Лекция 6.
Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің тарихи–географиялық аудандары
Жоспар
1.Оңтүстік Қазақстан.
2. Оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығысы Жетісу.
1. Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстігінде Бетпақдала мен Балқаш көлімен, Жетісу табиғи - географиялық және тарихи-мәдени жағынан бір облыс болып есептеледі. Бұл тарихи-гографиялық облыс батысында Арал теңізінің жағаларынан басталып Шығысында Алакөлге дейін, солтүстігінде Балқаш көлі мен Бетпақдалаға дейін және оңтүстігінде Қызылқұм мен Тянь – Шан тауларының сілемдеріне дейінгі аралықты алып жатыр. Облыстың жазық жерлерінде ауа райы құрғақ және жылы ал таулы аудандарында ылғалды және салқын. Адам баласының өмір сүруіне теңіз деігейінен 500 – 1000 метр биіктіктегі тауалды жазықтықтары өте қолайлы. Оңтүстік Қазақстан м ен Жетісу бір жағынан Орта Азия мен Сібірдің аралығында, екінші жағынан Орта Азия мен Орал тауларының аралығын алып жатқандықтан шұрайлы оазистер мен далалық алқаптың түйіскен зонасы болып табылады, соның нәтижесінде оның шарушылығы көп салалы болып келген. Бұл облыс іштей үлкен-үлкен келесі тарихи-географиялық аудандарға бөлінеді: Оңтүстік Қазақстан және Жетісу, өз ретінде осы аудандар және бірнеше аудандарға бөліп қарастырылады, олар: Оңтүстік Қазақстан, Оңтүстік Батыс Жетісу (Талас және Шу өңірлері), оңтүстік-шығыс Жетісу (Іле өңірі).
Оңтүстік Қазақстан немесе географиялық әдебиеттерде Сырдария маңы егографиялық провенциясы, солтүстігінде Бетпқдалмен, оңтүстігінде Талас Алатауымен, шығысында Жуалы қырқасымен және батысында Қызылқұммен шектесіп жатыр. Ол қазіргі әкімшілк бөлініс бойншы Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан (Созақ ауданынан басқа) облыстарының жерін алып жатыр. Бұл ауданның Талас Алатауымен Қаратаудың тауалды жазығы және таудан ағатын өзендердің өңірлері шаруашылыққа өте қолайлы.
Оңтүстік Қазақстан үшін Сыдария өзенінің алатын орны ерекше. Орта ағысы Өзбекстан Республикасының шекарасынан басталатын Сырдария өзенінің орта ағысы мен төменгі ағыстары ежелден-ақ отырықшылық, мал шаруашылығы және аң, балық аулау қатар дамыған аудан. Оңтүстік Қазақстанда екі үлкен оазис орналасқан, олар: Отырар мен Түркістан оазисі. Оңтүстік Қазақстанда жүзеген ортағасырлық елді мекендер мен қалалар пайда болып, өмір сүрген, олардың қатарында Испиджап, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ және басқа ірі саяси, сауда, экономикалық орталықтар болған қалалар бар. Бұл ауданда суармалы егіншілік жақсы дамыған, ортағасырлық суландыру жүйелері әсіресе Отырыр, Түркістан, Сауран Сығынақ қалалары төңірегінде сақталған. Сауран қаласының маңында ұзындығы бірнеше км кәріздер жүйесі бар.
2. Оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығысы Жетісу.
Оңтүстік Қазақстан мен оңтүстік-батыс Жетісудың Талас өңірі аралығында, оңтүстік-шығысында Теріс өзенінен басталып, солтүстік-батысында Жалғызағаштың бұлағына дейін 400 км созылып жатқан Қаратаудың ені 60-90 км. Қаратаудан ағатын өзендердің шатқалдардан шыға берісінде , тау аралық және тау алды жазықтарында ортағасырлар кезінде көптеген қалалар мен елді мекендер пайда болып өмір сүрген.
Оңтүстік-батыс Жетісудың Қаратаумен шектесіп жатқан Талас өңірін бір жағынан Жуалы жотасы, екінші жағынан Мойынқұм, үшінші жағынан Бетпақдала Және келесі бір жағынан Талас Алатауы қоршап жатыр. Талас өңірін төрт ықшам ауданға бөліп қарастыруға болады, олар: Жоғарғы Талас, Аса өңірі, Таластың жазықтық орта ағысы, Таластың оң жағалық орта және төменгі ағысы. Қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша жоғарғы Талас Қырғыс Республикасында, ал қалған үш бөлігі Қазақстанның Жамбыл облысы жерінде орналасқан. шығысында Шу-Іле тауларымен оңтүстігенде Қырғыз жотасымен және батысында Мойынқұммен шектесіп жатқан Шу өңірінің орта және төсенгі ағыстары келесі төрт ықшам ауданға бөлінеді: Боам шатқалынан Шөміш тауына дейін; Алатаудың Бішкек - Құлан аралығы; Шөміш тауынан Иткешу өткеліне дейін; А4 — Иткешу өткелінен Жайлаукөлге дейін.
Солтүстік-шығыс Жетісу немесе Іле өңірі оңтүстік-батысында Шу-Іле тауларымен және Іле Алатауымен, солтүстік-шығысында Алакөл жағалауына дейін, солтүстігінде – Балқаш көлімен және оңтүстігінде Жоңғар жотасымен шектесіп жатыр.
Лекция 7
Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендері
Жоспар
-
Отырар оазисі
-
Отырар қаласы
-
Түркістан аймағы және ортағасырлық Түркістан қаласы
1. Отырар оазисі — Сырдария өзенінің орта ағысы мен Қызылқұм құмды алқабының бүкіл солтүстік белігін алып жатқан тарихи-географиялық аймақ. Оазистың солтүстік жене солтүстік-шығысы Қаратау жотасының баурайына тіреледі. Оңтүстік шекарасы шартты түрде Шардара бөгені тұсынан (бүл жерде шүрат аңғары жіңішкереді), Ташкент маңындағы Мырзашөл үстіртіңдегі шұратқа ұласады. Отырар оазисінің жер бедері Тұран аймағында (жазығында) орналасуына байланысты — негізінен тегіс жөне шөлейтті жазық. Қызылқұм өңірінде және Сырдария бойының аңғарында бірнеше шағын тау жұрнақтары (Қаратау, Қыл, Тастөбе, Мұраата, т.б.) кездеседі. Сырдарияның батыс аңғарын бойлай Шардара даласы жайғасқан. Қызылқұм өңіріндегі топырақ жамылғысы негізінен құмдақты, сазды-құмдақты келген. Сыр аңғарында аллювийлі-шалғынды сұр, сортопырақ қалыптасқан. Өзеннің оңғары аңғарынан бастап (40—50 км-ден) Қаратау етегіне дейін сортанды сұр, бозғылт сұр, қиыршықты бозғылт сұр топырақ дамыған. Өсімдік жамылғысы негізінен шөлді белдемге тен. Негізінен сексеуіл, жыңғыл, шоқ тоғайлары аралас, жусан (бірнеше түрі, оның ішінде Арыс өзен жағалауыңда ғана кездесетін емдік дермене жусаны), изен, жантақ, бүйырғын, тасбүйырғын, қызғалдақ, баялыш, сарсазан, ала-бота, кейре, тарақбоз, т.б. өседі. Сырдария бойындағы шағын көддерде қамыс, құрақ, жиде, тал, шілік кездеседі. Өзен жайамасында жауқазын, әшекей, қарға тұяқ, шырмақ түрлері, қозықұйрық, т.б. өсіп тұрады. Дөрілік өсімдіктерден дермене жусаны, үшойнақ, мендуана, атқүлақ, мия, жалбыз, жыңғыл, қырықбуын, қоңырау, адыраспан еседі. Отырар оазисінің климаты қоңыржай континештік. Солтүстігінде (Қаратау жотасы) қаңтар айының жылдық орташа температурасысы -9°С-тан, оңтүстінде (Мырзашөл өңірінде) - 2°С-қа дейінгі аралықта. Кейбір жылдары қыс айында шұраттың солтүстік өңірінде температура -40°С-қа дейін төмендейді. Шідле айының жылдық орташа температурасы 26—28°С, кей жылдары ол 50°С-қа дейін көтеріледі. Ал құм бетіндегі темпераура 60—70°С-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшлшері 100—300 мм аралығында. Күн радиациясының жыддық орташа мөлшері 3200—3500 сағ/жыл. Шөлді шөлейтгі белдемде орналасуына қарай қуаңшылык пен аңызақтық өңірге тым төн құбылыс. Ондағы желдің басым бөлігі (33%) солтүстікке, солтүстік-шығыстан, 11% — солтүстік-батыстан, 10% оңттен соғады. Оның орта тұсынан осы өңірдің ең ірі езені — Сырдария ағып өтеді. Оған облыс аумағында ғана емес, бүкіл шұратта бір ғана өзен — Арыс құяды. Сырдария мен Арыс өзендері анғарында көпгеген тұщы, тұзды немесе суы кермек татитын көлдер бар. Осы екі өзеннен бірнеше үлкен каналдар (Арыс—Түркістан, Арыс—Бөген, Шөуілдір, Қызылқұм, т.б.) тартылған. Олардан тармақтанып, бірнеше тоғандар мен суару-суғару арықтары түсірілген. Осынау кең жазираны алып жатқан оның кіндігі болып Арыс өзенінің Сырға құяр сағасы саналады. Бұл жерді жергілікті халық Құйған деп атайды. Мұнда сан ғасырлар бойы көптеген тайпалардың, халықтардың тарихы тоғысқан. Бұл жер ілкі замандардан қазақ халқының қалыптасуындағы негізгі орталықтарының бірі болып келді.
2. Отырар қаласы.
Тұрарбант, Тұрар, Тарбанд, Фараб – көне қала орны. Темір темір жол станциясынан батысқа қарай 8 км жерде, Арыс өенінің Сырдарияға құяр сағасында. Алғашқы қазба жұмстарын 1903 ж Түркістан археология әуесқойлар үйірмесінің мүшелері А. К. Кларе мен А. А. Черкасов жүргізген. Қазылған 5 траншеядан олар пеш орнын, қыш ыдыстар, күйдірілген кірпіштер мен ондаған монеталар табады. Осыдан кейін қазба жұмыстары ұзақ уақытқа тоқтатылады. 1947-48 ж. мұнда Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция ( жетекші А. Н. Бернштам) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Алынған мәліметтер бойынша қала жұртыың хронологиясы 1-16 ғ ғ деп белгіленеді. 1969 ж қалада Отырар археологиялық экспедициясы (Жетекші К. Ақышев), 1971 жылдан Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (Жетекші К. Ақышев) қазба жұмстарын жалғастырды. Алғашқы жылдары қаланың тополграфиялық жоспары жасалды. Аэрофотосы түсірілді. Стратиграфиялық қазба жұмыстары қаланың қалыптасуын, дамуы ме негізгі кезеңдерін анықтап берді. 1971 ж қатарынан бірнеше рет жұргізілген археологиялық жұмстар барысында Отырардағы әр замандағы мәдени қабаттар, жекелеген махаллалар орындары аршылды. Бұл Оңтүстік Қазақстандағы ірі саяси-шаруашылық әрі мәдени орталық болған. Қаланың жалпы амағы 200 га. Ол Оңтүстік Қазақстанмен Орта Азиядағы осындай ортағасырлық ескерткіштерге ұқсас. Цитадель мен шахристан биіктіг 18 м бес бұрышты келген төбе. Аумағы 20 га бұл төбенің оңтүстік жағы 380 м, оңтүстк-батыс 145 м, батыс жағы 400м, солтүстік-шығысы 380 м, ал, шығыс жағы 350 м шамасында. Айналасында бұрынғы бекініс қабырғасының орны сақталған. Отырарды адамдар алғаш рет қоныс етуі б. з. 1 ғасырларына жатады. Яғни ол алғаш рет 8ғ араб дерек көдерінде кездеспей тұрып-ақ елеулі елді мекенге айналған. 7-8 ғ жататын Отырар мәдени қабаттарында жүргіілген қазба жұмыстары оның қала ретінде қалыптасқандығын аңғартады. 9-11 ғ Қазақстанның оңтүстігінде қала мәдениеті дами түседі. Жаңа қалалардың іргесі қаланды, ежелгі қалалар көлемі ұлғая бастады. Қалалар негізінен рабад есебінен ұлғайды. Осы кездері Отырардың аумағы 200 га жетті. 9-12 ғ қалаларда монша секілді қоғамдық құрлыстар салынады. Отырар рабадын қазу барысында 11-12 ғ жататын 2 монша орны ашылды. 9-12 ғ жататын Отырардағы стратиграфиялқ тік қазба мәдени қабаттары материалдарға өте бай. Сырлы және сыры жоқ қыш ыдыстар сынықтары көптеп кездескен. Құмыра жасайтын екі пештен алынған материалдар да сан алуандығымен ерекшеленеді. Олардың 9-10 ғ жататын бірінен су құятын ернеуі бар құмыралар, табақша мен үлкен тұғыршалар табылған. Бұлар ою өрнектермен әшекейленген. 12-13 ғ бас кезіне жататын екінші пеш маңынан штапм түсірілген ыдыстар сынықтары табылған. Мұның өзі Отырардың штампты қыш ыдыстарын жасайтын ірі орталықтар болғандығын айғақтайды.
13-ғ орта түсында Отырар Сырдариядағы ірі саяси және экономикалық орталықтың біріне қайтадан айнала бастайды. Мұнда теңге сарайлары жұмыс істеп тұрды. Археологиялық қазба жұмыстары 13-14 ғғ жататын ауданы 2300 м² махаллада жүргізілген. Бұл махалла ауданы 30-250 м² арасындағы 12 тұрғын үйлерден тұрған. Мамандар Отырардағы үш түрлі топқа бөлді. Алғашқы кезде, яғни 13 ғасырдың 2 жартысы мен 14 ғ бірінші жартысында алдында ауласы бар бір білік бойына салынған екі үш бөлмеден тұратын үйлер кеңінен тарады. Екінші топқа 4 бөлмеден тұратын айқыш тәрізді төрт бұрышты үйлер жатады. Бөлмелерінен тандыр аршылған. Үшіншісіне екі немесе оданда көп секциялы үйлер жатады. Моншалар қайта тұрғызылды. 13 ғ соңғы сирегі мен 15 ғ бас кезіне жататын монша 11-12 ғғ моншаның орнына салынды. Отырарда жүргізілген қазба жұмыстары 16-18 ғасырлардағы қала өмірінен мол мағлұмат береді. Бұл уақыттардағы қала өмірін екі мәдени кезеңге бөлуге болады: Төменгі мәдени қабат 16-17 ғғ І жартсын, жоғарғы мәдени қабат 17 ғ І жартысы , 17 ғ ІІ жартысы мен 18 ғ қамтиды. Қала жоспары бұл кезеңдерде айтарлықтай өзгерістерге ұшырай қойған жоқ. Қала махаллаларына қарағанда Отырарда 16-17 ғғ 5-7 мыңдай адам мекендеген.
3. Түркістан аймағы және ортағасырлық Түркістан қалсы.
Түркістан, Ясы - қала, Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның оң жақ жағалауында, Қаратау жотасының етегінде. Қаланың іргетасы б.з. 1 - мыңжылдықтың бас кезінде қаланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы теренде жатқаньш дөяелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дөуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл еңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін керсетеді. Б.з.б. 2-мыңжыддықтан Түркістан қаласы төңірегшде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар турған. Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Археологтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сөйкес келетінін дөлелдеп отыр. 7—12 ғасырларда Түркістан теңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырларда қарлұқтар мен оғыздардың қол астывда болды. Бұл өңірге 809-19 ж. аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғ-дың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ даңққа бөленді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басына мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға тәуеп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Ясы қаласы туралы деректер 13 ғасырда жарық көрген Киракос Гаңдзакешщдің "Армения тарихы" атты еңбегінде кездеседі. Бұл еңбекте Ясы қаласы Асон деген атаумен берілген. Ясы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларьша қарағанда, 1388 ж. Ясыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Ясауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір бөлігін Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға жұмсайды. Ясы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шахристан, рабад қалыптасты.15 ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Иезди Ясыны шағын елді мекен болды деп атап көрсетсе, ал 16 ғасырда Рузбехан Исфахани "Михманнаме-и Бұхари" атты шығармасында Ясыны былайша суреттейді: "Аса қасиеггі Қожаның сағана-сы орналасқан Ясы қ. өрісі кең өрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізеді де, сол жерде оларды сату басталады. Сон-дықтан ол кепестердің тең-тең үй, 41 мешіт, 2 класты уч-ще, қыздар училещесі, 11 ресе, 23 мектеп, 2 шіркеу I ған. Қала халқы 1910 ж. 15236 адам болды. Өнеркөсіп сауда орындарынан 1912 ж. 4 мақта тазалайгын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнатат 5 кірпіш заттары, 15 су диірмені жүмыс істеді. 1918 ж. 6—91 қаңтар аралығыңда Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының съезі өтті. Съезде Сырдария облысының автономиясына қосылу мәселесі қаралды. Овда Сырдария қазақтары Алаш автономиясь қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады дег шешім қабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшлік орталығы. Қалада жөндеу мех, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттар т.б. көсіпорындар жұмыс істейді. Саттар Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 ж. "Әзіреті Сұлтан қорық-муражайы" ашыдды. Түркістанда орта білім беретін мектептерден басқа, арнаулы білім беретін оқу орындары бар. 1991 ж. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атынд. Халықар. қазақ-түрік университетінің негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі жетекші білім беру ордасына айналды. ЮНЕСКО шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойы әлемдік деңгейде аталып өтілді (2000).
Лекция 8
Қаратаудың ортағасырлық қалалары мен елді мекендері.
Жоспар
1. Ортағасырлық қалалары мен елді мекендер
2. Ортағасырлық Бабата қаласы
1.Ортағасырлық қалалары мен елді мекендер.
Оңтүстік шығысында Теріс өзенінен басталып, солтүстік-батысында Жалғызағаштың бұлағына дейін 400 км созылып жатқан Қаратаудың ені 60-90 км. Қаратаудан ағатын өзендердің шатқалдардан шыға берісінде , тау аралық және тау алды жазықтарында ортағасырлар кезінде көптеген қалалар мен елді мекендер пайда болып өмір сүрген. Қаратаудың күнгей беткейінде орналасқан ірі ортағасырлық қалалардың қатарында Сығанақ, Қарнақ, Қарашық, Құсата ал, теріскей беткейдегі қалалардың қатарында: Тамды, Саудакент, Құмкент, Бабата, Шолаққорған, Созақ және ондаған шағын елді мекендер бар. Қаратаудың оңтүстік шығыс беткейі арқылы өткен Ұлы Жібек жолының бойында Төрткүлтөбе, Азаттық, Тақиятөбе, Бурнооктябрь, Ақтөбе, және 50- аса елді мекендер орналасқан.
Қаратаудың теріскей беткейінде орналасқан Ақтөбе елі мекені мен Бабата қаласында кең көлемде археологиялық қазба жұмыстары жүргізідген.
2.Ортағасырлық Бабата қаласы.
Бабата ауылының солтүстік шетінде, өзеннің сол жағасында орналасқан. Қала туралы ғылыми әдеиеттерді 1901ж бастап кездеседі. Қаладағы зерттеу жұмыстарының 1906 жылғы Ә. Х. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы, 1948 ж Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) жүргізген. Тұрақты қазба жұмыстары 1953-54 ж.ж, 1957-58 жж. Е. И. Агеева, Г. Е. Пацеевич, Т. Н. Сенигова жүргізген. Қазба жұмыстары қаланың барлық бөліктерінде жүрді.
Цитадель. Қаланың көлемі етегінде 42х50 м, үстінде 12х17 м, биіктігі 10 м цитаделі шахристанның оңтүстік шығыс жағында орналасқан. Цитаделде жүргізілген жұмыстары барысында екі құрылыс кезеңінің құрылыстары ашылды. Төменгі құрылыс кезеңінже салынған сарай тектес құрылыстың ортасында құдығы бар сегіз қырлы бөлме. Бұл бөлме үсті күмбезден жабылған, сатылы, үсті күмбезден жабылған дәліз арқылы басқа бөлмелер мен ішкі аула мен байланысқан. Төменгі құрылыс VI-VIII ғғ кезінде өмір сүрген. Төменгі құрылыс кезеңінің үстіне салынған жоғарғы кезеңіндегі құрылыстың көлемі 300 м², ол 8 бөлмеден тұрады. Ортадағы сегіз қырлы айнала қалған бөлмелер салынған, олар жобасында төртбұрышты, көлемдері орташа 10-16 м². Қазба барысында жоғарғы құрылыс кезеңінен 13-15 ғғ ыдыс үлгілер табылды.
Тікбұрышты болып келген шахристанның көлемі 182х145 м, биіктігі 7-8 м. Оны үш жағынан, (оңтүстік жағынан басқа) қамалдың сақталған биіктігі 1,5 м, қамалда 15 мұнараның орны сақталған. Шахристанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 3 құрылыс кезеңі ашылды. Ерте құрылыс кезеңіндегі жобасында төртбұрышты болып келген бөлмелер кесектен қаланған, көлемі 12-30 м² бөлмелерден ошақтың орны ашылды.
Екінші құрылыс кезеңінен 15 бөлме ашылды. Олардың қабырғалар кесектен қаланған. Бөлмелердің ішінен қанба орындар, нан үлгісіндегі жылыту жүйесі ашылды. Тұруға арналған бөлмелерде тандыр орналасқан.
Жоғарғы құрылыс кезеңіндегі құрылыстарды салу үрдісі алдыңғы кезеңднгі үлгіде болып келген.Үйлердің үсті ағашпен жабылып үстінен қамыс төселген, ішінен тіреу ағаштар қойылған.Шахристаннан жиегі тастан қаланған суағар ашылды, оған қосарлана қойылған су құбырлары 30 м. Су құбырларының аумағы 15 см, ұзындығы 40-70 см.
Рабаттар шахристанды айнала қоршап жатыр, жалпы көлемі 25 га, оларды сырттай қамал қоршаған.Рабаттар көлемінде 9 қазба жүргізіліп, тұрғын үй, шаруашылық бөлмелері, қыш күйдіретін пештер, тандырлар мен шаруашылыққа арналған шұңқырлар ашылды. Рабаттың тұрғын бөлмелері оны қоршап жатқан қамалдың ішкі жиектей, пақса мен кесектен салынып, үсті қамыспен жабылған. Қазба барысында рабатты қоршаған қамалдың бір мұнарасы зерттеліп, оның сегіз қырлы болғаны анықталды, аумағы 4 м.
Шахристанды қоршап жатқан қамалдың мұнарасы да зерттеліп оның ерекшелігі белгілі болды.
Сонымен, Бабата қаласында жүргізілген қазба жұмыстары барысында, қаланың даму тарихында 4 кезең болғаны анықталды, олар: 6-7 ғғ кезінде бекіністі үй-жай салынған; 9-8 ғғ кезінде ерте феодалдық қала және оның қорғаныс жүйесі (қамал, мұнара, ор, жол) тұрғызылған; 10-12 ғғ кезінде қаланың рабаттары қалыптасқан. Осы кезеңде қаланың бекініс жүйесі күшейтіліп, тұрғын үйлер, шаруашылық құрылытары салынып қолөнердің түрлері дамыған; соңғы, 4-ші кезеңде (13-15 ғғ) қаладағы тіршілік бірте-бірте құлдырай бастаған. Бабата қаласын зерттеушілер аты 10 ғ бастап жазба деректерде кездесетін Баладыж қаласымен баламалап жүр.
Лекция - 9.
Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері.
Жоспар
1. Ортағасырлық қалалары мен елді мекендер
2. Ежелгі Тараз қаласы
-
Ортағасырлық қалалары мен елді мекендер.
Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері. Талас өңірін төрт ықшам ауданға бөліп қарастыруға болады, олар: Жоғарғы Талас, Аса өңірі, Таластың жазықтық орта ағысы, Таластың оң жағалық орта және төменгі ағысы. Қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша жоғарғы Талас Қырғыс Республикасында, ал қалған үш бөлігі Қазақстанның Жамбыл облысы жерінде орналасқан. Талас өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен елі мекендер ХІХ ғ 90-жылдарынан бастап осы уақытқа дейін зерттеліп келеді, оны әр жылдарда В. В. Бартольд А. Н. Бернштам, Ә. Х. Марғұлан, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Синигова, К. М. Байпако, М. Елеуов, К. Байбосынов, М. Қасенов зерттеді. Жүргізілген археологиялық зерттеулердің барысында бірнеше жүз ортағасырлық қалалармен елді мекендер ашылып ғылыми айналымға енді, олардың ықшам аудандар бойынша саны мынадай: Жоғарғы Таласта 62 ескерткіш ашылған, оныі 7-і ұзын қорғанды қала, 42-сі төркүл, 11 төбе және 2-і бұзылған елді мекен; Аса өңіріндегі 35 ескерткіштің 3-і ұзын қорғанды қала, 28-і төрткүл, 32-і төбе; Таластың оң жалық орта және төменгі ағысындағы ескерткіштердің 8-і төрткүл, 6-ы төбе.
Археологиялық қазба жұмыстары Қостөбе, Түймекент, Оққұм, Тараз қаласында жүргізілді.
Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елі мекендері Ұлы Жібек жолы мен Талас өңірі арқылы өткен керуен жолдарының бойында орталасқан.
2. Ежелгі Тараз қаласы
Ежелгі Тараз қаласының орны қазіргі Тараз қаласының орталық бөлігінде орналсқан.Шахристан, цитадель, рабад шаруашылық аймағы және оларды сырттай қоршағанұзын қорғандары болған қаланы 1862 ж
Қазба жұмыстары қаланың барлық бөліктерінде жүргізілді.
Цитадель. Көлемі 135х135 м. Цитадельде жүргізілген стратиграфиялық қазба барысында бес кезең болғаны анықталды, олар:
І- ІІ кезеңдер І-ІҮ ғғ; ІІІ кезең Ү-ҮІІ ғғ; ІҮ кезең ҮІІІ-ІХ ғғ; Ү кезең Х-ХІ ғғ;
Тараздың шахристанының дамуында 10 кезеңнің болғаны анықталы, олар:
1. І-ІІ ғғ;
2. ІІ-ІҮ ғғ;
3.Ү-ҮІІ ғғ;
4.ҮІІІ-ХІ ғғ;
5/6. Х-ХІІ ҒҒ;
7. ХІІ-ХІІІ ғғ;
8. ХҮ ғ;
9. ХҮ-ХҮІІ ғғ;
10. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ;
Қазба барысында ашылған кезеңдерден ашылған қөұрлыстарға, табылған заттарға қарағанда ежелгі Тараз қаласының даму тарихы келесі бағытта өрбіген.
1. (І-ІІ ғғ) елді мекен пайда болған.
2.(ІІ-ІҮ ғғ) елді мекен бекіністі елді мекенге айналып, оның ішінде тұрғын үйлер меншаруашылық ауласы болған.
3.(Ү-ҮІІ ғғ)Тараз цитаделі, шахристаны және рабады бар қамал қалаға айналған.
4.(ҮІІІ-ХІ ғғ) Тараз қарлұқ мемлекетінің астанасына айналған. Қала батыс бағытқа қарай өсіп 2-рабад қосылған. Қаланың көлемі 32 есе өскен.
5/6 (Х-ХІІ ғғ) қала батысқа қарай өсіп 3-рабад қосылған.
7/8 (ХІІ-ХІІІ ғғ -ХҮ ғ) қала аймағының орталығы болып қала берді, оның рабадындағы күмбездер салынды.
9/10. (ХҮ-ХҮІІ ғғ - ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ) қолдағы тіршіліктің қүлдыраған кезі болды, бірақ ондағы тіршілік толық тоқтаған жоқ.
Ежелгі Тараздың 2000 жылдық тарихы бар қала.
Лекция 10.
Шу өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері
Жоспар
1. Ортағасырлық қалалар мен елді мекендер
2. Ортағасырлық Ақтөбе қаласы
1. Ортағасырлық қалалар мен елді мекендер.
Шу өңірінің орта және төменгі ағыстары төрт ықшам ауданға бөлінеді: А1 - Боам шатқалынан Шөміш тауына (Қордай ауылы, Шөміш өткелі) дейін; А2 -Алатаудың Бішкек - Құлан аралығы; АЗ — Шөміш тауынан Иткешу өткеліне (Шуға Құрағатты өзенініің құйған жеріндегі) дейін; А4 — Иткешу өткелінен Жайлаукөлге дейін.
А1 — Алатау мен Шу-Іле тауларының тау аралық белдіктерінің тілімделген тау етегі шлейфін және көлбеу беткей жазықгарын алып жатқан бұл ықшам ауданда 57 ортағасырлық ескерткіш белгілі, олар: 7 ұзын қорғанды қала, 37 төрткүл, 5 төбе және 8 бұзылған мекен.
А2 — Бішкектен Құланға дейінгі аралықта Алатаудың тау аралық белдігінің тілімделген тау етегі шлейфін және көлбеу беткей жазығын алып жатқан бұл ыкшам ауданда 64 ортағасырлық ескерткіш ашылған, олар: 11 ұзын қорғанды қала, 30 төрткүл, 18 төбе және 5 бұзылған мекен.
АЗ — Шөміш тауынан Иткешу өткеліне дейінгі аралықгағы төбелі — далалы және нашар тілімделген жазықгарды алып жатқан бұл ықшам ауданда 34 ортағасырлық ескерткіш белгілі, олар: 3 ұзын қорғанды қала, 10 төрткүл, 20 төбе және 1 бұзылған мекен.
А4 — Иткешу өткелінің Жайлаукөлге дейнгі шөл және шөлейт белдеулерді алып жатқан бұл ықшам ауданда 24 ортағасырлық ескерткіш белгілі, олар: 8 төрткүл, 15 төбе және 1 бұзылған мекен.
Сонымен, Шу өңіріндегі ғылымға белгілі ортағасырлық ескерткіштердің жалпы саны 179, олар: 21 ұзын қорғанды қала, 85 төрткүл, 58 төбе және 15 бұзылған мекендер.
Достарыңызбен бөлісу: |