5
1929-1933 жж., әлемдік экономикалық дағдарысы жылдарын қамтитын
үшінші кезеңде, барлық мемлекеттер бұл дағдарыстан шығу жолдарын
іздестіре бастады, фашизм туындады, жекелеген елдерде авторитарлық,
тоталитарлық режимдер орнады.
1933-1939 жж. қамтитын төртінші кезеңде Еуропа мен Азияда соғыс
ошақтары
пайда болды, Италия, Германия, Жапонияда билік басына келген
фашисттік режимдер дүниені қайта бөлісу үшін соғысқа дайындық жүргізе
бастады, соның нәтижесінде 1939-1945 жж. Екінші дүниежүзілік соғыстың
алғышарттары қалыптаса бастады.
Еуропа мен Америка елдерінің саяси-экономикалық дамуының қазіргі заман
тарихындағы екінші бөлігінің өзін саяси және әлеуметтік-экономикалық
жағдайларға байланысты төрт кезең шеңберінде қарастырамыз.
Бірінші кезең барысында (1945–1950 жылдардың аяғы) ғылыми-
техникалық революцияның
алғашқы қадамдарын, капиталистік елдердегі
мемлекеттік реттеу жүйесінің қалыптасуы, Орталық және Оңтүстік-Шығыс
Еуропадағы халықтық-демократиялық революциялар және Кеңестер
Одағының басшылығымен әлемдік социалистік жүйенің қалыптасуы, отарлық
жүйенің ыдырауының басталуы және ірі екі держава АҚШ пен КСРО
арасындағы «қырғи-қабақ соғысының» тұтануы жаңа халықаралық
қатынастар жүйесінде «қосполярлы әлемді» құрды.
Екінші кезеңінде (50-жылдардың аяғы – 70-жылдардың ортасы)
капиталистік елдерде индустриалды
қоғамның қалыптасуы, интеграциялық
үрдістердің өрістеуі, отарлық жүйенің күйреуі және әлемдік саясатқа бұрынғы
отарлық «шет аймақтардағы» жас тәуелсіз мемлекеттердің араласа бастауы
көрініс тапты.
Үшінші кезең (70-жылдардың ортасы – 80-жылдардың аяғы) әлемдік
капиталистік шаруашылықтың құрылымдық дағдарысымен сипатталса,
социалистік елдер үшін ҒТР-дің жаңа кезеңіне бейімделе алмағандықтан, бұл
кезең тоқырау мен дағдарыс үрдісінің шиеленісуіне әкелді,
ақыр аяғында
Еуропадағы, оның ішінде КСРО-дағы социалистік жүйе құлады, бұл
«қырғиқабақ» соғысының аяқталуына және халықаралық қатынастардағы
«қосполярлы әлемнің» жойылуына әкелді.
Төртінші кезең (ХХ ғасырдың 90-жылдары) ақпараттық және
технологиялық революция ретінде ҒТР-дің одан әрі дамуымен сипатталады,
жетекші капиталистік елдерде ақпараттық қоғамның қалыптасуымен, ал
Орталық және Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік елдері мен КСРО
аумағында пайда болған жаңа тәуелсіз елдер үшін
нарықтық экономикаға,
демократиялық тәртіпке өтуімен сипатталады.
Әлем елдерінің қазіргі заман тарихының екінші бөлігін оқып білу ХХ
ғасырдың ортасынан бүгінгі күнге дейін Жер шарында қандай ұлы
өзгерістердің болғанын түсінуге, саяси жүйелердің ауыспалы екендігін
ұғынуға мүмкіндік туғызады.
6
Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы кезеңін қарастыру
барысында
адамзаттың
тарихи
даму
заңдылығы
бір
орында
тұрмайтындығына, жаңа өзгерістерге толы екендігіне көз жеткіземіз.
Қазіргі заман тарихы кезеңіндегі жаңа еуропалық өркениетке
мынадай
белгілер тән болды:
- плюрализм, төзімділік және жеке тұлғаның басымдықтарын, оның
бостандықтарын; меншік пен кәсіпкерліктің құқықтарын, мүдделерін жалпыға
бірдей тану;
- тап күресін, қоғамның капиталисттерге (өндіріс құралдары мен меншік
иелеріне) мен жалдамалы жұмысшыларға бөлінуін мойындау;
- мемлекеттілігі мен өнеркәсіптік
өндірісі бар сыныптар мен
сословиялардың симбиозы ретінде ұлттардың пайда болуын қабылдау;
- адамдардың табиғатқа қатысты басымдылығы оның ресурстарын
барынша пайдалану болды, бұл антропогендік және техногенді бұзылудың
бастауы болды;
- ғылымның дамуы қоғам дамуының органикалық бөлігіне айналды
(ҒТР - ғылыми-техникалық революция);
- әлсіз халықтардың бағынуы және олардың табиғи байлықтары мен
адами ресурстарын пайдалану, бұл бірте-бірте отаршылдық пен империализм
идеологиясында орнығуы.
Достарыңызбен бөлісу: