Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы



бет7/10
Дата29.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#32699
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Аукционға қатысу туралы келiсiм

      Осымен осы аукционға әлеуеттi өнiм берушi ретiнде қатысуға ниет бiлдiредi және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (ларды) жеткiзудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi) жүзеге асыруға келiсiм бiлдiремiз.


      Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулердiң бұзылуы болмағанын растаймыз.
      Осымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды (ларды), жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бұзуға әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiмiн бiлдiремiз.
      Аукциондық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға және аукциондық комиссияға өзiнiң құқығы, бiлiктiлiгi, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (жеткiзiлетiн тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) дұрыс емес мәлiметтер бергенi үшiн жауапкершiлiгi, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулердi сақтауы туралы хабардар етiлгенiмiздi растаймыз.
      Аукционға қатысуға өтiнiмде және оған қоса берiлетiн құжаттарды мұндай дұрыс емес мәлiметтер бергенiмiз үшiн жауапкершiлiктi өзiмiзге толық аламыз.
      Аукционның жеңiмпазы етiп анықталған жағдайда веб-порталда электрондық конкурс қорытындыларының хаттамасы жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аукционға қатысуға бiздiң өтiнiмiмiзге қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерi мен аукционға қатысуға өтiнiмге қол қоюға құқық беретiн сенiмхаттың түпнұсқасын беруге мiндеттенемiз.
      Аукционға қатысуға арналған бiздiң аукциондық өтiнiмiмiз аукциондық құжаттамада талап етiлетiн мерзiм iшiнде қолданылатын болады.
      Бiздiң аукционға қатысуға өтiнiм жеңдi деп танылған жағдайда, бiз мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi шарттың жалпы сомасының үш процентiн құрайтын сомада енгiземiз (егер де аукциондық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi енгiзу көзделген болса көрсетiледi).
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасу сәтiне дейiн аукционға қатысуға берген бiздiң өтiнiмiмiз оны жеңдi деп тану туралы хабарламамен бiрге тапсырыс берушi мен бiздiң арамыздағы мiндеттi түрдегi шарт рөлiн орындайтын болады.

Конкурстық құжаттаманың


электрондық нысанына
3-қосымша    

Электрондық конкурсқа қатысу туралы келiсiм

      Осымен электрондық конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға әлеуеттi өнiм берушi ретiнде қатысуға ниет бiлдiремiз және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (ларды) жеткiзудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi) жүзеге асыруға келiсiм бiлдiремiз.


      Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулердiң бұзылуы болмағанын растаймыз.
      Осымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды (ларды), жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бұзуға әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiмiн бiлдiремiз.
      Конкурстық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзiнiң құқығы, бiлiктiлiгi, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (жеткiзiлетiн тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) дұрыс емес мәлiметтер бергенi үшiн жауапкершiлiгi, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулердi сақтауы туралы хабардар етiлгенiмiздi растаймыз.
      Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмде және оған қоса берiлетiн құжаттарды мұндай дұрыс емес мәлiметтер бергенiмiз үшiн жауапкершiлiктi өзiмiзге толық аламыз.
      Электрондық конкурстың жеңiмпазы етiп анықталған жағдайда веб-порталда электрондық конкурс қорытындыларының хаттамасы жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде электрондық конкурсқа қатысуға бiздiң өтiнiмiмiзге қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерi мен электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмге қол қоюға құқық беретiн сенiмхаттың түпнұсқасын беруге мiндеттенемiз.
      Электрондық конкурсқа қатысу бiздiң конкурстық өтiнiмiмiз конкурстық құжаттамада талап етiлетiн мерзiм iшiнде қолданылатын болады.
      Бiздiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм жеңдi деп танылған жағдайда, бiз мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi шарттың жалпы сомасының үш процентiн құрайтын сомада енгiземiз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi енгiзу көзделген болса көрсетiледi).
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасу сәтiне дейiн электрондық конкурсқа қатысуға берген бiздiң өтiнiмiмiз оны жеңдi деп тану туралы хабарламамен бiрге тапсырыс берушi мен бiздiң арамыздағы мiндеттi түрдегi шарт рөлiн орындайтын болады.

Электрондық мемлекеттiк сатып


алуды жүргiзу қағидаларына
4-қосымша      

Қорытынды туралы хаттама
(әрбiр лотқа жеке қалыптастырылады)

Электрондық конкурстың № ___________________________


Электрондық конкурстың атауы ___________________________
Лоттың нөмiрi _________________
Лоттың атауы __________________

Конкурстық комиссияның құрамы:





Аты-жөнi

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлi

      Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер):

Лоттың нөмiрi

Тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) атауы

Сатып алу үшiн бөлiнген сома, теңге

 

 

 


      Мынадай өтiнiмдер электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлдi:



Өнiм берушiнiң атауы

БСН (ЖСН)

Деректемелерi

      Конкурстық баға ұсыныстарын мынадай электрондық конкурсқа қатысушылар ұсынды:



Өнiм берушiнiң атауы

БСН (ЖСН)

Өкiлдiң Т.А.Ә

Конкурстық баға ұсынысы берiлген күн мен уақыт
















      Конкурстық баға ұсыныстары керi қайтарылды:



Өнiм берушiнiң атауы

БСН (ЖСН)

Өкiлдiң Т.А.Ә

Керi қайтару себебi
















      Электронды конкурсқа қатысушылардың шартты бағасының есебi:

теңге      





Өнiм берушiнiң атауы

БСН (ЖСН)

Бөлiнген сома

Өнiм берушiнiң бағасы

Бюджеттi төмендету пайызы

Шартты жеңiлдiк мөлшерi, %

Шартты жеңiлдiк ескерiлген баға

1

2

3

4

5

6

7

8

























      Электронды конкурстың жеңiмпазы: ______________________________
не: ____________________ мемлекеттiк сатып алу бойынша электронды конкурс мынадай себептермен өтпей қалды деп танылсын 1 :
      Тапсырыс берушi "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетiлген __________________ мерзiмде _______________________________-мен
мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасассын.

      Ескертпе: * Мынадай мәндердiң бiрi: "берiлген өтiнiмдердiң болмауы", "екеуден кем өтiнiм беру", "конкурсқа қатысуға бiр де бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлмеген", "конкурсқа катысуға бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлген", "конкурсқа қатысушының кейiнге қалдырылмаған бiр ғана конкурстық баға ұсынысы қалды".

Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
4-қосымша   

Бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер

(әлеуеттi өнiм берушi жұмысты немесе қызметтi сатып


алу кезiнде толтырады)

Аукциондық № _____________________________


Аукционнның атауы________________

      1. Әлеуеттi өнiм берушi туралы жалпы мәлiмет:

      Атауы
_____________________________________________________________________
____________________
БСН/ЖСН
_____________________________________________________________________

      2. Әлеуеттi өнiм берушiнiң Аукционда сатып алынатындарға ұқсас орындаған жұмыстарының (көрсетiлген қызметтерiнiң) көлемi, (бар болған жағдайда толтырылады)



Объектiнiң (көрсетiлетiн қызметтiң) атауы

Объектiнiң (көрсетiлетiн қызметтiң) орналасқан жерi

Тапсырыс берушiнiң атауы

Тапсырыс берушiнiң телефоны

Жұмыстың (көрсетiлетiн қызметтердiң) түрi

Объектiнiң (көрсетiлетiн қызметтердiң) аяқталатын жылы

Шарттың құны, теңге (көрсетiлмесе де болады)

 

 

 

 

 

 

 


      3. Әлеуеттi өнiм берушi жұмыстарды орындау (қызметтердi көрсету) үшiн қажет растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн қоса бере отырып, аукциондық құжаттамада көзделген жабдықтың (механизмдердiң, машиналардың), не ұқсас (қосымша) жабдықтың (механизмдердiң, машиналардың) болуы туралы мәлiметтердi көрсетедi.



Жабдықтардың (механизмдердiң, машиналардың) атауы

Қолда бар бiрлiктердiң саны

Жай-күйi (жаңа, жақсы, нашар)

Жеке меншiк, жалға алынған (кiмнен), сатып алынады
















      4. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры *



Қызметкерлердiң Т.А.Ә. (жеке куәлiк № және берiлген күнi көрсетiлсiн)

Лауазымы

Азаматтығы

Жалақысы

1













2













3













Жалпы еңбекақы төлеу қоры













ҚР азаматтарының еңбекақысының барлығы













      5. Қаржы ресурстарына қол жеткiзу туралы мәлiметтер:
(ақша қаражаты: өзiндiк, кредиттiк және т.б.) Төменде санамалау қажет.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын

Есткертпе * толтырмауға болады.

Қолы __________________
Күнi __________________

Конкурстық құжаттаманың


электрондық нысанына
4-қосымша   

Бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер

(әлеуеттi өнiм берушi жұмысты немесе қызметтi сатып


алу кезiнде толтырады)

Электрондық конкурстың № _____________________________


Электрондық конкурстың атауы
__________________________________________
Лоттың №____________________________
Лоттың атауы _________________________________________

      1. Әлеуеттi өнiм берушi туралы жалпы мәлiмет:

      Атауы
_____________________________________________________________________
____________________
БСН/ЖСН
_____________________________________________________________________

      2. Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурста сатып алынатындарға ұқсас орындаған жұмыстарының (көрсетiлген қызметтерiнiң) көлемi, (бар болған жағдайда толтырылады)



Объектiнiң (көрсетiлетiн қызметтiң) атауы

Объектiнiң (көрсетiлетiн қызметтiң) орналасқан жерi

Тапсырыс берушiнiң атауы

Тапсырыс берушiнiң телефоны

Жұмыстың (көрсетiлетiн қызметтердiң) түрi

Объектiнiң (көрсетiлетiн қызметтердiң) аяқталатын жылы

Шарттың құны, теңге (көрсетiлмесе де болады)

 

 

 

 

 

 

 


      3. Әлеуеттi өнiм берушi жұмыстарды орындау (қызметтердi көрсету) үшiн қажет растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (механизмдердiң, машиналардың), не ұқсас (қосымша) жабдықтың (механизмдердiң, машиналардың) болуы туралы мәлiметтердi көрсетедi.



Жабдықтардың (механизмдердiң, машиналардың) атауы

Қолда бар бiрлiктердiң саны

Жай-күйi (жаңа, жақсы, нашар)

Жеке меншiк, жалға алынған (кiмнен), сатып алынады

 

 

 

 

 


      4. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры *



Қызметкерлердiң Т.А.Ә. (жеке куәлiк № және берiлген күнi көрсетiлсiн)

Лауазымы

Азаматтығы

Жалақысы

1













2













3













Жалпы еңбекақы төлеу қоры













ҚР азаматтарының еңбекақысының барлығы













      5. Қаржы ресурстарына қол жеткiзу туралы мәлiметтер:
(ақша қаражаты: өзiндiк, кредиттiк және т.б.) Төменде санамалау қажет.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын

Есткертпе * толтырмауға болады.

Қолы __________________
Күнi __________________

Электрондық мемлекеттiк сатып


алуды жүргiзу қағидаларына
5-қосымша     

Бекiтемiн:


(тапсырыс берушiнiң толық атауы көрсетiледi)
(аукциондық құжаттаманы бекiткен адамның аты-жөнi көрсетiледi)

      (аукциондық құжаттама бекiтiлген шешiмнiң нөмiрi мен күнi көрсетiледi)



АУКЦИОНДЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНЫ

(сатып алу мәнiнiң түрi, электрондық аукцион атауы көрсетiледi)

      Тапсырыс берушi (атауы, орналасқан жерi, БСН, банк деректемелерi көрсетiледi)
      Тапсырыс берушiнiң өкiлi (аты-жөнi, ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетiледi)
      Ұйымдастырушы (атауы, орналасқан жерi, БСН, банк деректемелерi көрсетiледi)
      Ұйымдастырушының өкiлi (атауы, орналасқан жерi, ЖСН, банк деректемелерi көрсетiледi)
      Аукциондық комиссияның хатшысы (аты-жөнi, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетiледi)

Жалпы ережелер

      1. Аукцион қоса берiлiп отырған аукцион мәнiне (лотына) сәйкес өнiм берушiнi (лердi) таңдау мақсатында жүргiзiледi.


      2. Осы аукциондық құжаттама (бұдан әрi - АҚ) мыналарды қамтиды:
      1) осы АҚ 1-қосымшаға сәйкес аукцион мәнi;
      2) осы АҚ 2-қосымшаға сәйкес белгiлiнген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшелiктердi қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң сипаттамасы және талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
      3) осы АҚ 3-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келiсiм нысаны;
      4) осы АҚ 4, 5-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткiзу (жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету) үшiн әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер нысаны;
      5) егер жұмыстарды орындау мерзiмi жобаалды құжаттамасына сәйкес бiр қаржы жылынан асқан жағдайда жұмыстарды орындаудың кезеңдерi, түрлерi мен көлемi туралы ақпарат қоса берiледi;
      6) осы аукционға бөлiнген сома __ теңгенi құрайды.
      3. Аукционға қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiммен бiрге төменде санамаланған нысандардың бiрiнде тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуға бөлiнген соманың бiр пайызы мөлшерiнде аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзедi:
      1) мынадай банк шотында орналастырылатын ақшаның кепiлдiк берiлген ақшалай жарнасы (тапсырыс берушiнiң не ұйымдастырушының банк шотының толық деректемелерi көрсетiледi);
      2) Осы АҚ 6-қосымшаға сәйкес банк кепiлдiгi. Аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi аукционға қатысуға өтiнiмнiң өзiнiң қолданылу мерзiмiнен кем болмайды.

2. Ұйымдастырушының АҚ ережелерiн әлеуеттi өнiм берушiлер – веб-портал қатысушыларына түсiндiруi

      4. Веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салуға, бiрақ оны (сұрау салуларды қабылдаудың соңғы күнi мен уақыты көрсетiледi) кешiктiрмей жiберуге құқылы.


      5. Ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап, күнтiзбелiк бiр күн iшiнде аукциондық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру мәтiнiн веб-порталда жариялайды.
      6. Ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы күнi аяқталғанға дейiн (АҚ-ны өзгертудiң соңғы мерзiмi көрсетiледi) кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың АҚ-ның ережелерiн түсiндiру туралы сауалына жауап ретiнде АҚ-ға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. АҚ-ға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу де АҚ-ны бекiту сияқты тәртiппен ресiмделедi. Ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей АҚ-ны алған веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-порталда нақтыланған аукциондық құжаттаманы жариялайды.
      Мұндай жағдайда аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы мерзiмi кемiнде жетi күнге ұзартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет