Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берiлген әлеуеттi өнiм



бет6/10
Дата29.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#32699
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берiлген әлеуеттi өнiм
берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарын ресiмдеуi

      31. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берiлген әлеуеттi өнiм берушiлер (электрондық конкурсқа қатысушылар) конкурстық баға ұсынысын (бұдан әрi - КБҰ) веб-порталды пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес бередi.


      32. Отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң КБҰ теңгемен берiлуге тиiс.
      33. Ұлттық валютада берiлмеген КБҰ-н Қазақстан Республикасының валютасына - КБҰ берiлген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген ресми бағам бойынша теңгеге веб-портал автоматты түрде қайта есептейдi.
      34. КБҰ берген өнiм берушiге веб-портал тиiстi хабарламаны жiбергеннен кейiн КБҰ қабылданған болып есептеледi.
      35. Веб-портал мынадай:
      1) конкурс қатысушысы бiр және тағы сол конкурсқа (лотқа) бiреуден артық КБҰ берген;
      2) электрондық конкурсты жүзеге асыруға бөлiнген сомадан асып кеткен;
      3) конкурстық баға ұсынысы рұқсат беру туралы хаттама жарияланған сәттен бастап, үш жұмыс күнiнен кешiгiп түскен жағдайларда КБҰ-н қабылдаудан автоматты түрде керi қайтарады.
      36. Әлеуеттi өнiм берушi қажет болған кезде, КБҰ-н ұсынудың соңғы мерзiмi бiткенге дейiн КБҰ-ны кез келген уақытта өзгертедi немесе қайтарып алады.

7. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа
қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы
мен салыстыруы және конкурс жеңiмпазын анықтау

      37. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген КБҰ туралы мәлiметтер автоматты түрде веб-порталда тiркеледi.


      38. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген күнi мен уақыты веб-портал электрондық конкурсқа қатысушылардың КБҰ-н бағалау және салыстыруды автоматты түрде жүргiзедi:
      Қағидаларға сәйкес анықталатын демпингтiк баға есептеледi және конкурсқа қатысушының демпингтiк болып табылған КБҰ қабылданбайды;
      егер бағасы демпингтiк болған КБҰ қабылданбағанынан кейiн электрондық конкурсқа қатысушылардың екi және одан да көп КБҰ электрондық конкурсқа қатысатын болса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген шартты жеңiлдiктердi электрондық конкурстың қабылданған КБҰ-на қатысты қолдану арқылы осы электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы айқындалады;
      электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы салыстырылады, ең төмен шартты баға негiзiнде электрондық конкурстың жеңiмпазы анықталады;
      КБҰ-лардың шартты бағасы теңескен кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiсi жеңiмпаз болып танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiлерiнiң КБҰ-ларының шартты бағасы теңескен кезде электрондық конкурстың мәнi болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында көбiрек тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiсi жеңiмпаз болып танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiлерiнiң КБҰ-ның шартты бағасы теңескен және электрондық конкурстың мәнi болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығындағы тәжiрибесi бiрдей болған кезде жеңiмпаз болып бұрын түскен КБҰ танылады.
      39. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-портал автоматты түрде қалыптастырады және конкурстық комиссияның барлық мүшелерi мен веб-порталда тiркелген әлеуеттi өнiм берушiлердiң барлығын электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, жариялайды.

8. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қамтамасыз
етудi қайтару

      40. Ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге енгiзiлген электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:


      1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
      2) электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетiлген жағдай электрондық конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
      3) электрондық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетiлген жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған электрондық конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және электрондық конкурс жеңiмпазы КҚ-да көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;
      5) әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бiрi басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтарады.
      41. Ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:
      1) әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырған;
      2) электрондық конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң КБҰ-н белгiленген мерзiмде табыс етпесе не керi қайтарып алған;
      3) электрондық конкурстың жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
      4) электрондық конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.

9. Электрондық конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттiк
сатып алу туралы шарт

      42. Электрондық конкурстың жеңiмпазы деп анықталған әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiге әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмге электрондық көшiрме түрiнде қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалдық расталған көшiрмелерiн және электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмге қол қою құқығын беретiн сенiмхаттың түпнұсқасын веб-порталда электрондық конкурстың қорытындыларының хаттамасын жариялаған күннен бастап, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейiн бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады.


      43. Электрондық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалады.
      44. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуi тиiс.
      45. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiстi түрде орындауға кепiлдiк ретiнде енгiзiледi.
      46. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерiн, мемлекеттiк сатып алу туралы шартта аванс төленуi көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерiнде белгiлейдi.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта аванс төленуi көзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгiлейдi, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемiнде үш пайызы болуы тиiс.
      47. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
      2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес банк кепiлдiгiн таңдауға құқылы.
      48. Өнiм берушiнiң шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi.
      49. Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
      50. Тапсырыс берушi енгiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шартта көрсетiлген мерзiмде немесе өнiм берушi шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өнiм берушiге қайтарады.
      51. Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өнiм берушiнiң шарттық мiндеттемелердi орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудi қайтармайды.
      52. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт оны бiр қаржы жылынан артық мерзiмге жасасу туралы ережелердi қамтуы тиiс.
      53. Шарт мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу туралы жағдайларды қамтуы тиiс.
      54. Отандық тауар өндiрушiлермен және жұмыстарды, қызметтердi отандық берушiлермен жасалған шартта тауарларды бергенi, жұмыстарды орындағаны не қызметтердi көрсеткенi үшiн алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуы тиiс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелер орындалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауы тиiс.
      55. Егер әлеуеттi өнiм берушi Заңда белгiленген мерзiмде мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушiге ұсынбаса немесе мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, КҚ-да көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етудi енгiзбеген жағдайда мұндай әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып танылады.
      56. Әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс берушi
      1) ол электрондық конкурсқа қатысуға енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және уәкiлеттi органға тиiстi мәлiметтердi ұсынады әрi мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;
      2) қажет болған кезде, сотқа мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтiрiлген шығындардың орнын толтыру туралы талап-арызбен жүгiнедi.

Аукциондық құжаттаманың


электрондық нысанына 
1-қосымша      

Аукционның мәнi (лот)
(бекiтiлген жылдық жоспардың негiзiнде қалыптастырылады)

Аукционның № _________________________


Аукционның атауы ______________

Лоттың №

Тапсырыс берушiнiң атауы

Тауардың (жұмыстың, қызметтiң) атауы

Өлшем бiрлiгi

Саны, көлемi

Беру шарттары (ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес)

Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету мерзiмi

Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орны

Аванстық төлем мөлшерi %

Лот бойынша бөлiнген сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


      * Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелiкте көрсетiледi

Конкурстық құжаттаманың


электрондық нысанына
1-қосымша   

Лоттар тiзбесi
(бекiтiлген жылдық жоспар негiзiнде қалыптасады)

Электрондық конкурстың № __________________________


Электрондык конкурстың атауы
___________________________________________

Лоттың №

Тапсырыс берушiнiң атауы

Тауардың (жұмыстың, қызметтiң) атауы

Өлшем бiрлiгi

Саны, көлемi

Беру шарттары (ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес)

Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету мерзiмi

Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орны

Аванстық төлем мөлшерi %

Лот бойынша бөлiнген сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































      * Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелiкте көрсетiледi

Электрондық мемлекеттiк сатып


алуды жүргiзу қағидаларына 
2-қосымша       

Ашу хаттамасы
(әрбiр лотқа жеке қалыптастырылады)

Электрондық конкурстың № ____________________________________________


Электрондық конкурстың атауы ________________________________________
Лоттың нөмiрi _______________________________________________________
Лоттың атауы ________________________________________________________ Конкурстық комиссияның құрамы:



Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлi

Конкурстық құжаттама мынадай әлеуеттi өнiм берушiлерге ұсынылған:



Өнiм берушiнiң атауы

БСН (ЖСН)

Деректемелерi

Конкурстық құжаттама алынған күн мен уақыт

 

 

 

 

 


      Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi мынадай әлеуеттi өнiм берушiлер бердi:



Өнiм берушiнiң атауы

БСН (ЖСН)

Деректемелерi

Өтiнiм берiлген күн мен уақыт

 

 

 

 

 


      Конкурстық құжаттамада көзделген құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат:



Өнiм берушiнiң атауы

БСН (ЖСН)

Құжаттың атауы

Болу белгiсi

 

 

 

 

 


Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
2-қосымша    

Сатып алынатын тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн
қызметтiң) техникалық ерекшелiгi

Аукционның № _________________________


Аукционның атауы _____________________

      Осы техникалық ерекшелiкте мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қажеттi ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, эскиздердi қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) толық сипатын және талап етiлетiн техникалық және сапалық сипаттамасын беруi тиiс және берiлетiн тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сәйкес болуы тиiс халықаралық немесе iшкi стандарттарды көрсетуi тиiс. Қажет болған кезде тиiстi нормативтiк-техникалық құжаттамаға сiлтеме жасалуы тиiс.


      Қажет болған кезде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы техникалық ерекшелiкте:
      1) тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер үшiн:
      тауарларды/қызметтердi беру кезiнде тапсырыс берушiге қажет iлеспе қызметтердi (монтаждау, оңдау, оқыту, тауарларды тексеру әрi сынау және т.б.) және олар қай жерде жүргiзiлуi тиiс, тауардың шыққан жылын, кепiлдiк мерзiмiн көрсетедi;
      2) жұмыстар үшiн: сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс алаңының, географиялық, инженерлiк-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқа сипатын, инфрақұрылым мен коммуникацияның бар-жоғын, жергiлiктi ресурстардың сипатын, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесiн беруi тиiс және объектiнi пайдалануға беру кезiнде қайшылықтарды болдырмайтын объектiнiң толық құрамын, аумақты инженерлiк дайындау, өндiрiс технологиясы мен жабдық, инженерлiк қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектiнi жарақтандыру жөнiндегi талаптарды көрсетуi тиiс.

Конкурстық құжаттаманың


электрондық нысанына
2-қосымша    

Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн
қызметтердiң) техникалық ерекшелiгi (әрбiр лотқа жеке берiледi)

Электрондық конкурстың № _______________________


Электрондық конкурстың атауы __________________________________
Лоттың № __________________
Лоттың атауы ________________________________________

      Осы техникалық ерекшелiкте мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қажеттi ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, эскиздердi қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) толық сипатын және талап етiлетiн техникалық және сапалық сипаттамасын беруi тиiс және берiлетiн тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сәйкес болуы тиiс халықаралық немесе iшкi стандарттарды көрсетуi тиiс. Қажет болған кезде тиiстi нормативтiк-техникалық құжаттамаға сiлтеме жасалуы тиiс.


      Қажет болған кезде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы техникалық ерекшелiкте:|
      1) тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер үшiн: тауарларды/қызметтердi беру кезiнде тапсырыс берушiге қажет iлеспе қызметтердi (монтаждау, оңдау, оқыту, тауарларды тексеру әрi сынау және т.б.) және олар қай жерде жүргiзiлуi тиiс, тауардың шыққан жылын, кепiлдiк мерзiмiн көрсетедi;
      2) жұмыстар үшiн: сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс алаңының, географиялық, инженерлiк-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқа сипатын, инфрақұрылым мен коммуникацияның бар-жоғын, жергiлiктi ресурстардың сипатын, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесiн беруi тиiс және объектiнi пайдалануға беру кезiнде қайшылықтарды болдырмайтын объектiнiң толық құрамын, аумақты инженерлiк дайындау, өндiрiс технологиясы мен жабдық, инженерлiк қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектiнi жарақтандыру жөнiндегi талаптарды көрсетуi тиiс.

Электрондық мемлекеттiк сатып


алуды жүргiзу қағидаларына
3-қосымша     

Рұқсат беру туралы хаттама
(әрбiр лотқа жеке қалыптастырылады)

Электрондық конкурстың нөмiрi ___________________


Электрондық конкурстың атауы _____________________
Лоттың нөмiрi __________________
Лоттың атауы ________________________

      Конкурстық комиссияның құрамы:





Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлi

Электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмдер туралы ақпарат:



Өнiм берушiнiң атауы

БСН (ЖСН)

Деректемелерi

Өтiнiм берiлген күн мен уақыт

 

 

 

 

 


      Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмге ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi туралы сарапшылар қорытындысы (егер тартылған жағдайда):

      Конкурстық комиссия мүшелерiнiң дауыс беру нәтижелерi:





Өнiм берушiнiң атауы

Т.А.Ә., лауазымы, комиссиядағы рөлi

Комиссия мүшесiнiң шешiмi

Ауытқу себебi

Негiздеме (ауытқыған жағдайда көрсетiлетiледi)

 

 

 

 

 

 


      Керi қайтарылған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер:



Өнiм берушiнiң атауы

Керi қайтару себебi1

 

 

 


1 үш мәтiндiк мәннен құралған анықтамалық: {бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу}

      Бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер:





Өнiм берушiнiң атауы

БСН (ЖСН)

 

 

 


      Заңның 17-бабы 4-тармағында көзделген өлшемдердiң салыстырмалы мәнiнiң осы электрондық конкурсқа қатысуға берiлген электрондық конкурсқа қатысуға арналған барлық өтiнiмдерге қолдану нәтижелерi туралы ақпарат.



Өнiм берушiнiң атауы

Шартты жеңiлдiктер, %

БСН (ЖСН)

Жұмыс тәжiрибесi

Қоршаған ортаны басқару менеджментi жүйесiн сертификаттау құжатының болуы

Тауарларды ерiктi сертификаттау туралы құжаттың болуы

Сертификатталған сапа менеджментi жүйесiнiң болуы

Тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығыстардың ең төменгi құны

1

2

3

4

5

6

7

8

























кестенiң жалғасы




Жалпы шартты жеңiлдiк %

Тауарлардың үздiк функционалдық сипаттамалары

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң үздiк техникалық сипаттамалары

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң үздiк сапалық сипаттамалары

Қазақстандық қамту

Отандық тауар өндiрушiнiң, отандық жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiлердiң мәртебесi

9

10

11

12

13

14



















      Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша ШЕШТI:



Өнiм берушiнiң атауы

БСН (ЖСН)

Деректемелерi

Конкурстық комиссияның шешiмi
















      Электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарын берудiң соңғы күнi мен уақыты: ______________. Бiр ғана өнiм берушi жiберiлген жағдайда ол конкурстық баға ұсыныстарын бермейдi.

Аукциондық құжаттаманың


электрондық нысанына
3-қосымша     


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет