Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар


Геодезиядағы проекциялау әдісі және биіктік жүйесі



бет5/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Геодезия пәнінен дәрістер

Геодезиядағы проекциялау әдісі және биіктік жүйесі

Жер бетін планға немесе картаға түсіруде сызба геометриясында оқып үйренген проекциялау әдісі кеңінен қолданылады. Жердің физикалық бетіндегі нүктелердің орны эллипсоидтың бетіне калыпты (нормаль) болып есептелетін тік сызықтар арқылы проекцияланады. Осы проекциялау негізінде нүктелердің тік бұрышты (ортогональды) проекциялары алынады.





1.6-сурет. Проекция әдісі
Жер бетіндегі А нүктесін тік сызық арқылы деңгей бетке (1.6-сурет) проекциялағандығы НА арақашықтығы нүктенің абсолют биіктігі деп аталады, ал сол нүктеден бастап шартты бетке дейінгі қашықтық Н шартты биіктік болады. Бір нүктенің екінші бір нүктедегі деңгейлік бетінен айырмашылығы - салыстырмалы биіктік һ немесе биіктік өсімшесі. Мысалы, А иүктесінің В нүктесіне қарағандағы биіктік өсімшесі ҺА = НА - Нв болады.

Мұхит деңгейін көп жылдар бойы бақылау нәтижесінде деңгейлік беттің орташа жағдайын анықтайды. Біздің елімізде абсолют биіктігінің бастапқы саны ретінде Балтык, теңізінде орнатылған Кронштадт футштогінің нөлі қабылданған. Футштог дегеніміз - бірнеше бөлікке бөленген мыс тақта, осы бөліктер бойынша оқтын-оқтын теңіз деңгейі тексеріліп, есептеліп отырады. Сөйтіп, деңгей беттен нүктелерге дейінгі вертикаль қашықтықтарды нүктелердің биіктіктері (Н) дейміз.

Жер бетінің шағын учаскелерін кескіндегенде қолданылатын проекция әдісінің мәні мынадай (1.7-сурет): егер деңгей бетті V деп белгілеп, жердің бетіндегі А, В, С, D, Е нүктелерін тіктеуіш сызықтар арқылы (Н) проекцияласақ, жазықтықтағы беттен сол нүктелердің (а, b, с, d, е) проекцияларын табамыз. Бұл проекция жазықтық (горизонталь) проекциясы деп аталады. Осы аймақтың кеңістіктегі түрін бейнелеу үшін, сол нүктелерден (А, В, С, D, Е) деңгей бетке дейінгі арақашықтықтары (Аа, Вb, Сс, Dd) нүктелер биіктігін (Н) анықтауға тура келеді. Ол үшін биіктіктердің айырмашылықтары (h=Cc-Dd) өлшенеді. Нүкте биіктіктерінің айырмашылығы һ өсімше биіктігі деп аталады. Өсім биіктігі нивелир деген аспаппен өлшенеді. Жер бетіндегі көлбеу сызықтар (АВ, ВС, т.б.) жазықтықтағы бетке өздеріне сәйкес проекциялары ab, bс арқылы кескінделеді. Кейде осы проекцияларды жазықтықтағы горизонталь салындылар деп атайды. Демек, ABCDE көпбұрышының жазықтықтағы проекциясын планға түсіру үшін, оның гори­зонталь проекциялары (ab, bс, cd, de, еа) мен горизонталь бұрыштары. (β1, β 2, β 3...) белгілі болса жеткілікті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет