19
1. Бедер пішіні, элементтері және типтері.
2. Бедердің морфологиясы бойынша жіктелуі.
3. Бедердің өлшемдері бойынша жіктелуі.
4. Бедердің жаралуы (генезис) бойынша жіктелуі. Пенеплен, педимент,
педиплен және жоғарғы жер бетінде тегістелу туралы түсінік.
5. Бедердің абсолютті жасы.
3-ші Лекция. Эндогендік процестер және олардың әрекетінен жасалған бедер
пішіндері. Тектоникалық қозғалыстар.
Жер қыртысының қозғалысы жәнге олармен қалыптасқан таужыныстарының
жатыс пішіндерін зерттеумен геотектоника ғылым айналысады. Ішкі күштердің
әрекетінен пайда болатын жер қыртысының барлық қозғалыстары
тектоникалық
деген жалпы атаумен бірігеді.
Тектоникалық қозғалыстардың екі түрі бөлінеді: а) жерсілкіну, б) баяу
тербелмелі қозғалыстар, в) қатпаржаралу қозғалыстар, г) жарылымды
қозғалыстар.
Тектоникалық қозғалыстарды туындататын күштер екі бағытта өтуі мүмкін:
тік (радиальды) және көлденең (тангенциалдық – жердің бетімен жазық бағытта)
бағыттағы қозғалыстар.
Тектоникалық қозғалыстар пайда болу уақытына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді: а) неогенге дейінгі ұзақ
геологиялық этапта дамитын көне
(палеотектоникалық); б)
жаңа (
неотектоникалық) , неогенде және қазіргі
уақытқа дейін жалғасып жатқан; в)
қазіргі заманғы – тарихи
периодта дамыған
және қазіргі кезде жалғасып жатқан қозғалыстар.
Қазіргі заманғы кенеттен жер қыртысының қозғалысы жерсілкіну кезінде
байқалады.
Жерсілкіну – табиғи себептермен туындайтын, жер
қыртысының кенеттен
қозғалуы. Жерсілкінуді зерттеумен – сейсмология ғылымы айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: