Дәріс 2. Әлеуметтік- экономикалық болжау- жоспарлаудың бастапқы кезеңі ретінде. 1. Әлеуметтік-экономикалық болжаудың негізі, пәні, обьектісі және алдын ала болжаудың негізгі түрлері.
2. Әлеуметтік-экономикалық болжау әдістері оқу және ғылыми пән ретінде.
3. Болжам типтері.
1. Әлеуметтік- экономикалық болжау негізі, оның пәні , алдын ала болжаудың негізгі түрлері.
Болжам дегеніміз белгілі бір обьектінің болашақтағы мүмкін болатын жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми негізделген пікірді айтады. Әлеуметтік-экономикалық болжау - бұл экономикалық және әлеуметтік болжамдарды әлеуметтік және экономикалық құбылыстарды танудың ғылыми әдістеріне негізделген және экономикалық болжамның әдістері, тәсілдері, құралдарының барлық жиынтығын пайдалануға негізделген экономикалық және әлеуметтік болжам құрастыру процессі.
Болжаудың екі жағы болады: болжап айту (дескриптивті, суреттеуші), яғни мәселенің болашақтағы перспективасын, жай-күйін суреттеп, бейнелеп беру; болашақты болжап көрсету (болашақты жазып көрсету), яғни мәселенің болашағы туралы барлық ақпаратты тиімді пайдалана отырып, оны шешу жолдарын көрсету, анықтау. Сонымен, болжамның екі жағы көрсетіледі: теориялық-танымдық және басқарушылық.
Экономикалық болжаудың обьектісі – қоғамдық ұдайы өндіріс үрдісі, ал зерттеу заты - экономикалық объектілердің даму заңдылықтары, болашақ жай-күйі және экономикалық болжамдар жасау, әзірлеу әдістері.
Экономикалық болжамның негізінде экономиканың болашақ жағдайы елеулі мөлшерде оның бұрынғысы мен қазіргі жағдайы арқылы анықталады деген болжам жатыр. Болашақ дегеніміз көп жағдайда түсінбеушілік болып табылады. Бұл мынадай жағдайларға байланысты:
- даму мүмкіндігінің бір ғана емес бірнеше нұсқаларының болуы;
- экономикалық заңдардың болашақтағы әрекеті тек экономиканың бұрынғы және қазіргі жағдайына ғана тәуелді емес, сондай-ақ қабылдануы немесе жүзеге асырылуы мүмкін басқарушы шешімдерге де байланысты болады;
- экономикалық заңдарды тану деңгейінің толық болмауы, ақпараттың жетіспеушілігі немесе толық сенімді болмауы.
Нақтылықтың бірлігі және болашақтың бұлдырлығы - экономикалық болжамның шешуші алғышарты болып табылады. Егер де болашақ толық айқын болған болса, онда болжам жасаудың қажеттігі де болмас еді. Болашақ айқын болғанда экономикалық болжам жасау мүмкіндігі де толығымен болмас еді.
-
Әлеуметтік - экономикалық болжам әдістері оқу және ғылыми пән ретінде.
Болжам әдістері деп обьект дамуының шартты болашақ жағдайы туралы анық және шыншыл ой түйіндеу процесі, қарастырылатын құбылыс шеңберінде олардың өлшемін жасау, болжам обьектісінің ішкі байланыстары мен сыртқы мәліметтерін қайта құрастыру негізінде қарастыруға мүмкіндік беретін ойлау әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деп түсіну қажет.
Қазіргі таңда болжаудың 150 түрлі әдіс- тәсілдері бар, олардың 15-20- сы тәжірибеде қолданылады.
Экономикалық болжам жасау барысында зерттеугі қарапайым жалпы ғылыми әдістер де сондай- ақ әлеуметтік- экономикалық болжамға ғана тән өзіндік ерекшеліктері бар әдістер де қолданылады.
Жалпы әдістердің ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге болады :
- тарихи әдіс әрбір құбылысты оның тарихи түрімен өзара байланыста қарастырудан тұрады.;
- кешенді әдіс құбылыстарды олардың өзара байланысы арқылы қарастырудан тұрады, бұл үшін тек осы ғылым ғана емес, осы құбылысты зерттеген өзге де ғылым салаларының әдістері пайдаланылады.
- жүйелілік әдіс күрделі экономикалық жүйелердегі мүмкін болатын процесстердің жүруінің сапалық заңдылықтарын және сандық зерттеулердің жүйелік әдістерін қарастырады.
- құрылымдық әдіс зерттелетін құбылыстың себептерін анықтауға мүмкіндік береді, оның құрылымын түсіндіруге мүмкіндік береді;
- жүйелік-құрылымдық әдіс бір жағынан жүйені дамып келе жатқан бүтін ретінде қарастырса, екінші жағынан- жүйені құратын құрылымдық элементтерге бөліп, оларды өзара қарым- қатынаста қарастырады.
Ерекшелігі бар әдістер экономикалық жоспарлауда толығымен экономикалық болжаммен байланысты болады.Экономикалық болжам құралдары ішінде экономо- математикалық, экономо- математикалық моделдеу, статистикалық, экстраполяциялық әдістер маңызды роль атқарады.
2. Болжамдардың типтері
Болжамдардың типтері көптеген бағамдар мен белгілерге тәуелділікте құрастырылады.Олардың ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
1) болжам масштабы;
2) алдын алу мерзімі немесе болжамның мерзімдік шегі;
3) обьект сипаты;
4) қызметтік белгісі;
5) болжам обьектілерінің детерминделу деңгейі;
6) болжам обьектілерінің уақыт ішіндегі даму сипаты;
7) болжам обьектілерінің ақпараттық қамтамасыз етілу деңгейі
Болжамды масштабы бойынша бөледі:
-макроэкономикалық болжам;
-құрылымдық болжам (салааралық немесе аймақаралық);
-халық шаруашылығы кешенінің даму болжамы (энергетикалық, инвестициялық, аграрлы- өндірістік т.б.).
-салалық және аймақтық болжамдар;
-жекелеме кәсіпорындардың, АҚ, сондай- ақ жекелеме өндірістер мен өнімдердің даму болжамы.
Алдын алу уақыты мен мерзімдік кеңістігі бойынша болжамдар төмендегідей бөлінеді:
-жедел (1 айға дейін);
-қысқа мерзімдік (1 айдан 1 жылға дейін);
-орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін);
-ұзақ мерзімдік (5 жылдан 15- 20 жылға дейін);
-алыс мерзімдерге (20 жылдан жоғары).
Болжамның мерзімдік кеңістігін болжанатын обьектінің өзгерістері оның алғашқы мөлшерімен өлшемдес болып келетін уақыт қиындысы деп қарастыруға болады, сондай- ақ болжамға оны құрастыру кезіндегі немесе сол кезде қолданылған шешімдердің ықпал еткен кезеңі деп қарастыруға болады.
Ұлттық кешенді экономикалық болжамдарға қатысты төмендегідей жүйелеу қабылданған: қысқа мерзімдік болжамдар 2- 3 жыл, орта мерзімдік 5-7 жыл, ұзақ мерзімдік 15- 20 жыл.Көрсетілген болжам түрлерінің әрқайсысы тұрақты айналымдарға сүйенеді, демек экономиканың дамуындағы тұрақты айналымдар мен процесстерге, олардың ұзақтығы тиісті уақыт кеңістігіне бекітіледі.
Құрастырылатын болжамдар белгілі бір алдын ала жасалған дайындық жұмыстарына сүйенеді: қысқа мерзімдігі- қолда бар өнімдер мен қаржы қорларына, орта мерзімдігі- жинақталған инвестициялық мүмкіндіктерге, ұзақ мерзімдіктер- ҒТП- тің белгілі бір бағыттарына және жаңа технологияларына.
Зерттелетін обьектілердің сипаты бойынша болжамның төмендегі түрлері болады:
-өндірістік қатынастардың дамуы;
-ҒТП дамуы мен оның салдары;
-халық шаруашылығының өсуі;
-негізгі қорлар мен күрделі қаражатты қайта қалпына келтіру;
-табиғи қорларды үнемді пайдалану;
-халық пен еңбек қорларын қайта қалпына келтіру;
-сыртқа экономикалық байланыстар.
Қызметтік белгілері бойынша болжамдар екі түрге бөлінеді:
-іздеушілік болжам зерттелетін обьектінің өткендегісі мен қазіргісін шартты түрде болашақтағыға жалғастыруға және осы тенденцияны өзгертуге қабілетті жағдайларды болдырмауға негізделеді.;
-нормативті болжам түпкілікті мақсат ретінде қарастырылатын болжам обьектісінің мүмкін болатын жағдайларға жету мерзімі мен жолдарын анықтаудан тұрады.
Детерминделу деңгейі бойынша төмендегідей болжам обьектілерін бөліп көрсетуге болады:
-детерминделген (анықталған немесе болжанатын), оларды суреттеу детерминделген түрде болжам міндеттері үшін маңызды болып табылмайтын ақпараттарды жоғалту түрінде беріледі;
-стохастикалық (мүмкін болатын), оларды талдау мен болжау кезінде кездейсоқ құрамдарды есептеу болжамның дәлдігі мен шынайылығы талаптарын қанағаттандыру үшін қажет болады;
-аралас, оларды суреттеу жартылай детерминделген, жартылай стохастикалық түрде мүмкін болады.
Уақыт ішінде даму сипаты бойынша болжам обьектілері төмендегідей бөлінеді:
- дискретті (үзілісті) объектілер, олардың тұрақты құрамдары (тренд) уақыттың белгіленген мерзімі ішінде секірістермен өзгеріп отырады;
- кезеңдік емес обьектілер, уақыттың үздіксіз қызметі түрінде тұрақты құрамдардың сипаттамалары болады;
- айналымдық объектілер, уақыттың кезеңді қызметі түрінде тұрақты құрамдас бөліктері болады
Ақпаратпен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша болжам обьектілерін төмендегідей бөлуге болады:
- сандық ақпаратпен толық қамтамасыз етілген обьектілер, олар үшін статистикалық әдістер немесе экстраполяция әдістерін жүзеге асыру үшін жеткілікті көлемде көрсетуші сандық ақпарат болады;
- сандық ақпаратпен жартылай қамтамасыз етілген обьектілер;
- сапалы көрсетуші ақпаратпен қамтамасыз етілген обьектілер;
- көрсетуші ақпараты толықтай болмайтын обьектілер (әдетте бұл жобаланған немесе құрылысы жаңа басталған обьектілер болып табылады).
Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Әлеуметтік- экономикалық болжаудың негізі, пәні, обьектісі және болжаудың негізгі түрлері.
2. Әлеуметтік- экономикалық болжам әдістері оқу және ғылыми пән ретінде.
3. Болжам типтері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М:ПРИОР,1999. – С. 18-36
Стратегическое планирование. Под ре. Уткина Э.А. _ М.: Экмос,1999. – С. 407-414
Прогнозирование и планирование в условиях рынка. под ред. Морозовой М: :ЮНИТИ-ДАНА, 1999г. – С. 40-75
Достарыңызбен бөлісу: |