Мектеп басшыларының тәрбие процесін ұйымдастыру барысындағы қызметті алға қойған үлкен мақсаттардан басталады:
а) Болаша жоспар:
б) Жалпы еңбекті, оқуды, оқытуды, тәрбиелеуді, тәрбиені ұйымдастыра білу, сонымен айналысу.
Оқушылар үшін оқу – білім алу, қоғамға қажетті, пайдалы өнімді еңбек, сабақтан тыс уақытта шығармашылық қызметпен айналысу.
Ұстаздар үшін осы жоғарыда көрсетілген шәкірттер қызметін дұрыс ұйымдастыра білу. Бұл екеуі де біртұтастыққа жұмыс істеуі тиіс.
Мектеп басшылары ұжымдардын алдына жалпы ортақ мақсат қойып, болашақ жоспар жасағандабұл іске барлық ұжым мүшелерін қатыстырады. Бұған әрбір ұстаз, ата – ана, шәкірт, осы іске жаны ашитын әрбір азамат қатыстырылады. Істің негізгі тізгін ересек шәкірттерге береді. Себебі бұл істің мазмұны шәкірттерге арналған. Сондықтан әрбір шәкірт бұл іс – шараны өзінен шыққандай етіп қарап, ұстаздың басшылығымен дұрыс жоспар құрады. " Келісіп пішкен тон келте болмайды " – деген осындайда. Мұндай істе мектеп басшылары осы іске байланысты ұйымдастырады.
Оқыту процесінің мәні
Дидактиканың негізгі ұғымдары (категориялары) бар. Олар: оқыту, білім беру, яғни, оқыту процесі, оқытудың принципі, білім берудің мазмұны, оқытуды ұйымдастырудың түрі. Сонымен әр ұғымға талдау жасайық:
а) Оқыту процесі – ұстаз бен шәкірттің өзара әрекетіне бағытталған, мақсат көрсетілген процесс. Бұл процесс барысында балаларға біім беру, тәрбиелеу және оларды дамыту іске асады.
б) Оқытудың приципі – оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесінен анықталады. Дидактикалық принциптер оқушылардың таным қызметі және оқыту мақсаттарымен тығыз байланыста болады.Оқыту приципі оқу пәндерін оқытудың барлық сатысында қолданылатын жалпы қағидалар болып табылады.
в) Білім берудің мазмұны. Жеке адамның жан-жақты дамуы және қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі, білім берудің мазмұны.
г) Оқытудың ұйымдастыру түрі (формасы) дегеніміз – ұстаз бен шәкірттердің арнайы ұйымдастырылған, белгіленген тәртіпте жүргізілетін оқу-таным, іс-әрекет процесі. Оқытуды ұйымдастыру оның мазмұны, әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |