Формы повышения конкурентоспособности дошкольного образовательного учреждения в условиях реформирования образования


ОҚУШЫЛАРҒА БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚ БЕРУДЕГІ ҦЛТТЫҚ



Pdf көрінісі
бет67/81
Дата17.12.2022
өлшемі1.37 Mb.
#467417
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81
Nshfk 2 29 2011

ОҚУШЫЛАРҒА БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚ БЕРУДЕГІ ҦЛТТЫҚ 
ТӘРБИЕНІҢ РОЛІ
 
С.П.Тастанова - 
АИУ-ің оқытушысы, Шымкент қ. 
А.П.Тастанова – 
магистр 
Ұлттық мәселе шарықтау шегінде тұрған кезде жоғары тәрбиелік мүмкіндігі бар болашақ ұрпақты 
ӛнегелілік және рухани нығаюына себепші болатын халқымыздың мәдени мұраларын, олардың кӛп 
ғасырлық әдет-ғұрпын және салт-дәстүрін оқып үйрену қажеттігі туындайды. 
Бейнелеу ӛнері пәніне байланысты бірқатар білім беру мазмұны саласындағы кӛкейкесті 
аспектілерді зерттеуді қолға алған Қазақстан ғалым педагогтары Б.А.Әлмұхамбетов, ¥.Ш.Ибрагимов, 
Қ.Қ.Болатбаев, З.Ш.Айдарова, Л.Г.Дириксен болды [1]. 
Эстетикалық тәрбие беру мәселесін философиялық тұрғыдан: Ю.Б.Боревтің, А.И.Буровтың, 
В.В.Вансловтың, 
А.А.Радугинның, 
М.С.Каганның, 
В.А.Разумныйдың, 
В.К.Скатерщиковтың, 
С.К.Лукиннің педагогикалық, тарихи-педагогикалық тұрғыдан: О.А.Апраксинаның, Н.А.Ветлугинаның, 
И.Ф.Гончаровтың, Ф.Ф.Королевтың, Б.Т.Лихачевтың, В.Алексеевтің, С.Т.Шацкийдің, Л.Н.Коганның, 
С.Х.Файзуллинаның, А.М.Джунусбаеваның, С.А.Ұзақбаеваның, А.А.Люблинскаяның, В.С.Кузиннің, 
М.Х.Балтабаевтың, В.А.Разумныйдың, Д.С.Шарипованың, Р.К.Дүйсембинованың, С.П.Барановтың,
Г.И.Щукинаның, т.б. зерделенген зерттеулерін атауға болады. 
Сонымен бірге жас ұрпаққа кӛркем ӛнер арқылы, этика, эстетикалық тәрбие беру мәселесін 
Ә.А.Қалыбекова, Е.Ш.Қозыбаев т.б. ӛз еңбектерінде тарихи тәжірибелерді, мәдени ұлттық дәстүрлерді 
ескере отырып қарастырды [2; 3]. 
Бүгінгі таңдағы қоғамдағы ірі ӛзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас 
ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай, күн сайын күшейе түскен бұл қолайсыз факторлар 
мектептегі оқу тәрбие үрдістерін жақсартудың баламалы жолдарын іздестіруді талап етеді. Мектепке 
балалар кӛбінесе отбасынан мінез – құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу тәрбие ісі оларға ата – 
анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне, осы орайда, балалардың бойындағы жағымды 
қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез, әдеттерді жою талабы педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне 
байланысты. 
Бастауыш мектеп жасындағы кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса 
маңызды рӛл атқарады. Оның ӛмірінде мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап айтарлықтай 
ӛзгерістер пайда болады, дамуының әлеуметтік жағдайы түп-тамырымен ӛзгереді, бала үшін жетекші 
орын алатын оқу әрекеті қалыптасады. 
Баланың жеке қасиеттерінің психикалық дұрыс дамып жетілуі үшін әлеуметтік педагогтік 
ұжымдардың кәсіптік белгілері, ата-аналардың саналы кӛзқарасы және осы принциптерге негізделген 
мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет. 
Ӛзін-ӛзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әркеті арқылы қалыптасады. Бірақ бағаны әрдайым 
айналадағы адамдар береді. Ӛзіне деген сенімі ӛзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер 
айналасындағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым-қатынас жасаса, онда ол ӛзін осы сыйластыққа лайық 
екенмін деп санайды, ал егер керісінше, оның жасаған сәттерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрсып, 
жаратпай жатса, оған ӛзіме лайық емеспін дегеннен басқа түк қаламайды. Және бұл жағдайда баланың 
реакциясы әр түрлі (апатия, цинизм (шектен шыққан арсыздық), агрессия және тағы басқа) болады 
[4,5,6,7]. 
Сынып мұғалімі мен ата-аналар оқушының негізгі тәрбиешілері болып табылады. Сондықтан да 
педагог жүргізетін тәрбие жұмысының нәтижелері оның ата-анларымен жұмыс істей білуіне, олармен 
ортақ тіл тауып, олардың кӛмегі мен қолдауына сүйене білуіне байланысты. Мұғалім мен ата-ананың 
қарым-қатынасында бастауыш рольді педагог атқарады. Ӛйткені тәрбие жұмысы оның негізгі мамандығы. 
Оның арнаулы дайындығы бар, әр түрлі педагогикалық ситуацияларды іскерлікпен қолданатын тәрбие 
құралдарының бай арсеналына ие. Бейнелеу ӛнері пәнінде халық педагогикасындағы дәстүрлерді тиімді 
пайдалану процесінде балалардың дәстүрлерді меңгеруі зор роль атқарады. Себебі қазақ дәстүрлері ең 
алдымен бастауыш мектептегі баланың мінез-құлықының жоғарғы дәрежеде қалыптасуына ықпал 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет