113
береді. Күнделікті күйбең тіршілікте көзді ашып-жұмғанша өтіп жатқан «уақыт» атты алыптың
шырмауында қалмай қажетті тұрмыс-тіршілігімен айналысып, бос уақытыңды дұрыс
мөлшерлей біл, білім алуды бойыңа қалыптастыр дегенді айтады. Абай мұрасын жүйелей келіп,
адамның жетілу жолын үш сатыға бөлуге болады. Оның жетілмеген төменгісін ол «жарым
адам» деп атаса, материалдық жетілуді «адам» деп, ал
ең жоғарғы, рухани жетілуді «толық
адам» деп атайды [4,8].
Егер ақыл болмаса, адамның хайуаннан өзгешелігі болмас еді, дейді ұлы Абай. Адамның
ақылы оның барлық әрекетін, соның ішінде оның еркін де басқарып билеп отыруы тиіс. Егер
адамның еркі жоқ болса, онда ақылдың өзі де мақсатсыз өзімен-өзі болып кетер еді.
Жүректе ақыл болмаса
Ұйықтаған ойды кім түртпек.
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек.
Аспаса ақыл қайраттан,
Тереңге бармас үстірттер,-деп Абай сана арқылы ғана (Абай сананы көп ретте оймен және
ақылмен бір деп қарайды) адам обьективтік
шындықты таниды, ғылымды меңгереді, қас пен
досты, ізгілік
пен залымдықты ажыратады, санасыз немесе ақылсыз ешнәрсе танылмайды,
білінбейді. Ақыл бұл дүниенің де, ол дүниенің де мәнін ашып береді,-дегенді айтады [4,143].
Адам бойындағы
бірінші жерде ақылдылық пен саналылық қасиетін ұлы Абай
жоғарыдағы берілген өлең жолдарымен ашып көрсетіп отыр. Ақылы мен санасы арқылы
өмірдегі шындықты таниды, жаны тереңге бойлайды, бұл дүниенің жақсылығын танып біледі
тіпті ол дүниені де шарлайды. Ол өзінің «отыз тоғызыншы қара сөзінде» былай дейді: «Рас,
бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан» білімі, күтімі, сыпайы тілі,
тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар еді. Сол екі ғана тәуір
мінездерін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Енді сол екі мінез жоқ болған соң,
әлігі үйренген өнеріміздің бәрі де,
адамшылыққа ұқсамайды, сайтандыққа тартып барады;
жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір себебі сол. Ол екі мінез қайсы десек: Әуелі сол
заманда ел бастайтын, топ бастайтын кісілер болды... «Қой асығын қолыңа ал, қолыңа жақса
саққа ғой»- «Бас-басыңа би болсаң, Манар тауға симассың. Бас алқаңыз бар болса, жанған отқа
күймессің»,
деп тілеу қылып, екі тізгін бір шылбырды соған бердік. Оны зор тұтып, әулие
тұтып, онан соң, жақсылары да көп озбайды екен... Бәрі өз бауыры,
өз малы болған соң,
шыныменен жетесінде жоқ болмаса, олардың қамын жемей қайтеді?»,-дейді.
Достарыңызбен бөлісу: