Есеп және қаржы кафедрасы 5В050800 «Есеп және аудит»



бет1/3
Дата20.02.2020
өлшемі388 Kb.
#448007
  1   2   3
ОҚу бағдарлама метод каз



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті



Есеп және қаржы кафедрасы

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі оқу бөліміндегі студенттеріне оқу сараманы бойынша
БАҒДАРЛАМА


Орал-2016

УДК 657.01 072

Авторы:
Жангалиева Р.У.-экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы;

Мустафина А.С.- аға оқытушы





Рецензент:
Искакова Б.Г.- э.ғ.к., БҚИГУ доценті
Жангалиева Р.У., Мустафина А.С.

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі оқу бөліміндегі студенттеріне оқу сараманы бойынша БАҒДАРЛАМА
Осы әдістемелік нұсқаулықта 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі оқу бөліміндегі студенттеріне оқу сараманы бойынша орындайтын шарттары туралы айтылған.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің Тарих, экономика және құқық факультетінің есеп және Есеп және аудит кафедрасының отырысында қаралды

хаттама №7 «11» ақпан 2016 ж.
М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің Тарих, экономика және құқық факультетінің ОӘК талқыланды және мақұлданды

хаттама №6 «16» ақпан 2016 ж.


Баспаға ұсынылды М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ ОӘК,

хаттама №__ «___» _______20___ж.




МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ…………………………………………………………………4

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ.........…………………………………….4

  2. ОҚУ САРАМАНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ……………….6

2.1 УНИВЕРСИТЕТТЕ ОҚУ САРАМАНЫН ЖАЛПЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.........6

2.2 эКОНОМИКА және басқару ФАКУЛЬТЕТІНДЕ САРАМАНДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ………………………….6

2.3 ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫНДА САРАМАНДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ...…7

2.4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ САРАМАНЫН ӨТУІН ҰЙЫМДАСТЫРУ………………………………………………..8

3. ОҚУ САРАМАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ…………………...9

4. ОҚУ САРАМАНЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУДІ ТАЛАП ЕТУ.

4.1 ОҚУ САРАМАНЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ РЕСІМДЕУІ БОЙЫНША ТАЛАП ЕТУ………………………………………………….10

5. ОҚУ САРАМАНЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ………………………………………10

ҚОСЫМША………………………………………………...11

КІРІСПЕ
5В050800 Есеп және аудит мамандығының күндізгі бөлімнің ІІ курс студенттерінің оқу сараманын өту туралы бағдарламасы жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік талап етулеріне сәйкес құрастырылды.

Оқу сараманын өту туралы бағдарламасы есеп және қаржы кафедрасының ІІ курс студенттерінің оқу сараманын ұйымдастыру және өтуінің нақты ерекшеліктері мен мазмұнын, пәндік мақсаты мен міндеттерін анықтайды.




  1. Сараманның мақсаты және міндеттері

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқу практика бакалаврларды дайындау оқу жоспарының құрылымды бөлігі болып табылады.

Оқу тәжірибесінің мақсаты студенттердің оқу үрдісінде алған теориялық білімдерін бекіту және әр түрлі меншікті кәсіпорындар мен ұйымдардың, мемлекеттік, бюджеттік мекемелердің жұмыс тәжірибесін зерттеу.

Оқу тәжірибесінің міндеттері:



  • кәсіби іс-әрекетімен бастапқы танысу;

  • таңдаған мамандық бойынша бастапқы тәжірибелік білімдерін және дағдырларының қалыптасуы;

  • таңдаған мамандыққа қызығұшылықты тәрбиелеу және теориялық білімдерді саналық игеруіне талаптану.

Оқу тәжірибесін өту нәтижесінде студенттер білу тиіс:

  • мамандық бойынша заңдық және нормативтік материалдарды;

  • есеп-қаржылық ақпаратты өндеу әдістерін;

  • мамандық бойынша құжаттаманы бақылау түрлері мен әдістерін.

Оқу тәжірибесінің нәтижесінде студент істей білу керек:

  • кәсіби іс-әрекетінде нормативті-заң құжаттаманы қолдану;

  • алынған теориялық білімді тәжірибеде қолдану;

  • мамандық бойынша құжаттарды рәсімдеу.




  1. Оқу сараманын өткізу орны және уақыты:

Оқу сараманын өткізу орындары болып кафедраның мамандандырылған кабинеттері мен оқу лабораториялары табылады. Оқу сараманын өткізу уақыты оқу процесының тәртібімен реттеледі. Оқу сараманы 2 кредит немесе 30 академиялық сағат көлемінде жүргізіледі..



  1. Оқу сараманын өту барысында қалыптасатын студенттердің құзыреттері

  1. Жалпы (универсалды) құзыреттер

ЖҚ-1 Мәдени ой-толғаумен қамту, ақпаратты қабылдау, анализдеу және жалпылауға, мақсат қою және оған жету жолдарын тандау мүмкіндігі бар;

ЖҚ-2 Болашақ мамандығының әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын сезіну, кәсіби жұмысын орындауға жоғары қызығушылығы болуы;

ЖҚ-3 Бухгалтерлік есеп саласындағы әр түрлі процестерді және экономикалық мәселелерді анализдеу және диагностика жасау қабілеті;

ЖҚ-4 Бухгалтерлік есептің негізін білу;

ЖҚ-5 Бастапқы құжаттарды құрастыруды білу;

ЖҚ-6 Қаржылық қатынастарды реттеу тәртібін енгізу және өңдеуді, оны құжатпен қамтамасыз етуді негіздемесін білу;

ЖҚ-7 Ұйымның қызметкерлерін қаржылық құжаттармен, қазіргі нормативті, заңды актілермен таныстыра білу қабілеттілігі.


  1. Кәсіби құзыреттер

КҚ-1 Алған теориялық білімін кәсіби қызметте қолдана білу;

КҚ-2 Қаржылық есеп беруді ұйымдастыру және қаржылық құжаттардың экономикалық анализын жасау;

КҚ-3 Есеп регистрларын және бастапқы документтерді толтыра білу;

КҚ-4 Қаржылық құжаттарды құрастыру және ресімдеу білу.



5 Сараман мазмұны

  1. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар:



Тапсырма мазмұны

Жұма күні

Сағаттар

саны


Тексеру нысаны

1

Бухгалтерлік баланс

1

5

Күнделікте жазба.

Күнделікте сараман жетекшісінің қолы.



2

Бухгалтерлік жазбалар мен шаруашылық операцияларды екі жақты жазу жолымен бухгалтерлік есеп шоттарында жазу

1

10

Күнделікте жазба.

Күнделікте сараман жетекшісінің қолы.



3

Есепті активтерді есептеу: ақшалай құралдар және олардың баламалары

2

10

Күнделікте жазба.

Күнделікте сараман жетекшісінің қолы.



4

Бухгалтерлік құжаттар және олардың тағайындалуы


3

5

Күнделікте жазба.

Күнделікте сараман жетекшісінің қолы.




6.Сараманның бөлімдерін орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Тапсырма 1.

Студент сараманды кәсіпорынмен, өндіріс ұйымдастыруымен және оның технологиясымен танысуынан басталады. Ол үшін практика жетекшісі практиканттармен цехтер, жұмыс орындары, ТМҚ сақтау орындары мен басқа да орындары бойынша толық түсіндіруімен танысуын өткізеді. Кейін студент кәсіорын өнімімен, басқару құрылымының қағидаларымен, құқықтық құжатарымен танысады.

Тапсырма 2.

Кәсіпорынмен танысу метериалдары бойынша, оның ұйымдастырушылық құрылымының схемасы құрылады, сондай-ақ бухгалтерлік қызметті жіктеумен, экономикалық қызметінің схемасы құрылады. Бухгалтерия аппаратының құрылымын зерттеу үшін студенттер бухгалтерияның әр құрылымы бөлмшелерінің қызметтік міндеттіліктерін қарастыруы керек.

Студенттер кәсіпорынның есеп саясатын оқуы керек. Оның нәтижесінде олар берілген кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуының қағидаларын, тәртібі мен тәжірибесін сипаттауы керек.

Тапсырма 3.

Кәсіпорынның қаржылық есептілігігнің және түсініктеме хатының нәтижеснде студенттер қаржылық-шаруашылық қызметінің шұғыл-талдауын және қорытындыларын жасау керек. Шұғыл-талдаудың өткізу әдістемесі А қосымшасында көрсетілген.



Тапсырма 4.

Берілген тапсырма студенттерден талап етеді:



  • жарғы капитал өзгеріуі және қалыптасу тәртібін зерделеу;

  • капиталдың қозғалыс (жылжу) есеп тәртібін зерделеу;

  • резервті капиталды қалыптасу қолдану тәртібін зерделеу;

  • үстемелі төленген және төленбеген капиталды есеп тәртібі бухгалтерлік есеп стандартына сай қолдану;

  • субъектің мүліккінің қалыптасу декекөзімен танысу, жеке меншік және тартылған капиталдың құрамын көрсететін бланс деректерінің кестесін құру;

  • жеке меншік капиталының синтетикалық есебін ұйымдастыру тәртібе және оны құжат айналымын зерделеу;

  • қаржы көрсеткісін есептеу және талдау, жеке меншік капиталының құрылым, талдау құрамы.

Практика есебінде жоғарыдағы тізбеленген жеке меншік капиталының аспектерін міндетті түрде анықтау қажет.

Тапсырма 5.

Студенттер негізгі құралдардың және материалды емес активтердің есебінің ұйымдастыруын, яғни:



  • кәсіпорынның саясатында қарастырылған есеп әдісімен негізгі құралдар және материалды емес активтердің тозу есебін құрастыру;

  • негізгі құралдар және материалды емес активтердің объектілерін пайдалану қозғалыс динамикасын құрамын талдап шығу;

  • негізгі құралдар және материалды емес активтердің қозғалуы жайлы құжаттарды құрастыру және өңдеу тәртібін зерделеу құжатайналымының үлгісін жасау;

  • негізгі құралдардың күнделікті және күрделі жөндеу шығының есептеу тәртібі және талдау көрсеткіштің есебі;

  • негізі және ұзақ мерзімге жиналған құралдардың қозғалысының бастапқы құжаттарың жүйелі деректеу және материалды емес объектердің активтерін тіркелімдерді құжаттарды жүйелеу және қолдану тәртібін зерделеу;

  • негізгі құралдар және материалды емес активтердің синтетикалық есебін ұйымдастыру тәртібін зерделеу;

Практиканың есебінің мәтінін құрастырғанда кәсіпорын туралы берілген құжаттарды талдап жоғарыда берілген есептерді пайдалану, міндетті түрде қосымша толтырылған құжаттар болуы керек.

Тапсырма 6.

Студенттер бухгалтерияда материалдық есептеу топтарын, сақтау орындарындағы материалды-жауапты тұлғаларды, бухгалтерлік және қойма есебінің тексеру әдістері мен тәртібін зерттейді.

Студенттер өз бетінше істеу керек:


  • жұмсалған ТМҚ-дың КДШ және нақты өзіндік құнның, есептеу бағалары бойынша олардың құнынан ай соңына қалдықтардың ауытқұларды есептеу;

  • бухгалтерлік есеп стандарттарымен ұсынылған қалдықтар бағаларының әдістерін зерттеу және талдау;

  • материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша құжаттарды толтыру;

  • материалдық құндылықтардың түсуі бойынша жеткізушілермен есеп айырысу есептерінің жағдайын, оның төлемін, бухгалтерлік есеп тіркеліміндегі қарыздылық қалдықтарын талдау;

  • бухгалтерлік құжаттардағы түгендеуді өткізу тәртібін және түгендеу нәтижелерін есептеуін зерттеу;

  • өткізу тәртібін және қайта бағалау нәтижелерінің есебін зерттеу;

  • қаржылық есеп-қисапты ашылатын ТМҚ есептеу бойынша ақпарат толықтығын зерттеу.

Осы тақырып бойынша есепте жоғарыда аталған есеп айрысулар, зерттелген материал деректері көрсетіледі

Тапсырма 7.

Бұл тапсырма бойынша студенттерге қажет:



  • кассадағы ақша қаражаты қозғалысының құжаттарын дайындау тәртібін оқу;

  • кассалық есептіліктерді өңдеп, бухгалтерлік есептілік регистірлерінде жазуларды жасау а;

  • касса түгендеуіне қатысып, ақша қаражатының тексеру актісін құру және қорытындыларын есеп регистірлеріне енгізу;

  • банктерде ағымды, валюталық, кредиттік шоттарды ашуының тәртібін оқу;

  • есептік құжаттардың үзіндісіне қатысу;

  • банктерден бірнеше үзіндіні өңдеп, бухгалтерлік есептілік регистірлерінде жазуларды енгізу;

  • кәсіпорында қолданылатын қолма-қолсыз есептеулердің түрлері мен формаларын зерттеу;

  • жеткізушілер, сатып алушылар, дебиторлар мен кредиторлармен есептерін ұйымдастыруын сипаттау;

  • есептілік тұлғалармен, материалды жауапты тұлғалармен есептесулерді ұйымдастыруын оқу;

  • барлық есептеу шоттары бойынша синтетикалық және аналитикалық есепті жүргізуі және регистірлерінде жазулары бойынша тәртіптермен танысу;

  • есептесулер, өңдеулер, претензиялы хаттарды салыстыруына қатысу.;

  • құнды қағаздар түрлерін және әртүрлі қаражат салымдарын оқу.

Бұл тақырып бойынша есепте жоғары көрсетілген есептеулер, оқылған материалдардың мәліметтері көрсетілген.

Тапсырма 8.

Бұл тапсырманың мақсаты кәсіпорындағы еңбек ақы төлеуінің тәртібімен танысу, персоналмен есептесу бойынша есепті ұйымдастыруының пратикалық дағдыларын игеру, кәсіпорынынның персоналына еңбек ақыны есептеу .

Практика үрдісі барысында студенттер оқу қажет:

  • кәсіпорынның жеке құрамын, жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауысу, еңбек келісімінің тоқталуы туралы бұйрықпен танысу;

  • табельдік есебінің жүргізу тәртібін;

  • кәсіпорында қолданылатын еңбек ақы жүйесі мен түрлерін;

  • жұмыс істелген уақыт, демалыс күндері, уақытша қабілетсіздік пен басқа да төлем түрлері бойынша есептелер тәртібін;

  • еңбек ақы төлемдерінен ұстамдары мен оның есебінің тәртібін;

  • еңбек ақының синтетикалық есебінің және оның құжатайналымын ұйымдастыруын.

Бұл тақырып бойынша есепте жоғары көрсетілген есептеулер, оқылған материалдардың мәліметтері көрсетілген.

Тапсырма 9.

Бұл тапсырманы орындау кезінде қажет:



  • кәсіпорындағы басқару есебінің ұйымдастыруын оқу;

  • өндіріске шығындар мен есеп ұйымдастыруының нормативтік базасымен танысу;

  • кәсіпорындағы қолданылатын өнімдердің өзіндік құнының есептеуін, өндірістік есеп әдістерін оқу;

  • өндіріске шығындар бойынша есеп регистірлерін толтыру тәртібімен танысу;

  • өндірістік шығындардың синтетикалық есебін ұйымдастыруын оқу;

  • өндіріске шығындар талдауын өткізу.

Бұл тақырып бойынша есепте жоғары көрсетілген есептеулер, оқылған материалдардың мәліметтері көрсетілген.

Тапсырма 10

Осы тақырыпты зерттеу үшін студент білуі тиіс:



  • бухгалтерлік есеп стандарттарының ережелерін зерттеу;

  • негізгі қызмет және негізгі қызмет емес түрлері бойынша табыстар таңылуының тәртібін зерттеу;

  • өткізу бөлімінің жұмысымен танысу, сатып алушылар құрамын және дайын өнімді жеткізудің негізгі жағдайларын анықтау;

  • шарттық қатынастар ұйымымен танысу;

  • қоймаға өнімді кіріске алу есебінің, сатып алушыларға өнімді жөнелту, сатып алушылардың төлем есептерінің бақылауын іске асыру ұйымдастырылуымен танысу;

  • қоймадағы дайын бұйымдардың (өнімдердің) түсу, жөнелту, жіберу құжаттық ресімдеу тәртібін меңгеру;

  • тауарларды есептеу ұйымдастырылуын зерттеу (орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;

  • дайын өнімді бағалау және түсірілген тауарлардың нақты өзіндік құнын анықтау үшін есеп айырысуларды құрастыру тәртібімен танысу;

  • өнімді өткізу және оны бөлу бойынша өнімдерді, шығындарды өткізу есебін зерттеу және өткізу;

  • кәсіпорындағы дайын өнімді және оны өткізу есебінің жүйесін сипаттау;

  • табыстарды пайдалану бағыттарын зерттеу;

  • табысты бөлудің есеп айырусыларды зерттеу;

  • синтетикалық және аналитикалық есептердің, табыстың қалыптасуы мен пайдалануының ұйымдастырылуын зерттеу.

Осы тақырып бойынша есепте жоғарыда аталған есеп айрысулар, зерттелген материал деректері көрсетіледі.

Тапсырма 11.

Осы тақырыпты үйрену үдерсінде студент білу тиіс:



  • бухгалтерлік балансты құрастыру, табыстар және шығындар туралы есептің, меншікті капитал қозғалысы туралы есептің тәртібі және техникасымен танысу;

  • баланс көрсеткішінің есептің басқа нысандарымен байланысын зерттеу;

  • баланс баптарының баға қағидаларын анықтау;

  • қаржылық есеп-қисап және оның түсініктеме хатын ұсыну және бекіту тәртібін меңгеру.

Осы тақырып бойынша есепте жоғарыда аталған есеп айрысулар, зерттелген материал деректері көрсетіледі.

7. Сараманды аттестаттау нысаны (есепту жасау және қорғау, қорғау тәртібіне талаптар, қорғау орны)
Сараман бойынша есеп беру сараман бағдарламасы бойынша құрастырылады.

Сараман бойынша есеп беруді ресімдеудің талаптары:

- есеп көлемі қосымшаны есептемегенде компьютерлік мәтіннің 20-30 беті;

- мәтін «Times New Roman» қаріпімен, 14 өлшеммен интервалсыз басылады;

- қағаз форматы А4, жоғарғы жағы - 2см, төменгі жағы – 2,5 см, оң жақ - 1 см, сол жақ - 3 см;

- есеп папкаға тігіледі;

- беткі беті қосымша 1-ге сәйкес ресімделеді.

Есеп басында оқу сараманын өту туралы күнделігі (Қосымша 2) салынады, содан кейін мазмұны (Қосымша 3), есептің өзі, қорытынды және қосымша мен есепті орындау барысында қолданылған дереккөздер тізімі жазылады.

Беттер номері беттің төменгі жағынан ортасынан 4 беттен бастап көрсетіледі.

8. Оқу сараманының оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі:

Негізгі әдебиеттер


  1. Бухгaлтерлік есеп және қaржылық есеп беру» турaлы Қaзaқстaн Республикaсының зaңы, 28.02.2007 № 234-III

  2. Қaржылық есеп берудің ұлттық стaндaрттaры – 23.05.2007 жылғы ҚР Қaржы Министрінің бұйрығы, Aлмaты : ЛЕМ, 2008

  3. Қaржылық есеп берудің хaлықaрaлық стaндaрты – Aлмaты: LEM, 2009

  4. Қaзaқстaн Республикaсының Сaлықтық Кодексі ( өзгертулер мен толықтырулaр) – Aлмaты: Центрaльный дом бухгaлтерa, 2010

  5. Бухгaлтерлік есептің типтік шоттaр жоспaры– 23.05.2007 жылғы ҚР Қaржы Министрінің бұйрығы, Aлмaты : ЛЕМ, 2008

  6. Сейдaхметовa Ф.С. «Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп » , Оқу құрaлы, Aлмaты: Экономикa, 2008

  7. Бaймұхaновa С.Б «Бухгaлтерлік есеп», Aлмaты.Издaтельство/ Мaркет,2008

  8. Назарова В.Л.. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов, Алматы, 2015 г.,

  9. http:// www.minfin.kz

  10. http://kz.buh-nauka.com.

  11. http://uchet.kz

  12. www.buhgaiter.kz

  13. Официальные web – сайты Правительства республики Казахстан, Министерства Финансов Республики Казахстан. www.govement.kz, www.minfin.kz, www.nalog.kz

  14. Официальный web – сайты Национального Банка республики Казахстан – www.nationalbank.kz, КФК – http;//www.kase.kz, АФН – www.afn.kz

  15. Официальные web - сайты экономических журналов


Бағдарламалық қамтамасыз ету
1. Султанова Б.Б.,Кагазбаева Г.М. Принципы бух.учета.Практикум А.:Нур-Пресс, 2007

2. Мырзалиев Б.С.,Абдушукуров Р.С.Основы бух.учета А.:Нур-Пресс, 2007

3. Мырзалиев Б.С.Методика составления бух. отчетности А.:Нұр-Пресс , 2007

4. Мырзалиев Б.С.Бухгалтерский учет на предприятиях А.:Нұр-Пресс, 2007

5. Ержанов М.С.,Нурумов А.А.Финансовая отчетность казахстанских предприятий А.:Экономика, 2008

6. Искакова Б.Г., Мустафина А.С. Принципы бухгалтерского учета ЗКГУ, Орал 2010 г.

7. Терехова В.А. Финансовый учет. Краткий курс , 2008г.

8. Гельтман В.Г. Финансовый учет. Учебник, 3-е издание, 2015г.

9. МСФО – Алматы, 2015г.
9. Білімді бағалау тәртібі

Сараман немесе сынақ бағасы теориялық оқу бағасына теңестіріледі және студенттердің жалпы үлгерімін қорытындылағанда ескеріледі.

Сараман бағасы есеп беруді қорғау сынағы бойынша үлгерімінің көрсеткіштері, сараман жетекшісінің бағасы бойынша 100 балдық жүйе бойынша анықталады.


Баға

Әріптік балама

Пайызбен

Балл бойынша

үздік

А

95-100

4




А-

90-94

3,67

жақсы

В+

85-89

3,33




В

80-84

3,0




В-

75-79

2,67

қанағаттанарлық

С+

70-74

2,33




С

65-69

2,0




С-

60-64

1,67

Қанағаттанарлық емес

Д+

55-59

1,33




Д-

50-54

1,0




F

0-49

0



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет