Жоба
Электрондық оқыту жүйесінің
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
МАЗМҰНЫ
Жоба 1
Электрондық оқыту жүйесінің 1
Кіріспе 2
Ағымдағы жай-күйді талдау 3
1.Электрондық оқыту жүйесінің мақсаты мен міндеттері 7
4. Тұжырымдаманың негізгі бағыттары мен оны жүзеге асыру механизмдері 7
4.1 Электрондық оқыту жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту 7
4.2 Технологиялық инфрақұрылымды дамыту 8
4.3 Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануды дамыту 9
4.4 Сандық білімдік ресурстарды дамыту 10
4.5 Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау 12
5. Электрондық оқыту жүйесін енгізу кезеңдері мен индиакторлары 13
Кіріспе
Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарының 136-тармағында: «Орта, техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында электрондық оқыту жүйесі (е-learning)» енгізілетін болады», - деп қарастырылған.
Елбасының 2010 жылғы 7 желтоқсанда № 1118 Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі оқу үдерісін автоматтандыруды енгізудегі «білім беру ұйымдарының 90%-ы электрондық оқыту жүйесін қолданылады» мақсаттық индикаторға негізделген болып табылады.
Электрондық оқыту жүйесінің 2011-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы (әрі қарай - Тұжырымдама) орта білім беру ұйымдарында ақпараттандыру үдерісінің ағымдағы жай-күйді талдауға баға береді, сонымен бірге электрондық оқытудың бірыңғай жүйесін енгізу бойынша процестерді жеделдету үшін қажетті шараларды анықтайды.
Қысқартулар, терминдер мен анықтамалар:
АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
e-learning – ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы электрондық оқыту жүйесі
Қашықтықтан оқыту – қашықтықтан білім беру технологиялары — ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы белгілі бір қашықтықта немесе үйренушілер мен педагог қызметкерлерінің арасындағы қашықтықтан байланысты толығымен қамтамасыз етуге негізделген оқыту
Корпоративтік желі - бұл ұйымның ережелерiмен сәйкес басқарылатын бiртұтас мекеме немесе оған тәуелдi коммуникациялық жүйе
Сандық білім ресурстары – қолданушының сәйкес ережелерді сақтай отырып, бiлiм беру мақсатында қолдану үшiн жергiлiктi компьютерге жүктей алатын барлық ақпараттар (мәтiндер, графика, мультимедиа) жиынтығы
LMS (Learning Management System) – жеткiзу, зерттеп отыру және үйренудi басқаруға негізделген программалық модуль
SCORM (Shareable Content Object Reference Model) – оқу материалдарын ұйымдастыру мен барлық қашықтықтан оқыту жүйесіне қойылатын талаптарға негізделген қашықтықтан оқыту жүйесі үшін жасалған стандарт
Ағымдағы жай-күйді талдау
Әлемдік тәжірибеде электрондық оқыту қазiргi бiлiмнiң ажырамас бөлiктерінің бірі болып табылады. Электрондық оқытуды тарату деңгейі бойынша Қазақстан АҚШ, Финляндия, Сингапур, Оңтүстiк корея, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерімен салыстырғанда бірнеше жылға артта қалып келеді. Бұл елдерде жасалған білім беру үлгілері экономиканың жедел түрде дамуына және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылатын стратегиялық мақсаттарға табысты жетуге жұмыс жасайды.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің ауқымды индексі «мектептердiң Интернет желісіне енуі» көрсеткішіне сәйкес позициялық төмендеуі байқалды, атап айтсақ, 2007 жылы 50 орыннан 2008 жылы 54 орынға, 2009 жылы 56 орыннан 2010 жылы 64 орынға дейін төмендеді.
Ақпараттандыру саласындағы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының ағымдағы жай-күйі электрондық оқыту жүйесінің енгізілуіне өту дайындығы жеткіліксіз деп сипаттауға болады.
Республикадағы 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының қабылдануынан кейінгі соңғы жылдары білім беру ұйымдарында технологиялық инфрақұрылымдар жедел дамып келеді. Сонымен, қазіргі таңда республика бойынша 1 компьютерге 16 оқушыдан келеді. Республика мектептеріндегі компьютерлердің жергілікті желіге қосылғаны 14%-дан 24% -ға дейін құрайды. 3385 мектеп пен 346 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары интерактивтік тақталармен, 3450 лингафондық және мультимедиа кабинеттерiмен жабдықталған. Мектептердің 37,3 % кең жолақты интернет желісіне қосылған, оқулықтардың 90%-ы сандық форматтарға ауыстырылған.
Сонымен қатар республикадағы педагогтардың компьютерлермен қамтамасыз етілуі туралы статистикалық есеп жүргізілмейді. Педагогтарға белгіленген тәртіп бойынша 1 компьютерге 4 педагогтың келуі қалыпты жағдайға жатпайды, өйткені қазіргі мектепте әрбір педагогке 1 компьютер тиесілі болуы керек.
Білім беру ұйымдарында инфрақұрылымның дамуы мен бақылап отыруы және АКТ әкімшілігі туралы мәселелер АКТ-қызметкерлерінің жоқтығынан информатика мұғалімдеріне жүктеліп отыр.
Мультимедиялық білім бағдарламалары мен электрондық оқулықтар формасында білім ресурстарын құру бойынша Министрлікте шаралар қолданылуда. Дегенмен, жасалған электрондық оқулықтар, құралдар және бағдарламалар CD және DVD тасымалдаушы құралдармен беріледі, бірақ веб-бағдарланған және Интернет арқылы бірнеше рет қолдануға мүмкін болмай отыр.
Республикада электрондық оқыту саласында ҚР Ст 34.016-2004 «Техникалық және қашықтықтан оқытудың программалық құралдары. Жалпы техникалық талаптар» мен ҚР Ст 34.017-2005 «Ақпараттық технологиялар. Электрондық басылым» қабылданған. Электрондық оқу курстарын жасауда авторлардың Халықаралық стандарттардағы талаптарды негізге ала отырып, e-learning жүйесiнiң SCORM стандартымен үйлесімділігін қамтамасыз ету қажет. Алайда, қазақстандық электрондық өңдеулер үшiн бiлiм стандарттары әзірге ұсыныс түрінде болып отыр.
2008 жылы Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды даярлау, сараптамадан өткізу мен баспадан шығару жұмыстарын ұйымдастыру туралы Ереже бекітілген.
Алайда, қолданысқа жіберліген оқу әдебиеттері, оның ішінде, электрондық оқулықтар Интернетте жарияланбағандықтан, білім ресурстарын пайдаланушылар жеткілікті деңгейде қолдана алмай отыр.
Электрондық оқулықтарды жасайтын педагогтардың авторлық құқығын алу мен оны дамыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі таңда мұндай ресурстарға қойылатын бірыңғай талаптар анықталмаған, электрондық оқу материалдарын жасайтын педагогтарды ынталандыру мен марапаттау механизмі жасалмаған. Ең үздік жасақтамалардың рейтингісі жүргізілмейді.
Электрондық оқыту жүйесінің қызметінің негізгі шарттарының бірі үздік халықаралық тәжірибелердің талаптарына сәйкес оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады және оқу нәтижелерін бағалау бойынша Халықаралық қауымдастықтың TIMSS, PISA сияқты халықаралық рейтингілерін қазақстандық білім беру позицияларын айқындау мақсатында жүргізу қажет.
Қазақстандық білімдік орта білім беру ұйымдары, аймақтық білім басқармалары мен Министрліктің ведомстволық құрылымдары Интернет сайтында берілген. Электрондық білім ресурстарының каталогтарын Интернетте тек сайтты жасақтаушылар ғана жариялай алады. Қазақстан сайттарының бірыңғай тізбелерінің жоқтығы, білім саласында кең көлемдегі ақпараттың таралуына, білімді ақпараттандыру бойынша қазақстандық білім ресурстарының кеңінен таралуына кедергі келтіріп отыр.
Қазіргі ақпараттық білімдік орта барлық қатысушыларды біріктіруі тиіс: Министрліктің құрылымдық бөлімдері мен ведомстволық құрылымдары, аймақтық Білім басқармалары, білім беру ұйымдарының басшылар мен педагогтары, оқушылар мен олардың ата-аналары.
Интернет – барлық қатысушылардың қажеттіліктерінің өзара әрекеттесулерін есепке алуы мен ақпараттарды жіберудің ашықтығын қамтамасыз ету желісі.
Сонымен бірге бiлiм беру үрдістерінің ақпараттық жүйелері мектеп басшылары, ұстаздармен және тәрбиешiлермен оқушылардың үлгерiмi туралы ақпараттарды алу үшін ата-аналардың қатысуын, өзара ақпараттар алмасуды қамтамасыз етуi керек. Өткізілетін байқаулар мен олимпиадалардың нәтижелері, әр түрлi пәндер бойынша тестілер туралы толық ақпараттар және Ұлттық бірыңғай тестке даярлану Интернет арқылы қолжетімді болуы қажет.
Электрондық оқыту жүйесі жергілікті желі мен ауқымды Интернет желісін, желілік технологияларды белсенді қолдану арқылы ұйымдастырылатын қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктері де енеді.
АҚ «Ұлттық ақпараттандыру орталығының» Интернет-сайтында» қашықтықтан оқытудың ашық жүйесі Moodle (www.moodle.nci.kz) орналасқан. Ол көпфункционалды модульдік орта LMS (Learning Management System) және білім берудегі технологиялар үшін халықаралық стандарттар негізінде стандартталған жүйе болып табылады. Сонымен бірге бұл жүйе Интернет желісіне ену мүмкіндігінің жеткіліксіздігінен Қазақстанда бұл жүйені пайдаланушылар жан-жақты қолдана алмады.
Сонымен, электрондық оқыту жүйесін қолдану оқу үдерістеріндегі барлық қатысушылардың өзара әрекеттесуі жағдайында тек олардың кiрiгуiнiң нәтижесінде тиімді болады.
-
Орта білім беру үшін электрондық оқытудың бірыңғай жүйесінің мақсаты:
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу жеткілікті:
-
Электрондық оқыту жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту;
-
Білім беру ұйымдарының технологиялық инфрақұрылымын дамыту;
-
Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануды дамыту;
-
Сандық білім ресурстарын дамыту;
-
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау.
4. Тұжырымдаманың негізгі бағыттары мен оны жүзеге асыру механизмдері 4.1 Электрондық оқыту жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту
Электрондық оқыту жүйесінің қызметін қамтамасыз ету үшін келесі бағыттар бойынша нормативтік-құқықтық базаны жасау талап етіледі:
-
Оқушылардың қорытынды аттестациясының нәтижесін негізге ала отырып, электрондық оқыту жүйесін ұйымдастырудың нормативтік базасын жасау;
-
Қолданыстағы мемлекеттік білім стандарттары мен оқу бағдарламаларына АКТ-ны қолдану негізінде пәндер бойынша оқушылардың біліміне, біліктілігіне және дағдысына қойылатын талаптарды енгізу;
-
Білім беру ұйымдары үшін электрондық оқыту жүйесінің программалық және техникалық қамсыздандыру тізімімен ұсынылған талаптарға сәйкес бірыңғай корпоративтік стандарт жасау;
-
Электрондық оқытудың бірыңғай жүйесін пайдаланушылардың ұжымдық және жеке жұмыс тәртібін құру;
-
Таратуға жіберілген сандық білім ресурстарын қолдану бойынша әдістемелік нұсқау қорын құру;
-
Сандық білім ресурстарын қолдану үшін әдіскерлер мен оқытушыларды кәсіби және кадрлардың АКТ-құзырлылығын қалыптастыруға даярлау жүйесін құру,
-
АКТ-ны қолдану арқылы оқытушылардың жасаған үздік оқу материалдарын тарату механизмін құру;
-
Сандық білім ресурстарын құру, талдау және тарату;
-
Сандық білім ресурстары бойынша эксперттік кеңес жұмысын ұйымдастыру.
4.2 Технологиялық инфрақұрылымды дамыту
Ора білім беру ұйымдарының технологиялық инфрақұрылымыны келесі компоненттер енуі тиіс:
-
Білім беру ұйымдарының оқу кабинеттерін жаңа типті компьютерлермен, сервермен, мультимедиялық және перифериялық жабдықтармен жабдықтау (мысалы, әрбір педагогқа компьютер, 1 компьютерге 1-2 оқушыдан);
-
Білім беру ұйымдарында жергілікті желіні құру (құрылымдық арналы желілер, Wi-Fi желісі) және мекеме ішіндегі оқу және жұмыс кабинеттеріндегі жұмыс орындарын біріктіруге негізделген серверлік жабдықтар;
-
Білім беру ұйымдарында Интернет желісіне еркін ену мен оқытушылар арасында өзара электрондық ақпараттық алмасуды ұйымдастыру үшін корпоративтік желі;
-
Кең жолақты Интернет желісіне ену (секундына жылдамдығы 4-тен 10 Мегабитке дейін);
-
Электрондық оқыту жүйесінің білім беру салаларының Интернет-порталы;
-
Білім беру ұйымдарының ақпараттық ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ететін Интернет-сайттар;
-
Серверлік бөлмелердің талаптарына сәйкес серверлік жабдықтар.
.
Тәжiрибе көрсеткендей, технологиялық инфрақұрылымның дамуы және оның жұмыстарын қадағалап отыру ақпараттық жүйелердiң қызметінсіз АКТ-ны қолдану шаралары тиiмсiз екендігі анықталды.
Білім беру ұйымдарындағы жекеленген инфрақұрылым компоненттері желілік технологиялар мен қазіргі Интернет қызметтерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бірыңғай электрондық оқыту жүйесіне біріктірілуі керек
4.3 Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануды дамыту
Халықаралық тәжірибе оқу үдерісінде АКТ-ны тиімді пайдалану e-learning өнеркәсiптiк шешiмдерiнiң қолдануында қамтамасыз етiлгенiн көрсетедi.
Электрондық оқыту жүйесінің тиімділігі оқу үдерісінде АКТ-ның графикалық, мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану мен оқу материалдарын игеруде интерактивтік ойындарды қолдану оларды сапалы, әрі тиімді түрде меңгеруге ықпал етеді. Мысалы, электрондық білім саласындағы жетекші елдердің бірі саналатын Оңтүстік Корея тәжірибесінде оқушылардың 80% e-learning қолдану жүйелерi пәндер бойынша тестердiң нәтижелерiн жақсартуға мүмкiндiк беретiндігі көрсетілген.
Электрондық оқыту жүйесі оқушылардың қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамытады және өөдігінен білім алу дағдысын қалыптастырады. Электрондық оқыту жүйесі қазіргі білім берудің «өмір бойы білім алу» мен «баршаға ортақ білім беру» қағидаларына сәйкес оқушылдардың жеке және ұжыммен жұмыс жасауына жағдай жасалуы тиіс.
Электрондық оқыту жүйесінің негізгі қызметтері:
1. Электрондық оқыту жүйесінде мектептегі оқыту ұзақтығына сәйкес әрбір оқушының білім деңгейі мен оқыту статистикасы (ұзақтығы, мазмұны, бағалау, т.б.) берілуі керек.
2. Жүйенің басқа қызметінде пәндер бойынша тест болады, емтиханға дайындық барысында оқушылардың өздігінен білімін тексеру жүргізіледі.
3. Электрондық оқыту жүйесінде мектеп әкімшілігінің келесі қызметтері іске асырылатын болады: оқу жоспарын, сабақ кестесін құру, педагогикалық жүктеменің мәні мен оның есептелуі, есептер мен статистикалық формаларды құру, электрондық журналдар мен хабарлама тақталарын жүргізу.
4. Электрондық оқыту жүйесі сабақтар және конспекттердiң жасауы, халықаралық стандарттармен үйлесiмдi форматьтар үшiн құрал-сайман педагогтар үшін берілуі керек.
5. Жүйеге қатысушылардың ұжымдық жұмысты және педагогтардың қоғамдастығын қамтамасыз ететін байланыс құралдары (форумдар, чаттар, конференция) үшін ауқымды және жергiлiктi жүйе қажет.
6. Электрондық оқыту жүйесі инфрақұрылымының қызмет көрсетуiн аутсорсинг негiзде әр түрлi желілік сервистер, программалық қамтамасыз етудiң жаңа версияларын басқару функцияларын қамтамасыз ететiн орталықтандырылған архитектурада негiзделуi керек. Жүйенiң ұқсас архитектурасы инфрақұрылымның қызмет көрсету құнының төмендеуіне байланысты АКТ-мамандарының санын азайтады, ақпараттық қауiпсiздiк саясатын қамтамасыз етедi.
4.4 Сандық білімдік ресурстарды дамыту
Электрондық оқыту жүйесінде желiде еркiн таралатын оқу материалдары бар ашық бiлiм беретiн қорлары болады.
Жасалынған электрондық ақпараттық ресурстары және мультимедиалық бiлiм жасақтамалары еркiн аударылып, электрондық оқыту жүйесінде Интернет арқылы қолданылуы керек.
Электрондық оқыту жүйесіндегі ақпараттық ресурстарға оқу теледидарының цифрланған материалдары енетін болады.
Электрондық оқыту жүйесі бойынша арнайы жабдықтаушылардың инварианттық және вариативтік сандық білім ресурстары құрылатын болады:
- сапалы білім нәтижелеріне жетуге бағдарланған;
- пәндiк салалардың оқу бағдарламасы немесе бiр немесе бiрнеше нақты тақырыптар, бөлiмдер бойынша бiлiм беру үрдісінің субъектілерiнiң қолдайтын қызметтерiне негізделген;
- ғылыми нәтижелерді негізге ала отырып, зерттеушілік сипаттағы оқу модульдеріне бағытталған;
- арнайы энциклопедиялар (өнер, тарих, география, т.б.);
- географиялық карталар және жердiң жасанды серiгiнен алған суреттердiң жиынтығына негiзделген бiлiм беру ортасы;
- хронологиялық қағидалар бойынша құрастырылған материалдар жиынтығы (уақыт ленталары);
- виртуальдық зертханалар немесе оның құбылыстарын зерттеуге негізделген модельдер;
- ақпараттық көздер жинақтары;
- күрделі интерактивтік оқу материалдары (мысалы, Менделеевтің интерактивтік кестелері, композициялық талдауы, архитектуралық ескерткiштiң үш өлшемдi үлгiсi, жұлдызды аспан атласы және т.б.).
Электрондық оқыту жүйесінде педагогтар өздерінің оқу құралдары мен тестілерін құруы мүмкін. Олардың жұмысы мәтiндiк және графикалық редакторлар мен орталарда, мысалы, Microsoft Word, Microsoft PowerPoint, Adobe Flash, Adobe Photoshop оқу контентiн жасаудың бiрыңғай жүйесімен стандартталатын болады.
Оқу материалдарын жасау жүйесі барлық педагогтарға кез келген орын мен кез келген уақытта Интернет арқылы жаңа және сапалы үлгiлер мен электрондық түрдегi бiлiмдердi беру формасын құруға мүмкiндiк бередi. Осы мақсатта үздік электрондық оқу материалдарын жасайтын шығармашыл педагогтарды мадақтау мен ынталандырудың тетіктерін құру талап етіледі.
Білім беру ұйымдарының оқу үдерісінде және өздігінен білім алушыларға қолдану үшін озық педагогтардың тақырыптық сабақтар циклі мен дәрістерінің бейнежазбаларының қорын құру жеткілікті. Сабақтардың бейнежазбаларының қорларын Интернет желісі, жергілікті желіде, офф-лайн режимінде және жай компьютерлерде көруге болады. Мұндай оқу бейнематериалдары шағын жинақталған білім беру ұйымдарында, оқу-материалдар қоры мен технологиялық инфрақұрылымы төмен білім беру ұйымдарына қажет болады. Электрондық оқыту жүйесіне онлайн режимінде қосылмаған, жергілікті желілерге қосылған компьютерлері бар білім беру ұйымдары үшін жаңартылған білім беру ресурстарын CD және DVD-тасымалдаушыларға жазып қолдануға болады.
Жеке міндеттердің бірі ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін мамандандырылған сандық білім ресурстарын жасау және контент-провайдерлерін жеткізу болып табылады.
4.5 Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау
Электрондық оқыту жүйесінің қызметі институционалдық қолдауды талап етеді. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу үшін ұйымдастырушылық құрылым құрылады немесе анықталады. Ұйымдастырушылық құрылымның қызметіне электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында білім беру ұйымдарын ақпараттандырудың мониторингтік көрсеткіштері мен бақылау енгізілетін болады. Мұнда білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін қолдану деңгейінің өлшемдік көрсеткіштері жасалып, қолданылатын болады.
Сандық білім ресурстарын бағалау бойынша жоғары мамандандырылған педагогтар мен әдіскерлер санынан құралған эксперттік кеңес құру талап етіледі.
Ұқсас құрылымдар қолданылатын сандық білім ресурстарының сапалық белгілерін құрастырумен қамтамасыз етуге және электрондық оқыту жүйесінiң тиiмдiлiгiн бағалай алады.
Астана қаласы, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының бiлiм беру ұйымдарында жүргізілген сауалнамалар мәліметтері бойынша мектептердегі АКТ-сертификатталған педагогтар саны орташа есеппен 52%. құрайды.
Аймақтық біліктілікті арттыру институттары мен оқу-әдістемелік кабинеттердің бағдарламасын жасап, үйрету курстарын сандық білім ресурстарын қолдану үшін әдіскерлер мен оқытушыларды кәсіби және кадрлардың АКТ-құзырлылығын қалыптастыруға даярлауға негіздеп ұйымдастыру қажет. Осы мақсатта сандық білім ресурстары бойынша жеке әдіскер даярланып, штатқа мамандандырылған әдіскер ретінде енгізу қарастырылуы керек.
Бiлiм беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу мен оның жұмысын қадағалап отыру үшін технологиялық инфрақұрылымды әкiмшілік басқаруды қамтамасыз етуi үшiн қосымша АКТ-маманы штаттық бірлігін енгізу талап етіледі. Сонымен бірге білім беру ұйымдарының ішінде ақпараттандыру үрдісін басқару мен оны үйлестіру үшін ұйымдасрыушылық құрылымына директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасарын штаттық бірлігін енгізу қарастырылуы керек.
5. Электрондық оқыту жүйесін енгізу кезеңдері мен индиакторлары
Электрондық оқытудың бірыңғай жүйесі кезеңдер бойынша енгізілетін болады.
Орта білім беру ұйымдарында жүйені енгізудің 1-кезеңі: 2011-2015 ж.ж., 2-кезеңі: 2016-2020 ж.ж.
Тұжырымдаманы іске асыру нәтижелері келесілер болып табылады:
-
Орта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу, оның ішінде, жылдар бойынша:
2011-2015 оқу жылдары аяғында – 1 кезең, орта білім беру ұйымдарының жалпы санының 50 % -ы
2016-2020 оқу жылдары аяғында – 2 кезең, орта білім беру ұйымдарының жалпы санының 90 % -ы.
-
Электрондық оқыту жүйесінің технологиялық инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде:
өткізу қабілеті 4-тен 10 Мбит/сек дейінгі кең жолақты Интернет желісіне қосылатын білім беру ұйымдарының саны, жылдар бойынша:
2015 жыл - орта білім беру ұйымдарының жалпы санының 50 % -дан жоғары,
2020 жыл - орта білім беру ұйымдарының жалпы санының 90 % -дан жоғары;
Бір компьютерге щаққандағы педагогтар саны, жылдар бойынша:
2015 жылдың аяғында – 1 компьютерге 4 педагогтан артық емес;
Бір компьютерге шаққандағы оқушылар саны, жылдар бойынша:
2015 жыл - 1 компьютерге 10 оқушыдан артық емес,
2020 жыл - 1 компьютерге 1-2 оқушыдан артық емес;
Орта білім беру ұйымдарында жалпы компьютер санына шаққанда жергілікті желіге қосылған компьютерлер санының қатынасы, жылдар бойынша:
2015 жыл – 50 %-дан жоғары,
2020 жыл – 90 %-дан жоғары;
Жалпы педагогтар санына щаққанда электрондық пошта мен арнайы веб-блогы бар педагогтар санының қатынасы: 2015 жылға - 80 %-ға дейін.
-
Сандық білім ресурстарын дамыту
Жалпы білім беретін пәндердің жалпы санына шаққандағы АКТ мен сандық білім ресурстары қолданылатын пәндер санына қатынасы:
2015 жылдың аяғында – 50 %-дан жоғары,
2020 жылдың аяғында – 90 %-дан жоғары;
-
Орта білім беру жүйесінде АКТ-ны қолдану бойынша нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз етуді жетілдіру
Келесі бағыттар бойынша реттеуші құжаттар мен нормативтік-құқықтық актідер жасалатын болады:
- Оқушылардың қорытынды аттестациясының нәтижесін негізге ала отырып, электрондық оқыту жүйесін ұйымдастыру;
- Қолданыстағы мемлекеттік білім стандарттары мен оқу бағдарламаларына АКТ-ны қолдану негізінде пәндер бойынша оқушылардың біліміне, біліктілігіне және дағдысына қойылатын талаптарды енгізу;
- орта білім беру ұйымдары үшін бірыңғай корпоративтік стандарт жасау;
- электрондық оқыту жүйесін пайдаланушылардың жеке және ұжымдық жұмысының тәртібін құру;
- таратуға жіберілген сандық білім ресурстарын қолдану бойынша әдістемелік нұсқау қорын құру;
- сандық білім ресурстарын қолдану үшін әдіскерлер мен педагогтарды кәсіби және кадрлардың АКТ-құзырлылығын қалыптастыруға даярлау жүйесін құру;
- сандық білім ресурстарын құру, талдау және тарату;
- ең үздік электрондық оқу материалдарын жасаған педагогтарды мадақтау мен марапаттау механизмін жасау;
- сандық білім ресурстары бойынша эксперттік кеңес жұмысын ұйымдастыру.
-
Педагогтардың АКТ-құзырлылығын дамыту
Педагогтар мен оқушылардың жалпы санына шаққандағы электрондық оқыту жүйесін пайдаланушылардың санына қатынасы, оның ішінде, жылдар бойынша:
2015 жыл – 50 %-дан жоғары,
2020 жыл – 90 %-дан жоғары;
АКТ-ны қолданып педагогтардың біліктілігін арттыру курстарының жалпы санына шаққандағы біліктілікті арттыру курстарының санына қатынасы:
2015 жылдың аяғында – 50 %-дан жоғары,
2020 жылдың аяғында – 90 %-дан жоғары;
Барлық педагогтардың жалпы санына шаққандағы АКТ-сертификатталған педагогтар санына қатынасы, оның ішінде, жылдар бойынша:
2015 жыл – 50 %-дан жоғары,
2020 жыл – 90 %-дан жоғары;
-
Электрондық оқытудың бірыңғай жүйесін институциональдық қамтамасыз ету
Электрондық оқыту жүйесінiң Тұжырымдамасын iске асыру бойынша шараларды өткiзу әлемдік ақпараттық кеңістікте қазақстандық білім беру жүйесінің сабақтастығын және оның бәсекеге қабілеттілік деңгейінің артуын қамтамасыз етедi.
Жоба
2011-2015 жылдарға арналған электрондық оқыту жүйесінің тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары
(1 кезең)
№ р/н
|
Шаралар атауы
|
Іс-шаралар мерзімі
|
Жауапты
|
1.Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
|
|
Білім беру ұйымдарының оқу кабинеттерін жаңа типті компьютерлермен, сервермен, мультимедиялық және перифериялық жабдықтармен жабдықтау
|
2011-2015 ж.ж.
|
ҚР БжҒМ,
ҚРАжБМ
|
|
Білім беру ұйымдарында жергілікті желіні құру (құрылымдық арналы желілер, Wi-Fi желісі)
|
2011-2015 ж.ж.
|
ҚР БжҒМ
ҚРАжБМ
|
|
Білім беру ұйымдарында Интернет желісіне еркін ену мен оқытушылар арасында өзара электрондық ақпараттық алмасуды ұйымдастыру үшін корпоративтік желіні құру мен оны дамыту
|
2011-2015 ж.ж.
|
Білім беру ұйымдары
|
|
Білім беру ұйымдарында кең жолақты Интернет желісіне енуді қамтамасыз ету
|
2011-2015 ж.ж.
|
АҚ «Казахтелеком» (келісім бойынша)
|
|
Білім беру ұйымдарының ақпараттық ресурстарыне ену үшін Интернет-сайттарды құру мен оны дамыту
|
2011-2015 ж.ж.
|
Білім беру ұйымдары
|
|
Білім беру ұйымдарында серверлік бөлмелерді құру
|
2011-2015 ж.ж.
|
Білім беру ұйымдары
| -
Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
|
|
Электрондық оқыту жүйесінің І кезеңін енгізу үшін техникалық тапсырманы жасау, бекіту мен оны іске асыру
|
2011 ж.
|
ҚР БжҒМ
Жұмыс тобы
|
|
Электрондық оқыту жүйесінің 1-ші кезеңін ендіру
|
2011-2015 ж.ж.
|
ҚР БжҒМ
Білім басқармалары
| -
Сандық білім ресурстарын дамыту
|
|
Ең үздік электрондық оқу материалдарын жасаған педагогтарды мадақтау мен марапаттау механизмін жасау
|
2011-2015 ж.ж.
|
ҚР БжҒМ
Білім басқармалары
|
|
Сандық білім ресурстарын жинау, талдау және оны тарату механизмін жасау
|
2011-2012 ж.ж.
|
ҚР БжҒМ
|
|
Сандық білім ресурстарын құру
|
2011-2015 ж.ж.
|
ҚР БжҒМ
| -
Электрондық оқытуды нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту
|
|
Оқушылардың қорытынды аттестациясының нәтижесін негізге ала отырып, электрондық оқыту жүйесін ұйымдастырудың нормативтік базасын жасау
|
2011-2015 ж.ж.
|
ҚР БжҒМ
|
|
Қолданыстағы мемлекеттік білім стандарттары мен оқу бағдарламаларына АКТ-ны қолдану негізінде пәндер бойынша оқушылардың біліміне, біліктілігіне және дағдысына қойылатын талаптарды енгізу
|
2011 ж.
|
ҚР БжҒМ
|
|
Білім беру ұйымдары үшін электрондық оқыту жүйесінің программалық және техникалық қамсыздандыру тізімімен ұсынылған талаптарға сәйкес бірыңғай корпоративтік стандарт жасау
|
2011 ж.
|
ҚР БжҒМ,
Білім басқармалары
|
|
Электрондық оқытудың бірыңғай жүйесін пайдаланушылардың ұжымдық және жеке жұмыс тәртібін құру
|
2011 ж.
|
ҚР БжҒМ, Білім басқармалары
|
|
Таратуға жіберілген сандық білім ресурстарын қолдану бойынша әдістемелік нұсқау қорын құру
|
2011 ж.
|
ҚР БжҒМ, ведомстволық ұйымдары (нақты көрсету)
|
|
Сандық білім ресурстарын қолдану үшін әдіскерлер мен педагогтарды кәсіби және кадрлардың АКТ-құзырлылығын қалыптастыруға даярлау жүйесін құру
|
2011 ж.
|
ҚР БжҒМ, ведомстволық ұйымдары (нақты көрсету)
|
|
АКТ-ны қолдану арқылы педагогтардың жасаған үздік оқу материалдарын тарату механизмін құру
|
2011 ж.
|
ҚР БжҒМ
|
|
Сандық білім ресурстарын құру, талдау және тарату
|
2011 ж.
|
ҚР БжҒМ
|
|
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау
|
|
|
|
Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізуге жауапты ұйымдастыру құрылымын анықтап, құру
|
2011 ж.
|
ҚР БжҒМ
|
|
Аймақтық біліктілікті арттыру институттары мен оқу-әдістемелік кабинеттердің бағдарламасын жасап, үйрету курстарын енгізу
|
2011-2012 ж.ж.
|
ҚР БжҒМ, ведомстволық ұйымдары (нақты көрсету)
|
|
Сандық білім ресурстарымен жұмыс жасауға әдіскерлерді даярлау
|
2011 ж.
|
ҚР БжҒМ, ведомстволық ұйымдары (нақты көрсету)
|
|
Сандық білім ресурстары бойынша эксперттік кеңес құру
|
2011 ж.
|
ҚР БжҒМ, ведомстволық ұйымдары (нақты көрсету)
|
|
Білім беру ұйымдарына ретінде қосымша АКТ-маманы штаттық бірлік енгізу
|
2011-2015 ж.ж.
|
Білім басқармалары
|
|
Білім беру ұйымдарының ұйымдастырылу құрылымына ақпараттандыру бойынша директордың орынбасары штаттық бірлігін енгізу
|
2011-2015 ж.ж.
|
Білім басқармалары
|
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
Қосымша
Тұжырымдаманы нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жыл, 27 шілде № 319-III;
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы 2007 жыл, 11 қаңтар № 217-3;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
2002-2004 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін ақпараттандыру Тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 тамыздағы № 1037 қаулысымен мақұлданған;
«Электрондық үкімет» инфрақұрылымын кіріктіру негізіндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту Тұжырымдамасы, 2007 ж.;
2009-2011 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Стратегиялық жоспары;
Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды даярлау, сараптамадан өткізу және ьаспаға беру жұмыстарын ұйымдастыру туралы Ереже, 2008 жылдың 5-маусымында № 325 бекітілген (ҚР НПА № 5248 мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген);
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу туралы Мемлекеттік есеп
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің ведомстволық ұйымдары:
АҚ «Білім беруді ақпараттандырудың ұлттық орталығы» (www.nci.kz)
Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт (www.ripkso.kz)
Республикалық «Оқулық» орталығы (Интернет-сайты жоқ)
Тестілеу және мемлекеттік білім стандартының Ұлттық орталығы (www.testcenter.kz)
ҚР БжҒМ жанындағы информатика және басқару проблемалар институты (www.ipic.kz)
Білім сапасын бағалаудың Ұлттық орталығы (www.ncoko.kz)
Коррекциялық педагогиканың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (www.satr.kz)
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (www.daryn.kz)
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы (www.nao.kz)
ҚР БжҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (www.educontrol.kz)
Достарыңызбен бөлісу: |