Глоссарий ақпараттандыру



бет2/6
Дата16.05.2024
өлшемі20.74 Kb.
#501260
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Қосымша мат.

Инвариантты компонент – білім алушылардың жалпы адамзаттық идеалдар мен мәдени дәстүрге сәйкес тұлғалық қасиетінің қалыптасуын қамтасыз ететін және мемлекет аумағында білім берудің біртұтас кеңістігін құрайтын типтік оқу жоспарының түйіні.
Көркем бейнелік көрнекілік - бейнеленуші нысанды немесе жағдайды бөлшігесіне дейін қалдырмай бейнелейді. Бұған фотосуреттерді көрсету, суреттер, кино және бейнефильмдерді демонстрациялау жатады. Басқа жағдайларда сурет өнері мен суреттер де қолданылуы мүмкін. Фильмдердің өзін ғылыми-көпшілік және көркем фильмдер деп екі типке бөлеміз.
Мамандандыруеңбек пәні мен нақты іс-әрекетін ескере отырып жасалған, педагогикалық мамандықтардың шегінде педагогты нақты іс-әрекет түріне дайындауға бағытталған педагогикалық пәндерді іріктеу. Мысалы, педагогика пәнің оқытушысы, әлеуметтік педагог, педагог-дефектолог және т.б.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартытүлектерді кәсіби даярлаудағы міндетті түрдегі талаптар деңгейін анықтайтын және осы талаптарға сай оқыту мен бақылаудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын белгілейтін нормативті құжат. Жалпы педагогикалық білім беруді стандарттау түлектерді педагогикалық дайындаудың деңгейіне деген негізгі талаптарды анықтайды және сонымен қатар «норма», «үлгі» ретінде де қызмет атқарады.
Оқулық – қазіргі заманғы ғылым мен мәдениеттің жетістіктері деңгейінде белгілі бір жастағылар мен әлеуметтік топтарды оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, белгілі бір салада жүйелі түрде баяндалатын білім негіздері туралы кітап.
Оқыту арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бағытталған үдеріс, оның жүргізілу барысында білім алушылар белгілі бір көлемде білім, іскерлік пен дағдылар жүйесін игеріп, табиғи қабілеттері дамиды, әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асады.
Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты іс-әрекеттерінің оқу үдерісіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекет түрі.Оқыту әдістері – оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылау-түзетушілік қызметтерді атқарады.
Оқыту құралдары (педагогикалық құралдар) – оқытушының оқу үдерісіне ықпал етуде қолданатын барлық материалдар жиынтығы. Оқыту құралдарына педагогикалық міндеттерді шешуде қолданылатын рухани және материалдық мәдениет заттары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет