22
Жер қыртысының даму процесi айрықша күрделiлiгiмен сипатталады және
әртүрлi формада өтуi мүмкiн. Қазiр геотектоникада негiзгi екi бағыт бар, олар
тiк
және
көлбеу тектоникалық қозғалыстардың рөлiн әртүрлi бағалауға негiзделген.
Бiрiншi бағыт негiзгi рөлдi тiк тектоникалық
қозғалыстар атқарады деген
жорамалдан бастау алады. Бұл бағыт
фиксизм деп аталады.
Геотектоникадағы екiншi бағыт литосфераның эволюциясын блоктардың iрi
масштабты көлбеу жылжуымен байланыстырады, бұл блоктарға тұтас
континенттер кiредi. Геологиялық ғылым дамуының бұл бағыты көлбеу
қозғалыстарды
негiзгi деп санайтындықтан,
мобилизм деп аталады.
Екi бағыттың жақтаушылары да, геотектоникалық процестердiң қозғаушы
күштерi мен механизмiн түсiндiрудегi принциптiк әртүрлi көзқараста
болғанымен, жер қыртысының даму процесiнде үш:
геосинклиндiк (ойысу,
шөгiндiлер жиналу, магматизм),
орогендiк (қатпар жаралу, тау жаралу) және
платформалық (орнықты, аз амплитудалы тербелiстер) кезеңдердi бөледi. Әр
кезең өз кезегiнде жекелеген сатылардан тұрады. Жер қыртысы дамуының осы
басты үш кезеңi
тектоникалық циклдi құрайды.
1960-шы
жылдары
жаңа жаһандық тектоника немесе
тақталар
тектоникасы концепциясы ұсынылған. Осы концепцияға сай литосфера iрi қатаң
монолит тақталарға жiктеледi. Олардың ірілері: Еуразия, Тынық мұхит, Индо-
Австралия, Африка, Америка, Антарктида және ұсақ Арабия, Кариб, Наска,
Кокос. Литосфералық тақталар үш типтi жылжуларға ұшырайды: ажырау
(спрединг), сығылу (коллизия) және ығысу (трансформдық жарылымдар).
Достарыңызбен бөлісу: