Тұңғыш директор Тұрсынбаев 1940 жылы құрылған Гурьев мемлекеттік мұғалімдер
институтының тұңғыш директоры болып 1928-31 жылдары жұмысшы факультетінде, Алматы
мал дәрігерлік техникумында, 1931-32 жылдары Ташкенттің жоспарлау-экономика институтында
оқыған, 1937 жылы Москваның Г.М. Кржижановский атындағы мемлекеттік экономика институтын
бітірген Әбді Бошынұлы Тұрсынбаев партия жолдамасымен келді. Алғашқы директор бұған дейін
Семей педагогикалық институтында проректор қызметін атқарған болатын. Атырау, Алматы
қалаларындағы архив қорларынан табылған тұңғыш директордың жеке іс қағаздарына назар
аударсақ. 1940 жылдың 1-шілде күні өз қолымен толтырған автобиографиясында 1909 жылы
бұрынғы Сырдария губерниясына (қазіргі Түркістан облысы) қарасты Түркістан қаласында туған.
Әкесі Тұрсынбай Бошынұлы және оның әке-шешелері Тартоғай ауылында егіншілікпен айналысқан.
Әкесі 18-20 жас аралығында етікші ағасы екеуі жұмыс іздеп Түркістан қаласына келеді. Әкесі
Тұрсынбай әртүрлі жұмыстар атқарып, Ақмешіт (Қызылорда) қаласының помещигі Ивановтың
қарамағында ұзақ жылдары жәмшік болып жұмыс жасайды. Кейін Түркістан қаласына қоныс
аударады. Әкесі қаладағы мал сатушылар арасында делдал қызметін атқарып, 1917 жылы қайтыс
болады. 1918 жылы анасы балаларын алып туған-туыстары тұратын Тартоғай ауылына көшіп келіп,
егіншілікпен айналысады. Сол жылдардың қалыптасқан қағидасы бойынша өз жанұясының, туған-
туысқандарының сайлау құқығынан айырылмағанын, ақгвардияшылар қозғалысына қатыспағанын,
шетелге шықпағаны мен кетпегенін, қуғын-сүргінге ұшырамағандығын, 1940 жылдың маусым
айынан Қазақстан Орталық партия комитетінің және Қазақ КСР Халық Ағарту Комиссариатының
шешімімен Гурьев мұғалімдер институтының директоры қызметінде екендігін жазады (АОМА,
13: 3-5). Автобиографиясында өзі жазғандай өзбек, татар, неміс, орыстілдерін білген. Сонымен
бірге жанұясымен Гурьев қаласындағы Алматы көшесі №9 үйде тұратындығын назарға береді
(АОМА, 13: 2).
Гурьев облысы партия комитеті кадр бөлімінің меңгерушісі берген қорытынды да «Жолдас
Тұрсынбаевтың автобиографиясымен танысып, тексерістен кейін, онымен облыстық партия
комитеті тарапынан нұсқаушы Атшыбаев жеке қабылдап, кездесті. Институт директорлығына
лайықты», - деп баға берген.
1940 жылдың 26 маусымдағы Қазақ КСР Халық Ағарту Комиссариаты тарапынан Қазақстан
Коммунистік партиясы Орталық комитетінің кадр бөліміне Халық Ағарту Комиссарының
орынбасары Жанақов қол қойған №17-3 қатынас қағазына назар аударсақ жаңадан құрылған Гурьев
педагогикалық институтына Семей педагогикалық институтында оқу бөлімінің меңгерушісі болып
қызмет еткен Ә. Тұрсынбаевты бекіту туралы: «Ол 1909 жылы туған, №2171206 есеп карточкасы
бойынша партия мүшелігіне кандидат. 1 маусымға дейін Семей педагогикалық институтында
қызмет атқарды. Жергілікті кеңестерге сайлауда округтік сайлау комиссиясының төрағасы
жұмысын атқарды. Сонымен қатар институттан басқа Семей облысы партия комитеті ұйымдастыру
бюросының штаттан тыс лекторы қызметін атқарды. Жолдас Тұрсынбаевты Гурьев мұғалімдер
институтына директорлыққа тағайындауды сұраймыз», - деп жазды.
Гурьев облыстық партия комитетінің хатшысы Волков қол қойған мінездеме де «...Тұрсынбаев
институт директоры болып тағайындалған қысқа мерзім уақытта, жаңа құрылған институт
жұмысында өзінің жақсы ұйымдастырушы, жұмысқа қабілетті басшы екендігін көрсетті. Cаяси
сауатты, тәртіпті, бастамашыл, антипартиялық жіктерге қосылмайды, партия тарапынан сөгіс
алмаған, сотты, тергеуде болмаған, саяси-қоғамдық өмірге белсене араласады. Директорлық қызметті
атқара алады», - деп көрсетілген(АОМА, 1:10).
1940 жылдың 16 шілдесінде Қазақстан Орталық партия комитеті кадр бөлімінің меңгерушісі
Василенко мен партия комитетінің нұсқаушысы Бошаев берген қорытынды бойынша «...
Институтта жұмыс істеген тәжірибесі жеткілікті. Автобиографиясы ешқандай күмән туғызбайды.
Семей педагогикалық институтында жұмыс жасаған уақытында Тұрсынбаев жолдас өзін қызмет
|