Физиканың электр бөлімінен компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру


Білімді бекіту сабағы- есептер шығару және нәтижелерін компьютерлік тексеру



бет5/11
Дата14.06.2022
өлшемі38.67 Kb.
#459221
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.1 Білімді бекіту сабағы- есептер шығару және нәтижелерін компьютерлік тексеру
Мұндай сабақта мұғалім жеке есептерді оқушыларға өз бетінше шығарып нәтижесінің дұрыстығын компьютерлік тәжірибе жүргізу арқылы тексеруін ұсынады. Компьютерлік тәжірибе жүргізіп шығарылған есептердің нәтижелерін тексеру оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады, әрі олардың жұмысын творчестволық етеді және кейбір жағдайда зерттеулік сипатқа жақындатады. Осылардың нәтижесінде білімді бекіту этапында көптеген оқушылардың өздері есептер құрастыра бастап, оларды шығарып компьютерді қолданып өздерінің ой жүгіртуінің дұрыстығын тексере алады. Оқушылардың құрастырған есептерін класс жұмысы ретінде басқа оқушыларға немесе үй тапсырмасы ретінде ұсынуға болады.
1.2 Білімді қорытындылау және жүйелеу сабағы
Жаңа материалдан алған білімді қорытындылау және жүйелеу этапында оқушыларға компьютерлік моделді немесе виртуалды лабораторияны қолданып өз бетінше кіші-гірім зерттеулер жүргізіп қажетті нәтиже алу ұсынылады. Көптеген компьютерлік моделдер мен виртуалды лабораториялардың мұндай зерттеулерді әп-сәтте жүргізуге мүмкіншіліктері бар. Мұндай жағдайда оқытушы зерттеудің тақырыбын құрып, тәжірибені жүргізу және оны жоспарлау барысында оқушыларға көмектесуі керек.
1.3 Алған білімді және игерген дағдыны комплексті қолдану сабағы – компьютерлік зертханалық жұмыс.
Мұндай сабақ өткізу үшін, ең алдымен тақырыпқа сәйкес таратылатын материалдарды, яғни лабораториялық жұмыстардың бланкілерін дайындау керек. Бланкіде тапсырмаларды күрделілігі өсу ретімен орналастыру қажет. Алдында танысу сипатындағы қарапайым тапсырмалар (моделдің мүмкіншілігі, моделмен жұмыс атқаруға арналған сұрақтар, зертханалық жұмыстың мақсаты мен күтілетін нәтижерлер) мен тәжірибелік есептер, одан кейін еспетеуге арналған тапсырмалар және соңында творчестволық және зерттеулік сипаттағы тапсырмалар берілгені дұрыс. Творчестволық және зерттеулік сипаттағы тапсырмалар оқушылардың құштарлығын арттырады және қосымша мотивациялау факторы болып табылады. Көрсетілген себептерге байланысты сабақтардың соңғы екі этаптары ерекше нәтиже береді, үйткені оқушылар өз бетінше творчестволық жұмыс атқару барысында білім игереді. Бұл білімдер оларға қорытынды нәтижеге жетуіне керек. Мұндай жағдайда мұғалім оқушыларға білім қалыптастыру үрдісінде көмекші ретінде ғана қатысады. Оқушылар компьютерге отырғаннан кейін олармен тек дара қатынас жасау ғана мүмкін. Үйкені, балалар жұмысқа күшті елігетіні соншалықты, оқытушы қатты дауыспен айтса да, олар тіпті естімейді. Мүмкін алғашқы сабақтарда оқушыларға еркін уақыт бөлу де керек шығар. Сабақ тақырыбына сәйкес емес басқа моделдермен танысса да еркін уақыт бөлген жөн. Үйткені алғашқыда оларға барлығы қызық болады. Курс моделдерімен танысқаннан кейін оқушылармен келесі сұрақтарды талқылағаны дұрыс:

  • Олардың пікірінше қандай моделдер аса қызықты?

  • Моделдің біреуімен немесе басқасымен жұмыс жасап олар қандай жаңалық білді?

  • Олар қандай тәжірибе жүргізді және қандай нәтижелер алды?

Талқылаудың мақсаты – ойластырып тәжірибе қою мен нәтиже алу оңай шаруа еместігін көрсету және мұнда үйренетін жәйттер көптігін байқату. Мүмкін өте қызық тәжірибе конкурсын жариялаған да артық болмас. Балалар әбден қаныққанша тәжірибе жинаса курс интерфейсін жақсылап меңгереді. Бұл келесі сабақтарда уақытты үнемдеуге көмектеседі. Кейде компьютерлік класта оқытушы балалардың жұмыстарын үйлестіргісі келіп, олардың әрекеттерін бөліп, ары қарай қандай әрекеттенуін хабарлайды.Сабақтың мұндай формасын тиімді деп айтуға болмайды, үйткені оқытуда компьютерді пайдаланудың бірден-бір ерекшелігі даралап оқыту үрдісі.Мейлі әр оқушы өзінің жеке тапсырмасын өз ритмінде орындасын. Оқушылардың біреулерінің тапсырмаларды көбірек орындауы, ал кейбіреулері азырақ орындауы аса қауіпті емес, ең маңыздысы-әр оқушының толыққанды жұмыс жасағаны мен одан қанағат алуында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет