194
III
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды
көтермелеу
арнайы №4694 қаулысы шығып, стратегиялық маңыздылығы бар су қоймалары мен нысандары
мемлекеттің бақылауында қалу керек екендігі ұйғарылды.
Аталмыш өтпелі кезең кезінде
Суканал компанияларының кейбірі су
мөлшерін есептейтін
есепші құралдардарды (счетчиктерді) қолданысқа енгізуді қолға алды. Мысалы, Шымкентте
жедел жұмыс істейтін компаниялардың кейбірі 100% толығымен осындай есепшілерге көшіп
үлгерді. Бұл суға деген сұраныстың күрт қысқаруына əкелді. Демек, суға тиімді инвестициялар
жасау жолында ілгері қарай бір қадам жасалды.
Басқару жүйесі қаншама əр түрлі болса, су тарифтері де соншама əркелкі болады.
Қалалық
жерлерде су тарифтері бұрынғыдай төмен болып қала берді. Əсіресе орташа тұрмыс деңгейі ең
жоғары Алматы қаласында: ауыз су бағасы - 12,34 теңге/м
3
(0,10 АҚШ доллары), канализация
бағасы – 7,28 теңге/м
3
(0,059 АҚШ доллары). Суы ең қымбат дейтін қалаларда ауыз су мен
канализацияның жалпы бағасы шамамен 50 теңге/м
3
(0,40 АҚШ доллары) құрайды. Су
төлемдерін жинау дəрежесі негізінен жоғары деуге болады. Бірақ төмен табыс табатын үй
шаруашылықтары шоғырланған жерлерде суға жоғары баға тағайындалғанда,
төлемдерді
жинау деңгейі 40 пайызға түсетін кездер де болады.
Су компанияларының мəліметтеріне қарағанда, қалалық жерлерде су қызметін көрсетуге
кететін пайдалану
шығындары көбіне өтелмейді, сондықтан компаниялар мемлекеттік
субсидияларсыз күн көре алмайды. Субсидиялар инвестициялар жасау үшін ғана емес,
кейде
тіпті компаниялардың пайдалану шығындарын өтеу үшін де қажет. Бұл алаңдатарлық жағдай
болып отыр. Себебі шығындардың өтелмеуі компаниялардың су желілері мен тазарту
нысандарын жөндеуді, жетілдіруді тежеуі мүмкін.
Су тарифтері жергілікті билік орындары мен Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне бірдей
тəуелді.
Суканалдары бюджетке өтініш жасаған кезде инвестициялық жоспарды да қосып
жіберулері тиіс. Солай бола тұра су компанияларының шығындары өтеле ме, жоқ па, сондай-ақ
төмен табыс табатын тұтынушылар тағайындалған су тарифтерін көтере ала ма, алмай ма –
осының ешқайсысы əлі күнге дейін зерттелмеген көрінеді. Бұған қоса тағы бір проблема –
жергілікті жəне орталық билік органдары (əкімшіліктер жəне Табиғи монополиялар агенттігі)
Суканалдарының қаржылық өтініштерін объективті техникалық критерийлерге сүйеніп бағалай
алмайтынға ұқсайды. Сондай-ақ, облыс əкімшіліктерінде инвестициялар жасау процесінің
процедуралық, əрі техникалық жақтарын басқаруға мүмкіндік беретін тəжірибе
мен білім
жетіспейді.
Достарыңызбен бөлісу: