Әшімова ГҮлназ бейсенбайқызы қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихы


«Әлеуметтік-экологиялық мәселелердің шиеленісуі: ауыр зардаптары мен салдары»



бет2/2
Дата25.02.2016
өлшемі277 Kb.
#22081
түріАвтореферат
1   2

«Әлеуметтік-экологиялық мәселелердің шиеленісуі: ауыр зардаптары мен салдары» атты екінші бөлімшеде кеңестік кезеңдегі болған экологиялық мәселелердің ауыр зардаптары қарастырылған.

Н.Ә. Назарбаев: «Жыл өткен сайын адамдардың денсаулығының негізі күйреп, нәзік табиғи орта бұзыла берді. Тән азабы да, рухани қасірет те біздің жүрегімізді әлі күнге сыздатуда. Ядролық қателіктердің бүкіл адамзат баласына қандай қисапсыз шығындар мен орны толмас құрбандықтар әкелетінін біз білеміз», - деп атап көрсетті және соның нәтижесі ретінде 1991 жылы 29 тамызда өзінің жарлығымен Семей ядролық полигонын жапты [18].

Арал және Балқаш мәселелері жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы, ақын, Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының секретары Мұхтар Шахановпен осы қоғамдық комитеттің арқалар жүгі қандай, Арал-Балқаш тағдырының адамдар ерекше назар салар тұстары қайсы деген арнайы тақырыптарға сұхбатынан: - XX ғасырдың қателігі, адамзаттың өз қолымен жасалған қателік - Арал қасіреті. Халықтың екі теңіз тағдырына елеңдеп отырғаны да осыдан. Өйткені Аралды да, Балқашты да дәл осы халге жеткізген халық емес, бір күндігін ғана ойлаған, «Алған жомарт емес, берген жомарт» деген үркердей топ қана» мен еліміздегі осы су, егін шаруашылығына жауап беретін арнаулы мекеменің басшылары мен мамандарын айтып отырмын. Арал мен оның бойында отырған елдің ауыз суы жоқ. Міне, бұл маңдағы адамдардың ең ауыр ауруларға: қатерлі ісік, инфекциялық іш ауруларына, бауыр ауруларына шалдығуы да осындай себептерден. Әсіресе, балалар Аралдың жағдайы анадай, ал ұлы Сырдың химикаттардан өз ағысын тоқтатуға таяу екенін ескерсек, балалар денсаулығы қыл үстінде тұрғанын жасыра алмаймыз. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі де мойындап отыр. Өз қолымызбен істеген «қылмыстар» - Аралдың тұзды ауасы мен Сырдың «сырқат» суы сәбидің үлпілдеген өкпесіне, уылжыған асқазанына қанжарша қадалып жатқанын ойлау ғана емес, білу, біле тұрып білек сыбана әрекет етпеу тағы бір қылмысымыз...» - деді ол.

«Байқоңыр космодромы да қоршаған ортаға өзінің жағымсыз әсерін тигізді. Ауқымды кешеннің көлемі 6717 шаршы км құрайды, бұл Мәскеу сияқты 12 қаланың жер аумағына тең келеді. Арнайы зерттеулер жерасты сулардың құрамында гептилдың (ракеталық жанармайдың компоненті) бар екендігін және онымен егістік шөптің залалданғанын анықтады. Нәтижесінде шаруашылық айналымнан 180 мың га егістік жер белгіленді» [19].

Өнеркәсіп орындарынан бөлінген қалдықтармен ластанған республикамыздың ең ірі аймақтардың бірі - Оңтүстік Қазақстан облысы. Өнеркәсіп орындары Шымкент және Кентау қалаларында, Ақсу, славянка, Шәуілдір, Састөбе аудандарында шоғырланған, сонымен қатар, Қаратау тауларындағы Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын кен орындары бәрімізге мәлім. Облыс аумағында 7 мыңнан астам ластандыру көздері бар.

Қоршаған ортаны ластандыру көзі болып табылатын ірі кәсіпорындардың басым бөлігі Шымкент өнеркәсіп ауданында орналасқан. Мысалы, фосфор ШӨБ (Шымкент өндірістік бірлестігі) жұмысы кезінде атмосфераға фосфорлық қосылыстар шығарады. Кезінде технологиялық регламентті сақтамау салдарынан зиянды заттардың дүркін-дүркін шығарылуы орын алады. Бірлестіктен атмосфераға жыл сайын жүздеген, тіпті, мыңдаған тонна қатты заттар, күкірт ангидриді, азот қышқылы, күкірт қышқылы, фтор қосылыстары және т.б. заттар тарайды. 1989-жылдан бастап жылдық қалдық мөлшері 137,8 тоннадан 1084,2 мың тоннаға дейін өсті.

Ертіс өзенінің арнасы 3-4 есеге азайып, бүгінгі күнде онда өсетін балықтың түрлері барынша кемігендігін Семей қаласында 2003 жылы желтоқсан айында өткен «Экологиялық мәселелер және оны шешудің жолдары» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда эколог-ғалымдар республикадағы экологиялық апаттың Кеңес өкіметі тұсындағы әкімшіл-әміршіл саясаттың салдарынан асыра сілтеушілер мен қателіктерін атап көрсетті. Мұндай тандыры кепкен өзен-көлдер басқа тың облыстардың территорияларында көптеп кездеседі.

Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау (ВОЗ) ұйымының есептеулеріне қарағанда дерт түрлерінің 80 пайызы тікелей суға қатысы бары анықталды. Шамамен, әлемде 400 миллион адам гастроэнтеритпен, 200 миллион адам шистосоматозбен, 30 миллионнан астам адам онхоцеркоз дертімен ауырады екен.

Тағы бір алаң ол «Атомды көл». «Атом көлі» 1960-жылы пайда болды, ғалымдар ядролық жарылыс арқылы қуаң жерлерді жасанды су қоймасын салуды ойластырды, тәжірибеде сынауды жөн көрді. Алдымен полигонда, 150 метрлік тереңдікке ядролық зарядтарды көміп жарды. Сегіз миллион куб метр жер жан-жаққа шашылып кетті. Бұл 1965-жылы болған. Жарылыс орнында диаметрі 500 метрлік шұңқыр пайда болды. Біртіндеп ол жер астындағы көк жиек ылғалымен толды. Сол жерде «Атомды көл» пайда болды. Кезінде депутат Петрушенко шомылған көл. Ол шұңқырдағы судың ешқандай радиоактивтілігі жоқ деген болатын... Бүкіл радиациялық зиян судың астында, тұнбасында және көлдің шетінде жатады. Сондықтан да, ең көп сәуле қабылдау мөлшерін суға түскен адамдар емес, жағада тұрғандар қабылдайды [20].

Бүгінгі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Арал, Балқаш мәселелерін, Семей полигонын және тағы басқаларды адам қолымен жасалған залалдар деп түсінуге болады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, табиғаттағы күрделі өзгерістерді болдырмау үшін экологияның адам психологиясындағы экологиялық мәдениетті дамытып, қалыптастырудан бастау қажет деген ұсыныстары өте орынды.

Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Ауыл экологиясының нашарлауы негізінен шаруашылық көзінің қалыптасқан жүйесінің бұзылуына байланысты болып отыр. Арал теңізінің экологиялық жағдайы мен Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі осы аймақтарда қатерлі ісік, жұқпалы, жүйке, тері, ақыл-естің ауытқуы сияқты ауруларды өршіте түсуде. Ал, полигондар болған жердегі халық қан аздық, сәуле ауруларынан және қатерлі ісіктен зардап шегіп отыр.

«Мұнай компаниялары өндіріс қалдықтарының атмосфераны ластауының мөлшерінен асырды деген мынадай мәліметтер қазақстандық басылымдарда бірнеше рет келтірілді. 1997-жылы Шеврон компаниясы химиялық уландырылған заттардың 18000 тоннасын ауаға тастады (осы сияқты ластандырудың әрбір түрлерінің мөлшері АҚШ-та жылына 10 тоннаны құрайды). Ал 1998-жылы Шеврон бұл өндіріс қалдықтарының шығындарын 80000 тоннаға жеткізетіні, сонымен қатар бұл жасалған шараларының зардаптарына және қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына тигізген залалдарына ешқандай кепілдік бермейтіндігі жөнінде қазақстандық билікті хабардар етті» [21].

Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуі дүниежүзілік мәселе деңгейінде қалып отыр. Сынап кадмий, қорғасын, мырыш, т.б. металдар азық-түлік арқылы адам организміне түсіп, түрлі аурулар әкеледі. Этилендірілген бензинді пайдалану кезінде адам организміне түсетін қорғасын да өте қауіпті.

Сонымен қатар, қазіргі таңда әлеуметтік және экологиялық мәселелердің шиеленісу жағдайының тарихи негіздемесі эволюциялық сипатқа ие. Бұл жерде қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу бойынша маңызды теориялық және практикалық аспектілері талданады.



«Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерге байланысты әлеуметтік жағдайы мен ахуалы» атты үшінші бөлімшеде Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдарға, мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмек мәселелері қарастырылған.

Бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына ену жөніндегі стратегияда мемлекет басшы­мыз Н.Ә. Назарбаев: «Шетелдіктер қатысатын ғылыми орталықтарды дамыту жөн. Шетелдік мем­лекет­терді, корпорациялар мен академиялық орта­лықтарды Қазақстанда жаңа ғылыми орта­лықтар құру үдерісіне тарту керек», - дейді. Бұл да уақыт талабы және еліміздің жаңа тынысын ашатын шара.

Жаппай саяси қуғын-сүргіндерден, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдарға біржолғы өтемақы төлеу жалғастырылуда. 2004-жылға арналған республикалық бюджетте ақталған азаматтарға өтемақы төлеуге 854,1 млн. теңге, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен зейнеткерлер мен мүгедектерге біржолғы төлемге - 197,1 млн. теңге көзделген [22].

2004-жылы Министрлік Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігімен, «Қазақ тамақ академиясы» ЖАҚ-мен, БҰҰДБ, ХЕҰ, еңбек Ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер көрсетуге арналған нақты шығындарды ескере отырып, ең төмен күнкөріс деңгейінің деңгейі мен құрылымын талдады, ең төмен күнкөріс деңгейін анықтаудың халықаралық тәжірибесін зерттеді. Жұмыс қорытындылары бойынша 2004-жылғы 19 қазанда Министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен, ХЕҰ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы кедейлік және әлеуметтік стандарттар: ең төмен күнкөріс деңгейін анықтаудың әдісін жетілдіру» тақырыбына семинар өткізді. Ең төмен күнкөріс деңгейінің құрылымын азық-түлік емес тауарлардың бекітілген үлесін көбейту жағына жетілдіру жөніндегі жұмыс жүзеге асырылуда.

Ядролық сынақтар өткізілген аймақтарда тұратын әйелдерге жүктілігіне және тууына байланысты әлеуметтік жәрдемақылар тууына 170 күнтізбелік күн қалғанға дейін және босануы кезінде немесе екі немесе бірнеше баланы босану кезінде қиындықтар болса кейінгі 184 күнге де төленеді.   

Ядролық сынақтан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен төлемдерге мүмкіндік беретін арнайы куәлік беріледі. Куәлікті алу үшін Семей ядролық қаруды сынақтан өткізу аймағындағы сынақ салдарынан зардап шеккендерге төленетін бір реттік мемлекеттік ақшалай төлемдерін төлеуге байланысты азаматтарды тіркеу ережесіне сәйкес міндетті тіркелу қажет.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заң 1991-жылы қабылданған болатын. Онда ТМД елдерінде алғаш рет мүгедектердің тіршілік әрекеті үшін оларды тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдық жағдайлар туғызу ресми түрде мәлімделді.

Заң қабылданғаннан кейінгі өткен жылдарда мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалту, әлеуметтік қолдау және түзеу жұмыстарын жақсарту жөнінде белгілі бір шаралар қабылданды: стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің жүйесі кеңейді, мүгедектерге берілетін компенсаторлық техникалық көмекші құралдардың сапасы жақсарды, мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізу мүмкіндіктері ұлғайтылды.

Қазақстан Республикасы азаматына ауырған жағдайда, жасына байланысты, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылған кезде төменгі еңбекақы мен зейнетақы мөлшерінде ақы төленеді. Осыған байланысты 2005-жылдың 13 сәуірінде мүгедектердің әлеуметтік қорғалу құқын анықтауға, қоғамдық интеграцияға, денсаулық жағдайына байланысты білім алуға, еркін таңдау туралы ақпаратқа кіруге, тегін медициналық көмекке, кәсіби дайындық пен қайта дайындалуға, екбекке деген қабілетін қалыпқа келтіруге, сонымен қатар мүгедектердің әлеуметтік және кәсіби жарамдылығын арттыру тұрғысында өткізілетін медициналық шараларға қатысуға деген құқықтарын анықтайтын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мүгедектерін әлеуметтік қорғау туралы» Заңы қабылданды.

Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады.

Республикамызда мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек көрсететін, медициналық, әлеуметтік және кәсіби даму, мүгедек балаларға білім беру бағдарламасын жасау, моральды-психологиялық жағынан қолдау көрсету, олардың құқықтары туралы ақпарат беретін 6 территориялық орталықтар бар.

«Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экологиялық хал-ахуалы: даму жолдары мен бағыттары» атты екінші бөлімде Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынастары, «Жаңа экологиялық саясат» аясындағы жаңа ой-пікірлер мен шешімдерді қабылдауда табиғатты қорғау саласындағы органдары мен ұйымдарының қызметі, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспары қарастырылады.

«Экологиялық мәселелерді шешуде Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықтағы алатын орны, мазмұны және мәні» атты бірінші бөлімшесінде Рио-де-Жанейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясы, сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстандағы қызметі, «Орталық Азия экономикалық қауымдастығының» қызметі қарастырылған.

Москвада 1992-жылы қаңтар айында Арал өңірінде халықаралық көмек жобасын іске асыратын «Арал» Координаторлық Кеңесі құрылды. Кейіннен әлемдік деңгейде экологиялық апат аймағы болып танылған Арал өңірін сауықтыру мақсатындағы «Арал дағдарысының келеңсіздіктерін жою негіздері туралы халықаралық бағдарлама» қабылданды.

1992-жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясы өтті. Онда 179 мемлекет қатысты. Бұл конференция әлемдік қауымдастықтың даму негізі ретінде тұрақты даму концепциясын ұсынды, сонымен қатар келісілген саяси іс-қимылдар кезеңінің басталуына жол ашты [23].

«ХХІ ғасырдың күн тәртібі» атты негізгі құжатта қоршаған ортаны және әлеуметтік экономикалық дамуды бөлектенген облыстар тәрізді қарастыруға болмайтындығы көрсетіледі. Үш мақсат - табиғи ортаның жоғары сапасы, барлық халықтардың бақуатты экономикасы, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың үйлесімділігі бірегейлікте қарастырылуы қажет.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанда өз қызметін 1993-жылы бастаған. Оның негізгі міндеті - адам дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Дамудың тұрақтылығы дегеніміз - адамзаттың қазіргі буынының қажеттілігін өтеу үшін кейінгі ұрпақтың үлесіне тиісті сыбағасына қиянат жасамай, олардың қамын ойлау. Осы мақсатқа жету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы төмендегі үш салаға ерекше көңіл бөледі:

- кедейліктің деңгейін төмендету;

- демократиялық және экономикалық қайта құру;

- қоршаған ортаны тиімді пайдалануды күшейту.

1994-жылы Орталық Азия одағы құрылды. Оған мүше болып «интеграциялық үштік» идеясын бір-ауыздан қолдаған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан республикалары кірді. Түркіменстан Республикасы бейтараптық жариялап, ұйымға мүше болудан бас тартқан. Алайда үш республика басшысы бірқатар құжатқа қол қойғанымен, ауызбірліктің болмауы салдарынан ондағы федералистік сипаттағы идеяларды жүзеге асырудың айқын жолдары белгіленбегендіктен, ол құжаттар мен идеялар қағаз жүзінде ғана қалды.

«Егемен Қазақстанда» «Арал тағдыры - адамзат тағдыры. Ашхабадтағы басқосуда Арал мәселесіне айрықша көңіл аударылды» деген тақырыппен «Егемен-ақпарат» мағлұмат берген. 1997-жылы Аралды құтқару халықаралық қорының Алматыда бас қосуынан соңғы болып отырған мәжілісі еді. Мұнда да мемлекет басшылары «таза шаруашылықтан» аса алмаған жайлары бар. Осы екі жылдық уақыт аралығында: «Қор халықаралық пәрмендірушілерді тарта отырып, елеулі жұмыс жүргізгендері» атап айтылды. Соның арқасында «көптеген аудандар таза сумен қамтамасыз етілген, қордың емдеу және балалар мекемелеріне медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер жіберіп, тұрмысы төмен отбасыларға нақты материалдық көмек көрсеткендерін» мәжіліске қатысушылар ашық түрде көрсетті.

«Рио-де-Жанейрода белгілеген шешімдер тұрақты экологиялық дамудың Орта Азиялық үлгісін іздестіре бастауға мүмкіндік береді және экология тұрғысынан неғұрлым осал, экономикалық өтпелі кезеңде тұрған мемлекеттердің айрықша мәртебесі туралы мәселені қоюдың маңызы өте зор», - деп дәйектеді Н. Назарбаев. Осыдан кейін алда нендей шаралар жасау ісі күтіп тұрғанын әңгімеледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қоршаған ортаны сауықтыру жолында қолға алынып жатқан бірсыпыра іс-қимылдар бар. Соның бірі - осының алдында айтылған Рио-де-Жанейрода (Бразилия, 1992) өткен «Жер саммиті» Халықаралық конференциясы болып табылады. Дүниежүзінің 180-ге жуық елдерінің мемлекет және үкімет басшылары қатысқан бұл конференцияда негізгі үш мәселеге баса көңіл бөлінді. Біріншісі - тұрақты даму жөніндегі жоспарды түпкілікті айқындау; екіншісі - мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқығы мен міндеттерін белгілеу; үшіншісі - орман туралы ережені дайындау. Қазір аталмыш мәселелер салалары бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Оның мысалдарын мынадан көруге болады.

1995-жылы - «Орман туралы» ереже, 1996-жылы «Бос аймақтар жөніндегі конвенция» тағы да басқа құжаттар қабылданды. Онда әр мемлекет өздерінің табиғи ресурстарын қажетінше пайдалануға құқылы, бірақ ол басқа елдерге зардабын тигізбейтіндей болуы шарт екендігі анық көрсетілген.

Осы міндеттер, бәрінен бұрын, жергілікті жерлердегі мамандардың, басқа да ресми тұлғалардың аталмыш мәселелерге қалай қарап, оларды қалай шешуіне байланысты болса керек.

1996-жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін Бүкіл дүниежүзілік айналадағы ортаны қорғаудың күніне байланысты жетекші халықаралық ұйымның Бас хатшысы - Бутрос Бутрос-Галидің жолдаған хатына тірелуі тиіс деп білеміз. Онда біздің мәселемізге қатысты: «Биылғы күллі дүниежүзілік күннің тақырыбы - «Біздің жеріміз. Біздің өмір сүру ортамыз. Біздің үйіміз...». Ғарышкерлер, іс биосфераға қатысты болған кезде, мемлекеттік шекаралардың қаншалықты мәнсіз болып қалатынын көздерімен көрісті. Біз өзімізді бөліп тұрған осы шеңбер түгелдей өмір сүріп отырған планетаны бізден тұмшалап тастауына жібермейміз. Бүкіл Жерді, біздің ортақ шаңырағымыз ретінде, тағдыры мен болашағын бөліп-жарып қарай алмайтын біртұтас мекеніміз ретінде қабылдау тірі қалуымыз жолындағы алғашқы қадамға айналуы мүмкін... Біз ойдағыдай тіршілік ету емес, сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың игілігі үшін де жағдай жасау хақындағы түсінігімізді ортаға салайық. Экологиялық дағдарыс ойланып-толғануға уақыт қалдырмай отыр: қазірдің өзінде-ақ іс-әрекет жасау керек», - деген.

Қоршаған табиғи орта менеджменті жүйесіне қойылатын талаптар ҚР РИСО 14001-2000 стандартында көрсетілген, ол Қазақстан аумағында тікелей қолданылатын халықаралық стандарт болып саналады.

Қоршаған ортаны басқаруға таратылған халықаралық стандарттар, қоршаған ортаны басқару жүйесін тиімді іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етуге арналған. Олар экологиялық және экономикалық мақсаттарға жету үшін әкімшілік басқару жүйесінің басқа іс-шараларымен тығыз байланыста болуы шарт. ҚРС ИСО 14001 бойынша қоршаған ортаны басқару жүйесінің, құру және тұрақты түрде жетілдіру моделі.

Бұл стандарт, осындай қоршаған ортаны басқару жүйесіне нақтылы талаптар қоя алады. Оны географиялық, өнер және әлеуметтік жағдайларына байланысты барлық түрдегі және көлемдегі ұйымдарға (мекемелер) қолдануға болады. Шикізат ретінде пайдалануға бағытталған. Қазақстанда қалдықтардың түрлері мен категориялары үшін халықаралық стандарттарды тікелей қолдану жүйесін дамытудың маңызы зор, себебі ол сапа жүйесі мен өндірісті сертификаттаумен тікелей байланысты.

Қазақстан жерінің 70 % - шөл мен шөлейт, 3 % ғана - орман. Республика аумағында 25 млрд. тонна қатты қалдықтар жатыр, оның 300 млн. тоннасы радиактивті қалдықтар. Біздің елімізде 6 ірі уран шығатын геологиялық аймақ бар.

Шығыс-Қазақстан облысында ашық су қоймаларына тәулігіне 800 мың куб. метрге ағын сулар құйылды, ал олардың 50 % ғана тазалаудан өткізілген болатын [24].

Тәуелсіз еліміздің жалпы тарихында алғаш рет қоршаған ортаны ластауды жою жөнінде жұмыс басталды деуге толық негіз бар. Оған мысал конденсаторлардың бірінші партиясы «Дариьял-У» полигонына әуе көлігі арқылы Германияға қайта өңдеуге жіберілгенін айтсақ болады.

Қазақстанның 2030-жылға дейінгі даму стратегиясында айтылғандай, еліміз неғұрлым жоғары дәрежедегі ауасы кәусар, суы тұнық ең таза жасыл ел болуы қажет. Осыған байланысты «2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау жұйесінің орнықты дамуының негізгі бағыттары» айқындалған еді. Онда төрт негізгі кезең бойынша нұсқаулық көрсеткіштер алғаш рет енгізіліп отыр.

Экологиялық заңдылық пен саясат жөніндегі Йель орталығының мәліметі бойынша Қазақстан әлемдік экологиялық тұрақтылық индексінде 70-орынға тұрақтаған. Соған сәйкес еліміздің балдық көрсеткіші 63,8 ұпай болса, бәсекеге қабілетті Финляндия, Швеция және Жана Зеландия мемлекеттері 87-88 ұпайлық көрсеткішке ие.

1998-жылы «Орталық Азия одағы» ұйымының атауы «Орталық Азия экономикалық қауымдастығы» деп өзгертілді де, оған Тәжікстан Республикасы қосылды. Мүше-елдер экономикалық интеграцияға баса назар аударып, ынтымақтастықты тек экономика саласында ғана жүзеге асыруды қалағандығы өрши жаңа атауында көрініс тапқан. Бірақ 2001-жылы ұйым таратылып, 2002-жылдың 28 ақпанында Алматы қаласында оның орнына «Орталық Азия ынтымақтастығы (ОАЫ)» ұйымын құру туралы келісім-шартқа қол қойылды. Бұл ұйымға бастапқыда Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы мүше болған, кейіннен, 2004-жылдан бастап Ресей Федерациясы да кірді. Бұрынғысына қарағанда, бұл ұйымның мақсат-міндеттерінің шеңбері едәуір ауқымды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «Орталық Азия мемлекеттерінің Одағы» атты ұйымды құру бастамасын көтеріп отыр. Қырғызстанның жаңа басшылығы бұл идеяны қолдайтындығын жариялады. Бірақ бұл мәселенің нәтижесі қандай боларын болжау әлі қиынға соғып отыр.

Халыққа экологиялық мәселелер, оларды шешу жолдары мен министрліктің қызметі туралы хабарлап отыру мақсатында арнайы веб-сайт ашылды. 2005-жылдан бері жылма-жыл «Экологиялық таза қала» байқауы өткізіліп келеді. Оның мақсаты жергілікті билік органдары мен тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, тұрғын кварталдар мен оларға жақын жатқан аумақтарды тәртіп пен тазалықта ұстауға ынталандыру болып табылады.



«Жаңа экологиялық саясаттың» қазіргі моделіне өтудің мазмұны және ерекшеліктері» атты екінші бөлімшеде еліміздегі экологиялық саясат аясындағы мәселелердің негізгі бағыттары қарастырылған.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың: «Бұл арада біз бірқатар мәселелерді, атап айтқанда, экологиялық жағынан зардап шеккен аудандардың экономикалық даму мәселелерін шешуде халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіруді, қоршаған ортаны қорғауды жақсарту жөніндегі заңнамалық нормаларды енгізуді, экологиялық қауіпсіздіктің басқа да элементтерін шешуіміз керек» - деген сөзі қазіргі кезде осы мәселенің мемлекеттік деңгейде қаралып жатқанының дәлелі.

Экологиялық талаптарды реттейтін арнаулы нормалар біршама. Олардың қатарына: Қазақстан Республикасының 1997-жылғы 18-наурыздағы «Экологиялық сараптама туралы»; Қазақстан Республикасының 1997-жылғы 15-шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»; Қазақстан Республикасының 1997-жылғы 15-шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы»; Қазақстан Республикасының 1993-жылғы 21-қарашадағы «Жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану туралы»; Қазақстан Республикасының 1999-жылғы 11-ақпанындағы «Өсімдіктер карантині туралы» заңдары, сондай-ақ жер қатынастары, атмосфералық ауаны қорғау туралы т.б. заңдар жатады [25].

2003-жылы 3-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» бекітілді. Онда жаһандық және ұлттық экологиялық мәселелер шеңбері белгіленген. Жаһандық мәселелерге: климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биологиялық әралуандылықты сақтау, ал ұлттық эқологиялық мәселелерге экологиялық апат аймақтары, Каспий ресурстарын игеру барысында туындаған мәселелер, су ресурстарының сарқылуы мен ластануы, байырғы ластанулар, трансшекаралық сипаттағы мәселелер, әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының табиғатқа тигізген әсері, ауаның ластануы, қоршаған ортаның радиоактивті, бактериологиялық және химиялық заттармен ластануы, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың зиянды әсері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсері жатқызылған.

Жоғарыда аталған тұжырымдамада белгіленген шараларды орындау мерзімі үш кезеңге бөлінген: бірінші кезең - 2004-2007 ж.ж., екінші кезең - 2008-2010 ж.ж. және үшінші кезең - 2011-2015 ж.ж.

Бірінші кезең жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004- жылы 6-желтоқсанда қабылданған №1278 Қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғаудың 2005-2007 ж.ж. арналған бағдарламасы» бекітілді. Онда қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сақтандыру, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, экологиялық аудит туралы заң актілерін әзірлеу, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай жүйесін құру көзделген. Осы аталған шараларды іске асыру мақсатында «Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны аясында Республикалық қоршаған орта мониторингі орталығы құрылды.

2005-жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңы бекітілді. Сонымен қатар бұл кезеңде табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы суды үнемдеу, шөлейттенуге қарсы күрес, байырғы ластануларды жою, өнеркәсіп және тұрмыс қалдықтарын басқаруды жетілдіру, қоршаған ортаның мониторингі жөніндегі бірқатар бағдарламаны іске асыру көзделген.

Екінші кезеңде қоршаған ортаны қорғаудың 2008-2010 ж.ж. арналған бағдарламасын іске асыру арқылы тұрақты дамуды қамтамасыз ету және қоршаған ортаның жай-күйі сапасын жақсарту қарастырылған.

Үшінші кезеңде барлық белгіленген бағдарламаларды іске асыруды аяқтап, табиғи ортаның сапасын басқару жүйесін қалыптастыру және оған тигізілетін зиянды әсерлерді барынша азайту арқылы қоршаған орта нысандарының тиісті сапасы мен қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қажетті деңгейіне қол жеткізу көзделген.

Бүгінгі таңда экологиялық мәселеге аса маңыз беріліп отыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарының сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейтуде жаңа міндеттер жүктеуде. Мәжілістен кейін өткен баспасөз маслихатында Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Омархан Өксікбаев көп жылдардан бері кен орындарын қазу, ядролық қаруларды сынау салдарынан елімізде күрделі экологиялық ахуалдың сақталып отырғандығын жеткізді. Өндіріс салаларындағы қалдықтардың да көп жиналуы қоршаған ортаға залалын тигізуде.

Қазақстан Республикасының Президенті 2003-жылы 3-желтоқсанда бекіткен «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық кауіпсіздігінің тұжырымдамасы» жылдың басты қорытындысы болып табылады. Онда еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қазіргі жағдайдағы стратегиялық мақсаттардың дамуына сәйкес қамтамасыз етудің алғышарттары нақтыланған және кеңейтілген.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін қысқартуды, соның ішінде экологиялық қауіпті шаруашылық қызметті лицензиялауды алып тастау мәселелерін қарастырған. 



«Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспары» атты үшінші бөлімшеде экологиялық мәселелерді қалпына келтіру іс-шаралары, экологиялық зардап шеккен территорияларда атқарылатын жұмыстар қарастырылған.

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонын және Арал өңірінің мәселелерін кешенді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003-жылғы 22-тамыздағы №182 Өкімімен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы жүзеге асырады [26].

Каспий теңізі бассейні мемлекеттерінің көмірсутегі ресурстарын кеңінен игеруі теңіз және жағалау маңы экожүйелеріне теріс әсер ауқымын ұлғайтады. Теңіз мәртебесінің айқындалмаған жағдайында трансшекаралық сипаттағы сыртқы экологиялық қатерлер елеулі мәңге ие болады.

Маңызды халықаралық экологиялық конвенцияларға, сондай-ақ, халықаралық деңгейде табиғат қорғау қызметіне республиканың неғұрлым кеңірек қатысуын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық әзірленетін бағдарламаларда халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары және оларды іске асыру жөніндегі тиісті іс-шаралар белгілеуі тиіс.

2006-жылы 1-наурызда жарияланған Елбасының халыққа жолдауында ел экономикасының тұрақты түрде өсу қарқынына жеткенін айта отырып болашақта 50 дамыған елдің қатарына қосылуды стратегиялық бағыты ретінде айқындап көрсетті. Бұл жолдауда экологиялық мәселелерді шешудің нақты ұсынысы айтылды.

Радиациялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасында ең қиын мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан ол әрқашанда назардан тыс қалмайды. 2004- жылы «Қарағанды облысының аумағындағы иесіз радиоактивті қалдықтарды сыртқа тасу» шаралары белгіленіп, ол жүзеге асырылды. Осы шараны жүзеге асыру процесінде Қарағанды, Теміртау, Балқаш және облыстың басқа да аудандарындағы иондық сәулелі 252 иесіздер жинақталып, арнайы қоймаларға сақталуға жіберілді. Олардың адамдардың денсаулығына және экологиялық жағдайға қаншалықты қауіпті екендігі айтпаса да түсінікті.

Қоршаған ортаны қорғай отырып, сауықтыру мәселесі аумақтағы қалалардан бастап елді мекендерге дейін - бәрі біздің басқармаға жүктелген соң, атқарар іс көлемі айтарлықтай. Қазіргі кезде кез келген ауылдың шетіндегі қағаберіс жерлер қоқысқа толып, су ағатын арықтар арнасы керексіз деген құрылыс, өзге де қалдықтарға толып қалған. Мұны дер кезінде тазаламаса, бұл өте қауіпті, әрі апатты нәрсе. Қалдықтың аты қалдық, бір күндері індет, жұқпалы аурулар тарап кетуі мүмкін. Сондықтан да біз бірінші кезекте бір жерге жинақталған қоқыс­тарды жоюды қолға алуымыз керек.

Елбасы Жолдауларында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ре­сурс­тарды пайдалануда ашық саясат қалыптастыру тәрізді сындарлы ұсы­ныстары бізге жаңа міндеттер жүктеуде. Бұл ең бірінші табиғат-ананың қаді­ріне жетуді бәсекеге барынша қабілетті болуды талап етеді. Демек, біз табиғи байлықты тиімді пайдалана отырып, орнын ойсыратып алмай, экологиялық ахуалды құлдыратып жібермей, қалыпты дамытуды сақтауға мүдделіміз.


ҚОРЫТЫНДЫ
Экология мәселелерін терең зерттеу ғылымдар жүйесінде ең беделді орын алатынына күмән келтіруге болмас. Бұл мәселелер адамзатқа өзін қоршаған ортамен ортақтасып, табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жан-дүниеде болған әсерін сезіп байқап, мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін, таралған аумағын экономикаға келтірер зиянын, жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп, оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен мәселе. Табиғатты қорғау мемлекеттің басты міндеті, адамзаттың абзал ісі. Туған табиғатты сүю өз Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі.

Адам өміріне келетін ауруларды, қауіпті оқиғаларды азайту жолында зиянсыз жана технологияны енгізу ісінде, халықтың саяси-әлеуметтік өміріне жәрдемдесетін сынақтар өткізу әлбетте керек, әрі қолайлы. Ал қуатты мемлекеттердің өрескел үстемдігімен, қаражатының күшімен, шовинистік идеологиясымен, тек өз қамының төңірегіндегі тоғышарлықпен адам өмірінің жан-жануар, өсімдік дүниесінің өркендеуіне кедергі болатын сынақтар өткізу ешқандай адамгершілік сипатқа жатпаса керек.

Жалпы экология ғылым тұрғысында тек XIX ғасырдың орта тұсында ғана қалыптасты. Бұл кезеңде жер бетіндегі тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың тіршілік келбетінің ерекшеліктері жайлы негізгі мәліметтер белгілі болған. Тірі ағзалардың құрылымы мен дамуының және олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасының белгілі бір заңдылықтарға бағыныштылығы жайлы түсініктер де туындай бастаған еді.

Бүгінгі таңда адамзатты ерекше алаңдатып отырған зор мәселенің бірі - қоршаған табиғат ортаның бүгінгі жай-күйі. Табиғат тіршілік атаулының анасы, адамның өмір сүруінің бірден-бір кепілі. Табиғатта бар дүние бір-бірімен өте тығыз байланысты да, өзара тәуелді болып жаралған. Даму ырғағы бір-бірімен үйлесімді байланысты болғанда ғана табиғат заңдылығы бұзылмайды.

Соншама уақыт бойы жүргізілген аса қуатты ядролық қару түрлерін сынау жұмыстары, бұл өңірдегі қоршаған ортада, орнына қайтып келмес процестер мен күрделі экологиялық жағдайдың қалыптасуына душар етті. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің табиғи ортадағы тепе-теңдігі бұзылды. Осы өңірді мекендеген тұрғындардың денсаулығына орасан зор нұқсан келуіне әкеліп соқтырды.

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-кологиялық даму тарихы (1991-2009 жж.)» атты тақырыпты зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:

- жаңа нарықтық жағдайда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихын қарастыруда кенестік жүйе кезеңінде қалыптасқан экологиялық апат ошақтарының салдары мен зардаптарын практикалық түрде талдау тәсілдері, концептуалды-әдістемелік тұжырымдары мен қазіргі уақытта оларды шешу жолдары мен тенденциялары анықталды;

- қазіргі нарықтық кезеңде қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешудің қолайлы тәсілдерін жүзеге асыру механизмі белгіленді;

- Қазақстан Республикасындағы экологиялық мәселелерді халықаралық қауымдастықта қарастырып, мемлекетіміздің ішкі саясатының негізінде іске асырудың әдіс-тәсілдерін айқындауға себепкер болды;

- қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әлеуметтік және экологиялық мәселелерді қазіргі талаптарға сәйкес жоғары жәнем сапалы шешімдер қабылдады;

- елімізде қоршаған ортаны қорғау ісі бойынша шаралардың ұлттық жоспары және экологиялық мәселелерді тиімді шешуде жаңа зерттеу жобасын дайындау әдістері мен тәсілдері анықталды.

Жүргізілген зерттеу бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

- қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихының мәселелерін кешенді түрде зерттеу бұрын қалыптасқан экологиялық апат ошақтарының ауыр салдары мен зардаптарын жоюда жаңа тәсілдерді қолдануға толық мүмкіндік береді.

- Қазақстан Республикасында нарықтық кезеңде қоршаған ортаны қорғау мәселерін халықаралық деңгейде шешудің қолайлы тәсілдерін жүзеге асыру тенденцияларын қалыптастыру қажет.

- Қазақстанның медициналық орталықтарының күш-жігерін апатты аймақ-тардағы онкологиялық және радиация арқылы пайда болған ісік ауруларын емдеуге бағыттау қажет.

- Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасындағы эколо-гиялық мәселелерді халықаралық қауымдастықта қарастырып, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізінде іске асыруды көздеген стратегиялық мақсаттары ерекше назарға ие.

- «Жаңа экологиялық саясаттың» қазіргі моделіне өтуде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар әлеуметтік және экологиялық мәселелерді қарастыруда қазіргі талаптарға сәйкес жоғары және сапалы шешімдер қабылдау қажет.

- Егеменді Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау ісі бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспарының жаңа жобасын дайындау қажет.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. - Алматы: Атамұра, 2003. - 240 с.; Назарбаев Н.А. Жүз жылға татитын он жыл / Назарбаевтың ҚР тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі. - Алматы: Атамұра, 2001. - 112 б.

2 Темірғали Ж. Экологиялық ахуалға Үкіметтің назарын аударды // Заң газеті. - 2002. - № 2. - 7 б.

3 Таңатарова Қ. Экологиялық біліктілік бәсекелестік кепілі // Деловой мир Казахстана. - 1999. - № 2. - 56 б.

4 Полянский Ю.П. және т.б. Жалпы биология. - Алматы, 1986. - 239 с.; Жатқанбаев Ж.Ж. Биосфера. - Алматы, 1978. - 132 с.; Исмагилов М.Н. Экология. - Алматы, 1978. - 188 с.



  1. Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта. - Алматы, 1998. - 186 б.; Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б. Экология негіздері (Оқу құралы).
    - Алматы, 1998. - 214 б.; Сағымбаев Г.К. Экология негіздері. - Алматы, 1995. - 152 б.; Төребаев С.С., Шілдебаев Ж.Б. Биологиялық күрес жолдары. - Алматы, 1987. - 139 б.

  2. Экзарьян В.Н. Геоэкология и охрана окружающей среды. - М., 1997. - 317 с.; Моисеев Н. Н. Человек и ноосфера. - М., 1990. - 245 с.; Реймерс Н.Ф. Экология. - М., 1994. - 195 с.; Казначеев В.П., Вернадский В.И. Учение о биосфере и ноосфере. - Новосибирск, 1989. - 388 с.; Колчинский Э.И. Эволюция биосферы. - Л., 1990. - 218 с.

  3. Данилов-Данильян В.И., Лосев К.С. Экологический вызов и устойчивое развитие. - М.: Прогресс - Традиция, 2000. - 416 с.; Самойлов Л.Н. Глобальные проблемы общественного прогресса. Филос. вопросы типологии и взаимосвязи. - М.: Изд. Московского университета, 1985. - 96 с.; Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. - М.: ЮНИТИ, 1988. - 455с.; Бейтсон Г. Экология разума. - М.: Смысл, 2000. - 476 с.

  4. Пик М. Өз үйіңді қорғай біл. Елді мекеніңіз бен қалаңызды аман сақтап қалудың амалдары: Жұртшылық күшін жұмылдыру жөніндегі Съерра-клубтың кеңестері. - Алматы, 1994. - 184 б.; Фурсов В.И., Ергалиева Т. Общая экология. - Алматы, 1996. - 171 с.; Шілдебаев Ж.Б. Қызықты экология (Оқу құралы). - Алматы, 2000. - 144 б.; Нурбетова Г.О. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. - Алматы, 2009. - 160 б.

  5. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Народонаселение Казахстана в условиях суверенитета. - Алматы: Тарих тағылымы, 2009. - С. 70-71.

  6. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Том 4. - Алматы: «Атамұра», 2009. - С. 623-624.

  7. Шукпутова А.М. Об экологической ситуации в Республике Казахстан и мерах по ее улучшению // Информационный экологический бюллетень РК. - Алматы, 2001. - І-ІІ кв. - С. 16-39.

  8. Сахариев Е. Аралдағы табыттар мен молалар ертең ажал аждаһаларына айналады // Қазақстан - ZAMAN. - 2008. - 7 ақпан (№ 6). - 1,7 б.

  9. Мамашарипова Г.А. Арал теңізінің су-экологиялық мәселелері мен Семей аймағының экологиялық мәселелері және БҰҰ даму бағдарламасының рөлі // Қазақ Ұлттық университетінің Хабаршысы. - Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. - 2008. - № 1. - 34-39 бб.

  10. Айдосов А. Арал теңізі бассейінінің кеңістігіндегі әлеуметтану мәселелері // Ізденіс. - Гуманитарлық ғылымдар сериясы. - 2008. - № 2. - 163-167 бб.

  11. Айгазиев А.Т. Эколого-экономические проблемы мира Республики Казахстан // Вестник Московского университета. - Серия. Экономика. - 2000. -№ 1. - С. 53-62.

  12. Айтжанов А. Охране природы всенародную поддержку // Эко курьер. -1999. - № 15/16. - С. 1-2.

  13. Иманбаева И. Арал қасіреті - әлем қасіреті // Дала мен қала. - 2008. - 11 шілде (№ 28). - 8 б.

  14. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. - Алматы, 2001. - 167 б.

  15. Мажитов С.Ф., Игликова К.С., Турмашева Б.К. История Казахстана новейшего времени. - Алматы: Тарих тағылымы, 2009. - С. 183.

  16. Жылқышбаева Қ.Қ. Қазақстан жеріндегі жаппай қырып-жоятын қаруды сынаудың зияны мен салдары (1946-1991 жж.): т.ғ.к. ...диссертациясы. - Алматы, 2000. - 145 с.

  17. Нурсултанова Л.Н. Нефтегазовая промышленность современного Казахстана: исторический аспект (1985-2007 гг.): Диссертация д.и.н. - Алматы, 2008. - С. 38.

  18. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты. 86-қ., 11-т., 21-б., 141-іс, 18-п.

  19. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 7-қ., 1-т., 1278-іс, 3-п.

  20. Алтаев А.Ш. Социальное развитие рабочих промышленности Казахстана (1970-1990 гг.): Диссертация ... д.и.н. - Алматы, 1996. - 322 с.

  21. Джангирова Г.С. История антиядерного движения в Казахстане (1985-2006 гг.): автореферат ... к.и.н. - Алматы, 2009. - 29 с.

  22. Ысқақов Н. Табиғатты құнттай білгендер ғана табысқа жете алады // Егемен Қазақстан. - 2008. - 7 қараша (№ 338/339). - 3 б.; Атамекен. - 2008. - 25 қараша (№ 22). - 2 б.


ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН

ЕҢБЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ
1 Қазақстандағы әлеуметтік-экологиялық саясаттың эволюциялық дамуы (1991-2009 жж.): тарихи аспект // «Қазақ мемлекеттілігінің хронологиясы, құрылымы және қалыптасу заңдылығы туралы мәселелер» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. (7-8 қараша, 2008 ж.). - Түркістан: Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, 2008. - 554-558 бб.

2 Қазақстандағы әлеуметтік-экологиялық саясат (тарихи, өзекті мәселелері) // Қазақ тарихы. - 2009. - № 1. - 8-11 бб.

3 Қоршаған ортаны қорғау - қоғамның басты парызы // Ізденіс. - Гуманитарлық ғылымдар сериясы. - 2009. - № 1. - 277-281 бб.

4 Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау бойынша басқарудың жаңа жүйелері // Қазақстан жоғары мектебі. - 2009. - № 2. - 168-171 бб.

5 Қазақстандағы экологиялық мәселелер: тарихи талдау // Ақиқат. - 2009. - № 7. - 128-130 бб.

6 Қазақстандағы экологиялық саясаттың тарихи негізгі бағыттары // «Жас ғалым - 2009» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектері. (16-18 сәуір, 2009 ж.). - Тараз, 2009. - Том І. - 211-217 бб.

7 Еліміздің экологиясына қамқорлық - болашаққа қамқорлық // «Шоқан тағылымы - 14» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материал-дары. (24 -26 сәуір, 2009 ж.). - Көкшетау, 2009. - Том І. - 87-91 бб.

8 Егеменді Қазақстанның мемлекеттік, әлеуметтік-экологиялық саясаты: даму жолдары мен бағыттары // «Дүниежүзі тарихы: зерттеу және оқыту мәселелері» атты «Нұрпейісов оқулары» шеңберіндегі ҚР ҰҒА академигі Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының 75 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. 12 наурыз, 2010 жыл.- Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университеті, 2010. - 192-194 бб.



РЕЗЮМЕ
автореферата диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02 - Отечественная история (История Республики Казахстан)

АШИМОВА ГУЛЬНАЗ БЕЙСЕНБАЕВНА
История социально-экологического развития

Республики Казахстан (1991-2009 гг.)
Актуальность исследования. В настоящее время одной из жизненно важных проблем для человечества является экология и охрана окружающей среды. Экологическое положение на стыке природных и социально-стихийных проблем становится объектом научного исследования. В современный период многие государства, имеющие запас ядерного оружия и химических производств, свою политику не могут обозначить вне интересов мирового развития. В отечественной науке история социально-экологического развития Республики Казахстан является одной из неизученных ранее проблем.

После обретения независимости в Казахстане были проведены новые реформы и социально-общественные изменения. Опираясь на советскую практику, рассматривались в новых экономических условиях история формирования социально-экологического положения в Казахстане, социальное положение нашей страны, его сущность и значение в мировом сообществе, меры по предотвращению белых пятен и ошибок в «новой экологической политике». Раскрывая позабытые историей страницы прошлого, расширение пространства истории Казахстана, анализ, выбор и накопление методов, форм и периодов усовершенствования уклада социальной жизни казахского народа становится профессиональной и государственной проблемой.



Цель диссертационной работы - исследование истории социально-экологического развития Республики Казахстан в 1991-2009 годы в виде социального решения мировых проблем по охране окружающей среды.

Основные задачи диссертационной работы:

- анализ тяжелых последствий экологических катастроф и исторических аспектов экологических проблем постсоветского периода;

- исследование социально-экологической политики в качестве государственной службы по вопросу охраны окружающей среды;

- изучение социальных аспектов экологической политики Казахстана в период независмости;

- анализ места и роли Казахстана в мировом сообществе при решении экологических проблем;

- изучение содержания и особенностей перехода на новую модель «Новой экологической политики»;

- анализ национального плана мероприятий по охране окружающей среды.

Научная новизна диссертационной работы:

- Впервые изучаются исторические аспекты социально-экологического развития Казахстана.

- Определены основные периоды образования и развития проблем по охране окружающей среды.

- Изучены основные направления проблем по социальной защите населения независимого Казахстана.

- Рассмотрены взаимоотношения Казахстана с республиками постсоветской Центральной Азии по социальным и экологическим проблемам.

- Сделан анализ содержания и направлений экологической политики независимого Казахстана.

- Сформилированы выводы, углубленно выявляющие содержание и формы исторических и социальных процессов, особенности социально-экологической составной переходного общества.

- Введены в научный оборот ранее неиспользованные, новые документы из фондов архивохранилищ Казахстана и Южно-Казахстанской области.



Основные положения, выносимые на защиту:

- в ходе изучения истории социально-экологического развития страны в новых экономических условиях определены и систематизированы методы исследования в виде эксперимента трагических последствий экологических катастроф, произошедших в советский период, концептуально-методические выводы, а также тенденции и пути решения их в современный период;

- определен механизм формирования эффективных путей решения проблем социально-экологической политики и по охране окружающей среды в рыночных условиях - принятие государством закона об экологической безопасности, экологического кодекса и других законов и положений;

- исследованы проблемы по социально-экологическому положению Казахстана в современный период - законы по социальной защите населения и другие правовые положения;

- внутрення политика государства явилась проводником в выявлении путей решения экологических проблем Казахстана в рамках мирового сообщества;

- органы и организации сферы охраны окружающей среды намечают высшем уровне пути качественного решения экологических проблем;

- определены методы и пути подготовки проекта нового национального плана мероприятий по охране окружающей среды Казахстана и исследованию путей эффективного решения экологических проблем.

Структура диссертационной работы. Диссертационная работа состоит из введения, двух разделов, заключения и списка использованной литературы.




SUMMARY
of the abstract for the competition of the scientific degree of candidate

of historical sciences on the speciality 07.00.02 - Domestic history


(History of the Republic of Kazakhstan)



ASHIMOVA GUL’NAZ BEYSENBAEVNA
History of the social-ecological development of the Republic of Kazakhstan
The urgency of the theme of the research. At present one of the most important problems for mankind is ecology and preservation of environment. The object of the research is ecological situation at the joint point of natural and social problems. At our time many states, which have reserved nuclear weapon and chemical manufactures, cannot see their policy without the interests of global development. In the domestic science the history of social - ecological development of the Republic of Kazakhstan is one of the problems, not studied before.

After gaining its independence Kazakhstan carried out new reforms and social - public changes. The history of formation of social - ecological situation in Kazakhstan, social status of our country, its essence and value in the world community, measures on prevention of white spots and mistakes in « new ecological policy» were considered in new economic conditions based on the Soviet practice. Opening forgotten pages of the past, expansion of the space of the history of Kazakhstan, analysis, choice and accumulation of methods, forms and periods of improvement of the way of social life of Kazakh people becomes professional and state problem.



The purpose of the dissertation: - research of the history of social - ecological development of the Republic of Kazakhstan during 1991-2009 as social solution of global problems on preservation of environment.

Main tasks of the dissertation:

- research of serious consequences of ecological accidents and the analysis of historical aspects of environmental problems of the post-Soviet period;

- Consideration of social - ecological policy as public service of preservation of environment;

- Studying the social status of Kazakhstan during the given period;

- Analysis of essence and the place of Kazakhstan in the world community in solution of environmental problems;

- Studying the transition of "the New ecological policy» to the new model and peculiarities of this transition;

- Analysis of the national plan of measures on preservation of environment.



Scientific novelty of the dissertation:

- Historical aspects of social - ecological development of Kazakhstan are studied for the first time.

- Basic periods of formation and development of problems on preservation of environment are determined.

- Basic directions of the problems on social protection of the population of independent Kazakhstan are investigated.

- Mutual relations of Kazakhstan with republics of Central Asia on social and environmental problems are considered.

- Analysis of the content and directions of ecological policy of independent Kazakhstan is made.

- Conclusions, revealing in detail the content and forms of historical and social processes, features of social system of transitive society are formulated.

- New documents from the archives of Kazakhstan and especially from the Southern Kazakhstan, unused earlier, entered into the scientific turn-over.



Main theses which are carried out for defence:

- In the process of study of the history of social - ecological development of the country in new economic situation, methods of the research as an experiment of tragic consequences of ecological accidents, which have taken place during the Soviet period, conceptual - methodical conclusions, tendencies and ways of their solution at present are determined and systematized;

- Mechanism of formation of effective ways of the solution of the problems on preservation of the environment in market conditions is determined;

- Social status of Kazakhstan in the modern period is investigated;

- Internal policy of the state was the guide in revealing ways of solution of environmental problems of Kazakhstan in the world community;

- State bodies and organizations in the sphere of preservation of environment plan to solve environmental problems qualitatively and on the highest level.

- Methods and ways of preparing of the project of new research on effective solution of ecological problems and measures of national plan on preservation of the environment of Kazakhstan are determined.

Structure of the dissertation. Dissertational work consists of the introduction, two Chapters, the conclusion and the list of the used sources.

ӘШІМОВА ГҮЛНАЗ БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық

даму тарихы (1991-2009 жж.)
07.00.02 - Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)


тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған


АВТОРЕФЕРАТ
03.06.2010. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16.

«SvetoCopy» қағазы. Көлемі 1,5 б.т. Таралымы 100 дана.

Тапсырыс № 67.
«Тарих тағылымы» баспасы

050008, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 175 үй

Байланыс тел.: +7 (727) 277 53 49









Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет