Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет32/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   195
kazakhstanII.KAZ

I.3
Адамзаттық мəнмəтін 
Қазақстан-халқы аз ел. Халықтың қоныстануының орташа тығыздығы 1 км
2
-ге шаққанда 
шамамен 5,6 адамды құрайды. Ел халқының үлкен бөлігі солтүстік-шығыс жəне оңтүстік-
шығыс өңірлеріне шоғырланған. Орталық жəне Батыс Қазақстандағы облыстар халық аз 
қоныстанған аумақтарға жатады. 1999 жылғы санақ бойынша елдің халқы негізгі этникалық екі 
топтан тұрады-қазақтар жəне орыстар. Қазақстардың үлесі 59.2%-ды құрайды. Қазақстаннның 
аумағында украиндарды (2.9%), өзбектерді (2.9%), татарларды (1.5%), ұйғырларды (1.5%), 
немістерді, шешендер мен кəрістерді қоса есептегенде, 24 этникалық топтар тұрады.
Кейінгі алты жылдың ішінде елдің демографиялық көрсеткіштері біршама тұрақты болды (I.1 
кестені қараңыз). 2001 жылдан бері халықтың жалпы санының өсуі 3.6%-ды құрады жəне 
орташа өмір сүрудің ұзақтығы да сондай-ақ артып келеді. Бала туу деңгейі 32%-ға өсті. Өлім-
жітімнің деңгейі 2%-ға ұлғайды. Балалар өлімі деңгейінің 26%-ға төмендеуіне байланысты оң 
серпін байқалады. 
Қазақстан Республикасы – екі тілді ел. Халықтың 64.4%-ы сөйлейтін қазақ тілі мемлекеттік тіл 
мəртебесіне ие. 
Əдетте бизнесте пайдаланылатын орыс тілі ресми тіл болып жарияланды. Елдегі халықтың 
үлкен бөлігі орыс тілінде сөйлейді. Алдын-ала жасалған деректер бойынша, елде тұратын 
этникалық қазақтардың тең жартысы ғана қазақ тілін еркін меңгерген, дегенмен қазақ тілі 
барған сайын кеңінен тарауда. 


12 
Кіріспе
I.1 Кесте: Демографиялық көрсеткіштер жəне денсаулыққа байланысты көрсеткіштер, 
2000–2006 жылдар 
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
Халық, млн адам
14,9
14,9
14,9
15,0
15,1
15,2
15,4
Бала туу (1,000 адамға)
14,9
14,9
15,3
16,6
18,2
18,4
19,7
Бала туудың Жалпы коэффиценті*
1,8
1,8
1,9
2,0
2,2
2,2
..
Туылған кездегі болжалды өмір сүру ұзақтығы
65,5
65,8
66,0
65,8
66,2
65,9
66,2
Ер адамдардың болжалды өмір сүру ұзақтығы
60,2
60,5
60,7
60,5
60,6
60,3
60,6
Əйелдердің болжалды өмір сүру ұзақтығы
71,1
71,3
71,5
71,5
72,0
71,8
72,0
0-14 жастағы халықтың %-ы
..
24,3
23,5
27,2
26,6
..
..
65 жастан жоғары халықтың %-ы
..
11,9
11,9
10,5
10,4
..
..
Өлім-жітім (1,000 адамға)
10,1
10,0
10,1
10,4
10,1
10,4
10,3
Балалар өлімі (1,000 адамға)
18,8
19,1
17,0
15,7
14,5
15,2
13,9
 
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі ұлттық агенттігі; 2006 жылғы статистикалық 
жылнама. ҚР статистика жөніндегі агенттігінің веб-сайты; 2007 жылғы 23 қараша.
Ескерту : Қазақстандағы БҰҰДБ (http://www.undp.kz/infobase/) Ақпараттық базасының веб-сайты 2007 жылғы 26-
шы қараша. 
Дəстүрлі этникалық қазақтар мұсылман-сунниттерге, ал орыс тұрғындары православиеге 
жатады. Қазір халықтың 47%-ы мұсылман дінін, 44%-ы орыс православиесін ұстанады. 
Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) адам дамуы туралы 2006 жылғы
есебінің деректері бойынша Қазақстан адам дамуының орташа деңгейіндегі елдер тобына 
жатады. Елдегі адам дамуының индексі (АДИ) 0,723-тен (1995) 0,794-ке (2005) дейін 
көтеріліп, Қазақстан Республикасын шолуда қамтылған 177 елдің арасында 73-ші орынға 
орналастырды. Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде ең жоғары АДИ-ге ие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет