«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет9/72
Дата06.04.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471874
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Науқас төсек тартып жатқанда берілетін жаттығулар жиынтығы аяқ-қолдың тек 
саусақтарын ақырын асықпай қимылдатудан, бұлшық етті ширықтырып босаңсытудан тұрады.
Емдік гимнастиканы пайдаланғанда дәрігер адамның мінез-құлқын жүйесін ескере отырып, 
ең алдымен жаттығулардың қарапайым оңай түрлерін белгілейді. Жаттығулар бірқалыпты ырғақпен, 
байыппен буындардың бірінен соң бірін қозғалта отырып орындалуы қажет. Жаттығуларды онша 


қатты уүш жұмсамай, сүйсіне, ем болатынына сеніп, ықыласпен орындаған дұрыс. Дәрігер науқас 
адамның тыныс алуын (кеудемен не ішпен) қадағалап отырады. Өйткені дұрыс алған демнің өзі қан 
айналымын жақсартады. 
Бірнеше күннен соң тізе, мықын, шынтақ буындарын қосады. Тізе бүгіп-жазып, табанды 
жылжытып, аяқты көтермейді. Жүрек тұсында шаншу болсама, табанды тіреп, жамбасты жлғары 
көтеріп, қозғайды, сол сияқты екі жаққа аунап жатуға болады. Осындай жаттығулар алғашқы кезде 6-8 
минутқа созылады. 
Дене тәрбиесінің бұл режимдегі негізгі мақсаты жүректен алыс, шеткері орналасқан қан 
тамырларын шындап, қан айналымын жақсарту және науқас адамды отыруға дайындау. 
Екінші режимге көшкенде адамның вестибуляр аппаратына (тепе-теңдік жағдайын 
сақтайтын) арналған жаттығулар беріледі. Өйткені көп төсек тартып жатқан адамның басы айналып, 
көзі бұлдырап, тепе-теңдік жағдайы бұзылады. Сондықтан динамикалық тыныс алу жаттығулары, 
дененің бұлшық еттерін ширатулар кеңінен қолданады. Бірнеше рет отырып, қайта жатып, аяқтарды 
алма-кезек көтереді. Алдымен методистің көмегімен, кейіннен өзінше жасайды. Сабақтың ұзақтығы 
14-17 минут, 7-10 күнге созылады. 
Палата режимінде (аурулар жататын бөлме) науқас адамды біртіндеп тұрғызуға 
дайындайды. Жүрек тамырларын, басқа мүшелерді, барлық организмді тік тұруға дағдылап, жүруге 
бейімдейді. Отырған қалпына жүру нышанын жасайды. Сонан кейін біреудің көмегімен түрегеліп 
аяңдап басып жүреді. Жүрудің де мәні бар: бір-екі аттап, кейін екпінді, ара қашығын алыстата түседі. 
Бұл кезең 7-10 күнге созылады, ал жаттығулар 15-20 минуттан жасалады.
Бос режимдегі негізгі мақсат – біртіндеп көбейтілетін күшке жүрек-қан тамырларын 
дайындау. Бұл кезде ауруды баспалдақпен жүргізеді, далаға серуенге шығарады. Сөйтіп үй жағдайына, 
тұрмыс-тіршілігіне қатыстырады. Жаттығулар барлық бұлшық еттерге, тұрып, отырып, жатып - әр 
түрлі жағдайларда орындалады. Жаттығулар далада немесе арнаулы бөлмеде өткізеді. Ұзақтығы 25-30 
минутқа созылады, бұл кезең 7-10 күн болады. 
Ауруханадан шыққан соң науқас адам әбден айыққанша 3-5 ай емханада немесе 
реабилитациялық орталықтарда, санаторийлерде емдік гимнастиканы әрі қарай жалғастырады. 
Мұндағы мақсат – адамның психологиялық жағдайын қалпына келтіріп, жаттығуларға толық бойын 
үйрету; жүрек бұлшық етін жетілдіріп, оның жиырылукүшін арттырып, қан айналысын жақсарту, 
тұрмысқа, еңбекке қабілетін арттыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет