Елге қайтар алдында делегация Сталинге елдегі қалыптасқан жағдайды түсіндіріп кетті: мүлдем қарусыз, әлі толық ұйымдаспаған, бұрын әскери қызметте болып көрмеген қазақтар кеңес өкіметін мезгілінен бұрын, ашық, белсенді түрде қолдап шығатын


Қазақ өлкесін басқарушы Әскери революциялық комитеттің мүшесі және Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің мүшесі – С.Мендешов



бет6/8
Дата17.06.2016
өлшемі467 Kb.
#142840
1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақ өлкесін басқарушы Әскери революциялық комитеттің мүшесі және Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің мүшесі – С.Мендешов.

Қазақ өлкесіңдегі Әскери комитеттің тексерушісі – Иванов.

Қазақ үкіметі сол кезде шынында да 4-армияның революциялык әскери кенесінің (Реввоенсовет) мүшесі Лежава Мюрат аркылы Түркістан майданымен байланыста болатын. Мюрат кезінде Оралда болғанда, Орал ревкомын басқарған еді. Қазақ үкіметі Мюрат арқылы Түркістан майданынан: Қазақ даласын казак бандыларынан тазарту үшін белсенді шараларды жүргізуді сұрады, өз тарапынан операцияның сәтті өтуі үшін мүмкіндігінше барлық көмекті көрсетуге уәде етті. Мюрат: Даланы азат ету жоспары жасалғанын, Түркістан майданы жуық арада жоспарды жүзеге асыруға кірісетінін хабарлады. Ал Қазақ үкіметіне: майдан үшін тиімді жұмысты, Орал армиясын жабдықтауға барынша кедергі жасауды жалғастырып, сөйтіп, казактардан төнген қауіп-қатерге байланысты әзірге Совет өкіметі жағына ашық шықпай, жұмысты жүргізе беруді тапсырды. (...) Осыдан кейін Қазақ үкіметіне іссапармен Түркістан майданы мен Қазревкомның уәкілдері келді. Түркістан майданының уәкілі, 1-ші армияның Ревәскери кеңесінің мүшесі Наумов пен Қазәскериревкомының мүшесі Бегімбетов өз мекемелері атынан келіссөз жүргізуге, Қазақ үкіметінің кеңес өкіметі жағына шығуының шарттарын анықтау мен соңғы шешім қабылдауға өкілетті болды. Наумов пен Бегімбетовтың жүргізген келіссөздері мен қабылдаған шешімдері 1920 жылғы 1-ші қаңтардағы хаттамада тіркелген.

Қазақстан өкіметінің шараларына араласқан емеспін және оған кедергі келтіретіндей әрекет жасаған емеспін.

Қазақтың мүддесі мен қазақ аудандарына қатысты мәселелерді, қазақ қызметкерлерін тағайындауға байланысты шараларды Рысқұлов Қожановтың келісімінсіз шешпеуге, ал жалпы мәселеде – Қожанов Рысқұловты қолдап отыруға, орынсыз сынап-мінемеуге келісті. Бұл келісім шілде айына дейін, яғни, Москвадағы кеңесте Сұлтанғалиевтің мәселесі талқыланғанша күшін сақтады. Осы кеңестен кейін Қожанов Рықұловтың беделі әлсірей бастағанын сезіп, шабуылға көшті. Айтпақшы Рысқұлов маған: «Сталин жолдас маған телефон шалып: Сұлтанғалиевтен хат алғаның рас па?», – деп сұрады. Мен бір рет хат алғанымды айттым. Сталин жолдас қатты тойтарыс беріп тастады. Содан кейін оның маған деген қатынасы суый бастады», –деген болатын.

Қазан қаласының Ветеринар институтының студенті Ғұбайдолла Бердеевке 1904 жылы 7 қазанда Санкт-Петербургтен жазылған «Сенің Халелің» деп басталатын хаттың авторы Әскери-медицина академиясының студенті Досмұхамедов Халел Досмұхамедоұлы, Даманский көшесіндегі № 46 үйде турады. Осыған дейін бұл адам туралы саяси сенімсіздік көрсететіндей мәліметтер түскен жоқ», – деген ескерту жазылған. Демек, Халел сол күннен бастап тіміскінің аңдуына ілінген. Хат иесіне жетпей, жандармереяның құпия тартпасында қалғаны түсінікті.

Қаладағы ұзақ мерзімге созылған қапырық өмірден кейін шалқар даланың кеңдігі менің бойымды билеп алды. Өзіме таныс кигіз үйдің көрінісі, аса қымбатты ауылыма келуім, туыстармен кездесуім, сырт адамдардың құрметі – осының бәрі таңқаларлықтай әсер етті. Бұл қыр елінің өркениеттілерден жоғары тұрғандығының белгісі. Сенен басқа жүздеген, мыңдаған қазақтың жоғарғы дәрежелі білім алып жатқанын ойыңа алсаң, сол кезде: бұл халық та еңбекке, алға басуға қабылетті екен, – деп есептейсің. Бұл: «Бір кезде дүние жүзінде алдыңғы қатарлы құрметті орындардың бірін алады, ол екінші Жапонияға айналады», – деген сөз.

Қалай десек те, дәл осы кезде кеңестің құрғақ уәдесіне сеніп Мәскеуге келген бес қайраткер өздерінің шартсыз кепілдікке алынып, биресми үкімсіз мырзақамақта отырғанын түсініп, шарасыздықтан қолдарына қалам ұстады. Сөйтіп:

Қарт күрескер, патша мен кеңес өкіметі тұсында қазақ мүддесін қузаған, екі өкіметтің де тізгінін кезек қағып, «қамшыгер» атанған М.Тұңғашин мен Б.Қаратаев өздерінің «тиянақты түрде жиыстырып», құпия түрде сақтаған деректердің барлығын (С.Меңдешевтің кеңесімен өткігі де мүмкін – ?) большевиктердің архивіне өткізді. Егерде «Алашорданың» ұйымдастыру құрылтайында М.Тұңғашин мен Бақытжан Қаратаевті «жандармереяның жансызы» деп жариялап, жиыннан шығарып жібергенін еске алсақ, бұл оқиғаны мына «тиянақтылықпен» салыстырып, оның астары мен залалын таразыласақ, санада «қарт күрескерлердің» бейнесі емес, көмескі тартқан ақ шашты сүлдерлері ғана қалады. Тікелей «Алашорда» үкіметінің құрамына кірмесе де олардың хаттамалары мен шешімдері, бұйрықтары мен нұсқаулары тіркелген құжаттарға, сол құжаттардағы оқиғаларға қарсы пікір білдіргендердің жазбалары мен куәліктерінің түпнұсқасына немесе көшірмелеріне тиісті түсінік беріп, түптеп отырғандары ұқыптылық па, жоқ, ұрымталдық па? Жоқ, «аурулары қалса да, әдеттері қалмай», қашан да билеуші үкіметтің көңілін тауып, екібетті қалыптарын сақтап қалғаны ма? Әйтеуір, тергеушілерді – сүйіндіріп, тергелушілерді – күйіндірген бұл құжаттар алашордашыларға да, большевиктерге де «жапон шпионы» деген қарғыбау ілді.

Қашқынбаев Иса Таумышұлы, 39 жаста, (анкета 1930-жылы 12-қазанда толтырылған), Ташкент қаласы Обуховенная, 53-үйде тұрады. Орал облысының Тай(пақ) ауданында туған, бөлімше дәрігері болған, ОАМУ-нің медицина факультетінің ассисенті, білімі жоғары, әйелі бар. Әскерге міндетті.

Қашқынбаев: Валидовтің үйірмесіне Омаров 1922 жылға дейін мүше болған жоқ. Тек көктемге қарай Тынышбаевқа танысып шығу тапсырылды...».



Қолымды қоямын... (Власова). Тергеудің жауабын алған – Попов».

Қорыта айтқанда, біз, Алашорда өкілдері, өзіміздің Қазақ өлкесіндегі саяси басшылық пен Уақытша Үкіметтің басшылығына халықтың өз таңдауымен, халықтың қалауымен келгенімізді мәлімдеуді қажет деп есептейміз. Қиын-қыстау кезеңде басшылықта болған біз, өз шама-шарқымыз бен мүмкіндігімізге қарай өз халқымыздың еркін, қалауын жүзеге асыру жолында қызмет істедік. Сеніп тапсырылған билікті өз еркімізбен Қазәскериревкомға бере отырып, біз: бұл әрекет қазақ халқының мүддесіне қайшы келмеу керек деген пікірге сүйендік, өйткені, Қазревком да біз қызмет еткен идеяға, Қазақ өлкесін автономиялық басқару идеясына қызмет етеді немесе қызмет етуге тиіс деп сенеміз. Әзірге: жалпы Мемлекеттік билік жағдайында өзін-өзі сақтап қалу мақсатымен қазақ халқының дербес мемлекеттік аппараты болуға тиіс деген саяси көзқарасты ұстана отырып, біз: Қазақ өлкесін басқаратын жоғарғы органдарға міндетті түрде қатысуымыз керек деген ниеттен аулақ екенімізді мәлімдейміз. Сонымен бірге: өлкедегі автономиялық билікті жүзеге асырушылардың қандай да болсын саяси сенім, нанымдарына қарамастан, біз өзіміздің барлық күш-жігеріміз бен білімімізді, еңбегімізді қазақ өлкесінің гүлденуі үшін жұмсауға әзір екенімізді де білдіреміз.

ҚОРЫТЫНДЫ



Қосымша:1) Қасаболатов тобының арызы. 2) Асановтың арызы. 3) Тұрынтаевтың арызы. 4) Комиссияның қаулысы. 5) № 97, 21 ақпандағы (1919 ж.) әскери қызметтен қашушылар жайлы қаулының көшірмесі.

Құзырлы хабардың ырқына көнген В.П.Антонов-Саратовский қазақтарды жақтай сөйлеп:



Қызылордаға барғанда мен олармен аталған бағдарлама жөнінде бір ауыз сөз алысқамын жоқ, оны мүлдем ұмытып кеттім, өз ісіммен ғана айналыстым, партия мүшелері мен еуропалықтардың ортасында жүрдім. Мен бұл мәселені бірінші тергеуде айтпаған себебім, біріншіден, менің көзқарасым бойынша жоғарыдағы іскерсінген әрекет қазақтың «Еріккен сарт енегін уқалайды» дегенінің кері деп есептедім, екіншіден, маған өзге адамдардың аттарын атау сондай қиынға соқты. Мен бұрын да, қазір де: кеңес өкіметін құлата алатындай күш СССР-де бұрын да болған емес, қазір де жоқ, – деп есептеймін. Сондықтан да ешқашанда кеңес өкіметіне қарсы шыққан емеспін. Қазір де, міне,10 жылдан бері адал қызмет етіп келемін, өз мамандығымды ғана білемін.

ҚІК-нің 128 бабына сәйкес Шынәлі Мұсаевпен, Серікбай Ақаевпен бірге тұтқынға алу туралы қаулы шығарды.

М.И.Қашқынбаев: Неге олай деп ойлайсың?

М.Мурзин: Ер жігітке сай мінезді сенімен жігітше сөйлескенде ғана көрсету керек. Адамның жеке басын қорлап, қысым көрсетіп отырған қазіргі жағдайда парасатты көріну нағыз ДонКихоттық, ақымақтық. Жалпы кез-келген қысымға шыдай білу керек және өзгеге кінә артпауға тырысу қажет. Ең бастысы, ешкімді шырғалаңға тартпаған жөн. Менің негізгі ұстанған тәртібім – үшінші бір адамның атын атамаймын, тіпті достарыммен отырғандағы әңгімеге де ешкімді араластырмаймын.

М.Мурзин: Мынадай тәртіпті ұстану керек. Ешқашанда, ешнәрсені мойындамау керек. Егер де жан-жағыңнан қысымға алса, онда үндеме, әйтеуір мойындай көрме. Сіздің тәжірибеңіз аз адам екенсіз. Ешқашанда тергеушілірдің сөзіне сенбеңіз. Егер де олар нақты айғақ бар десе, онда құжатты көрсетуін талап етіңіз. Алайда тергеушілер көрсеткен айғаққа сенбеңіз. Бұл олардың тақыстанған тәсілі. Бетпе-бет мойындасуға шақырса да бәрібір мойындамаңыз. Мен өзім бетпе-бет мойындасу кезіндегі барлық айғақтарды жоққа шығардым.

М.Мурзин: Орынборда Сұмағұл Садвақасовтың ұйымдастыруымен коммунист қазақтардың жиналысы болды. Партияда жоқтардан мен ғана қатыстым. Бұл туралы елдің бәрі біледі. Әсіресе, Байділдиннің баяғыда-ақ айтып қойғанына сенімдімін. Енді менің де сол оқиғаны баяндап беруімді талап етіп отыр. Ол мақсаттарына ешқашанда жете алмайды. …(Досмұхамедов немесе Байділдин ?) аса күдікшіл. Жұрттың бәрін ГПУ-дің тыңшысы деп есептейді. Өткен жылы өзінің соңында тыңшының жүргені туралы әркімге айтқан. Бұл мәселеге ерікті немесе еріксіз түрде болса да Смағұловтың, Қозыбековтың, Байғариннің, К.Тоқтабаевтың, Е.Үрдебаевтың қатысы бар. Жер жөніндегі комисариаттың машинасымен соңына ілесіп отырыпты. Кожевников пен Нұрмақов Қадырбаев Сеидазымды іссапарға жұмсаған сияқты. Бұл туралы ГПУ-дің қызметкерлеріне хабарланыпты. Мұндай орынсыз тіміскілеу менің жүйкемді жұқартып, жындандырып жібере жаздады. Бұл тыңшылық маған сабақ болды. Кейін соңыма кімді салып қойғанын айна қатесіз білетін болдым. Олардың жұмыс жүйесі мен қисынын талдай келіп, қалай жұмыс істейтіндерін білдім. Олар әр адамның ақылы мен мінезіне қарай бағалап, жеке-жеке зерттеп, жасырын түрде тапсырма береді.

Марсековтің Шығыс Түркістанға өтіп кеткенін естігемін, бірақ онымен ешқандай байланысым жоқ. 22-жылдары Шығыс Түркістандағы (жауапта Шығыс Қытайда деп жазылған, ал бұл өңір негізінде Қытайдың батыс өлкесі болып келеді –Т.Ж.) жағдайды талдап, ұсыныс жасау үшін онымен байланыс жасау ісі Тынышбаевқа тапсырылды. Ол Семей арқылы хабар салып, Орынбормен байланысуы тиіс еді. Бұл мәселенің қалай аяқталғаны дәл қазір есімде жоқ. Алайда бұл біздің басты мақсатымыздың бірі болатын.

Мекенжайым: Воронеж қаласы, Ветеринарная көшесі, 13. Дәрігерлердің анықтамасы қоса тіркеліп отыр”.

Мен айыптаушының деректерді қайдан алғанын түсіне алмай тұрмын. Жауап алған кезде тергеу орындарының жаңсақ жазғанына енді еш күмәнім жоқ. Егерде тергеу дұрыс жүргізілсін десеңіздер, онда маған Тынышбаевтің және басқалардың өз қолымен жазған көрсетіндісін оқытыңыздар. 1922-1924 жылдар арасындағы кеңес өкіметіне қарсы бағытталған әрекеттерімді мойындаймын. Ал 24-30 жылдардың арасында кеңеске қарсы белсенді түрде күресті деген өмірде болмаған ұйымның болуға мүмкін емес қылмыстарын мойындамаймын.

Мен, УВД УНКВД-нің 1 бөлімінің Воронеж облысы бойынша бастығы Булатов жер аударылып келген, 1887 жылы туған, бай семьядан шыққан, Досмұхамедов Жаһаншаның үстінен қозғалған №3400 жеке істі қарап шықтым. Ол:



Москвада Әзиз Мурзиннің жақын араласқан адамы Кәрменов Қайролла. Ол бұлардың барлық қылмысын білетін. Мурзиннің, Мұңайтпасовтың, Бекентаевтің тобына Кәрменов қамқорлық жасайтын. Кәрменов шетелден келгенде, олардың бәрінің үй-ішіне өз есебінен сыйлықтар әкелді. 1929 жылы Алматыға келген соң ғана Кәрменовтің, Бекентаевтің, Досмұхамедов Жаһаншаның тобымен қоштасты. Жаһанша Досмұхамедовпен көбінесе саясатқа қатысты әңгімелесетін. Қызып алған кезде ол компартия мен кеңес өкіметін балағаттайтын, мазақтайтын. Әзиз Мурзин қарқылдап күліп, оны қоштап қоятын. Қазақтар Мұхтар Мурзиннің үйінде де бас қосатын. Әдетте ағайынды Мурзиндер, Қадырбаев Сеидазым, Нұрымов, Ғаббасов, Сұлтанбеков жиналатын. Олар тек қана саяси тақырыпта сөйлесетін. Әңгімелерінің мазмұнын мен білмеймін. Алайда бір рет олардың үрейін ұшырып: «Сендердің сөздеріңді өкіметке жеткізіп, әшкерелеу ғана қалды», – дедім. Бұдан кейін Мурзин менен сақтанып жүретін болды.

Москвада тұрғанда Мурзин Бөкейхановты үйге жиі шақырды. Сәдуақасов үшеуі мені бөлмеден шығарып жіберіп, оңаша әңгімелесетін. Олардың қандай да бір өзара құпия әңгімесі болатын. Кей кезде Мурзин Әзиз ісспармен келген ағасы Мұхтар Мурзинге жолығу үшін қонақ үйге кетіп қалатын да, оңаша әңгімелесетін. Менің сұрақтарыма әдеттегідей жалтара жауап беретін. Әзиз Мурзин Әлихан Бөкейхановпен кездескен кезде есі шығып кететін, мұндай жақындық еркектердің арасында өте сирек кездеседі. Ал Бөкейханов маған: «Мурзинді туған ұлымдай жақсы көремін», – дейтін. 1929 жылы Мурзин Моквадан кетерде Бөкейханов онымен қимай қоштасты, көзіне жас алды. Онымен қоймай олар әлде не туралы қазақша сыбырласып сөйлесті. Ол кезде Москвада Байтұрсыновтың және басқа да адамдардың тұтқындалғаны туралы хабар белгілі болатын. Бөкейханов пен Мурзин, Мурзин мен Мұңайтпасовтар ол жөнінде жиі әңгімелесетін. Мен Москвадан кеткен кезімде Бөкейханов түрмеде жатқан Дулатовқа көмек ретінде оның әйелі Дулатоваға тапсыру үшін 4 мың теңге берді. Бұл ақшаны маған өте құпия түрде тапсырды, әрі өте сақ болуымды өтінді, почта арқылы хат жазбауымды ескертті. Дулатовқа тапсырылған ақша мен хатты Қызылорда қаласында Дулатоваға бердім. Тұтқындағылардың отбасына ақшалай көмек үнемі көрсетіліп тұрды. Ақшалай қаржыны ең соңғы рет Бірімжанов Алматыдан Москваға өзінің қазақ өкілеттілігінде істейтін қарындасы арқылы беріп жіберді.

Мурзин Әзиз 1923 жылы Сәдуақасовпен және «ұлштшылдармен» байланысы үшін Компартия қатарынан шығарылды... Шәкеннің .... көмегімен Моквадағы құрылыс жөніндегі қазақ өкілі болып қызметке орналасты. Москвада ол Бөкейханов пен Мұңайтпасовты төңіректеп жүрді. Сол кезде маған Әзиз Мурзин: 1920-жылдардың басында Ташкентте кеңес өкіметін құлату үшін қазақтардың жасырын ұйымы құрылды – деп айтты. Сол ұйымның мүшесі ретінде Мұңайтпасовқа қару беріп, Қожановты өзінің пәтерінде атып өлтіруді тапсырды. Мұңайтпасов Қожановтың әйелінің бауыры болатын. Қарындасы мен жиендерінен айырылып қалмас үшін ол бұл тапсырманы орындамады. Тіпті бұл туралы Қожановтың өзіне де айтып қойыпты. Бұл оның алдындағы өзінің кінәсін жуғысы келгені болса керек. Мұңайтпасов бас тартқан бұл жұмыс ұйымның басқа мүшесіне тапсырылыпты. Оның аты-жөні есімде қалмапты.

Мурзинмен ажырасқаннан кейін мен Төрехожиннің пәтеріне ауыстым. Сонда байқағаным Төрехожиннің үйіне Сұлтанбеков жиі келеді екен. 1931 жылы 19 немесе 20 тамызда Сұлтанбеков пен Төрехожин арасында таңғы сағат 4-ке дейін созылған әңгіме болды. Олардың сөзіне құлақ салған тыңшы болмаса да, ешкім естімейтіндей оңаша жерде сөйлесті. Олардың қазақша сөздерінің арасынан Голощекин мен Криштоның фамилиясын естіп қалдым. Ермеков біздің үйде болған емес. Алайда Әзиз Мурзин: «Ермековті қонақ ету керек еді», – деп жүретін. Менің оған мұршам жетпеді.

Мұндай елдің ақ сайтандардың қол астында үнемі бола беруі мүмкін емес. Өзін-өзі тұншықтырған, әрі өзінің озбыр билігіне шек қоя алмайтын, тіпті жерасты дүмпуіне қарсы тұра алмайтын бұл жұрт өзінің өшін ешқандай кінәсі жоқ шет аймақтағы халықтардан алмақшы. Осылайша, әзірше қарсыласуға шамасы жоқ біздің халқымызды тықсыруда, жаншуда. Олардың жерін тартып алуда. Бұл жерді халқымыз қанын төгіп татар, башқұрт, қалмақтардан қорғап қалған еді. Мыңдаған адамды құрбан етіп, олардың жерін ұрыларына, тонаушыларына, біздің халықты «үйретушілерге» бөліп берді. Олар біздің халыққа темекі тарту, арақ ішу, өтірік айту, ұрлық, зорлық зомбылық арқылы қайыршы болуды үйретіп, соның жемісі ретінде бүкіл халықты құрып кету кезеңіне жеткізбекші. Біздің халық өмір сүру үшін жанталасуы қажет. Біздің дала әкімшілігіндегілер де дәл осындай жолмен жүрмекші. Бірін-бірі жамандауды, пәлеқорлықты, дау-жанжал туғызуды және партияға, жікке бөлініп жауласуды өршітуде.

Мұндай өзегі өртенген қайраткер жалғыз Смағұл ғана емес еді.

Мұндай формулировканың қойылуына қазақ қайраткерлері де, біз мақтаныш етіп жүрген тұлғалар да, соның ішінде – Қазақстан үкіметінің төрағасы С.Сейфуллин мен Түркістан республикасының төрағасы Т.Рысқұлов та өз «үлестерін қосты». Т.Рысқұлов «партиялық тазалау» науқанында Сталинге екінші рет жолдаған құпия хатында:

Мұндайда, өзара келісімге қарамастан, кеңес өкіметімен «жауласудан» басқа қазақ үкіметінің қолында өзге қауқар жоқ болатын. «Халық мұғалімі» С.Тұрынтаев мұны да қалт жібермей жоғарыдағы Ә.Әйтиевтің мінездемесін:

Мұхамеджан Тынышбаев пен Халел Досмұхамедовтен кейін «Алашорданың» батыс бөлімшесінің тең төрағасы Жаһанша Досмұхамедовтің жауапқа тартылуы өзінен-өзі түсінікті. Ол кісі Москва қаласында тұратын болғандықтан да алдыңғы екеуінен екі ай кешігіп барып, 1930 жылы 31-қазан күні ұсталған. Өзі астыртын ұйымда ысылған заңгер болғандықтан да оның жауаптары барынша нақты әрі дәлелді. Сондықтан да оған қосымша айғақ пен дәлел келтіріп жатудың өзі артық сияқты. Тергеудің І томының 429 - бетінде:

Мұхтардың інісі – Ғазиз Бабақайұлы Мурзин 1925 жылдары Қызылорда да, одан Алматыда жұмыс істеді. Ғазиздің бірінші әйелі Рахила Ғабдоллақызы (Гүләйімнің немере сіңілісі) еді, бұл семьяда екі ұл – Назар мен Дос дүниеге келді. Бірақ Рахиланың мінезі ұнамсыз, шатақ болғандықтан, бұл кісілер ұзақ отаса алмады, ерте ажырасты. 1928 жылы Ғазиз Москвада постпредствода жұмыс істеген, екінші рет Алматыда Ада Павловнаға (Алиса Власова осы әйел болуы әбден мүмкін– Т.Ж.) үйленгенін Сара Садыққызы Өтегенова-Мұңайтпасовадан естігенім бар. Ада Павловна өте мәдениетті, адамгершілігі жоғары, сыйласа білетін кісі еді дейтін. Москвада араласып тұрған екен. Ада Павловна мен Ғазиз көп жылдар өмір сүрген, кейін Москвадан соң ажырасып, Нина Морозоваға үйленген. Ғазиз Риддерде алтын кенін шығаратын приискіде жұмыс істеп жүргенінде 1936 жылы іш сүзегін жұқтырып алып, қайтыс болыпты».

Мүмкін, Халелдің мұндай елдік мінезін біліп тұрып, білместікке салды ма, кім білсін.



Мынадай сөздер: кеңес өкіметі қазақ халқының мәдениетін дамытуды қолға алып жатыр, кеңестік платформаны сөзсіз мойындау қажет, мүмкіндігі барлар партияға өтіп алуы керек – деген сөздер жиі айтылып жүрді. Бұл мәселе бірнеше рет талқыланды. Кейіннен партияға өтуден бас тартуға ұйғарылды. Тек біздің халқымыздың игілі үшін жасалған шараларды ғана белсенді түрде қолдау міндеттелді.

Міне, бірнеше жылдан бері бақытсыз заманның кеселінен қатыгез, адамгершілігі жоқ, халқына деген жүрегі таза емес, аяушылықты білмейтін, тонаушылар, қасиетті діни сезімді аяққа басушылар ел басқарып келеді. Мысалы, «Қызыл крестке» жанашырлық жәрдем көрсету» дегенді сылтаулап, бастықтар «бұйрықпен» байлардан бір-бір қойдан, ал кедейлерден бір сомнан жинауға пәрмен берді. Бұл адам айтқысыз көп соманың 100 сомы басқармаға қалдырылады. Біздің бақытсыз халқымызға Жұлдызовтың (Юлдузовтың) компаниясының жасаған жамандығын есептеп шығару үшін бірнеше адамды отырғызу керек.

Міне, Жапония үкіметіне қатысты құжаттар 1922-1953 жылдардың арасындағы қазақ зиялыларына «Жапон милитаристік мемлекетінің шпионы» – деген айып тағуға мүмкіндік берді. Ал ол құжаттар Сібір үкіметінің құрылтайынан:

Міне, сол кезде Орынбордан «астыртын ұйымның партизаны» Д.Әділев те келеді. Ол жыл толмай, яғни:

Міне, сондықтан да 1905-1906 жылдардағы революция кезінде, қазіргі кезде де қазақ халқы ең алдымен ұлттық дербестік пен тәуелсіздікті талап етті, дербестік Қазақ өлкесін автономиялық жолмен басқару арқылы көрінуі керек.

Мінездеменің жағымсыз тұрғыдан берілуі түсінікті. Түсініксіздігі, ОГПУ-дің тіміскі тергеушілері таба алмаған, айып ретінде таға алмаған: «бірнеше миллион сомды Х.Досмұхамедов пайдаланып кетті», – деп кінә тағуы. Зады «Ойыл уалаятының» көсемінің беделіне шіркеу түсіретін одан өзге сылтау таба алмаса керек. Иә, кезінде айып тағуға келгенде тергеушілерді жолда қалдырған осындай тарихшылар да болған. Бұл кісінің саяси қырағылығының бірнеше рет куәсі болғанымыз да бар.

Назар салыңыз, әңгіме, «сенімді одақтас таңдай білу» туралы болып отыр. Мұндай формулировка саяси күресте тәжірибе жинақтамаған кез-келген дәрігердің қаламының ұшына іліне бермейді.

Оған да тәубә. Кейде ақиқаттың да ар ұялар іске бастайтыны бар.



оқытушы-дәрігермін, Орал облысында туғамын, 1920 жылы Мәскеуден ауысып келдім, әйелім және 1 жас пен 12 жас аралығындағы 4 балам бар, Түрк. Мем.университетінің ординатор, дәрігерімін, кеңес өкіметіне көзқарасым дұрыс, ескі өкіметтің тұсында полицияда қызмет істегемін жоқ, деп анықтама берген.

Ол тұста мұндай құрыққа түспеген қайраткер жоқтың қасы. Сәкен сияқты «ақындардың аққуы» да өзін-өзі ақтау орайында сондай қадамдарға барғаны және ондай мәліметтерді саяси науқандардың қарсаңында 1925 жылы 19 сәуірде, 1937 жылдың басында жазған. Алғашқысы Голощекиннің келуінің, ал екіншісі үлкен «ғарасат майданының» қарсаңы. Біз соның ішінде Д.Әділевтің көрсетіндісінде айтылатын бір оқиғаға ғана тоқталамыз. Үкімет төрағасының орнынан түскеннен кейінгі С.Сейфуллиннің Сталинге жазған хатында:

Омаров: Маған ешқандай бағдарлама берілген жоқ. Тынышбаевтің, Досмұхамедовтың қолы қойылған хат болды. Әлиханның ауылдан менен бұрын кетіп қалғанын білген соң хаттың көзін жойдым. Хат туралы Сәтбаевтан басқа ешкімге айтқамын жоқ. Оның мазмұнын Сәтбаев білмейтін. Сен айтып отырған мұндай өсектің тарағаны рас. Менің ойымша мұның бәрін таратып жүрген Әділев немесе Әшімбаев (?– Т.Ж.).

Ондағы: «1904 жыл, 7 қазан. С-Петербургтен Қазан қаласындағы Ветеринар институтының студенті Ғұбайдолла Бердиевке.



Орта Азиядағы басмашылар қозғалысына жетекшілік еткені үшін;

Осы алғы шарттарды айта отырып, қазақтардың саяси ұйымдармен, қазақ халқының ұлттық тәуелсіздігі жолындағы күрестегі партия ұйымдарының міндетімен, күрес әдістерімен таныстыруды мақсат еттік»,– деп баға бермес еді.

Осы арада мынадай орынды сұрақ туады: бұл «шірінділерге» Қазақстанда тұруға рұқсат етілмесе, туған елінен С.Меңдешев пен С.Сейфуллин «қуып шығарса»; Сталиннің күдігі бойынша: алашордашылардың Ресейдің ішкі облыстарында тұруы олардың шетелмен байланыс жасауына мүмкіндік беретін болса, Түркістанда «бас қосқаны – басмашылық болып» есептеліп, Т.Рысқұловтың айтуынша «кеңес өкіметіне қауіп төндірсе», сонда олар қайда, қалай, қайтып өмір сүруі керек? Әлде Троцкий сияқты шет елге заңды түрде, не Валиди мен Шоқай сияқты жасырын жолмен эмиграцияға аударылуы тиіс пе еді? Бірақ оларға мұндай таңдау берілген жоқ және алашшылдар өз елдеріне өзі «қашқын» немесе «оралман» атанғысы келмеді.



Осы жылдың 25 қазан күні маған Қылмысты істер кодексінің 58 бабының 7, 10 және 11, 59 баптың 3 тармақтары бойынша кеңес өкіметіне қарсы бағытталған түрлі қылмыс бойынша айыптар тағылды. Тағылған айыптардың ішінен мен өзімді төмендігі айтылғандарды:

Осы жылдың 25 қазаны күні маған: кеңес өкіметіне қарсы жасаған әр түрлі қылмыстары үшін деген желеумен 58 баптың 7, 10, 11 тармақтары және 59 баптың 3 тармағы бойынша айып тағылды. Маған тағылан осы айыптардың ішінде мен төменде көрсетілген жайларды ғана мойындаймын: 1) 1922 жылы кеңес өкіметіне қарсы құпия ұйымға қатысып, жұмыс істедім. 2) Сол 22-жылы Ташкент қаласына жасырын келген Заки Валидовпен кездестім, содан бастап 24-жылдың ортасына дейін пікір алысып тұрдым. Өзімнің қызмет барысымда буржуазиялық ұлтшыл демократиялық идеологияны басшылыққа алдым. Маған тағылған қалған айыптарды мен мойындамаймын. 24-жылдан кейін мен кеңес өкіметіне қарсы ешқандай да құпия немесе ашық ұйымға, үйірмеге, тағы да басқадай алқаға қатысқамын жоқ. Өзімнің буржуазиядық идеологиямды кеңестік талаптарға саналы түрде бағындырдым. Бар білгенім мен өзімнің барлық іс-әрекетім бұрынғы тергеуге берген жауаптарымда, соның ішінде 31-жылдың 14-қыркүйегінде берген жауабымда толық қамтылған.

Осы кезден бастап Орал армиясының жоғарғы басшылығы да тікелей әрекетке көшті. Өздеріне үнемі кедергі болып келген Қазақ үкіметімен арадағы келісім-шартты аяққа таптаған әскери үкімет басшылары тікелей жарлық шығарып, өз қатарын қазақ жерін мекендейтін халық тардың есебінен толықтыра бастады, қоныстанушылармен қатар кейін қазақтарды да ала бастады.

Осы қаулының үстін бастыра:



Осы ұсынысты негізге ала отырып Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Әскери-революциялық кеңес 1920 жылғы 5 наурызда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет