүктесiндегi меншiк, басқару, бақылау, қызмет көрсету мәселелерi;

2) жедел схема - тағайындалған форматта;

3) учаскенің жалпы жоспардағы сызбалары - тағайындалған форматта;


  1. ЖЖ жабдықтары мен аппараттардың ӘА ерекшеліктері;

5) телекоммуникациялық және телеметриялық жабдық;

6) коммерциялық есепке алу жүйесiн құрастыру өлшемдерi;

7) учаскеге кiру схемалары;


  1. қорғаныш жөнiндегi ақпарат (релелiк);

9) РҚ бойынша жоспарлы жұмыстар жөнiнде ақпарат;

10) техникалық қызмет көрсету жөнiндегі келiсiмдер;

11) қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау жөніндегі мiндеттемелер.

145. Электр желiлiк компания мен тиiстi пайдаланушы осы Ереженің 4-бөлiмiнің 4-тарауына сәйкес талаптарды әзірлеуі тиiс.

146. ЭӨҰ-ның осы Ереженіңң талаптарына, ЖО-ның немесе электр желiсiн пайдалану мен оның сенiмдi жұмысы жөнiндегi тиiстi электр желiлiк компания нұсқауларының талаптарына сәйкес қатаң түрде өндiрушi қондырғыларда кернеудi реттеу құралдары мен жүйеаралық байланыс желiлерiнде жиiлiк пен реактивтi қуатты реттеу құралдары болуы тиіс.
      Әрбiр өндiрушi қондырғы Қазақстанда қабылданған активтi және реактивтi қуатты реттеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттаманың талаптарына, жиiлiк сипаттамалары мен синхрондық қорғанышына сәйкес болуы тиiс.
 12-параграф. Сынақтар
147. Барлық электр желiлiк компаниялар осы пайдаланушы мен электр желiлiк компания арасындағы шартқа сәйкес олардың желiлеріне қосылған пайдаланушы жабдығына бірлескен сынақтар жүргiзу құқығына ие болады. Олар мынадай мақсат үшiн жүргiзiледi:

1) қосылым учаскесі бойынша техникалық талаптар мен стандарттардың нақтылы ережелерге сәйкестiгi туралы;

2) қосылым нүктесiндегi технологиялық бұзылудың кез келген мүмкiн болатын қауіп-қатерін (бұрынғы немесе әлеуеттi) зерттеу;

      3) үлгiлеу үшiн немесе тиiстi пайдаланушының жұмыстық пайдалану сипаттамаларын Желiге кiру шартының талаптарына олардың сәйкестiгi мәнін бағалау үшiн талдамалық параметрлерді айқындау.

148. 147-158-тармақтарға сәйкес орындалатын сынақ жүргiзу шығындарын сынақ жүргiзетiн электр желiлiк компания төлеуi тиiс. Алайда, егер сынақтар пайдаланушының белгiлi бiр деректерден елеулi ауытқуын және /немесе осы Ережеде көрсетiлген қажеттi техникалық ерекшеліктерге сәйкессiздiгiн байқатса, онда сынақ шығындарын пайдаланушы төлейдi.

149. Жабдықтың жұмысын тексеруге ықылас бiлдiрген электр желiлiк компания тиiстi пайдаланушыны осындай сынақ жүргiзетiнi туралы оны жүргiзгенге дейiн кемінде бiр ай бұрын хабардар етуi тиiс. Хабарламада сынақтың басталу уақыты, оның ұзақтығы және тексерудi жүргiзетiн нақты адам көрсетiлуi тиiс. Сондай-ақ хабарламаға осындай сынақтың себептерi мен сәйкессiздiктiң болжамдық көзi енгізілуі тиіс. Мұндай жағдайда пайдаланушылар жұмыс учаскесіне толық кiру рұқсатын және сынақты жүргiзу үшiн бүкiл қажеттi көмегiн табыс етуi тиiс. Егер тараптар сынақты жүргiзу талаптары, мерзiмдерi және оның жүргізу барысы туралы келiсе алмаса, тараптар Мемэнергоқадағалау өкiлiн туындаған келіспеушілікті шешу және тексерудi жүргiзу үшiн тартады.

150. Электр желiлiк компания учаскеде жұмыс тәртiбiн сақтауы және пайдаланушыға зиян келтiрмеуi тиіс. Ол кәсiпорынның ағымдағы жедел қызметiне сынақты атқаруға пара-пар қажетті дәрежеге дейiн ғана араласа алады.

151. Электр желiлiк компания пайдаланушының жабдығына тестiлеу немесе жабдығына мониторингі жүргізу үшін жабдықты қосады немесе пайдаланушының осындай құрылғыларды өзi қосуын талап ете алады. Мониторингтiк (тестiлеу) жұмыстарды орындау кезінде желi иесi жабдықтың мониторингiне еш кедергi жасамауы керек.

152. Ағымдық сәйкестiк (192-196-тармақтар).

Әрбiр ЭӨҰ электр желiлiк компанияға барлық оның өндiрушi жабдығының осы бөлiмнiң техникалық талаптары мен тиiстi Желiге кiру шартының қағидаттарына сәйкес келетiндiгi туралы дәлелдемелердi ұсынуы тиiс.

153. Әрбiр ЭӨҰ және басқа пайдаланушылар электр желiлiк компаниямен техникалық талаптарға ағымағы сәйкестiкті растау үшiн бүкiл жабдыққа олардың арасындағы шартқа сәйкес мониторингі/бақылау жүргiзу әдiстемесiн қоса алғанда, сәйкестiкке мониторингі/бақылау жүргiзу бағдарламасын келісуі тиiс.

154. Электр желiлiк компания шартқа сәйкес пайдаланушыға барлық сынақ нәтижелері мен тестiлеуден кейiн алынған талдамалық үлгiнiң параметрлерін тапсыруы керек.

155. Егер жұмыс сипаттамаларына арналған сынақтар немесе "жұмыс" режиміндегі жұмыс сипаттамаларының мониторингiсі пайдаланушының бiр немесе одан артық техникалық талаптарды сақтамайтынын көрсетсе, пайдаланушы мыналарды орындауы тиіс:

1) электр желiлiк компанияны тез арада хабардар ету;

2) электр желiлiк компанияға қабылданатын шаралар мен осындай шараларды жүргiзу кестесi туралы тез арада ақпарат беру;

3) тиянақты түрде мұндай шараларды алдын ала қабылдау және электр желiлiк компанияның алдында ай сайын осы жұмысты жүргiзу барысы туралы хабарлау;

4) талаптарға сәйкестiгiн растау мақсатында жүйе мен жабдыққа түзету енгізу шараларын аяқтау жөнiнде одан кейінгі сынақтар немесе мониторингіні жүргiзу.

156. Егер электр желiлiк компанияның электр желiсiнiң қауiпсiз жұмысында немесе жеткiзiлiм сапасында қауіптілік бар немесе оған қауіптілік төнедi деген негiздемелі пiкiрі болса, онда ол тиiстi пайдаланушыдан оны желiден ажыратуды талап ете алады. Пайдаланушы оның жабдығы ендi қажеттi талаптарға сәйкес келедi деген ЖО-ны (электр желiлiк компанияны) қанағаттандыратын анық дәлелдемелерді тапсырғанда ғана желiге тағы қосылуы мүмкiн.

157. Әрбiр пайдаланушы электр желiлiк компаниямен осы пайдаланушыны электр желiге қосатын қосылым нүктесiмен байланысты қорғаныш жүйелерi жабдығының жұмысын тексеру үшiн үйлестiруi тиiс. Электр желiлiк компания мынадай кезеңдерде сынақтар жүргiзе алады:
      1) жабдықты жұмысқа қосылымның тиiстi нүктесiнде қосу алдында;
2) кезең-кезеңімен, қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес және желiге кiру шартында белгiленген мерзiмдерде.

158. Әрбiр пайдаланушы сынақтар мен тестiлеу деректерiн бастапқы жабдықтың барлық бөлiктерi бойынша қосылымның әрбiр учаскесі бойынша алты жыл бойы сақтауы тиiс. Осындай бүкiл тестiлеуді/сынақтарды жүргiзу шығындарын пайдаланушы төлейді.

159. Желiнің пайдаланушылары өз жабдығын электр желiлiк компаниядан өз еркiмен ұзақ мерзімге ажырату құқығына ие болады. Егер желi пайдаланушысы қайсыбiр өзге келiсiмдер болмаған кезде осы жабдықты ұзақ мерзiмге ажыратуға шешiм қабылдаса және егер тиiстi шартпен өзге көзделмесе, ол өзiнiң ниетi туралы электр желiлiк компанияға және ЖО-ға, сондай-ақ барлық өзiнiң субабоненттерiне (егер олар болса) жазбаша хабарлауы тиiс.

160. Желiнің пайдаланушысы ерiктi ажыратумен және пайдаланудан шығарумен тiкелей байланысты барлық шығындарды көтередi.

161. Электр желiлiк компания жабдықты пайдаланудан шығару жөнiндегi шараларды жүзеге асырады және ЖО мен басқа пайдаланушыларды жабдықты пайдаланудан шығару жөнiндегi шаралар солармен жасасылған тиiстi Желiге кiру шарттарының талаптары мен қағидаттарына әсер етуi мүмкiн жағдайда хабардар етедi.

162. Электр энергиясын ғана тұтынатын электр энергиясын тұтынушылар өз электр станцияларын электр желiлiк компаниядан кез келген уақытта мынадай шарттармен ажырата алады:

1) келiсiлген ажырату рәсімдерін пайдалана отырып ұзақ уақытқа;

2) электр тұтынуды реттеу туралы электр желiлiк компаниямен немесе ЖО-мен келiсiм негiзiнде, уақытша;

3) қосалқы қызмет көрсетулер туралы келiсiм талаптарына сәйкес.
 13-параграф. Мәжбүрлi ажырату
163. ЭӨҰ-ның өндiрiстiк қуаттарын электр желiлерiнен ажыратуға мынадай жағдаяттар бойынша электр желiлiк компания шешiм қабылдай немесе ЖО нұсқау бере алады:

1) авариялық жағдайлардың алдын алу және жою;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;

3) тиiстi шарттың талаптарына сәйкес.

164. ЭӨҰ-ды ажыратудың барлық жағдайларында осындай шешiмдi қарау үшiн тиiстi өкiлеттi органның басшылығымен комиссия құрылуы тиiс. Комиссия шешiмiнiң нәтижелерi тиiстi тараптарға тапсырылуы тиіс.

165. ЭӨҰ-ға алдын ала хабарламай мәжбүрлі ажырату кезiнде жоғалған табыстары үшiн өтемақы мынадай жағдайларда берiлмейдi:

1) адамдардың денсаулығы мен жабдықтың қауiпсiздiгiне төнiп келе жатқан қауіпті ескерту;

2) электр станциясындағы немесе жалғаным жабдығындағы авариялар;

3) электр станцияның қызмет көрсету жұмысшыларының электр желiлiк компанияның немесе ЖО-ның өкiмдерiн орындамауы;

      4) қайсыбiр белгіленген iс-әрекеттерден немесе солардың тарабынан келiсiм-шартты бұзу нәтижесiнде болған, ЖО немесе электр желiлiк компанияның уәкiлеттiгiнен тыс және жоспарлауға келмейтiн басқа жағдайлар.

     166. Электр энергиясын тұтынушыларға арналған талаптар осы Ереженің 4-тарауында көзделген мынадай мәселелерге қатысты қолданылады:
1) тұтынатын қуатты мiндеттi түрде кемiту;

      2) автоматты жиiлiктi жүктеме.

167. Электр желiлiк компания ЭӨҰ жабдығын электр желiге қайта қосуды мынадай талаптар болған жағдайда кепiлдік бере алады, егер:

1) электр желiлiк компания өндiрушi қондырғыны ажыратуды туғызған авариялық жағдай толығымен жойылды деген жағдаймен толығымен қанағаттанса;


2) электр желiлiк компания осы ереженің, Қазақстан Республикасындағы нормативтiк құжаттарының талаптарына немесе тиiстi Желiге кiру шартына сәйкес ажыратуды туғызған себептердi жоюмен қанағаттанса;
      3) ажырату себебi болған желiге кiру шартының бұзылуы жойылса және ЭӨҰ немесе электр энергиясын тұтынушы қайталанған бұзылыстың алдын алу үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдаса.

168. Электр желiлiк компания ЖО-дан қосуды қайтадан бастау туралы өкiмiн алған сәтте электр желiлiк компания бұл өкімді тез арада орындауы тиiс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет