ХХ ғасырдың 1930 жылдарының бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар: барысы мен дағдарысы
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары арасындағы халықаралық қатынастар тарихы тым күрделі. Осы кезең аралығында Германия, Италия, Жапония бастаған фашистік және милитаристік мемлекеттер Версаль-Вашингтон жүйесіне наразы болып, дүниені қайта бөлуге, негізінен Англия, Франция, АҚШ және олармен байланысты елдер бақылауында болған отар, шикізат көздері мен өткізу рыноктарын басып алуға жанталасты. Германия өз көршілерін табанына салуды, КСРО-ны талқандауды, Африка мен Таяу Шығыста жаңа отарлық империя құруды көздеді. Италия Жерорта теңізін «Итальян көліне» айналдыруды, Балкан түбегі мен Таяу Шығыс елдері, Африканың шығыс және солтүстігінің бір бөлігін өзіне бағындыруды жоспарлады. Жапония Қытай және Кеңес Одағының Азиялық бөлігін, сондай-ақ Бирма (Мьянма), Индонезия, Филиппин мен басқа «оңтүстік теңіз» елдерін өзіне қаратуды көздеді. Ең ірі фашистік-милитаристік мемлекеттер - Германия мен Жапония дүниежүзілік үстемдікке ұмтылды. Жапонияның басқарушы топтары өз мақсаты «дүниенің сегіз бұрышын бір шаңырақ астына, яғни Жапония қол астына біріктіру» деп ашық жариялады. Фашистік Германия үкіметінің басшысы Гитлер 10 ақпан 1939 жылы неміс әскери қолбасшылығының құпия мәжілісінде сөйлеген сөзінде өз саясатының мақсатын а) Еуропада үстемдік, ә) жүз жылдық дүниежүзілік үстемдік деп айқын белгіледі.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталмай тұрып-ақ Италия, Германия және Жапонияның басқарушы топтары агрессиялық жолға түсті. Италия Эфиопия (Абиссиния) мен Албанияны, Германия Австрия мен Чехословакияны басып алды. Жапония 1931 жылы Маньчжурияны (Солтүстік-Шығыс Қытай) оккупациялады, ал 1937 жылы Орталық Қытайда соғыс қимылдарын бастап, Пекин, Шанхай, Нанкин сияқты Қытайдың ірі қалаларымен қоса үлкен территорияларын өзіне қаратты. 1938 жылы жапон милитаристері Хасан көлі ауданында Кеңес Одағына, ал 1939 жылы Халкин-Гол өзені алқабында Моңғол Халық Республикасының территориясына енді. Кеңес және моңғол әскерлері басып алушылардың шабуылына тойтарыс берді.
Міне, осы сияқты елеулі оқиғалар орын алған ширек ғасырдай уақыт аралығындағы әлемдік тарихқа өзгеріс енгізген кезеңнің келбетін сомдап шығу, саяси-экономикалық дағдарыстардың себебін талдап, мәніне бойлау өз өзектілігін әлі күнге жоғалтқан жоқ деп санаймын. Сондықтан да осы шағын курстық жұмыста аталған мәселелердің байыбына баруға талпыныс жасалды.
№ 6. Дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Дүниежүзілік тарихтағы КСРО-ның орны.
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде АҚШ-тың қаржылық-экономикалық және әскери күш-қуаты едәуір күшейді. Еуропа мен Азияның көптеген халықтарының басына түскен қиыншылықты АҚШ басынан кешірмеді. Соғыс құралдарын сату есебінен американ монополиялары орасан зор пайда тапты. Өнеркәсіптің өндірістік қуаты мейлінше өсті. Соғыстан кейін АҚШ империализмнің ең басты экономикалық және әскери-саяси күш ретінде, халықаралық реакцияның қамалы болып бас көтерді. Американ капитализімінің ішкі табиғаты (капиталдың тез қорлануы, өндіргіш күштердің қаулап өсуі) оны сыртқы экспансияны кеңінен жүргізуге итермеледі. Құрама Штаттар жаңа рыноктарды иемденіп, шетелге капитал шығаруды арттыру үшін және кең көлемді «доллар империясын» құру үшін осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалды. Американ империализмі ең ірі қанаушыға айналды.
Соғыс аяқталысымен американ империализмі атом қаруына бір өзі ғана ие болғанына және соғыс базалары жүйесіне сүйене отырып, дүние жүзіне үстемдік орнату жоспарларын жүзеге асыруға тырысты. Монополистік буржуазияның идеологтары XX ғасырды «Америка ғасыры» деп атай бастады. Халықаралық аренадағы күштердің арасалмағында социализм пайдасына жасалған өзгерістер американ монополияларының қимыл өрісіне елеулі шек қойды. АҚШ-тың бәсекелестерінің еңсесі көтеріліп, бұғанасы қатайды да, тауар шығарылатын рыноктар үшін өздерінің ең күшті бәсекелесімен күреске түсті.
Сыртқы саясаты екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген жылдар бойы мүлде агрессияшыл сипат алды. АҚШ сол заманғы империализмнің лидері болу қызметін өзіне алып, социализмнің халықаралық позициясының нығаюына тосқауыл болуды, жер шарының көптеген аудандарында империалистік үстемдікті және езушілікті сақтап қалуды мақсат етіп қойды. «Күш көрсету позициясы» деген саясат осы бағыттың негізі болып отыр.
Бұл саясаттың түпкі мәні дүниежүзілік социализмнің өсуін «бөгеу», оны «үрейлендіру», сонан соң «шегіндіріп», жеңіліске душар ету еді. Бірақ бұл ракета-ядролық қару-жарақтар жөнінен шамамен теңесуші, әскери елес қаупін түсінуінің АҚШ-тың басшы топтарының басшы топтарының КСРО-мен қарым-қатынасқа деген көзқарасын қайта қарауында шешуші маңызы болды.
1954 жылғы Женева келісімдері Вьетнамды біріктіруге мүмкіндік туғызған еді. Бірақ оны Америка Құрама Штаттары орындатпай тастады. Америка империалистері Оңтүстік Вьетнамды өзінің соғыс базасына айналдыру керек деп шешті. Осы мақсатпен олар Сайгонда қуыршақ режим құрды, ол патриоттық күштерге қарсы террор мен жазалауды тұтандырды. Осыдан кейін іле-шала АҚШ Оңтүстік Вьетнамаға соғыс интервенциясын бастады да, жыл сайын үсті-үстіне жаңадан өзінің әскер контингенттерін жіберіп отырды. 60-жылдардың ортасына қарай АҚШ-тың экспедициялық күштерінің саны 500 мың адамнан артып кетті. Оның үстіне АҚШ Сайгонның қуыршақ армиясын толық қаруландырды, оның саны миллионнан астам адамға дейін жеткізілді.
1965 жылдан бастап ВДР (Вьетнам Демократиялық Республикасы) территориясы үнемі бомбаланып, атқылана бастаған. «Тәуелсіздік пен бостандықтан қымбат еш нәрсе жоқ», — Хо Ши Миннің күрес ұраны болды. АҚШ агрессиясына қарсы қарсыласу соғысы елдің бүкіл күшін жұмылдыруды талап етті. Вьетнам халқының күресі мен жеңісінің ұйымдастырушысы және басшысы Вьетнам коммунистерінің қаһарман партиясы болды.
Қысқа мерзім ішінде ДРВ мызғымас қамалға айналды, оған американ агрессорларының бомбалаушылары мен әскери кемелерді нәтижесіз шабуыл жасады. ДРВ-ның қарулы күшін сол заманғы қару-жарақпен жабдықтауға Кеңес Одағы зор көмек көрсетті. Вьетнам халқы Кеңес Одағынан материалдық көмек алып, моральдық-саяси қолдауын үнемі сезініп отырды. Халық-азаттық қарулы күштері (НВСО) американ агрессорлары мен олардың қуыршақ өкіметтеріне ауыр соққылар беріп отырды. Күрес 1960 жылы құрылған Оңтүстік Вьетнамды азат етудің Ұлттық майданы (НФОЮВ) мақсаттарды орындау мүмкін болмай қалды, өйткені Кеңес Одағы АҚШ-ты атом монополиясынан айырды, ракеталық-ядролық қару жасап, онымен әскери-стратегиялық тепе-теңдікке жетті.
Социализм елдеріне, жұмысшы, демократиялық және ұлт-азаттық қозғалыстарына қарсы бағытталған әскери-саяси блоктар жүйесі АҚШ-тың сыртқы саясатын жүзеге асыру құралы болып табылады. Бұл блоктардың біріншісі әрі неғұрлым ірісі Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы немесе қысқартып айтқанда НАТО болды.
Бұған қоса, АҚШ ондаған мемлекеттерді екі жақты әскери келісімдермен матап, олардың территориясына өз әскерлері мен соғыс базаларын орналастыруға құқық алды. 500 мыңнан астам американ солдаттары мен офицерлері АҚШ-тан тыс жерлерде тұрған.
Американ империалистері басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласқан, мемлекеттік төңкерістер ұйымдастырған, өздеріне ұнамаған үкіметтерді тайдырған. АҚШ-тың мемлекеттік саясатына айналған терроризмге, шпионаж бен диверсиялар ұйымдастыруға, шетелдерге контрреволюция жасауға орталық барлау басқармасы (ОББ) жылына мыңдаған миллиардтаған доллар жұмсаған. АҚШ жер шарының түрлі аудандарында соғыс жанжалдарын туғызу қаупі бар бірнеше халықаралық дағдарыс жасаған.
Американ империализмінің Үндіқытайға қасақана ұйымдастырған соғысы дүние жүзіне мейлінше елеулі қауіп болды. Алайда, бұл соғыс АҚШ үшін ең басынан-ақ, перспективалы болмады. Өз тәуелсіздігін табандылықпен қорғауға шыккан және агрессияны батыл тойтару үшін КСРО мен басқа да социалистік елдерден жан-жақты көмек алып отырған вьетнам халқына американ империализмі өз еркін таңа алмады. Вьетнам халқының жеңісі АҚШ империализмінің мүмкіншілігінің қаншалық тарылғанын нанымды көрсетті.
Ширек ғасыр бойы АҚШ пен КСРО арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен күйінде қалып келген. Мұның өзі тұтас алғанда халықаралық жағдайға ықпал етті. 70-жылдардың бас кезінде КСРО-ның АҚШ-пен туының астында жүргізілді. Патриоттардың осы күрестегі 1969 жылы Оңтүстік Вьетнам Республикасының Уақытша революциялық үкіметін (ВРПРЮВ) құруға жеткізді.
1960 жылдардың аяғына қарай вьетнам халқына қарсы американ агрессиясы тығырыққа кеп тірелді. Осы жағдайда АҚШ үкіметі Үндіқытайдағы соғысты «вьетнамдандыру» дегенді жариялап, айла-шарғы жасады. Бұл саясаттың мәні американ әскерлерін Оңтүстік Вьетнам әскерлерімен алмастырып (яғни «азиялықтарды азиялықтардың қолынан өлтіру» деген принципті жүзеге асыру) және бұл ауданда американ экспансиялық саясатынынң құралы ретінде Оңтүстік Вьетнамдағы Қуыршақ үкіметінің режимін сақтап қалу еді. Вьетнам халқының жан қиярлық күресі, социалистік елдердің жан-жақты туысқандық көмегі, қанаты кең жаюы жағынан бұрын болып көрмегн халықаралык ынтықмақтасу қозғалысы — осы факторлардың баршасы әскери, саяси және дипломатиялық майдандарда күрес жүргізген Вьетнамның жеңіс сағатын жақындата түсті.
Американ агрессорлары үшін ең ұзаққа созылған әрі ең жиіркенішті бұл соғыс үлкен сәтсіздік болды: олардың 57 мың адамы өлді және 300 мыңнан астам адамы жаралы болды. Үндіқытайдағы соғысқа 352 млрд. доллар жұмсалды.
Куба халқы жасампаз бейбіт еңбекпен шүғылданған.
Куба халқының өз жеңісінің алғашқы күнінен бастап қолынан қаруын тастамай келе жатқанына тек американ империалистері ғана кінэлі.
Кубаға шабуыл жасау үшін АҚШ территориясында Кубаның эмигрант-контрреволюционерлеріне жалдамалы бандалар даярлау ұйымдастырылды. АҚШ үкіметі 1961 жылы Кубаның революциялық үкіметімен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді. Ол Латын Америкасы елдерін АҚШ әміріне бағындыру мақсатымен 1948 жылы құрылған Американ мемлекеттерінің ұйымы (ОАГ) деп аталған ұйым арқылы ықпал жасап, өзінің қолшоқпарларын Кубаға қарсы айдап салды.
1961 жылы сәуірде АҚШ Плайя-Хирон ауданына Куба контрреволюционерлерінің отрядын түсіріп, Кубаға әскери шабуыл ұйыдастырды. «Отан немесе өлім! Біз жеңеміз!» деген ұранмен революцияны қорғау үшін бүкіл Куба халқы көтерілді. Үш күндік ұрыстың нәтижесінде жалдамалылар талқандалды.
1962 жылы қазанында Американ империалистері Кубаға соғыс блокадасын жариялап, Бостандық аралына басып кірмекке әзірленді. АҚШ Кариб теңізі ауданында дағдарыс туғызып, бүкіл әлемді термоядролық соғысқа киліктіре жаздады. Куба халқының ерлігі, Кеңес Одағынынң берік бағыты мен батыл шаралары қолдануының арқасында әскери жанжал болмай қалды. АҚШ үкіметі Кубаға шабуыл жасамауға және өзінің батыс жарты шардағы одақтастарын да мұндай әрекеттен сақтандыруға бүкіл әлем алдында міндеттеме алды. 1964 жылы АҚШ Латын Америкасы елдерін Кубамен барлық қарым-қатынасты үзуге күштеді. Мексика ғана оның әміріне бағынбады. Кейін Перу, Аргентина, Панама және басқа бірқатар мемлекеттер Кубамен қарым-қатынасын қалпына келтірген. Бұл революцияшыл Кубаның Латын Америкасындағы позициясын едәуір нығайтты. Американ мемлекеттері ұйымына мүше елдерінің Сыртқы Істер Министрлерінің кеңесі Кубаға қарсы санкцияны іс жүзінде жойған қарар қабылдады. Бірақ АҚШ Кубаға блокада жасауды тоқтатпаған. Олар бопсалау саясатына жүгінген, Кубаға қарсы жаңа агрессиямен қорқытып, Кариб бассейіндегі жағдайы мен беделін нығайтқан.
Алайда Кубаның халықаралық жағдайы мен беделі нығайған. Ол жүзден астам елмен дипломатиялық қарым-қатынас жасаған. Социалистік достық одақтағы елдердің туысқандық көмегіне сүйеніп, Куба Республикасы социализм орнату жолымен алға басқан.
Соғыстан кейінгі жылдарда Монғол Халық Республикасы (МНР) өзінің халықтық жағдайын нығайтты. Империалистік державалар МХР-дің дамуының алдыңғы сатысына жібермеу мақсатында сыртқы саясатқа еліктірмеуге тырысты. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Монғол Халық Республикасы тек қана Кеңес Одағымен ғана дипломатиялық қатынаста болған.
Социализм құрылысы барысында МХР халықарлық қатынаста үлкен көрсеткішті иеленді.
1948-1956 жылдары МХР барлық социалистік мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнатты, ал 1957-1967 жылдары ол достық және бейбіт қатынас келісім-шарттарын көптеген мемлекеттерімен жасайды. КСРО-мен МХР арасындағы өзара көмек көрсету туралы жаңа келісім-шартқа 1966 жылы 15 қаңтарда қол қойылды.
МХР өзінің сыртқы саясатындағы маңыздылықты Азия, Африка және Латын Америка мемлекеттерінде ұлт-азаттық қозғалысын қолдау, жас тәуелсіз мемлекеттермен достық қатынас орнатуды көздеді. 1955-1956 жылдары МХР, Үндістан, Бирма, Индонезия мемлекеттерімен дипломатиялық қатынас орнатты. Ал келесі жылдары-азиялық және африкандық мемлекеттермен қатынас орнатқан. 1961 жылы қазан айында Бас Ассамблеяның XVI сессиясында МХР Біріккен Ұлттар ұйымының құрамына енді.
1960 жылдары МХР, Англия, Франция, Австрия, Канада, Швейцария мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас жасасты.
МХР — 1962 жылдан бері Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің мүшесі. Дүниежүзілік социализм жүйесі тығыз достық байланыста болу, олардың көмегі МХР-дың халық шаруашылығы мен мәдениетінің жедел дамуьша жағдай жасаған.
Ұлттық буржуазияның ұмтылысы шетел монополияларымен өзіне тиімді қатынас жасауды көздеген. Пәкістанның халықаралық аренадағы ықпалы, 60-жылдары сырқы саясатының өзгеруіне әкелді. Бұл өзгерістің басты себебі, батыс саясатына наразылығы, Пәкістанның Пентагон жоспарына қатысы бар деген үрей.
1960 жылдарының басынан-ақ Пәкістан батыс державаларына біржақты бағыттан шеттеніп, социалистік мемлекеттер және афро-азияттық мемлекеттермен өз ынтымақтастығын кеңейтті.
1967 жылы Пәкістан араб мемлекеттеріне қарсы израильдық агрессияны кінәлап, оның жойылуын талап етті.
Вьетнам халқының өз тағдырын өзіндік шешуін жақтап, Пәкістан СЕАТО және СЕНТО блоктарына қатысуын шектеді.
Пәкістан Кеңес Одағы және басқа да социалистік мемлекеттермен тауар-сауда келісімдерін жасасып, ол өз тауарын машина, құрал-жабдықтарға айырбастады.
Социалистік мемлекеттерінің экономикалық және техникалық жәрдемдесуі, мемлекеттің халық шаруашылығының өмірлік маңызды аумақтарын дамытуына негізделді, яғни жанармай-энергия базасы, ауыр өнеркәсіп саласы бойынша КСРО көмегімен Пәкістан экономика сферасының маңызды ірі объектілері қамсыздандырылды, мұнай мен газ игеру жүмыстары жүргізілді.
Пәкістан, Туркия және Иранмен жан-жақты байланыс жасасса, ал Батыс Еуропа, Тропикалық Африка, араб мемлекеттерімен қатынасты одан әрі дамытты. Пәкістанның сыртқы саясаттағы маңызды аумағы — Үндістанмен қатынасы-өзгеріссіз қалды. Пәкістан-үнділік қатынас әскери қақтығыс тудырса керек.
1965 жылдың көктемінде, Качск ауданында (пәкістан~үнділік шекарасының оңтүстік-батысындағы батпақты мекені) қарулы соққы басталды. Тек 30 шілде де әскери әрекетті тоқтату жөніндегі келісім-шартына қол қойылды. Сол жылдың тамыз-қыркүйек айында Кашмир үшін қарулы қақтығыс өршіді. Оның салдарынан Үндістан және Батыс Пәкістан шекарасында ірі әскери әрекет жасалды. Дегенмен қыркүйек айының аяғына таман, от жаудыру аяқталғанмен, бұл жерде жағдай қиын мәнді иеленді. Оның дұрысталуына 1966 жылы қаңтар айындағы Ташкентте Үндістанның премьер-министрі Л.Б. Шастри және Пәкістан президенті М. Айюб Хан, Кеңес Министрлерінің Өкілі А.Н. Косыгин қатысуымен болған кездесу маңызды шешуші рөл атқарды.
1953 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін Иран бейтараптылықтан бас тартты және АҚШ-пен әскери одақ, сонымен қатар капиталистік мемлекеттермен ғана экономикалық байланыс саясатын жүргізді. Мұндай саясат Иранның ұлттық қызығушылығына сай келмеді.
1962 жылдың күзінде кеңес-иран қатыныасын жақсарту ұйғарылды. 1962 жылдың 15 қыркүйегіндегі келісім-шартта былай делінді: «КСРО шетел мемлекеттерінің ешқайсысына Иран территориясында ракета базасын орнатуына рұқсат бермейді» және Кеңес Одағына агрессия қолданбау жөнінде. Осыдан кейін Иран мен КСРО және басқа да социалистік мемлекеттер арасында қатынас жақсартылды. 1962 жылдың аяғында Иранға тиімді КСРО арқылы Иран тауарларын транзиттік тасымалдау жөнінде ратификациондык грамоталармен алмасу жүргізіліп, сонымен қатар шекара келісім-шартына, 1957 жылдың 14 мамырында Мәскеуде қол қойылды.
1963 жылдың 27 маусымында Тегеран жерінде кеңес-иран келісіміне қол қойылды, онда экономикалық және техникалық әріптестік, Аракс өзені бойында гидроэнергетикалық құрылыс жөнінде (бұл жоба 1967 жылы жүзеге асырылып, гидроэнергетикалық құрылыс іске қосылды), Пехлевин бұғазының жағалауында мелорация жүргізу, астық сақтау балық шаруашылық зауыты салу көзделді.
Иран мен КСРО арасында көршілік қатынасты одан әрі жақсарту мақсатында, ең маңызды із басу 1965 жылы, ал 1966 жылы 13 қаңтарда қол қойылған келісім-шарт негізі, Исфаган ауданында КСРО көмегімен металлургиялык зауытының салынуы (1971 аяғында зауыт ең бірінші шойын, ал 1972 жылы болат балқытып шығарды), Арак та машина құрылыс зауыты (1972 жылдың қыркүйек айында қолданысқа қосылды) және КСРО-ға газды қою мақсатында, трансирандық газ құбырын салды (1970 жылы құрылысы аяқталды). 1968 жылдың 22 шілдесінде Тегеранда кеңес-ирандық, экономикалық және техникалық байланыс жөнінде жаңа келісім-шартқа қол қойылды, ол Иранның төртінші бесжылдық аясы кезеңінде жүзеге асты. Кеңес-ирандық сауда қатынасы дамыды. Үш жыл ішінде, 1970 жылға дейін, көлемі 4 есеге өскен.
Кеңес Одағы ирандық экспортта бірінші орында тұрган. 1968-1969 жылдары Иранның КСРО-ға өндірістік тауарлар шығару 25 пайызды қүрады.
КСРО мен қатар, Иран басқа да социалистік мемлекеттермен экономикалық шарт жасасқан. Чехославакиямен Тебриздегі машина қүрылыс зауыты салынса, Румыниямен келісімде тракторлы зауыт салынған.
1964 жылғы келісімшарт негізінде, Иран көрші Ауғанстан, Пәкістан жэне Туркия мемлекеттерімен тығыз байланыста болды. Сонымен қатар Иранның АҚШ мемлекетімен 1959 жылы 5 наурызынан, екі жақты әскери келісім — шарт жалғасын тапты. Америка Құрама Штаттары Иранға капиталистік мемлекеттер арасындағы ең ірі капитал салымын салған.
Бирма әлі қосыла қоймаған, бейтарап мемлекет ретінде, өзінің халықаралық әлем алдында прогресті түрде жылжуын қарастырушы мемлекет болған. Ол әр түрлі құрылымдагы мемлекеттермен бейбітшілік қатынасты қолдаған. Бирма Бандунг конференциясының белсенді қатысушысы және ұйымдастырушысы. БҰҰ және одан тыс Бирма бостандық үшін күрескер халықты қолдап, нәсілдік тежеуге, мемлекеттің ішкі істеріне араласуына қарсы, бүкіл және тұтастай қарусыздандыруды қолдаған.
1962 жылы Бирма үкіметі дүниежүзі ісіне және саясатына жағымды бейтараптық жолын ұстаушылығын растады. Ол Үндіқытайдағы соғыстың аяқталуына, оның келіссөз жүргізу арқылы және шетел қатысуынсыз шешуді жөн көрді. Бирма басқа да мемлекеттермен бейбіт қатынас жасауды, әсіресе көрші елдермен тығыз байланыс орнатуды мақсат еткен, бұл ГТБСП I, II, III съездерінде және Бирманың Конституциясында ерекше мәнге ие болды.
КСРО-ның «Бейбіт қатар өмір сүру» саясаты
Кеңес басшылары Сталин өлімінен кейін халықаралық жағдайда аса қиын мәселеге келді, әр түрлі құрылымдағы мемлекеттермен бейбіт қатар өмір сүру концепциясына жүктелді.
Олар «қырғи қабақ соғыстан» шығуды көздеп, халықаралық байланысты кеңейтіп, иілмелі дипломатия жүргізуге ұмтылды. Мәскеу Сталин өлімінен кейін, жедел бәсеңдету жолына түсті. 1953 жылы 25 сәуірде Кеңес басшылары американ президенті Д. Эйзенхауэр сөзіне құлақ асып, оны бағдармалы декларация түрінде басылымға жазды («Правда», «Известия» газеттерінің бірінші беттерінде). Мақаланың мағынасы қорытындының расталынуы еді, яғни барлық шешілмеген мәселелерді дипломатиялық келіссөздер жолымен, БҰҰ арқылы және тура шешуді мақсат етті. Бұл КСРО-ның иілмелі дипломатия жүргізуін айқындады. 1953 жылдың тамызында Маленков Жоғарғы Кеңес отырысында мынаны айтқан, КСРО «бейбіт қатар өмір сурүді» қолдайды. Сыртқы саясаттағы өзгеріс Кореядағы соғыстың аяқталуына жәрдемдесті. 1953 жылы 27 маусымда бітімге (татуласуға) қол қойды.
КСРО-ның жаңа сыртқы саясаттағы доктринасы КОКП-нің XX — съезінде қалыптасты. Оның негізгі мазмұны, нәтижесі мынада, яғни ядролық соғысқа альтернатива жасау арқылы, әр түрлі құрылымдағы мемлекеттермен бейбіт өмір сүру еді.
Соғыстар шарасыз болмағандығы айқындалып көрсетілген. Н.С. Хрущев сыртқы саясат істеріне үлкен назар аударды. Тек 1960 жылы, ол шет елде 88 күн болған. Бирма, Индонезия, Ауғанстан, Австрия, Финляндия мемлекеттеріне іс сапармен барған. КСРО-ның лидері 117 рет шет елде үкіметтік қабылдауда сөз сөйлеп, ол іскер жұмысшылар және корреспонденттермен кездескен. Оның сөз сөйлеуі Кеңес Одағында 26 рет шетел делегациясын қабылдау кезінде тыңдалды. Өрімнің шиеленісі әлемде дипломатиялық белсенділікті арттырды. Нәтижесі Женевадағы Үндіқытай бойынша, 1954 жылғы конференциясы болды. Бұл ауданда ұлттық — босатушы күштер қатал, эрі тиімді соғысты француз отаршылдармен жүргізген. Кеңес делегациясының ұсынысы бойынша, үндіқытайлық сұрақты талқылау негізінде жоба жасалды, онда Үндіқытайдың барлық территориясында біркелкі от жаудыруды тоқтату ұсынылды. Бейбітшілік жасалғаннан кейін, Камбоджи және Лаос тәуелсіздігін мойындау негізінде және олардың территориясынан француз әскерлерін шығару алға қойылды. Конференцияның нәтижелік жұмысы Үндіқытайдағы соғыстың аяқталуы және қорытынды декларацияға қол қойылып, оның мазмұны Вьетнам , Лаос және Камбодж жерлерінде дербес сайлау жүргізу қарастырылған.
50-жылдардың ортасындағы саяси бәсеңдету Женевадағы, КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция мемлекеттерінің басшыларымен болған жиналыс 1955 жылы шілде айында үлкен мағынаны иеленді. Бұл соғыстан кейінгі мемлекеттер басшыларының ең бірінші кездесуі. Ол әлемдік державалар арасында, жоғарғы деңгейде саяси диалогты дамытуға түрткі болды.
Жаңа саясаттағы маңызды мәселелердің бірі жағдайларды қадағалау, КСРО және ГФР қатынасын, ГДР-сын халықаралық деңгейде мойындау және Батыс Берлин мәселесі. 1955 жылдың қыркүйегінде Кеңес жағы Мәскеуге ГФР канцлері К.Аденауэрді шақырған. Кеңес Одағы ФРГ-ны ресми түрде танып және ақырғы тұтқындарын босатқан, оларды әскери қылмыскерлер ретінде ұстаған. Осылайша, КСРО өз жағынан Германияның бөлінуін жақтады. Яғни екі дербес мемлекеттерге — ФРГ және ГДР, қоғамдық-саяси жүйесі бойынша әр түрлі, бірақ халықтық құқығы жағынан біркелкі.
Сол жылдары НАТО өз құрамына Германия Федеративті Республикасын қабылдады. ГДР азаматтарының Батыспен қатынасын шектеу 1961 жылы тамыз айының бір түнінде берлин қамалы қаланды. Батыс Берлин қаланың жартысынан бетонды плиталармен құрылған тосқауыл арқылы оқшауланды және қатаң қорғалды. Осылайша, шығысгермандық басшылар Шығыс және Батыс Берлин арасындғы шекараны жапты. Бұл Германияны бөлудегі ақырғы із басу еді. АҚШ пен НАТО қарсылық танытқанмен, әскери күшті қолдана алмады. Алайда, бұл мәселе маңыздылығын жойған жоқ. Австриялық мәселені шешу аса қолайлы болды. Оның нәтижелілігі Вена келісім-шартында 1955 жылдың 15 мамырындағы байқалды.
Ол Австрияның территориялық шекарасында қалпына келтірді 1938 жылы 1 қаңтарында оған кішігірім әскер ұстауға рұқсат етілді, бейтараптықты қолдауға жүктеме артқан жоқ. Мемлекеттік келісім-шартқа қол қою негізінде, Австрия территориясынан барлық шетел әскерін шығарып, сонымен қатар шығыс Австрияда орналасқан Кеңес әскерін шығару көзделді. Келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін, Австрия арнайы заң арқылы бейтараптық жариялап, әскери блоктарға қосылмайтынын мойнына алып және өз территориясына шетел әскери базаларын салуға жол бермеуді айқындады.
Бейбіт қатар өмір сүру саясаты ядролық қарудың жарысуын тежеп, келіссөздерге түрткі болды. 1958 жылы наурыз айында КСРО бір жарым жылға ядролық сынақты тоқтатты. Сол жылы Кеңес Одағы өз әскерін («қырғи қабақ соғыс» жылдары 5,8 млн. адамға жеткен-бейбітшілік кезеңнің ауыр уақыты) 3,6 млн. адамға қысқартты. АҮШ 1958 жылы 31 қазанында ядролық сынақтын тоқтатылуын жариялады, ал 1959 жылдың 26 тамызында біржақты тәртіпте ядролық қаруды сынауды тоқтатып, өз мүддесін жариялап, 2 айға рұқсат етпеуін ұзартты. Алайда, американ-британ-кеңес кездесуінде Женевадағы, атом қаруын сынау жөнінде келісушілік мәреге жетпей, АҚШ өз шешімінен бас тартты, бірақ сынауды бастамаған, алайда КСРО өз қаруын атмосферада қолданғанға дейін. Осылайша 50- жылдарда ядролық қарусыздандыру мәселесі өз аяқталуын таппады. Бірақ бұл келіссөздер нәтижесіз болмады. 1963 жылдың 5 тамызында Мәскеуде ядролық қару жарысын ұстауына бағытталған келісім-шарт жасалды. АҚШ, КСРО жэне Ұлыбритания ауада, ғарыш пен су астында ядролық сынақты тоқтату, ал жерастында жүргізілуіне рұқсат жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Кейіннен Мәскеу келісім-шартына басқа да мемлекеттер қосылды, тек Франция мен Қытай қолдамаған.
Кеңес стратегиясының өзгеруінің бірегейлі нәтижесі АҚШ-қа қаратылды, ол ең басты кеңесшісі және олардан ғана КСРО қарсылықты күтті. Еуропа мемлекеттерімен қанша келіссөз жүргізсе де оның нәтижесі, АҚШ сұхбатына бағынышты болған. Тікелей екі мемлекеттің арасындағы сұхбат, Н.С.Хрущевтың 1959 жылы қыркүйек айындағы АҚШ-қа іс-сапары болды. Ол кеңестің ғана емес, орыс үкіметінің ең бірінші мүндай сапармен барған елшісі болған. Кэмп-Дэвидтегі іс-сапар Эйзенхауэрмен болған сұхбатпен аяқталды; ешқандай келісім-шарт жасалмады. АҚШ-та Н.С.Хрущев, 1960 жылы халықаралық мәселені талқылау үшін, американ президентімен үкімет басшыларын жинау жөнінде келісті. Бұл кездесуде, КСРО мен АҚШ басшыларынан басқа, Франция ел басшысы де Голль және Ұлыбритания премьер-министрі Макмиллан қатысу керек еді. Алайда, бұл кездесу жүзеге аспады. Бұл кездесудің шақыру уақытының алдында 1960 жылдың 1 мамырында, Свердлов ауданының үстінен американ барлау самолеты У-2 апатқа ұшырап, үшқыш Ф.Г.Пауэрс болған. Ұшқыш қамауға алынады. Оны тыңшы деген айыппен 10 жыл бас бостандығынан айырылды.
Алайда ол 2 жылдан кейін, Кеңес барлаушысы Р.Абелямен алмастырылды. Осының салдарынан Париждегі 16 мамырда ашылған кездесу АҚШ, Кеңес Одағы, Ұлыбритания, Францияның мемлекет басшылары және үкімет басшыларымен болған, констурктивті сұхбат жүзеге аспады.
КСРО-мен жарияланған бейбіт қатар өмір сүру принципі, Кеңес басшыларымен дәйексіз жүргізілді. Бұл принцип кеңес экспансиясын кеңейту үшін жасырушы болды. Кеңес Одағы әскери майдандасуды жалғастырды. Ядролық қарсыласуда бұл саясат 60- жылдардың басында халықаралық қатынастағы шиеленіске әкелді, ол ядролық соғыспен аяқтала жаздады. Бұл жанжал Кариб дағдарысы деген атпен аталып және АҚШ, КСРО, Куба өзара қатынасымен байланысты болған. 1959 жылдың бас кезінде АҚШ-тың оңтүстік жағалауына таяу жерде Куба аралында халық революциясы жеңіп, басшылыққа Фидель Кастроның антиамерикандық үкіметі келді. Кастро қарсыластары АҚШ-тың көмегіне сүйеніп, оны бірнеше рет алып салмақшы болды.
Куба революционерлері өздеріне мықты одақтасты керек етті. Онсыз Америкамен күресу, өз шаруашылығын дамыту қиынға түсті. Бұл ізденіс КСРО-ға көз аудартса керек. Кеңес басшылары Кубамен қатына орнатуда қызуғышылық танытты. Осылайша КСРО Америкаға жақын маңда өз позициясын нығайтты. Бастапқы кезде, Куба мен КСРО арасындағы қатынас саяси және экономикалық мазмұнда болды. Ал кейін ол әскери ауданға айналды. 1962 жылы жаз айында арал да, Америка территориясына бағытталған, ракеталары орнатылған. Н.С. Хрущев бұл шараны халықаралық мәселелерді шешуде, Америка үрейленіп, жұмсарады деп үміттенді. Кастро бұл ракеталар америка басшылығынан қорғайды деп үміттенді. Кеңес басшыларының есебі ақталмады. Ракеталар американ барлаушыларымен байқалғанда, АҚШ өзіне қауіп төніп тұрғандығын жариялады. 22 қазанда Дж. Кеннеди мемлекет тұрғындарына, Куба да Кеңес Одағының ракеталары орналасқанын және Америкаға қауіп төніп тұрғанын жария етті. Бұл шиеленістің нәтижесі Н.С.Хрущев пен Дж. Кеннеди арасындағы кеңес-американ келіссөздермен аяқталды. 1955 жылы Кеңес басшылар Н.С. Хрущев және Булганың Югославияға сапарында Титомен қатынас орнатты, Югославияның ел және коммунистік партия басшысы. Н.С.Хрущев Белгаградтта Иосип Броз Титодан кешірім сұраған. Ал 1956 жылы маусым айында Тито КСРО-ға сапар жасайды. Бұл сапар аса маңызды келіссөздер экономикалық әріптестікке байланысты жасалды.
1960 жылдардың аяғына таман басты бағыт кеңес сыртқы саясатының Батыспен қатынастың жақсаруында еді. Бәсеңдету саясаты Еуропадағы саяси климаттың жақсаруына әкелді. Ең маңызды болып Кеңес Одағының Франция, Германия Федеративті Республикасымен қатынастың жақсаруында. Бұл ауысым 1969 жылы бундестагтағы қыркүйек айында өткен сайлаудан кейін болды, яғни ГФР-дің басшылығына социал-демократтар мен дербес демократтар партиясының келуімен еді.
В.Брандт канцлері КСРО-мен қатынасты жақсартып, «жаңа шығыс саясатты» жариялады. Бұл келіссөздердің ұзақ әрі қиындауы нәтижесінен, Мәскеуде 1970 жылы 12 тамызда бейбітшілік шартына қол қойылды. Бұл шарт мазмұны, ұрыстарды бейбіт жолмен шешуді және күш қолданбауды негіздеді. Мәскеу шартының 3 бабы маңызды болған, онда екі жақ шекаралық тұтастықты сақтауға, Еуропадағы барлық мемлекеттермен, сонымен қатар ГФР мен ГДР шекаралары бойынша. Келесі жылы Берлин мәселесі келісімі шешімін тапты. Бұл келісім-шарттар қаланың ГФР мен ерекше дәрежесін айқындады.
XX ғасырдың 70- жылдарының басындағы кеңес-американ қарым — қатынасы
Кеңес-американ қарым-қатынасы XX ғасырдың халықаралық қатынастарында ерекше орын алатыны мәлім. Сонымен бірге, сол уақытта соғыс пен бейбітшілік жағдайы кеңес американ қарым-қатынасына байланысты еді.
60-жылдарда кеңес-американ қатынасындағы бетбұрыс (ядролық сынақты тоқтату туралы келісім, ғарышты бейбіт пайдалану және ядролық қаруды таратпау туралы келісімдер) АҚШ-тан болашақ бұл қатынас туралы терең ойға түсірді. 1969 жылы қаңтарда билік басына келген президент Р. Никсонның жаңа республикалық әкімшілігі АҚШ-тың бұрынғы империалистік бағытын көптеген жағдайларда сақтағанымен, бірақ кеңес-американ диалогын тереңдету және ауқымын кеңейтуді бастаған еді. Вашингтонның КСРО-мен және басқа мемлекеттермен «күш көрсету» негізінде қарым-қатынастарды құру әр кезде кеңес американ келіссөздеріне кедергі туғызып отырды. Сондай-ақ, АҚШ-тың үнемі бір жақты пайда табуға, кеңес жағына өз мүдделерін қабылдауға мәжбүрлеу, тең құқықсыз шарттар кеңес-американ қатынасына жағымсыз әсер етті. Осыған қарамастан Р. Никсонның әкімшілігі «конфронтация кезеңінен келіссөздер кезеңіне» өту уақыты келгенін көптеген маңызды маңызды себептердің негізінде түсінді. АҚШ пен КСРО арасындағы диалогтың басталуына американдық әкімшілік пен сыртқы саяси аппаратта ақылды қайраткерлердің табылуы, олардың тар эгоистік мүдделерден жоғары тура алуы түрткі болды. Л.Джонсон әкімшілігі тұсында стратегиялық қарулануды шектеу туралы келіссөздер жүргізу туралы АҚШ-тың КСРО-ға ұсынысы жасалған еді. Жаңа жағдайлар оны жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, 1969 жылы қарашада келіссөздер ашық деп жарияланды. Келіссөздер келесі екі жылда Хельсинки пен Венада кезекпен өтті. 1971 жылы 30 қыркүйекте КСРО мен АҚШ арасында ядролық соғыс қаупін азайту шаралары туралы келісім жасалды. 1972 жылы мамырда Р. Никсонның Кеңес Одағына ресми сапары болып өтті. Американдық президент пен кеңестік басшылықтың арасындағы өткен келіссөздердің нәтижесі 1972 жылы 29 мамырда Л. И. Брежнев пен Р. Никсон қол қойған «Кеңес Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынас негіздері» атты маңызды құжат болды.
Кеңес Одағы мен АҚШ әскери қақтығысты және ядролық соғысты болдыртпауға барлығын жасауға уәделесті. Осы мақсатта қайшылықтардың бейбіт тәсілдермен шешуге, күш көрсетуді болдыртпауға екі жақ міндетіне алды. Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ-ның басқа мүшелері тәрізді КСРО мен АҚШ мойнында «халықаралық жағдайды ұшықтыруға әсер ететін жағдайларды болдыртпауға тырысу» сияқты жауапты міндет жатқанын мәлімдеді. Ерекше назар стратегиялық қарулануды шектеуге аударылды. Құжатта айтылғандай КСРО мен АҚШ арасында толықтай қарусыздану мәселесін шешу қорытынды нәтиже болып табылды.
1972 жылы 26 мамырда КСРО мен АҚШ арасында Ракетаға қарсы қорғану жүйесін шектеу туралы мерзімсіз келісім (ПРО) және Стратегиялық басқыншылық қарулануды шектеу саласындағы кейбір шаралар туралы уақытша (5 жыл мерзімге) келісім жасалды. Екі жақ та стратегиялық қарулануды шектеудің параметлерін нақтылау мақсатында және тұрақты келісімді дайындау үшін келіссөздерді жалғастыру үшін СҚШ-1 (ОСВ-1) келісімін жасады.
Ракетаға қарсы қорғану келісімі бойынша Кеңес Одағы да, АҚШ та өз территориясында ракетаға қарсы қорғану жүйесін дамытпауы шарт еді. Келісімде көрсетілгендей, КСРО мен АҚШ-қа ракетаға қарсы қорғану тәсілдерімен қорғалған, радиусы 150 км-ге дейін екі аудан және 200-ден аспайтын ракетаға қарсы шектеулі радиолакациялық станцияларды ұстауга рұқсат етілді. Көрсетілген саннан артық ракетаға қарсы қорғану жойылуға жатты. Сол себептен АҚШ 1969 жылы наурызда қабылданған «Сейфгард» бағдарламасынан бас тартуға мәжбүр болды. Егер, бұл бағдарлама жүзеге асқан жағдайда 14 ракетаға қарсы қорғану кешендері іске қосылып, стратегиялық қарулану жарысына жаңа серпін болар еді. Теңіздік, ауа, ғарыштың немесе мобильді жерде қолданылатын ракетаға қарсы қорғануды құрастыруға, сынақтан өткізуге тыйым салынды. Екі жақ басқа елдерге ракетаға қарсы қорғануды сатпауға және орналастырмауға өзара келісті. Стратегиялық басқыншылық қорғануды шектеу саласындағы кейбір шаралар туралы келісім бойынша екі жақ та 5 жыл мерзімге МБРНБ және БРПЛ атты ракеталарды, су асты кемелерін жасауды тоқтатуға келісті.
РҚҚ мен Уақытша СҚШ-І келісімі ядролық соғысты болдыртпау және халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолындағы үлкен қадам болды. «Қарым-қатынастар негізі» құжаты мен басқа құжаттар КСРО мен АҚШ арасындағы қатынасты құрудың халықаралық-құқықтық пішінін негіздеп берді. Жоғарыда айтылған келісімдер жүзеге асқан жағдайда ұлы екі державалардың көптеген бағыттар, соның ішінде ең маңыздысы қарулану жарысын шектеу және қарусыздану мәселесін шешуде үлкен болашақ ашылар еді, Маңызды бұл келісімдерге қол қойылу сауда-экономикалық, мәдени және тағы басқа салаларда қарым-қатынастың дамуына жағдай жасады. 1972 жылы Р. Никсонның Мәскеуге сапары кезінде ғарышты зерттеуде, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау салалары бойынша кеңес-американ келісімдері жасалды.
1972 жылы қазанда теңіздік кеме жасау сүрақтары бойынша келісім және кеңес американ сауда мен несие туралы келісімдері жасалды.
1973 жылы 22 маусымда Л.И. Брежневтің АҚШ-қа жауапты ресми сапарында екі жақ «Стратегиялық басқыншылық қарулануды шектеу жөніндегі ары қарайғы келіссөздердің негізгі принциптері» атты маңызды құжатқа қол қойды. КСРО мен АҚШ тең дәрежедегі қауіпсіздік принципін мойындап, екі жақ та тікелей не жанама түрде бір жақты пайда алуға тырыспайтындығын мәлімдеді. Келісімді дайындауды аяқтау жэне қол қою 1974 жылға жобаланды.
1973 жылы 25 қыркүйекте Женевада стратегиялық қарулануды шектеу туралы кеңес-американ келіссөздері қайта жанданды. Алайда онда уәделескен келісімге жету мүмкін болмады. Мемлекеттегі ішкі саяси жағдаймен көбінде «уотергейттік жанжалмен» және американдық «қырандардың» өскен іс-әрекетінен анықталған АҚШ позициясы қатаң және мазмұнды емес болды.
1974 жылы жазда АҚШ президенті Р. Никсонның Мәскеуге кезекті сапарында Кеңес үкіметі арда пайда болған келіспеушілікті шешуге тырысты. Стратегиялық қарулануды шектеу туралы келісімді құрастыру «тез арада аяқталуы тиіс» деген келісім жасалды. Жаңа келісімнің мерзімі 1985 жылға дейін белгіленді. Сонымен қатар, ядролық қаруды жер асты сынауды шектеу туралы келісім жасалды. 1976 жылдың 31 наурызынан бастап келісім бойынша КСРО мен АҚШ қуаты 150 киллотоннан асатын жер асты ядролық қаруды сынауды тоқтатуға міндеттенді. Кеңес Одағы сол кездің өзінде қандай да бір ядролық қаруды сынауды тоқтатуға дайын еді, бірақ АҚШ-тың басшылықтағы топтары, әсіресе әскери адамдар бұған келісуден бас тартты.
Л.И. Брежнев пен АҚШ-тың жаңа президенті Дж. Фордтың арасында 1974 жылы тамызда өткен келіссөз барысында қарулануды тоқтату, соғыс қаупін болдыртпау мәселесіне үлкен назар аударылды. Олардың 1974 жылдың аяғында Владивостоктағы кездесуінде СҚШ (стратегиялық қарулануды шектеу) бойынша келісім жасалды. Владивосток келісімі бойынша алғаш рет алыс қашықтықтағы бомбардирлік авиацианы шектеулі қару құрамына кіргізді, яғни қарулану жарысына шектеу қоюға сапалы жол салды.
1973 жылы 22 маусымда Вашингтонда Ядролық соғысты болдыртпау туралы арнайы мерзімсіз келісімге қол қойылды. Бейбітшілікті және халықарлық қауіпсіздікті нығайту мақсатында, ядролық соғыс адамзат үшін зардабы шексіз екенін түсінген АҚШ пен КСРО өз күштерін осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін жұмылдыратынын айтты.
1974-1975 жылдары тарихта алғаш рет КСРО мен АҚШ арасында парламенттік делегациялардың ресми алмасуы болып өтті. Мәскеуде АҚШ-тың іскер топтарының көптеген өкілдері болып кетті. Олар бірқатар кеңестік мекемелер мен өнеркәсіп орындармен шарт жасасып кетті. Вашингтонда КСРО-ның сауда өкілдері, ал Мәскеуде АҚШ-тың коммерциялык бюросы, 20-дан астам американдык корпорациялар мен банктер өкілдіктері ашылды.
Құрамында 300-ден астам кеңестік және американдық фирмалар мен ұйымдар бар Амторгтын экспорт-импорттық қызметі жақсарды. 1976 жылы кеңес-американ сауда көлемі 2,2 млрд. рубльге жетті. Алайда, кеңес-американ саудасы басқа елдермен жүретін сауда қарым-қатынасымен салыстырғанда елеулі түрде артта қалып отырған еді. Оған себеп кеңестік тауарлардың американдық рынокта кемсітілуі болды.
70-жылдардың бірінші жартысында кеңес-американ қарым-қатынасы ғылым мен техника саласында алға жылжыды. Американдық ғалымдар мен инженерлер бірнеше рет екі жақ та бірдей пайда алатынына көз жеткізді.
Американдық «Дженерал электрик» корпорациясының өкілі Л. Стил көптеген американдық бизнесмендердің пікірін білдіріп, Кеңес Одағьшың ғылыми-техникалық ресурстардың зор екенін, Кеңес Одағында металлургиялық болашағы бар салаларында үлкен көлемді және нәтижелі зерттеулер жүргізіліп жатқананын және осы жұмыста КСРО үлкен жетістікке жеткендігін мәлімдеді. «Дженерал-электрикпен» қатар КСРО мен «Хьюлетт-Паккард», «Кайзер индастриз», «Зингер», «Интернэшнл телефон энд телеграф» компаниялары қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды.
Кеңес-американ ядролық энергияны бейбіт пайдалану туралы келісім қарым-қатынасты үш бағытта жүргізуді көздеді: ол басқарылатын термоядерлік синтез, энергиялық реактор, фундаментальды материя қасиетін зерттеу.
Денсаулық сақтау саласында да кеңес-американ қарым-қатынасы жақсы дамыды. Жасанды жүрек жасау саласында арнайы келісімге қол жеткізілді. Ракпен бірлесу күресу шеңбері кеңейе түсті. Жоғарлау сызығы бойынша кеңес-американ қарым-қатынасының ауылшаруашылығында өсті. 1973-1974 жылдарда 20-дан астам тақырып бойынша бірлесе зерттеу бағдарламалары құрылды. Делегациялар мен көрмелер алмасу басталды.
Ерекше назар мен қызығушылықты бірлескен ғарыштық «Союз-Аполлон» жобасы тудырды. 1975 жылы шілдеде кеңестік космонавтар Леонов пен Кубасов және американдык — Стаффорд Слейтон жэне Бранд маңызды ғылыми-техникалық мәнге ие бірнеше бірлескен сәтті бақылаулар мен тәжірибелер тізбегін өткізді. 1973 жылы жазда «КСРО мен АҚШ арасындағы байланыстар, айырбыс және қарым-қатынас туралы жалпы келісім» және 1974-1976 жылдарға арналған сондай нақты бағдарлама екі елдегі өнерді бағалаушыларды қатты қуантты. Есте қалатын оқиғалар, Үлкен театрдың балет және опера труппасының АҚШ-қа сапары скифтік қорғандар мен ленинградтық Эрмитаждың жинақтарының көрмесі болоды. Ал өз кезегінде КСРО-да Сан-Францискодан келген драмалық театр, бірқатар музыкалық ансамбльдер сәтті өнер көрсетсе, АҚШ мұражайларынан суреттер көрмесі болып өтті.
Жоғары білім беру саласындағы қарым-қатынастардың жаңа пішіні 10-айлық тәжірибеден өту үшін жас ғалымдар (әр жақтан жыл сайын 50 адам) және жыл сайын 10 жетекші профессорлар мен оқытушыларды үш айдан он айға дейін ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін алмасу жүргізілді.
Туризм шеңберінде кеңестік және американдық адамдар арасындағы байланыс кеңейе түсті. Екі мемлекеттің халқын өзара байытып отырып, бұл байланыстар қарым-қатынастардың жақсаруына, сенім мен өзара сыйластықтың өсуіне жағдай жасады.
АҚШ пен КСРО өзара қол қойған келісімдер, конвенциялар, хаттамалар, бірлескен коммюникелер, жалпы саны 60-тан асатын құжаттар бейбіт өмір сүру принципі негізінде қомақты саяси жэне қүқықтық база жасады. 70- жылдардың басындағы кеңес-американ қарым-қатынастарының жағымды нәтижесі міне осындай болды.
Американдық империализмнің Үндіқытайдағы агрессиясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндірген ұзақтығы мен көлемі жағынан ірі қарулы кақтығыс болды. Еркіндік сүйгіш вьетнамдық халық АҚШ агрессиясына қарсы каһарманды күрес жүргізді. Үндіқытай халқының жағында элемнің барлық прогрессивті күштері болды. Солардың қысым көрсетуі мен азат ету күресінің сәттіліктерінің арқасында империализм артқа шегінуге мәжбүр болды.
Парижде болып өткен Вьетнамдағы саяси реттеу жөніндегі төрт жақты кездесу 1969 жылы 25 қаңтарда әлемде ұшыққан халықаралық жағдайда шешуге тырысқан әрекеттердің өскен уақытында басталды.
Американдық қолдаусыз Вьетнам жерінде өз билігін сақтап қала алмайтынын білген сайгондық тәртіп келіссөздердегі басты оппозициялық күш болды. Ұзақ уақыт сайгондық марианеткалар Оңтүстік Вьетнамды келіссөзде тең құқылы жақ деп мойындағысы келмеді. Сайгон әкімшілігінің бұндай саясатында келіссөздерді ешбір нәтижесіз екенін көрсетуге ұмтылуы көрінсе, АҚШ бұл жағдайды пайдаланып вьетнамдық патриоттарға қысым көрсетіп, олардан бір жақты пайда табуға бар күштерін салды.
НФО мен ДРВ өкілдері жғдайды шешу туралы құрылымдық ұсынастармен сөз сөйледі. 1969 жылы 8 мамырда НФО делегациясы «Оңтүстік вьетнамдық мәселені шешудің ғаламдық мазмұны мен принциптерін» ұсынды («10 пункт» ретінде белгілі). Бұл үсыныстар 1954 жылғы Женевалық келісімдерге сүйеніп, Оңтүстік Вьетнамнан сөзсіз шетел әскерінің шығаралуын, вьетнамдық халықтың негізгі құқықтарының халықаралық деңгейде мойындалуын; Оңтүстік Вьетнамдағы саяси құрылыстың мәселесін шеттен араласпаусыз бейбіт шешуді; әскери одаққа қатыспауды және екі ел территорияларында әскери базалар мен әскерді. болдыртпау; АҚШ-тың Вьетнамға әкелген зиянды өтеу қарастырылды.
1969 жылы 6-9 маусымда Оңтүстік Вьетнамның азат етілген бөлігінде Оңтүстік Вьетнам Республикасының Уақытша революциялық үкіметін бір ауыздан сайлаған халық өкілдерінің съезі болып өтті. Уақытша революциялық үкіметтің міндеттері болып соғысты тоқтату, бейбітшілікті қалпына келтіру, еркін демократиялық, бейбітсүйгіш және бейтарап мемлекет құру, келешекте Вьетнамды біріктіруге тырысу белгіленді. Уақытша революциялық үкімметтің сайлануы сол уақытта Мәскеуде болып жатқан коммунистік және жүмысшы партиялардың Кеңесі қолдады.
1969 жылы АҚШ президенті Р.Никсонмен жарияланған «гуамдық доктрина» вьетнамдық халықтардың азат ету қозғалысын қару көмегімен баса алмайтындығын және Вьетнамдағы американдық эскердің агрессиясының аяқталғанын білдірді. 1969 жылы тамызда 543-мыңдық американдық әскердің 25 мыңының шығарылатыны туралы жарияланды. 1972 жылы вьетнамдық патриоттардың көктемдік бас көтерулері кезінде Вьетнамдағы АҚШ-тың барлық құрлықтық күштері қорғаныс аудандарында болды. 1973 жылы 27 қаңтарда Вьетнам бойынша жасалған Париждік келісім ұзақ уақыт империалистік агрессияға қарсы жүргізген күресте Кеңес Одағы мен әлемдік социализмнің қолдауымен вьетнамдық халықтың тарихи жеңісін белгіледі. Бұл жеңістің маңызды себепшісі өте кең аукым алған халықаралық бірлігі еді.
Келісім еркіндікті, егемендікті, бірлікті және Вьетнамның территориялық біртұтастығын сыйлады. 60 күн ішінде американдық және басқа шетелдік әскерлердің шығарылатынын және әскери тұтқындардың босатылатыны белгіленді. Сондай-ақ
келешекте АҚШ-тың Оңтүстік Вьетнам ісіне араласпайтынын анықтап берді. Оңтүстік Вьетнамда саяси реттеуге шетелдік мемлекеттің араласпауынсыз екі оңтүстік вьетнамдық жақпен келіссөз жүргізу арқылы жету көзделді. Ұлттық ымыраласу және бірлік кеңесін қүру еркін және демократиялық сайлау жүргізу жоспарланды. 1954 жылы Женевалық келісім бойынша анықталған және 17- параллельден өтетін Вьетнамның екі бөлігі арасында өтетін әскери демаркациялық шеп «уақытша сипатқа ие және саяси, территориялық шекара болып табылмайтыны» келісімде анықталды. Вьетнамның бірігуі «әр қадам сайын, бейбіт тәсілдермен Солтүстік және Оңтүстік Вьетнам арасында келіссөз жүргізу арқылы» шетелдік араласусыз жүзеге асыру жоспарланды. АҚШ өз мойнына Оңтүстік және Солтүстік Вьетнамға соғыс салдарын жоюға алды. Келісімге қатысушылар сондай-ақ 1954 жылы Камбоджа бойынша және 1962 жылғы Лаос бойынша Женевалық келісімдердің орындалуын және бұл елдердің ішкі мәселелері өз күштерімен, шетелдіктердің араласуынсыз шешілуі керек екендігі анықталды.
№ 7. Дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс.
Екінші Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 — қыркүйектің 2, 1945) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония
тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германиядүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италияжәне Жапония үкіметтері қолдады.
Соғыс алдындағы келіссөздер мен пактілер
1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті.
Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге
беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет облысын, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында ИталияАлбанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен ұжымдық
қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды.
Молотов-Риббентроп келісімі
Осы Молотов-Риббентроп келісімі (В.Молотов КСРО-ның,
М.Ребентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия және
Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды.
Соғыстың 1-кезеңі
Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — казан айларында Эстония,Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Осыдан кейін Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград (казіргі Сән-Питербор) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу
мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО-ның беделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 ж. 28 маусымда Румыния Бессарабия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды.
Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір — мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің «қуыршақ үкіметі» құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Шарль де Голль бастаған француз патриоттары Ұлыбританияға кетіп, күресті жалғастырды. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті. Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия «мемлекеттері» күрылды. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою, еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы карсыласу козғалысы дүниеге келді. АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз).
Соғыстың екінші кезеңі ( 1941 жыл 22 маусым – 1942 жыл 18 қараша)
1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО- ға басып кірді. Германияға Венгрия, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77% - ын осы майданда ұстады (қ. Ұлы Отан соғысы ). Мәскеу шайқасында ( 1942, шілде – қараша ) кеңес армиясы өз отанын қорғап қалды. 1941 жылы шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания және эмигоациядағы Польша, Чехославакия үкіметтерімен келісімге келді. Қыркүйектің аяғы – қазан айының бас кезінде (1941) Мәскеуде АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері КСРО- ға қару – жарақпен көмек беру жөнінде келісімге қол қойды. Гитлерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония Тынық мұхиттағы АҚШ- тың Перл – Харбор базасына басып кірді. 8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс жариялады. 1942 жылы 1 қаңтар күні Вашингтонда 26 мемлекет үндеу қабылдап, фашистік одаққа қарсы күш біріктіруге шешім қбылдады. 1941 жылы 22.12 – 1942 жылы 14.01 Черчилль мен Рузвельт біріккен ағылшын – американ штабын және Тынық мұхитта ағылшын – американ – голланд – австралия бірыңғай одағын құруға шешім қабылдады. 1942 жылы Жапония АҚШ- тың Тынық мұхиттағы негізгі соғыс базаларына соққы берді, Тайланд, Сянган (Гонконг), Бирма, Малайя,
Филиппин, Индонезияның басты аралдарын басып алды да, Австралияға
қауіп төндірді. АҚШ Атлант теңізіндегі флотының бір бөлігін Тынық
мұхитына көшірді де, 1942 жылдың 1 жартысында жапон флотына біршеше соққы беріп, қорғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшеді. Америка және Ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 жылы жазда оларды Атлант мұхитынан ығыстыра бастады.
Соғыстың үшінші кезеңі ( 1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл желтоқсан)
Гитлерге одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71% - і кеңес – герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград тубінде жеңіске жетуі партизан қозғалысы мен Польша, Югославия, Чехославакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б елдерде қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 жыл 29 қазанда Солтүстік Африкада генерал Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренайка, Тоубурк, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын – америкалық экспедициялық корпусы ( генерал Д. Эйзенхауер ) франциялық Солтүстік Африка саяси - әкімшілік бірлестігіне ( Алжир, Оран, Касабланка, т.б.) келіп түсті. Бірақ шaбуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін тоығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 жылы мамырда Солтүстік Африканы толығымен азат етті. 1943 жылы жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Беларусьті азат етуге кірісті ( қ. Курск шайқасы ). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 жылы жазда Сицилияны басып алып, Апеннин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі құлап, П.Бадольо бастаған жаңа үкімет 3 қыркүйекте АҚШ-пен,
Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 жылы өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын – американ үкіметтері 1944 жылы мамыр айында Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одағы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді.
Соғыстың төртінші кезеңі ( 1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр )
Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесіде Қызыл АрмияРумыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі щабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасаты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 жылы 6 маусымда солтүстік – батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 жылы шілде –қараша айларында Қызыл рмия Балтық бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан құрылған румын және болгар укіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехославак әскери бөлімдері Кеңес армиясының көмегімен Чехославакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық – азаттық армиясының және болгар
әскерларінің көмегімен Югославияны, қазан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті. 1944 жылдың аяғына дейін одақатстар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Оңтүстік Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман әскерлері 1944 жылы желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соққы берді. 1945 жылы 12 -14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатқа дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла – Одер операциясы нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солтүстігі мен шығыс Пруссияныбасып алып, солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Австрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз әскерлері 23 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Батыс Австрияға келіп кірді, 25 сәір күні кеңес – американ әскерлері Торгау қаласы түбінде бір – брімен алғаш рет кездесті. Кеңес армиясының Берлин операциясы ( 16 сәуір – 2 мамыр ) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды. 1944 – 1945 жылдары маусым аралығында одақтастар жапондықтардан
Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндіқытай түбегінің бір бөлігін азат
етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті.
Соғыстың бесінші кезеңі ( 1945 жыл 9 мамыр – 2 қыркүйек)
Постдам конференциясы (1945 жыл 17 маусым – 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты қабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солтүстік шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны,Сахалин және Курил аралдарын азат етті. Оңтүстік-Шығыс Азияда ұлт азаттық соғыстың басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 жылы 2 қыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіндігі жөнінде актіге қол қойды.
Атлант үшін шайқас
АҚШ Атлант төңірегіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитқа көшірді де, 1942 жылдың 1-жартысында жапон флотына бірнеше соққы беріп, корғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшейді. Америка және ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс берін, 1942 ж. жазда оларды Атлант мүхитынан ығыстыра бастады. Соғыстың 3-кезеңі (1942 ж. 19 қараша — 1943 ж. желтоқсан). Гитлерге қарсы одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71%-ы кеңес-герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград түбінде жеңіске жетуі партизан қозгалысы мен Польша, Югославия, Чехословакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б. елдерде Қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 ж. 23 қазанда Солт. Африкада ген. Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренаика, Тобрук, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын — америкалық экспедициялық корпусы (ген. Д.Эйзенхауэр) франциялық Солт. Африка саяси-әкімш. бірлестігіне (Алжир, Оран, Касабланка, т.б.) келіп түсті. Бірақ шабуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін толығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 ж. мамырда Солт. Африканы толығымен азат етті.
Курск шайқасы
1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен,
Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын-американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Бат. Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944 ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 ж. қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесінде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы Польша және Шығ. Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 ж. 6 маусымда солт.-батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 ж. шілде — караша айларында Қызыл армия Балтык бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан қүрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехословак әскери бөлімдері кеңес армиясының көмегімен Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық-азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны, казан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті.
Арденна шабуылдары мен Висла-Одер операциялары
1944 жылдың аяғына дейін одақтастар Францияны, Бельгияны,
Нидерландты, Орт. Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман әскерлері 1944 ж. желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соқкы берді. 1945 ж. 12-14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатка дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла — Одер операциясы нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солт. мен Шығ. Пруссияны басып алып, солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Австрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз әскерлері 24 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Бат. Австрияға келіп кірді. 25 сәуір күні кеңес — американ әскерлері Торгау қ. түбінде бір-бірімен алғаш рет кездесті. Кеңес армиясының Берлин операциясы (16 сәуір — 2 мамыр) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхоростта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды.
Одақтар арасындағы соғыстар
1944 — 45 ж. маусым аралығында одақтастар жапондардан
Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндікытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті. Соғыстың 5-кезеңі (1945 ж. 9 мамыр — 2 кыркүйек). Потсдам конференциясы (1945 ж. 17 маусым — 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы шешім кабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты кабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласыХиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солт.- шығыс Қытайды, Солт. Кореяны, Сахалин және Куриль аралдарын азат етті.
Оңт.-Шығыс Азияда ұлтазаттық қозғалысы басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 ж. 2 кыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіні жөнінде актіге кол койды.
Екінші Дүниежүзілік соғыс салдары
Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға үшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты.
Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды.
Фашизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО құрамындағы халықтар атқарды.
№ 8. Дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Дүниежүзілік социализм жүйесі.
«Қырғи қабақ соғысы» - 1945 - 1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттерКСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық
саясат. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социолистік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері “коммунистік ағымды” әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері КСРО мен социолистік жүйеге қарсы тұру үшін НАТО соғыс блогіне бірікті. Ал КСРО бастаған социолистік елдер Варшава шартын құрды. Екі жақ та жанталаса қаруланып, ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жасауға кірісті. Екі жүйенің бақталас-тығы қоғамның барлық салаларында (ғылымда, өндірісте, баспасөзде, өнерде, т.б.) жалғасып жатты. ұылым мен техниканың соңғы жаңалықтары соғыс мақсатына бағытталды. Идеологиялық мақсатта әр түрлі радиостанциялар ашылды (“Америка дауысы”, “Азаттық”, т.б.). Екі саяси жүйе арасындағы текетірес нәтижесінде Кореяда, Вьетнамда, Ауғанстанда, Таяу Шығыс,
Латын Америкасы және Африка елдерінде әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. Нәтижесінде социолистік жүйе дағдарысқа ұшырап, 1985 ж. Кеңес Одағында басталған қайта құру саясатынан кейін социолистік елдер нарықтық қатынастарға көше бастады. 1991 ж. КСРО-ның тарауымен Қырғи Қабақ Соғыс аяқталды. Тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші
дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.
Тақырыптың өзектілігі. «Қырғи қабақ соғысы» екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кеңестер одағы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ауқымды идеологиялық және геосаяси ұрандағы биполярлық қарама-қайшылығы болып табылады. Бұл қарама-қайшылық сферасына тек екі супер держава ғана түсіп қоймай, сонымен бірге оның ықпалына әлемнің жүздеген елдері тартылды. Мақсаты мен міндеттері. Бұл курстық жұмыстағы басты мақсатым халықаралық жағдайлардағы ең басты мәселеге арналған қырғи-қабақ соғысқа сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру. Бұл үшін мынадай міндеттерді алдыма қойдым: қырғи-қабақ соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік мақсат-мүдделерін ашып беру. Курстық жұмыстың мақсаты - Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихының деретанулық проблемаларын зерттеу. Курсты белгілеу қазіргі кезеңдегі шет ел және отандық деректанудың теориясы мен әдісін, Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі тарихы бойынша тарихи деректерді іздестірудің шеберлігімен белгіленеді. Осыған байланысты курста тарихи құжаттардың қалай және қайда сақталуы туралы ақпарат түсінігі беріледі, аталған мамандықтың проблемалары бойынша маңызды публикациялар мен библиографиялық дерктер бойынша анықтама беріледі. Жаңа және қазіргі замандағы Батыс елдерінің деректері аймақ және ел бойынша іріктелген. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеуші Берге И. В. «Қырғи қабақ соғысының» туындауының себептерін көрсетуді мұнда үш басты себеп орын алған. 1) 1917 жылғы Ресейдегі Ұлы Қазан революциясы әлемді екі қарама-қайшы бөлікке (социализм мен капитализм) бөлді. Сөйтіп «Қырғи қабақ соғысының» басталуы механизмін іске қосты. 2) Екінші дүние жүзілік соғысы кезеңіндегі державалардың ықпал ету аймақтары үшін күресі.Сондай ақ осы кезеңдегі социализм мен капитализм арасындағы қайшылықтың белең алуы. 3) Ядролық жаппай құрып жою қаруының пайда болуы - әлемдік саясатқа мүлде өзгеше сипат берді. Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді. Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар. Тарих объектіні зерттеу бойынша ендік жағынан да бөлінеді: әлем тарихы (бүкіл әлем тарих немесе жалпы тарих), континенттер тарихы (мысалы, Азия және Африка тарихы), жеке елдердің, халықтардың немесе халық топтарының тарихы (мысалы, Ресей тарихы). Тарихи пәндерге тарихи деректерді зерттейтін деректану және тарихшылардың көзқарастарын, идеялары мен концепцияларын суреттеу мен талдау мақсатындағы, сонымен қатар тарихи ғылымның дамының заңдылықтарын зерттейтін тарихнаманың да қатысы бар. Келесі зерттеушілер М. Бэшлосс және С. Тэлботт «Қырғи қабақ соғысы» кезеңіндегі халықаралық қатынастардағы негізгі проблемалармен тенденцияларды зерттеуге айтарлықтай көңіл бөлді. Бұл зерттеушілер әсіресе бұл соғыстың соңғы кезең деріндегі орын алған оқиғаларға назар аударып, Кеңес одағындағы жаңа басшы М.С. Горбачевтың бейбіт сүйгіштік иницативаларына жоғары баға береді. Тарихнамалық шолу. Зерттеуші Нарочницкая Е.А. 60-шы жылдардан кейінгі Францияның батыс блоктағы саясатын бастапқы кезде, яғни генерал де Голль кезінде прогрессивті сипатқа ие болғанмен, ол кейіннен агрессивті, антисоциалистік сипат алды деп пайымдады. А.М. Филатов соғыстан кейінгі кезеңнен бастап «Қырғи қабақ соғысы» аяқталғанға дейінгі аралықтағы «Герман мәселесін» және ондағы АҚШ, Франция, Англия мен Кеңес Одағының саясатына назар аударады. Зерттеуші Германияның қосылуы «Қырғи қабақ соғысының» іс жүзінде аяқталғанын білдірді деген пікірде болды. Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың құрылымы әдеттегідей кіріспе, 3 тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |