Пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсыныстар 1. Пестицидтiң (улы химикаттың) айырмалық атауы, фирма (тiркелушi).
2. Әрекет етуші зат (ISO бойынша) немесе микроорганизмнің түрлік атауы, штамның немесе изоляттың атауы.
3. Концентрациясы (г/л немесе г/кг) (тiрi жасушалардың немесе олардың тіршілік әрекеті өнімінің титрi, вирустық түйіршіктер, қоспалар титрі).
4. Пестицидтiң (улы химикаттың) препараттық нысаны.
5. Пестицидтiң (улы химикаттың) және жұмыс сұйықтығының мақсаты, қолдану технологиясы, шығыс нормасы.
6. Өзге пестицидтермен (улы химикаттармен) үйлесімділігі.
7. Фитоуыттылығы.
8. Резистенттiк туындау мүмкiндiгi.
9. Флора мен фаунаның пайдалы объектiлерін қорғау жөніндегі ұсынымдар.
10. Пестицидпен (улы химикатпен) жұмыс кезiндегі қауіпсіздік шаралары.
11. Уланған жағдайдағы алғашқы көмек.
12. Пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау және қолдану кезіндегі сақтық шаралары.
13. Төгiлген немесе шашылған пестицидті (улы химикатты) залалсыздандыру, препаратты және оның ыдысын кәдеге жарату тәсiлдерi.
«Пестицидтерді
(улы химикаттарды) мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
7-қосымша
Ыдыстық заттаңба Қолданар алдында мұқият оқу қажет! Фирма өндiрiсi мен орамы (нақты көрсетiледi), сондай-ақ пошталық мекенжайы 1. Пестицидтiң (улы химикаттың) айырмалық атауы, фирма (тiркелушi).
2. Әрекет етуші зат (ISO бойынша) немесе микроорганизмнің түрлік атауы, штамның немесе изоляттың атауы.
3. Әрекет етуші заттың құрамы г/л немесе г/кг (тiрi жасушалардың немесе олардың тіршілік әрекеті өнімінің титрi).
4. Пестицидтiң (улы химикаттың) препараттық нысаны.
5. Пестицидтiң (улы химикаттың) және жұмыс сұйықтығының мақсаты, қолданылу технологиясы, шығыс нормасы.
6. Әр дақыл үшін күту мерзiмi.
7. Шектеулер.
8. Уыттылығы (қауiптiлiк сыныбы көрсетіледі).
9. Пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау және қолдану кезіндегі сақтық шаралары.
10. Төгiлген немесе шашылған пестицидтi (улы химикатты) залалсыздандыру тәсiлдерi.
Пестицидтiң (улы химикаттың) ыдыстық заттаңбасында барлық тармақтар бойынша ақпарат болуы тиіс. Дизайны регламенттелмейді. Егер техникалық мүмкiндiктері бір орамға жазуға мүмкіндік берсе, ыдыс заттаңбасы мен ұсынымдарды бiр құжатқа біріктіруге болады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 78 қаулысымен
бекiтiлген
«Карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсыру сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 40 (қырық) минут;
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндік сертификатты қағаз жеткізгіште беру;
2) порталда – электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама.
7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде ұсынатын қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат;
3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат;
4) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама.
*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті немесе анықтаманы ұсыну мемлекеттік ақпараттық жүйелерде құжат туралы мәліметтер болған кезде талап етілмейді.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттардың түпнұсқасындағы мәліметтердің мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен тең түпнұсқалығын салыстырып тексереді, осыдан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.
Көрсетілетін қызметті алушыға:
құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Порталда көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу мерзімі көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шешімдеріне шағымдану тәртібі 10. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіруді, сондай-ақ шағымдарды дайындауға жәрдем беруді көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол Министрлік Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төрағасына немесе оның орынбасарына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 703-кабинет, электрондық мекенжайы: priemnaya.kgiapk@minagri.gov.kz телефоны 8 (7172) 55-59-61, жұмыс күндері 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысына жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ге дейін беріледі.
Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Комитет кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талонды беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіндегі лауазымды адамдардан, Комитеттің кеңсесінен (87172) 55-58-13 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым онда көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды адамның атына беріледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, шағым берген күні және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым берген кезде әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөні, жүгіну себептері және талаптары көрсетіледі.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде оның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсететін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануына болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы ұсынылуы мүмкін.
«Карантинге жатқызылған өнімді
Қазақстан Республикасының аумағында
орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
_____________________________________________________________________
(өсімдік карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық
_____________________________________________________________________
бөлімшесінің атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң
аты
_____________________________________________________________________
(бар болса))
_____________________________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтінім ______________________ мынадай карантинге жатқызылған өнімді шығаруға
(облыстан, қаладан)
карантиндік сертификат беруді сұраймын:
1) __________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы,
_____________________________________________________________________
орын саны және орамының сипаттамасы, айырым белгілері, таңбалануы,
_____________________________________________________________________
пайдалану мақсаты)
2) __________________________________________________________________
(өсімдіктің ботаникалық атауы)
3) __________________________________________________________________
(облыстың (қаланың) атауы және карантинге жатқызылған өнімнің межелі
_____________________________________________________________________
мекенжайы)
4) __________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту мерзімдері мен орны)
5) __________________________________________________________________
(жөнелту станциясының атауы)
6) __________________________________________________________________
(межелі станцияның атауы)
Басшы _______________ _____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса))
Мөр орны 20__ жылғы «___» ____________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 78 қаулысымен
бекiтiлген
«Карантинге жатқызылған өнiмнің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Карантинге жатқызылған өнiмнің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсыру сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 40 (қырық) минут.
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты қағаз жеткізгіште беру;
2) порталда – электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама.
7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетеді. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде ұсынатын қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтінген кезде – сәйкестендіру үшін көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат;
4) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
5) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптары болған кезде – импорттаушы елдің мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған импорттық карантиндік рұқсаты не фитосанитариялық талаптар келісілген шарттардың көшірмелері.
*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті немесе анықтаманы ұсыну мемлекеттік ақпараттық жүйелерде құжат туралы мәліметтер болған кезде талап етілмейді.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттардың түпнұсқасындағы мәліметтердің мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен тең түпнұсқалығын салыстырып тексереді, осыдан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.
Көрсетілетін қызметті алушыға:
құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Порталда:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптары болған кезде – импорттаушы елдің мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған импорттық карантиндік рұқсаты не фитосанитариялық талаптар келісілген шарттардың көшірмелері.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсетілу нәтижесін алу мерзімі көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдану тәртібі 10. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсетуді, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төрағасына немесе оның орынбасарына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 703-кабинет, электрондық мекенжайы: priemnaya.kgiapk@minagri.gov.kz, телефоны 8 (7172) 55-59-61, жұмыс күндері 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ге дейін беріледі.
Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Комитет кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіндегі лауазымды адамдардан, Комитеттің кеңсесінен 8 (7172) 55-58-13 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым онда көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды адамның атына беріледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, шағым берген күні және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым берген кезде әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөні, жүгіну себептері және талаптары көрсетіледі.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде оның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Комитетке келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануына болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы ұсынылуы мүмкін.
Карантинге жатқызылған өнiмдi
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге
әкетуге фитосанитариялық сертификат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына