Әуе кемелерін есептен шығару қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 сәуірде № 6868 тіркелді
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерін есептен шығару қағидасы бекітілсін.
2. «Әуе кемесін есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 қазандағы № 221 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3930 тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 239(973) санында жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 9 наурыздағы
№ 123 бұйрығымен бекітілді
Әуе кемелерін есептен шығару қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Әуе кемелерін есептен шығару қағидасы (бұдан әрі - Қағида)«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағида Қазақстан Республикасының азаматтық авиациялық әуе кемелерінің Мемлекеттік тізілімде тіркелген азаматтық әуе кемелерін есептен шығару тәртібін реттейді.
3. Белгіленген күнтізбелік мерзімі, бекітілген ресурсы немесе мынадай себептермен жарамсыз күйге жеткен азаматтық әуе кемелері есептен шығаруға жатады:
1) физикалық тозығы жеткен;
2) әуе кемесінің төзімділік сипаттағы бұзуға әкелген авиациалық оқиға;
3) авиациялық оқиғаға әкелетін, оларды жою мүмкін болмаған немесе экономикалық орынды емес конструктивтік-өндірістік кемшіліктер болған;
4) әуе кемесін жоюға;
5) қонуға мәжбүр болған орыннан әуе кемесін көшіру мүмкін болмаған жағдайда.
4) Әуе кемесінен алынған жинақтамалық бұйымдар, бөлшектер мен агрегаттар және (немесе) қалпына келтіруге жататын авиациялық қозғалқыштары жөндеуден кейін жинақталады және одан әрі пайдалануға жатады.
5) Авиациялық қозғалтқыштар, бөлшектер, агрегаттар және қалпына келтіруге жатпайтын жинақтамалық бұйымдар жинақталады және қайталама шикізатқа тапсырылады.
2. Әуе кемелерін есептен шығару тәртібі
6. Әуе кемелерін есептен шығарудың мынадай тәртібі белгіленеді:
1) әуе кемесін есептен шығаруға комиссия құрылады;
2) есептен шығарылуға жататын әуе кемесін бағалау;
3) әуе кемесін есептен шығару актісін дайындау.
7. Әуе кемесін есептен шығару үшін әуе кемесін пайдаланушы (меншік иесі) әуе кемесін есептен шығаруға комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады. Комиссия құрамына қызметіне мынадай мәселелер жататын:
1) техникалық қызмет көрсету, жөндеу және әуе кемесін пайдалану;
2) материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету;
3) техникалық және сапа жүйесін бақылау лауазымды тұлғалар кіреді.
Егер есептен шығаруға жататын әуе кемесі жөндеу кәсіпорнында болған жағдайда, жөндеу кәсіпорнында әуе кемесін есептен шығару жөніндегі комиссия құрылады және оның құрамына әуе кемесінің меншік иесі немесе оның сенімді адамы енгізіледі.
8. Комиссия әуе кемесіне бағалау жүргізеді:
1) осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес әуе кемесін есептен шығару себептерін белгілейді;
2) әуе кемесіне тексеру жүргізеді, пайдалану құжаттамасын (формулярлар, төлқұжаттар, затбелгі) зерделейді;
3) әуе кемесінің одан әрі пайдалануға жарамсыздығын анықтайды;
4) есептен шығарылатын әуе кемесінің жинақтаушы бұйымдарын, құралдарын, бөлшектерін одан әрі пайдалану немесе пайдаланбау мүмкіндігін анықтайды.
9. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша осы Қағидаға1-қосымшаға сәйкес нысанда әуе кемесін есептен шығару Актісі жасалады.
10. Есептен шығарылған авиациялық техниканың жинақтаушы бұйымдарын пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін Комиссия олардың техникалық жай-күйіне талдау және пайдалану құжаттамасына (формулярлар, төлқұжаттар, затбелгі) талдау жүргізеді. Олардың техникалық жай-күйін бағалауды нақтылау үшін олардың бөлшектеніп зертханаға немесе жасаушы кәсіпорынға тексеруге (уағдаластық бойынша) жіберілуі мүмкін.
11. Талдау негізінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық жай-күйін бағалау ведомосі жасалады, ол есептен шығару актісіне қоса беріледі.
12. Әуе кемесін есептен шығарған кезде Есептен шығару актісі және Техникалық жай-күйді бағалау ведомосі 2 данада жасалады. Бір данасы пайдаланушыда (иесі) қалады, екінші данасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жіберіледі және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тізілімнен әуе кемесін шығаратын бірден-бір құжат болып табылады.
13. Комиссия қол қойған және пайдаланушының басшысы немесе меншік иесі бекіткен Есептен шығару актісі мен Техникалық жай-күйді бағалау ведомосі Әуе кемесін тіркеу туралы куәліктің және Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы куәліктің түпнұсқаларымен бірге уәкілетті органға Есептен шығару актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннің ішінде жіберіледі.
14. Мерзімінен бұрын тозу, пайдалану шарттарының бұзылуы, зақымдануы салдарынан авиациялық техниканы Есептен шығару кезінде есептен шығару актісіне комиссияның тергеу материалдары қоса беріледі.
15. Уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттардың негiзiнде әуе кемесiн есептен шығаруға құжаттарды қабылдаған сәттен бастап күнтiзбелiк 15 күннiң iшiнде шешiм қабылдайды, әуе кемесiн Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарады. Әуе кемесiн пайдаланушыға (меншiк иесiне) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы куәлiктi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 613 «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға арналған құқықтарды куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» (мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 8020 тiркелген) бұйрығымен бекiтiлген нысанда бередi.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 20.09.2013 № 733 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16. Әуе кемесінің пайдаланушысы (меншік иесі) әуе кемесін бөлшектеу мен ұшуға жарамсыз жай-күйге келтіруге кіріседі, ол туралы тиісті бейне суреттерін немесе басқа әуе кемесінің жойылғанын растайтын құжаттарды бере отырып, уәкілетті органға күнтізбелік 30 күннің ішінде хабарлайды. Сонымен қатар барлық техникалық құжаттама жойылуға жатады.
Әуе кемелерін есептен
шығару ережесіне
1-қосымша
нысан
Есептен шығару актісі
Біз төменде қол қойғандар, 200 __ж. «____» ______________ №____ бұйрығының негізінде тағайындалған комиссияның құрамы _______________
төраға _________________________________________________________ және
мүшелері ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________ есептен шығару туралы шешім қабылдау үшін ___________ үлгісінде айқындау белгісі, «___»_________ж. зауыттан шыққан зауыттық нөмірі және ____сағат__ мин. өндірілген күннен бастап жұмыс істеген және ___сағат__ мин. соңғы жөндеу, _____ қону көлеміне қарай бар ______ жөндеумен жарамсыздыққа әкелген себеп ______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бастапқы құны (қайта қалпына келтіру - қайта бағалау үшін) ____________________ _____ теңге. Бухгалтерлік есеп бойынша тозуға бөлінген сомасы ________________ теңге. Қалған құны _________________ _____ теңге. Есептен шығарудан шығындар _____________________________ (авария немесе күтпеген апат жағдайда), қалған құнынан басқа _________ теңге. Шығарылған және кірістелген жабдықтаушы бұйымдар, двигательдер _________ теңге. Металл темірінің құны (қара, түрлі-түсті) ______ теңге. Техникалық жағдайын сипаттау _____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ескертпе. Техникалық жағдайын сипаттау ______________________________ _____________ сыртқы байқауының нәтижесін айқындау мен толық сипаттама беру және негізгі түйінін бағалау керек. Жабдықтаушы бұйымдардың техникалық жағдайын сипаттау осы актінің қосымшасы болып табылатын тізімге келтірілген.
Комиссияның қорытындысы _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы
Мүшелері
Авиакәсіпорынды пайдаланушы басшының қорытындысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
М.О. Тегі: Қолы:
Авиакомпанияның техникалық басшысының қорытындысы (авиажөндеу зауытының оқу орны)
_____________________________________________________________________
М.О. Тегі: Қолы:
Әуе кемелерін есептен
шығару ережесіне
2-қосымша
нысан
Техникалық жай-күйді бағалау
ВЕДОМОСЫ
________________________________________________ жататын зауыт нөмірі «__»_________20__ж. №______ бұйрығымен тағайындалған Комиссия құрамы:
төрағасы ____________________________________________________________
(лауазымы, тегі, инициалдары)
мүшелері ____________________________________________________________
(лауазымы, тегі, инициалдары)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
есептен шығарушы әуе кемесінің жабдықтаушы бұйымдарының, авиадвигательдің техникалық жағдайын бағалау жүргізді және айқындады:
№ р/с
|
Бұйымның атауы
|
Үлгісі, сызу нөмірі
|
Зауыт нөмірі
|
Бағасы
|
Техникалық жағдайы
|
Әрі қарай қолдану туралы белгі
|
Ескертпе
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Қозғалтқыш: жөндеуге жатады/жатпайды, қалпына келтіру.
Әуе бұрамасы: орнату (КВ қалағы, РВ құралдарды жөндеу).
Ұшырудың борттық қондырғысы.
Отын багы.
Май багы.
Отын сорғысы.
Сорғы станциясы.
Қозғалтқыш ілмегін тіреуіш (мотор астындағы редукторлы рамасы).
Май және отын-май радиаторы және т.б.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |