Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы



бет1/10
Дата29.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#32699
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2012 жыл 5 маусым № 292-297 (27371); "Казахстанская правда" от 05.06.2012 г. № 169-170 (26988-26989); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, № 678-құжат


      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидалары бекiтiлсiн.
      2. "Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 281 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 216-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


        Премьер-Министрi                              К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 623 қаулысымен    
бекiтiлген      

Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидалары

      Осы Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзiрлендi және электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу тәртiбiн анықтайды.


      Қағидалар мемлекеттiк сатып алуды конкурс тәсiлiмен жүзеге асырудың ерекше және арнайы тәртiптерiне, сондай-ақ Заңда көзделген қорғаныс қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:


      1) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор (бұдан әрi - Оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      2) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы (бұдан әрi - веб-портал) - электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызметтерiне бiрыңғай қол жеткiзу нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
      3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталында тiркелу (бұдан әрi - тiркелу) - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiсiнiң, оның лауазымды адамдары мен мүдделi тұлғалардың веб-порталда қатысуға қол жеткiзу;
      4) веб-порталға қатысушы - (бұдан әрi - Қатысушы) - тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тiркеуден өткен әлеуеттi өнiм берушi;
      5) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрi - Пайдаланушы) - веб-порталда тiркеуден өткен Қатысушының лауазымды адамы немесе өкiлi;
      6) веб-порталға қатысу - мемлекеттiк сатып алу саласында электрондық қызметтер алу үшiн қатысушының атынан пайдаланушының мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалануы;
      7) жеке кабинет - пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
      8) электрондық құжат - өзiндегi ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      9) шартты жеңiлдiк - конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердiң негiзiнде конкурстық комиссия ұсынатын әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық баға ұсынысын шартты азайтудың пайыздық мәнi;
      10) қағаз құжаттың электрондық көшiрмесi - түпнұсқа қағаз құжаттың ақпаратын толық шығаратын, веб-порталда уәкiлеттi өкiлдiң электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық цифрлық нысандағы электрондық құжат;
      11) веб-порталдағы уәкiлеттi өкiл - веб-порталға қатысушының пайдаланушысы, оған веб-порталға қатысушының бiрiншi басшысының тиiстi шешiмiмен веб-порталдағы барлық iс-қимылдарды орындауға, оның iшiнде қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауға құқықтар берiлген;
      12) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi.
      2. Конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, аукцион және бiр көзден алу тәсiлдерiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу осы Қағидаларда анықталған тәртiппен жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiне және басқа да мүдделi тұлғаларға көрсетiлетiн электрондық қызметтер веб-порталды пайдалана отырып, уәкiлеттi орган анықтаған тәртiппен өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.
      3. Электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу рәсiмдерiн орындау үшiн тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болып әрекет еткен жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушi Заңның 7-бабына сәйкес электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны (бұдан әрi - ұйымдастырушы) анықтайды.
      4. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы веб-порталда өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерi болып табылатын лауазымды адамдарды анықтайды. Егер тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болып әрекет еткен жағдайда тапсырыс берушiнiң және ұйымдастырушының веб-порталдағы уәкiлеттi өкiлi болып табылатын бiр лауазымды адамды анықтауға жол берiледi.

2. Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды,
жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып
алуды жүргiзу тәртiбi

Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды,
жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып
алуды ұйымдастыру және жүргiзу

      5. Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу (бұдан әрi - электрондық конкурс) веб-порталда мынадай дәйектi iс-шараларды орындауды көздейдi:


      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушiнiң ұйымдастырушыны, тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлiн анықтауы;
      2) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушiнiң веб-порталдың көмегiмен веб-порталдың қатысушысы болып табылатын ұйымдастырушыға шақыру жiберуi;
      3) конкурстық құжаттаманы қалыптастыру, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыру және бекiту;
      4) тапсырыс берушiнiң конкурстық құжаттаманы бекiтуi;
      5) веб-порталды пайдаланушылардың арасынан конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау;
      6) ұйымдастырушының веб-порталда электрондық конкурс өткiзу туралы хабарландыру жариялауы;
      7) веб-порталға қатысушы - әлеуеттi өнiм берушiлердiң веб-порталда оны алу фактiсiн автоматты түрде тiркей отырып конкурстық құжаттаманы алуы;
      8) ұйымдастырушының веб-порталдың көмегiмен осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманы алған әлеуеттi өнiм берушiлерге оның ережелерiн түсiндiруi;
      9) веб-порталда электрондық құжат нысанында берiлетiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi автоматты түрде тiркеу;
      10) өтiнiмдердi ашу және тиiстi ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
      11) бiлiктiлiк талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау үшiн электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi және шартты жеңiлдiктер мөлшерiн конкурстық комиссиясын қарауы;
      12) конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер тiзбесiн айқындауы және веб-порталда жiберу туралы тиiстi хаттаманы жариялауы;
      13) электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тiркеу;
      14) электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, салыстыру және жеңiмпазды анықтау, қорытындылар хаттамасын веб-порталда жариялау;
      15) ұйымдастырушы жүргiзген электрондық конкурс қорытындысы бойынша тапсырыс берушi мен электрондық конкурстың жеңiмпазы арасында мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу.
      6. Бiртектi болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсты ұйымдастыру кезiнде ұйымдастырушы мұндай тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi конкурстық құжаттамада олардың бiртектi түрлерi бойынша лоттарға бөле отырып, аталған тәсiлмен бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыра және өткiзе алады.
      Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада бiртектi тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледi.
      Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң бiрнеше түрлерiн мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi олардың бiртектi түрлерi және (немесе) жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледi.

Веб-порталда конкурстық құжаттаманы
қалыптастыру және бекiту

      7. Ұйымдастырушы электрондық конкурсты өткiзу шарттары мен тәртiбiн айқындау үшiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес веб-порталда қазақ және орыс тiлдерiнде конкурстық құжаттаманың электрондық нысанын қалыптастырады және тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушiмен келiседi.


      8. Ұйымдастырушы қалыптастырған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
      Бiрыңғай ұйымдастырушы қалыптастырған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiлердiң бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адамдар не олардың мiндетiн атқаратын адамдар бекiтедi.

Конкурстық комиссияның құрамын, сарапшыны
(сараптау комиссиясын) бекiту

      9. Электрондық конкурс өткiзу рәсiмдерiн орындау үшiн ұйымдастырушы әрбiр электрондық конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын анықтайды.


      Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын анықтау туралы шешiмге ұйымдастырушының бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.
      Егер тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты өзiнiң құрылымдық бөлiмшесi атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын анықтау туралы шешiмге ұйымдастырушының бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.
      Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша оның веб-порталда тiркелген қызметкерлерiнiң қатарынан оның өкiлдерiн енгiзе алады.
      Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелiгiн әзiрлеу үшiн ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу кезеңiнде сараптау комиссиясын құрады (сарапшыны тартады).
      10. Конкурстық комиссияның мүшелерi конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және басқа да мүшелерi болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы және кемiнде үш адам болуы тиiс.
      Конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам анықталуы тиiс. Егер тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының орынбасарының төмен емес лауазымды адам конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалуы тиiс. Егер ұйымдастырушы ретiнде тапсырыс берушi өзiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң атынан әрекет етсе, тапсырыс берушiнiң осы құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысынан төмен емес лауазымды адамы конкурстық комиссияның төрағасы болып анықталуы тиiс.
      11. Конкурстық комиссияның төрағасы:
      1) конкурстық комиссияның қызметiне басшылық етедi;
      2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешiм күшiне енген күннен бастап әрекет етедi және тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметiн тоқтатады.
      13. Конкурстық комиссияның шешiмi веб-порталды пайдалана отырып дауыс беру арқылы қабылданады және конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Конкурстық комиссияның шешiмiмен келiспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесiнiң ерекше пiкiр айтуға құқығы бар, ол қағаз құжаттың электрондық көшiрмесi нысанында веб-порталда жарияланады. Конкурстық комиссияның тиiстi хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бiр мүшесiнiң қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебiн қамтитын құжатты веб-порталда жариялайды.
      14. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметiн конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етедi. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссияның мүшесi болып табылмайды және конкурстық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
      Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң лауазымды адамдарының арасынан анықталады.
      Конкурстық комиссияның хатшысы:
      1) веб-порталда конкурстық құжаттаманы қалыптастырады;
      2) веб-порталда электрондық конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарландыруды, электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдерiн ашу хаттамасын, электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттаманы, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды веб-порталда жариялайды;
      3) веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды;
      4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      15. Ұйымдастырушыда әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн анықтау үшiн тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда ұйымдастырушы тараптардың уағдаластығы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi өтеусiз негiзде, ал басқа сарапшыларды ақылы негiзге де, өтеусiз негiзде де сарапшылар ретiнде тартады.
      Қызметiнiң бейiнi мемлекеттiк сатып алу мәнiне сәйкес келуi қандай да бiр тұлғаны сарапшы ретiнде тарту үшiн мiндеттi шарт болып табылады.
      Ақылы негiзде сарапшыны таңдауды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
      16. Бiрнеше сарапшыларды тартқан жағдайда ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың арасынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасында сараптау комиссиясының басшысын анықтайды.
      Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан сараптау қорытындысын бередi және конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Егер сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегiнде жасалған болса ғана, оны конкурстық комиссия мiндеттi түрде ескередi. Сараптау қорытындысына сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелерi) қол қояды және конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз құжаттың электрондық көшiрмесi нысанында веб-порталда электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамаға қоса бередi.
      Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келiспеген жағдайда, мұндай сарапшы өзiнiң ерекше пiкiрiн бiлдiредi, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса берiледi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
      17. Электрондық конкурс өткiзу басталғанға дейiн конкурстық комиссияның мүшелерi, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекiтiлген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысады.

Электрондық конкурс өткiзу туралы хабарлама

      18. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлер электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретiн соңғы күнге дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрмей, ал электрондық конкурсты қайтадан жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей, бiрақ электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей өткiзiлетiн электрондық конкурс туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы веб-порталда жариялайды.



Әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманы беру

      19. Электрондық конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық ниет бiлдiрушiлерге конкурстық құжаттаманы веб-порталдан тегiн алу мүмкiндiгi берiледi.


      20. Веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманы беру веб-порталда автоматты түрде тiркеледi.
      21. Веб-порталда электрондық конкурс өткiзу туралы хабарлау сәтiне дейiн конкурстық құжаттаманы беруге жол берiлмейдi.

Конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру

      22. Веб-портал қатысушысы - әлеуеттi өнiм берушi қажет болған кезде веб-порталды пайдалана отырып, бiрақ электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiнгi күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру туралы ұйымдастырушыға сұрау салу жiбередi.


      Ұйымдастырушы сұрауды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде конкурстық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру мәтiнiн веб-порталда жариялайды.
      23. Ұйымдастырушы қажет болған кезде электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берудiң соңғы күнi өткенге дейiнгi күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей жеке бастамасы бойынша немесе веб-портал қатысушысы - әлеуеттi өнiм берушiлердiң сауалына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзедi. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Қағидалардың 8-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
      Ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттаманы алған веб-порталға қатысушы - әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-порталда нақтыланған конкурстық құжаттаманы жариялайды.
      Мұндай жағдайда, электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi кемiнде он күнтiзбелiк күнге ұзартылады.

Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң мазмұны
және оларды беру

      24. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм электрондық құжат нысанында берiледi және электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды жеткiзудi (жұмысты орындауды, қызмет көрсетудi) жүзеге асыруға келiсiм беру нысаны болып табылады.


      25. Электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң ұйымдастырушыға беретiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмi конкурстық құжаттаманың электрондық нысанында санамаланған құжаттарды қамтуы тиiс.
      26. Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына сәйкес талап етiлетiн, веб-порталды пайдалана отырып, мемлекеттiк ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттiк дерекқорға өтiнiш беру арқылы алынатын жекелеген құжаттарды беруiне жол берiледi.
      27. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға оларды электрондық құжат нысанында берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн бередi.
      28. Электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген өнiм берушiнiң тиiстi хабарламасын веб-порталмен автоматты түрде жiберу сәтiнде қабылданған болып есептеледi.
      29. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм беруге құқылы.
      30. Әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға берген өтiнiмi мынадай жағдайларда веб-порталдан автоматты түрде жойылады:
      1) әлеуеттi өнiм берушi бұдан бұрын осы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген болса;
      2) электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм осы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен болса;
      3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталдың автоматты түрде бас тартуына жатады.
      Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсқа қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күннен бастап кемiнде күнтiзбелiк отыз бес күн болуы тиiс.
      31. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдерi веб-порталда автоматты түрде тiркеледi.
      32. Әлеуеттi өнiм берушi қажет болған кезде өзi енгiзген электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудi қайтаруға құқықтарын жоғалтпастан, электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн кез келген уақытта өзiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмiн өзгертедi немесе керi қайтарып алады.
      33. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн оған өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi
қамтамасыз ету

      34. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi әлеуеттi өнiм берушi Заңның 23-бабына сәйкес енгiзедi.


      Электрондық конкурста бiрнеше лот бойынша қатысу жағдайында әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi әрбiр лот бойынша жеке-жеке ұсынады.
      35. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi банк кепiлдiгi түрiнде енгiзген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм ұсынудың соңғы мерзiмiне дейiн конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 6-қосымшасына сәйкес берiледi.
      36. Егер әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушының банктiк шотына не мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдендiрiлген ақшалай жарна түрiнде электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзген жағдайда, ол кепiлдендiрiлген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi түрiнде берiледi.
      37. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуды қамтамасыз етудi енгiзген жағдайда осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға осындай қамтамасыз етудi алған фактiнi банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналына тiркейдi.
      Ұйымдастырушы банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналында мынадай мәлiметтердi көрсетедi:
      1) тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауы мен өткiзiлетiн мерзiмi;
      2) ұйымдастырушының толық атауы;
      3) әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң тегi, аты-жөнi;
      4) банктiк кепiлдiктi тiркеу күнi мен уақыты.
      Банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналы тiгiледi, беттерi нөмiрленедi және конкурстық комиссияның хатшысы әрбiр бетiне бұрыштама қояды. Банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналының соңғы бетi ұйымдастырушының мөрiмен бекiтiледi.
      Бiр қаржы жылы iшiнде тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық конкурс тәсiлiмен барлық мемлекеттiк сатып алу бойынша банктiк кепiлдiктердi тiркеудiң бiрыңғай журналын өткiзуге рұқсат берiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет