Ғумарбек даукеев атындағы алматы


Өз бетімен орындауға арналған жаттығулар



бет14/20
Дата22.11.2023
өлшемі199.61 Kb.
#484021
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
ABNMethod2023

Өз бетімен орындауға арналған жаттығулар:
1. Өзіңізге таныс адам туралы ақпаратты сақтау үшін сөздік құрастырыңыз. Ол адамның атын, фамилиясын, жасын, тұратын қаланың атын сақтаңыз. Сөздікте келесі кілттер болсын: first_name, last_name, age және sity. Ақпараттың әрбір фрагментін шығарығңыз.Өз бетімен орындауға арналған
2. Осы пәннің бес түрлі терминдерін таңдаңыз. Оларды өзіңіз құрастыратын сөздіктің кілттер ретінде пайдаланыңыз. Ол терминдердің анықтамаларын мәндері ретінде қарастрыңыз. Әрбір терминді және оның анықтамасын белгілі бір форматталған түрде шығарыңыз. Терминнің атынан кейін қос нүкте қойып, анықтамасын келесі жолға төрт орынға шегеріп шығарыңыз. Жаңа жолдың таңбасын \n пайдаланыңыз.
3. Қазақстандағы облыс пен ондағы қалалар туралы сөздік құрастырыңыз. Мұнда «кілт-мән» жұбы үшін «облыс-қала» немеес кілт ретінде облыс, ал мән ретінде қалалардың аттары. Қалалардың аттарын реттелінген түрде циклдың көмегімен шығарыңыз.
4. Сүйікті жазушыларыңыз туралы сөздік құрастрыңыз. Үш жазушының фамилиясын кілттер ретінде пайдаланыңыз. Жазушылардың белгілі екі-үш шығармасын мән ретінде пайдаланыңыз. Барлық сақталынған жазушылар мен олардың шығармалары туралы ақпаратты шығарыңыз.
5. Бастапқыда автомобильдер туралы мәліметтер сақталынатын тізім бос болсын. Автомобильдер саны онға тең болсын. Он рет қайталанатын цикл құрастырылуы керек. Ол циклдың әрбір қайталануының нәтижесінде жаңа автомобиль туралы мәлімет бойынша сөздік құрастырылып, тізімге енгізіледі. Әрбір автомобиль туралы сөздікке оның типі, маркасы, сыртқы түсі, шығарылған жылы, спидометрдің көрсеткіші туралы мәліметтер көрсетілсін. Осыдан кейін өзіңіз таңдаған үш автомобиль туралы мәліметтер экранға шығарылсын.


Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз:
1. Python тілінде сөздіктер не үшін қолданылады?
2. Сөздік құрамында қандай ақпараттар сақталынады?
3. Сөздікке жаңа жұп енгізу үшін қандай амалдар орындалады?
4. get() әдісі не үшін қолданылады?
5. items() әдісі не үшін қолданылады?
6. Қандай жағдайда keys() әдісі қолданылады?
7. Қандай жағдайда values() әдісі қолданылады?
8. Сөздіктер тізімі қалай құрастырылады?
Зертханалық жұмыс № 6.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет